Күні:
17.01.2020жыл.
Тақырыбы:
«
Қыс қызығы »
Мақсаты:
Қыс мезгілі туралы түсініктерін кеңейту.
Өзіне тән ерекшеліктерін ажырата білуге,
өз ойын толық жеткізе білуге үйрету.Табиғатты
аялауға, әсемдікті сезініп, көре білуге
тәрбиелеу.
Әдіс - тәсілдері: Әңгімелесу,
ойындар ойнау, тақпақтар айту .
Тәрбиеші:
Балалар, күн суық болса да, біздің
жүрегіміз жылы,
Шаттық
шеңбері:
Мейірімділік
жүрекпен,
Ақ пейілді тілекпен,
Амандасып
алайық.
Бір жадырап қалайық,
Тәрбиеші:
Балалар, мен сендерге өлең жолдарын
оқып бергім келіп тұр.Сендер қай
жыл
мезгілі екенін тауып алыңдар.
Шанамен
зырғып желетін,
Коньки, шаңғы
тебетін,
Аққала жасап ойнайтын,
Қай
мезгіл деп ойлайсыңдар балалар?
Балалар:
Қыс мезгілі
Тәрбиеші
:Балалар
сендер білесіңдерме бізге Қыс мезгілі
алыстан хат жазыпты
Сол
хатты бәріміз бірге іздейікші.
Оған
дейін сендер маған өнерлерінді
көрсетулерін
керек.
Балалар:
Иа
Тәрбиеші:
Балалар
біз сендерге сұрақтар қоямын сендер
тез арада жауап берулерін
керек
.
Тәрбиеші:
Қыс мезгілінде ауа райы қандай болады
?
Балалар:
Қар жауады, аяз болып, боран соғады.
Тәрбиеші:
Ендеше, боран соққанын қимылмен қалай
көрсетеміз?
( Балалар қолдарын жоғары
көтеріп, гуілдейді)
Тәрбиеші:
Қатты аяз болып, тоңғанда не
істейміз?
(Қолдарын қусырап, аяқтарын
топырлатады)
Тәрбиеші:
Ал, күн шыққанда не істейсіңдер?
(Алақай,
деп қолдарын көтереді)
Балалар:
біз тоңбас үшін үстімізге қандай киімдер
киеміз?
Балалар:
Бас киім, үстімізге тон, аяғымызға етік,
қолымызға қолғап киеміз!
Тәрбиеші:
Жарайсыңдар, балалар.
Тәрбиеші:
Балалар біз сендермен қыс мезгіліне
байланысты көп тақпақтар үйрендік
солай ма балалар?
Балалар:
Иә- деп жауап береді
Тәрбиеші:
Ендеше ортаға : Айлана,
Али, Азиза, Самир,Ақжарқын,Ақарыс,Амели.
Айлана:
Ақ
киімді, денелі ақ сақалды,
Соқыр,
мылқау, танымас тірі жанды.
Үсті-басы
ақ қырау , түсі суық,
Басқан
жері сықырлап, келіп қалды.
Амина:
Далада
қар борайды.
Ақ
мамыққа орайды
Мұз
болады, қатады
Жып
жылтыр боп жатады.
Азиза:
Қуанышты
бүгінгі
Басылмайды
ыстығы.
Жылдамырақ
жүруді
Үйретеді
қыс күні!
Самир:
Кіріп
келді қыс айы,
Көп
күттік бұл айды.
Қыста
жауар аппақ қар,
Ұшар
шанада балалар.
Ақжарқын:
Жапалақтап
ала қар
Жауды
күнде қайталап,
Қырға
шықты балалар,
Шаңғыларын
арқалап.
Ақарыс:
Жұлдыз
болып ағамыз
Ақ
мамықтың үстімен.
Біз
спортшы боламыз,
Үлгі
аламыз күштіден.
Амели:
Далада
аппақ қар
Зымыраймыз
шанамен
Қыс
мезгілі келгенде
Қуанамыз
шаттанып
Тәрбиеші:
Жарайсыңдар балалар!
Тәрбиеші:Балалар
біз сендермен бір ойын ойнап алайық.Ойынның
атауы:
Шелекке
жылдам қар толтыру.Шарты: Екі топқа
сендерді бөлеміз,топтағы балалар
кезек-кезек
шығып, шелекті жылдам толтырулары керек.
Тәрбиеші:
Жарайсыңдар балалар!
Тәрбиеші:
Ал,келесі
кезекте біз сендермен Демалу гимнастикасын
барлығымыз
бірге
жасайық. Қолдарына қар береміз,сол
қарларды 3рет тесіктен үрлеу
керексіндер.Біз
бірінші сендерге көрсетеміз.
Тәрбиеші:
Жарайсыңдар балалар!
Тәрбиеші:
Балалар
өте жарайсыңдар бүгінгі Қыс қызығы
сабағына өте жақсы қатыстыңдар.Енді
Барлығымыз
бірге Қыс мезгілінен келген хатты тауып
алайық.
Тәрбиеші:
Алақай,алақай
хатты тауып алдық.
Қыс
мезгілі: Сәлеметсіздер
ме балалар,тәрбиеші апайлар!!! Қалдарыңыз
қалай?
-Мені
көп тостыңдар ма?
Мен
Қыс боламын.
Қыс
мезгілінде жылы киініп,таза ауада көп
жүріңдер.Денелерінді шынықтырып,
әрдайым
көтеріңкі көңіл-күймен жүріңдер
балалар.Сендердің өнерлерін,тақпақтарын
маған
қатты ұнады.Мен сендерге жай келген
жоқпын,тәттілермен мақтау қағаздарын
алып
келдім.
Тәрбиеші:
Балаларды
марапаттау
Тәрбиеші:
Балалар
барлығымыз бірге Қар жауды әнін бірге
шырқайық.
Тәрбиеші:
Жарайсыңдар балалар!
Қорытынды:
Балдай
тәтті баламыз,
Айтқан тілді
аламыз.
Ойынменен өседі,
Ойымыз
бен санамыз.
Қол ұстасақ бәріміз,
Жарасады
сәніміз.
Көріскенше күн жақсы,
Сау
болыңыз бәріңіз