жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ Тақырып__Табиғаттан нәр алып..... 8 сынып
2 тапсырма:Өзiн-өзi тану сабағының жоспары
Новорыбин орта мектебі –бақшасы _____Мерзiм__27.01.2016_№__21___
Тақырып__Табиғаттан нәр алып.....
Құндылық_ Сүйіспеншілік________
Қасиеттер__Риясыз қызмет ету, аялап қорғау, құрметтеу
Мұғалiм: Халман С. Cынып_8 «а»___ Оқушылар саны__4___
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға табиғаттан нәр алып, риясыздықпен қызмет етудің мағынасын түсіндіру, сүйіспеншілік құндылығын мағынасын ашу: Сабақтың міндеті: 1. Білімділік: Табиғатқа риясыз қызмет ету, туралы ұғымдарын кеңейту; 2.Дамытушылық: Оұушыларды табиғатты қорғап, аялауға баулу; 3. Тәрбиелік: Табиғатты құрметтеуге тәрбиелеу. |
Ресурстар: (құралдар, мәлiметтер) |
Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңi.(5Т ) Тыныштық сәтi. №2 –Орманға ойша саяхат. Баяу музыка қойылады 2.Үй тапсырмасын тексеру. Тақырып: Адам әлем бөлшегі эссе
|
Бір, екі оқушыдан сұрау. |
3 Дәйек сөз. А.Франстың «Адам табиғатқа тәуелді болса, Табиғат та оған тәуелді» деген. Қызадарға екі рет қайталату. Ұлдарға екі рет қайталату. Дәптерге жазу.
|
|
4 Әңгiмелеу (сұхбат). О. Бөкейдің Алтай атты әңгімесі. Егер сіз осынау таңғажайып өлкеге табиғаттың арда төлі атақты Алтайға барсасаңыз, барсаңыз да оның: Күнщығыстың бар асылын, бар байлығын, бар сұлулығын өң бойына дарыта жинақтаған, асқар- асқар тауларын, асу -асу белдерін, ат омыраулап жарып жүре жасыл ең шалғын жайлауын, кер марал, кербез елігін, мамырлай жүзген аққу қаздарын, татсаң таңдайда қалар балы мен ақ балтыр ару қайын қайсар қарағайын - ие,ие осылардың қадір –қасиетін түсініп, сезіміңізді селк еткізе алмасаңыз, әсіресе айналайын адамдарының құдіретін қолынан туындаған сүрапыл жанар таулар мен жаңыртуларды зерделей алмасаңыз онда тыңжаңыз. Міне, сіз – ал қызыл нұрмен ақ бас тау бұйра бас ормандарды аймалап, кең дүниені шапағымен шарпаттай масайраған күн күн шығар сәтте ояндыңыз. Сізді оятқан таң емес, әлгі бір таң бозынан сайраған бозторғай шығар, мүмкін жаңа, ғана дүркірей суаттан қайтқан марал дүбірі ме екен. Әлде әупілдеген еліктің дауысы шығар, әлде анау ақ таңдағы ақ толқының аспанға лақтырған бұқтырма сарыны ма, не болмаса арқаңыздан өткен таңғы шықтың шым-шым сызы ма.... әйтеуір, дәл осындай шапақты шақта оянғаныңыз үшін, табиғат жарықтықты адал жүрегіңізбен аялайсызда, бір - біріне мінгесін ұшқан мәңгі тәкаппар асқақ Алтайдың алдында бас киімізді алып тағызым етіп, «ассалаумағалейкум» деп есеңдесесіз. Сіздің бұл үніңізді Алтайдың жақпар тастары мен құзар шыңдары іліп алып, кезек-кезек жаңғырықтары қайталайды, қайталайды... енді сіз аңғарды басына көшіріп, күркіреген Бұқтырманың кәусар суына жуынып, қып –қызыл боп алжырап жатқан бүлдірген, жоқ болсама, анау таңқурайды таңдайыңызға салып талмаңыз да, оразаңызды ашыңыз. Міне, сіз Алтайдың арайлы таңына шомылып тұрып, мынау дүниеге жаңа келгендей лүпілді жүрек лыпыған, сезіммен: «өмір не деген тамаша едің» деп бар дауысыңызбен және айқайлайсыз. Ал сіз Алтай жазығының жазиралы келбетіне сүйсіне, балқарағай мен шайыр иісі қоса аңқыған таңғы таза ауаны жұтасыз. Сонсоң ... сонсоң иін тірескен қалың орманды аралап тау басына өрмелеңіз. Тау басына көтерілген сайын, анау бір Алтай бұрымы іспетті Бұқтырма, анау тілдей- тілдей көгерген егін, асықтай-асықтай үйірілген аяулы ауыл, жер сонысына тас кенедей жабысқан төрт түлік мал, қара жолдың шаңын аспанға көтерген машина, аяғыңыздың астында қалады. Ал сіз, Адам, биіктей бересіз, биіктей бересіз.
|
|
5 Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс. От – «пейзаж» Алтай өлкесін қағаз бетіне түсіру. Су – өлең шығару. Алтай өлкесінің табиғатына
|
Оқушыларды екі топқа бөлу. Қорғау (1/2оқушы) |
6. Мұғалімнің сыйы. Табиғат қызықтары бейне баян көрсету. |
|
7 . Үй тапсырмасы. «Туған өлкемнің ғажаптары» |
|
8 . Топпен ән айту. «Атамекен» Авторы: Ескендір Хасангалиев |
|
9. Соңғы тыныштық сәтi. 2 мин. Баяу музыка ойнады. Ал, балалар көзімізді жұмамыз, тыныштық әлеміне енеміз. Бүгінгі сабағымыздан алған білімді естеріңе түсіріп жүректеріне осы сабақта ұнаған сәттерді сақтаңдар. Жайлап көздеріңді ашыңдар. Келесі кездескенше сау болыңдар. |
|
Дұрыс әрекет
Дұрыс іс-әрекет – ақиқат негізінде сүйіспеншілікпен әрекет ету.
Бастауыш буын: шындықты айту, қарым-қатынасты бұзбау, жанжалдаспау, денсаулық және тазалықты сақтау (тек қана тәннің тазалығы емес, жанның тазалығы да қажет: таза ой, жақсы көңіл-күй), ата-анаға, мұғалімге, үлкендерге деген құрмет, тыңдау, батылдық.
Орта буын: жақсы әдет, ұқыптылық, өсек айтпау, шындық айту, басқалар жайлы жаман сөз айтпау (әсіресе жайлы өзі жоқ жерде), ұқыпты болу, жағымсыз әдеттердің қауіпті екенін түсіну, дұрыс тамақтану, өзіне сенімділік, әділеттілік, отбасындағы, мектептегі өзінің парызын орындау.
Жоғарғы буын: сүйіспеншілікпен және махабатпен, жауапкершілік және тәртіппен жұмыс атқару, өзінің бос уақытын тиімді пайдалану, қалаулары (тамақ, ақша, қуат) үшін жоғары шектілік, әлеуметтік және азаматтық жауапкершілік, шынайы көшбасшы қасиеті, әділдік, қоғамға риясыз қызмет ету. Біз тән емеспіз, осы тәнде тіршілік ететін рухпыз.
Жан тыныштығыы
Бастауыш буын: сыпайы, ашуланбайды, тыныштықта отыру тән, көңіл аудару.
Орта буын: дұрыс ырғақты демалу, салмақтылық, ашуды, сараңдық,жалқаулықты, басқара білу, өзін-өзі алдамау, шыдамдылық.
Жоғарғы буын: қарапайым өмір, жоғары ой, қалауларды шектеу, өзіне сенімділік, өзіндік меңгеру, өзіне құрметпен қарау, қарапайымдылық, жағымды ой ойлау.
Қиянат жасамау
Бастауыш буын: әрқашан көмектес,ешқашан зиян шектірме, жануарларға қамқорлық көрсету, ешкімді ренжітпеу, қауіпті заттармен ойнамау, топ болып жұмыс жасау.
Орта буын: басқа да мәдени құндылықтарды түсіну, толеранттылық, жылы шырай, бірлікте болу, мәдени мұралар туралы ескерткіш, қоғамдық құндылықтарға қамқорлық, қоршаған ортаға қамқорлық.
Жоғарғы буын: мәдениетке, дінге құрметпен қарау, тіршілік иесінің бірде біреуіне оймен, сөзбен, іспен қиянат жасамау, әлеуметтілік әділеттілік, шыншыл адам болу, жақсы азамат болу.
Мониторинг
- сабақтыңжоспарыныңболуы
- сабақтыталдауоқудыемесәңгімелеуді
- көзбе-көзқарым-қатынасжасау, жүректен-жүреккеөзараәрекеті, өлеңоқуғаболады.
- мұғалімеркінсөйлеуінеөзойынеркінжеткізуінеболады, бұлауызшашығармашылық,
- Әңгіменіқалайөткізугеболады?
- Сабақтыңбарлыққұрылымдықэлементі бар.
- Мұғалімніңстиліқандай?
- Сабақтағытәртіп
- Сабақтыңрухани-адамгершілікмәнініңашылуы
- Мұғалімніңшығармашылықтәсілі
- Жұмысдәптерініңжүргізілуі
МектепМониторингі
Мектептіңжалпыатмосферасы (директормен, мұғалімдермен, балаларменәңгіме)
Мектептегірухани-адамгершіліктәрбиебойыншаіс-шаралардыңұйымдастырылуы. Қарттаркүні, Мектепкебарамыз, Қайырымдылықакцияларыт.б.
Арнайыкабинеттіңболуы (парталардыдөңгелетеқоюкерек).
Кабинетте музыка қосуғашеңбердеотыруғаболады.
Мұғалімдекүнтізбелікжоспаржәнесабақжоспарыныңболуы.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген