400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ Тақырыбы:Қыс қызығы

Материал туралы қысқаша түсінік
Технологиялық карта
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні: 17.01.2020жыл.

Тақырыбы: « Қыс қызығы »
Мақсаты: Қыс мезгілі туралы түсініктерін кеңейту. Өзіне тән ерекшеліктерін ажырата білуге, өз ойын толық жеткізе білуге үйрету.Табиғатты аялауға, әсемдікті сезініп, көре білуге тәрбиелеу.
Әдіс - тәсілдері: Әңгімелесу, ойындар ойнау, тақпақтар айту .
Тәрбиеші: Балалар, күн суық болса да, біздің жүрегіміз жылы,
Шаттық шеңбері:

Мейірімділік жүрекпен,
Ақ пейілді тілекпен,
Амандасып алайық.
Бір жадырап қалайық,
Тәрбиеші: Балалар, мен сендерге өлең жолдарын оқып бергім келіп тұр.Сендер қай
жыл мезгілі екенін тауып алыңдар.

Шанамен зырғып желетін,
Коньки, шаңғы тебетін,
Аққала жасап ойнайтын,
Қай мезгіл деп ойлайсыңдар балалар?
Балалар: Қыс мезгілі

Тәрбиеші :Балалар сендер білесіңдерме бізге Қыс мезгілі алыстан хат жазыпты

Сол хатты бәріміз бірге іздейікші. Оған дейін сендер маған өнерлерінді көрсетулерін

керек.

Балалар: Иа

Тәрбиеші: Балалар біз сендерге сұрақтар қоямын сендер тез арада жауап берулерін

керек .
Тәрбиеші: Қыс мезгілінде ауа райы қандай болады ?
Балалар: Қар жауады, аяз болып, боран соғады.
Тәрбиеші: Ендеше, боран соққанын қимылмен қалай көрсетеміз?
( Балалар қолдарын жоғары көтеріп, гуілдейді)
Тәрбиеші: Қатты аяз болып, тоңғанда не істейміз?
(Қолдарын қусырап, аяқтарын топырлатады)
Тәрбиеші: Ал, күн шыққанда не істейсіңдер?
(Алақай, деп қолдарын көтереді)

Балалар: біз тоңбас үшін үстімізге қандай киімдер киеміз?
Балалар: Бас киім, үстімізге тон, аяғымызға етік, қолымызға қолғап киеміз!

Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар.

Тәрбиеші: Балалар біз сендермен қыс мезгіліне байланысты көп тақпақтар үйрендік солай ма балалар?

Балалар: Иә- деп жауап береді

Тәрбиеші: Ендеше ортаға : Айлана, Али, Азиза, Самир,Ақжарқын,Ақарыс,Амели.

Айлана:

Ақ киімді, денелі ақ сақалды,

Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды.

Үсті-басы ақ қырау , түсі суық,

Басқан жері сықырлап, келіп қалды.

Амина:

Далада қар борайды.

Ақ мамыққа орайды

Мұз болады, қатады

Жып жылтыр боп жатады.

Азиза:

Қуанышты бүгінгі

Басылмайды ыстығы.

Жылдамырақ жүруді

Үйретеді қыс күні!

Самир:

Кіріп келді қыс айы,

Көп күттік бұл айды.

Қыста жауар аппақ қар,

Ұшар шанада балалар.

Ақжарқын:

Жапалақтап ала қар

Жауды күнде қайталап,

Қырға шықты балалар,

Шаңғыларын арқалап.

Ақарыс:

Жұлдыз болып ағамыз

Ақ мамықтың үстімен.

Біз спортшы боламыз,

Үлгі аламыз күштіден.
Амели:

Далада аппақ қар

Зымыраймыз шанамен

Қыс мезгілі келгенде

Қуанамыз шаттанып

Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар!

Тәрбиеші:Балалар біз сендермен бір ойын ойнап алайық.Ойынның атауы:

Шелекке жылдам қар толтыру.Шарты: Екі топқа сендерді бөлеміз,топтағы балалар

кезек-кезек шығып, шелекті жылдам толтырулары керек.

Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар!

Тәрбиеші: Ал,келесі кезекте біз сендермен Демалу гимнастикасын барлығымыз

бірге жасайық. Қолдарына қар береміз,сол қарларды 3рет тесіктен үрлеу

керексіндер.Біз бірінші сендерге көрсетеміз.

Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар!

Тәрбиеші:

Балалар өте жарайсыңдар бүгінгі Қыс қызығы сабағына өте жақсы қатыстыңдар.Енді

Барлығымыз бірге Қыс мезгілінен келген хатты тауып алайық.

Тәрбиеші: Алақай,алақай хатты тауып алдық.

Қыс мезгілі: Сәлеметсіздер ме балалар,тәрбиеші апайлар!!! Қалдарыңыз қалай?

-Мені көп тостыңдар ма?

Мен Қыс боламын.

Қыс мезгілінде жылы киініп,таза ауада көп жүріңдер.Денелерінді шынықтырып,

әрдайым көтеріңкі көңіл-күймен жүріңдер балалар.Сендердің өнерлерін,тақпақтарын

маған қатты ұнады.Мен сендерге жай келген жоқпын,тәттілермен мақтау қағаздарын

алып келдім.

Тәрбиеші: Балаларды марапаттау

Тәрбиеші: Балалар барлығымыз бірге Қар жауды әнін бірге шырқайық.

Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар!

Қорытынды:

Балдай тәтті баламыз,
Айтқан тілді аламыз.
Ойынменен өседі,
Ойымыз бен санамыз.
Қол ұстасақ бәріміз,
Жарасады сәніміз.
Көріскенше күн жақсы,
Сау болыңыз бәріңіз









































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
4 мамыр
443
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі