400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 26 материал табылды

Ашық сабақ тақырыбы:Қазіргі заман киім үлгілері

Материал туралы қысқаша түсінік
10-сыныпқа қазақ тілінен қысқы мерзімді жоспар.Жоспар жаңа форматта құрылған.Жас мамандарға көмекші құрал ретінде қолдануға болады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сыныбы:10 Б

Күні:

Пәні:

Қазақ тілі мен әдебиеті

Мұғалімі:

Избасарова К.Д

Ашық сабақтың такырыбы:

Қазіргі заман киім үлгілері. Сын есімнің шырайлары

Сабақтың мақсаты

Киім стилі, қолдануына қарай түрлерімен танысады. Сын есінің шырайларын еске түсіреді, жазбаша жұмыстарда қолданады. Төрт дағды бойынша жұмыстанады. Тақырыпқа байланысты сөздер мен сөз тіркестерін түсінеді.

Сабақта қолданылатын материалдар:

Интерактивті тақта, слайдтар, тақырыпқа қатысты суреттер, плакат, маркелер, суреттер, кесте, тест, мәтін, стикерлер

Оқыту әдістері:

Түсіндіру, сұрақ-жауап, сипаттау, әңгімелеу,"Ыстық алақан» тренингі, «Ыстық орындық» әдісі, «Қос диаграмма», «Төрт сөйлем» тәсілі (ПОПС формуласы), «Балық қаңқасы» әдісі, топтық жұмыс



Тапсырмалар: Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеттері:

Сабақ кезеңдері

Уақыты

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу

5-мин

Оқушылармен амандасып, түгендеу.


Мейірімді жүрекпен

Ақ пейілді тілекпен

Амандасып алайық

Бір жадырап қалайық


Оқушыларды екі қатарға тұрғызып, «Ыстық алақан» тренингісін өткізеді


Оқушылар дөңгеленіп тұрады. 1-топ екі қимыл бір дыбыс, 2-топ бір қимыл екі дыбыс арқылы амандасады.

Өткен сабақты тексеру

2-мин


«Ыстық орындық» әдісі арқылы қазақтың ұлттық киімдері туралы сұрақтар қойылады

Такырып бойынша сұрақтарға жауап береді

1.Қызығушылықты ояту

2-мин

Оқушыларды жаңа сабаққа деген қызығушылығын ояту мақсатында "Ой шақыру"әдісін пайдаланып, сұрақтар қойылады.

1.Сен киімді өзің таңдайсың ба,әлде ата-анаңмен бірге таңдайсың ба?

2.Ата-анаңмен киім таңдаудағы талғамың сәйкес келе ме?

3.Киім таңдағанда қандай ерекшелігіне қарайсың?

Оқушылар өз ойларын айтады.

2. Мағынаны тану

2-мин

Киімдердің суреттерін көрсету арқылы киім үлгілерін интерактивті тақтадан ұлттық киімдер мен қазіргі кездегі киім үлгілерін көрсетеді, сұрақтар қояды.

-Қалай ойлайсыңдар, бірінші кестедегі қандай киімдер, екінші кестедегі қандай киімдер?

Осындай сұрақтар арқылы тақырып ашылады.

-Ендеше, бүгінгі тақырыбымыз «Қазіргі заман киім үлгілері» деп аталады.

Тақтадан суреттерді көріп, сұрақтарға жауап беріп, жаңа тақырыпты табады.

3.Мәтінмен жұмыс


5-мин

Тыңдалым, айтылым

Айтылым. Аудиожазылым арқылы мәтінді тыңдату (2рет)

Киім кию мәдениеті

Адамның сыртқы бейнесі оның ішкі дүниесінен хабар береді. Өзін ортасына сай, мәдениетті, сыпайы ұстаған, айналасына сыйласымды қарым-қатынаста болған адамның ішкі дүниесі де әдемі болады.

Ішкі мәдениет адамның қоғамда өзін ұстауы мен киім киісі арқылы да көрінеді. Адам өзінің сыртқы бейнесімен де халыққа өнеге көрсетуі керек. Қонымды киім кию әдебі – адамдардың ақыл-ойы, эстетикалық талғамы мен еңбегінің жемісі. Адам ортасына қарай киім таңдайды. Тойға киетін киімді жұмысқа кимейді. «Киіміне қарап қарсы алады, ақылына қарап шығарып салады» деген нақыл бар. Адам туралы алғашқы пікір оның сыртқы бейнесіне туатыны рас. Бірақ «қымбат киім киген адам ғана жақсы болып көрінеді» деген ой тумауы керек. Бұл жерде бойға қонымды, үйлесімді, жинақы киім туралы айтылып тұр.

Киім адамның болмысын,ерекшелігін көрсетеді. Киім кейде адамның мәртебесін көтереді, кейде талғамсыз етіп көрсетеді. Жарасымды, қонымды киім киген адам қашан да өз-өзіне сенімді болып көрінеді.

Киім адамды суықтан, ыстықтан, жауын-шашыннан қорғайды. Киіміне қарап адамның жасын,жынысын,қайда жұмыс істейтінін білуге болады. Тігіншілер мен дизайнерлер жылда мыңдаған киім үлгісін ойлап шығарады. Соның арқасында әр адам өзінің даралығын сақтайды, басқа адамдармен біркелкі болмауына мүмкіндік туады. Киімнің түрі көп болса, әр адамның өзіне тән стиль таңдауына мүмкіндік туады. Стиль әр адамның мінезі мен қызығушылығына байланысты болады.


Тыңдалым..

Оқушылар тыңдайды


2-мин

Оқылым. Айтылым

Мәтіннен қиын сөздерді тауып, қандай сөздермен тіркесіп тұрғанын анықтату, мағынасын түсіндірту

Мәтінді оқиды,жаңа сөздерді табады,қандай сөздермен тіркесіп тұрғанын анықтайды, мағынасын түсіндіреді.


5-мин

Айтылым. «Төрт сөйлем» тәсілі (ПОПС формуласы) арқылы оқушыларға өз ойын айтқызады.

  1. Пікір

  2. Дәлел

  3. Мысал

  4. Қорытынды

1.Пікір. Оқылған мәтін бойынша өзіндік пікірін айтады

2. Дәлел. Өз пікірін дәлелдейді

3. Мысал. Өмірмен байланыстырып мысал келтіреді.

4. Қорытынды. Тақырып бойынша қорытынды шығарады.


3-мин

Айтылым. Жазылым

Сын есімнің шырайлары туралы есмке түсіріп, 1-топқа мәтіннен сын есімдердің жай шырайын салыстырмалы шырай түрінде жаздырады, ал 2-топқа күшейтпелі және асырмалы шырай түрінде жаздырады.

Жазылым. Мәтіннен сын есімдерді тауып,(конверт бойынша таңдайды) шырайлардың екі түрде жазады

Мәтін соңы жұмыс

5-мин

Айтылым.Жазылым

1-топ «Балық қаңқасы» фишбоун әдісімен проблемалық сұрақ таңдап алып жазады

2-топ «Қос диаграмма» бойынша спорттық киім мен сәнді киімдерді салыстыру тапсырмаларын орындатады

Органайзерлерді толтырып әңгімелейді

Ой толғаныс

2-мин

Айтылым

«Сана саяжолы» әдісі арқылы оқушыларға қазіргі заман киім үлгілерін немесе ұлттық киімдерді таңдайтынын айтып, өз пікірлерін жеткізеді.

1-тап қазақтың ұлттық киімдерін неліктен кию керектігін айтады, ал 2-топ қазіргі заман киімдерін неліктен таңдайтынын айтады. Ортадағы оқушы екі жақтың пікірлері тыңдап өз ойын айтады

4. Бекіту

3-мин

Тест парақшаларын үлестіреді

р/с

жауабы

Дұрыс жаубы

балл

1




2




3




4




5




1.Киім стилінің түрі

А) өндірістік

Ә) сәнді

Б) фальклорлық

В) қызметтік


2.Серуендегенде қандай киім киеді?

А) сәнді киім

Ә) қызметтік киім

Б) күнделікті тұрмыстық киім


3. Қандай киім түрлері сәнді тастармен әшекейленеді?

А) спорттық киім

Ә) үй киімі

Б) өндірістік киім

В) сәнді киім


4. Күшейткіш буын арқылы жасалатын шырай түрі

А) салыстырмалы

Ә) күшейтпелі


5. «қызылырақ» сөзі» қай шырай түріне жатады?

А) салыстырмалы

Ә) күшейтпелі





Тест сұрақтарына жауап беріп өздерін бағалайды

















5. Бағалау

2-мин

Формативті бағалау түрлері

Мұғалім оқушылардың өзара бағалауы бойынша қорытынды бағаны өзі қояды

Бағалау парағы бойынша топ басшысы бағалап отырады.

6. Үйге тапсырма

1-мин

Мәтін бойынша түсінігін айту

Күнделіктеріне жазып алады

7. Рефлексия

3-мин

«Блум таксономиясы» бойынша кері байланыс жүргізу

Ағашқа стикермен есімдерін жазып орналастырады



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
3 маусым
1298
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі