Бекітемін: ______________
ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР
|
Бөлім: |
Бөлім 2. Картография және географиялық деректер базасы 2.1 Географиялық карталар
|
||
|
Педагогтің аты-жөні: |
- |
||
|
Күні: |
|
||
|
Сынып: |
8 |
Қатысушылардың саны:24 |
Қатыспағандар саны: жоқ |
|
Сабақтың тақырыбы |
Тақырыптық карталарды оқу және географиялық номенклатура |
||
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаттары |
8.2.1.2- географиялық шартты белгілер мен карталарды сипаттайтын қосымша элементтерді қолдана отырып, тақырыптық карталарды оқиды 8.2.1.3- географиялық номенклатура нысандарын кескін картадан көрсетеді |
||
|
Сабақтың мақсаты |
Барлық оқушылар: тақырыптық карталардың мазмұнын біледі. Оқушылардың басым бөлігі: тақырыптық карталардың мазмұнын біледі, шартты белгілерді түсіндіріп, географиялық номенклатура нысандарын кескін картада көрсете алады. Кейбір оқушылар: географиялық шартты белгілер мен карталарды сипаттайтын қосымша элементтерді қолдана отырып, тақырыптық карталарды оқиды. |
||
Сабақтың барысы:
|
Сабақ кезеңі / Уақыт |
Педагогтің әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
САБАҚТЫҢ БАСЫ БІЛУ ҮЙ ТАПСЫРМАСЫН СҰРАУ ЖАҢА САБАҚ САБАҚТЫҢ ОРТАСЫ САБАҚТЫҢ ОРТАСЫ САБАҚТЫҢ СОҢЫ |
Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды түгендеу, сабаққа дайындау. Психологиялық ахуал қалыптастыру. Оқушыларды топтарға бөлу «Елдерге саяхат» әдісі Оқушылар қабырға картасындағы Жасыл мен Көк түстерді таңдау арқылы, 2 оқушыдан жұптық топтарға бөлініп, сол бойынша парталарға отырады.
ТОК-ШОУ түрінде сұрақ-жауаптар.
Жаңа сабақтың тақырыбы: «Тақырыптық карталарды оқу және тақырыптық карталарды оқу және тақырыптық географиялық номенклатура». арқылы ой толғау. Қабырға картасы. БЕЙНЕБАЯН КӨРУ: ГЕОГРАФИЯЛЫҚ КАРТАЛАР / ой-пікір, талқы жасау. Географиялық карта — Жер бетінің кішірейтіліп, жинақы түрде жазықтықта шартты белгілермен бейнеленуі. Бұлайша көрсетілген географиялық карта Жердің географилялық қабығындағы табиғат және қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық құбылыстардың арасындағы әр түрлі жағдайдағы байланыстардың бір-бірімен ұштасуы мен олардың қандай мақсатқа арналатыны ескеріліп, осы тұрғыдан іріктелініп алынғанын көрсетеді. Географиялық карта Жердің географиялық қабығының кеңістіктегі ерекше модельдік бейнесі ретінде көруге болады. Оқушыларды карта түрлерімен таныстыру. Карталарға сипаттама беру. Карталарға талдау жасау.
Тақырыптық карталар түрлерімен таныстыру, карта тақырыбына байланысты, тек сол тақырыптарына ерекше көңіл аударылып бейнеленетін карта. Мысалы, дүниежүзілік мұхиттар картасы , климаттық карталар. Географиялық карталар түрі:
№1. ТАПСЫРМА – КЕСТЕ ТҮРІНДЕ. «ЖҰПТЫҚ ЖҰМЫС» «Ойлан, жұптас, пікірлес» интербелсенді тәсіл арқылы. Тақырыптық карталардың бірін жұптарыңызбен таңдай отырып, оқулықтағы суреттердің көмегін пайдаланып, қосымша сипаттағы элементтермен толықтырыңыздар. А) «Түртіп алу» стратегиясы. Атласты және мәтінді пайдалана отырып, «тақырыптық карта» терминінің анықтамасын дәптерге жазып шығу. Б) Тақырыптық карталарды оқи білу және талдау жасаудың негізгі жолдарын меңгеру үшін тақырыптық карталар бөлініп беріледі. 24/12. 12 – жұпқа 12-түрлі тапсырма беру. 1-жұп. Қазақстанның Еуразия материгіндегі орны. 2-жұп. Қазақстанның әкімшілік-аумақтық картасы. 3-жұп. Қазақстанның геологиялық картасы. 4-жұп. Қазақстанның топырақ картасы. 5-жұп. Қазақстанның тектоникалық және сейсмикалық картасы. 6-жұп. Қазақстаның физикалық-географиялық аудандастырылуы. 7-жұп. Атмосфералық жауын-шашындар. 8-жұп. Қазақстанның ішкі сулар картасы. 9-жұп. Қазақстанның табиғат зоналары мен қорықтары. 10-жұп. Қазақстанның тау өсімдіктері. 11-жұп. Қазақстанның жануарлар дүниесі. 12-жұп. Қазақстанның экологиялық картасы.
№2. ТАПСЫРМА – ЕСЕП ШЫҒАРУ. «ЖЕКЕ ЖҰМЫС» А – В - С дейгейі бойынша тапсырмалар. Графика, гистограмма, диаграмма, координаттар осьі, масштаб түріндегі географиялық есептер шығару.
1 – есеп 1.Тау етегіндегі ауа температурасы +18ºС , ал шыңында - 6 ºС. Таудың биіктігін анықтаңыз. Шешуі: +18 °С – (-6ºС) = 24°C 24 ºC: 6 °С = 4 ∙ 1000 = 4000 Жауабы: таудың биіктігі 4000м немесе 4 км 2.Альпинистер 3000 м тау басына көтерілгенде, барометр осы биіктіктегі атмосфералық қысым 450 мм екенін көрсетті. Бұл кезде жер бетіндегі атмосфералық қысым нешеге тең? Шешуі: 3000:10 =300 300 + 450 = 750 мм Жауабы: жер бетіндегі атмосфералық қысым – 750 мм 2 – есеп Берілгені: Барометр тау етегіндегі атмосфералық қысым 740 мм, тау басында 440 мм көрсетсе, таудың салыстырмалы биіктігін қалай анықтаймыз? Шешуі: 740 – 440 = 300 300∙10 = 3000м Жауабы: таудың салыстырмалы биіктігі 3000м немесе 3 км 3 – есеп Берілгені:Ауа массасы мен салмағын есептеуАуа массасы мен салмағын есептей білу үшін 1 см² - 1 кг 33 г қысым түсетінін білу керек. 1. Мысалы: сынып бөлмесінің ұзындығы - 7м, ені – 5 м, биіктігі – 3 м болғанда, сынып бөлмесіндегі ауаның массасы мен салмағы нешеге тең болады? Есептеу жолы: 7м ∙ 5м ∙ 3м = 105 м³ ( ауа көлемі) 105 м³ ∙1кг33г = 139 кг 65 г (ауа массасы)
№3. ТАПСЫРМА - КЕСКІН КАРТА. «ЖЕКЕ ЖҰМЫС» Барлық оқушылар кескін картаға Қазақстанның ең басты географиялық номенклатуралық нысандарын белгілеу. 8-сынып оқулығындағы 35-бет, тапсырма.
Қорытынды бөлім. Бекіту сұрақтары. -Бүгін сабақта қандай тақырып өттік? -Карталар бізге не үшін қажет? -Картаның түрлері қандай болып келеді? Рефлексия: 1.Тақырыптық карталарды оқып тануды үйрендім. 2. Тақырыптық географиялық номенклатура бойынша картадан дәл таба алуды үйрендім. 3.Географиялық есептер шығаруды үйрендім. 4. Зерттеу тақырыбына байланысты географиялық деректерді өңдеу мен талдауды қолдануды үйренедім |
Оқушылар картадағы стикер түстерді таңдау арқылы, жұптық топтарға бөлінеді.
Оқушылар қойылған сұрақтарға жауап береді.
Оқушылар бейнебаян көру арқылы, қойылған сұрақтарға жауап береді.
ЖИ арқылы жасау
ЖИ арқылы жасау
Бөлісу 1 - айлық Материал тарифі-96% жеңілдік 00 05 00 ҚМЖ
Ашық сабақ
Тәрбие сағаты
Презентация
БЖБ, ТЖБ тесттер
Көрнекіліктер
Балабақшаға арнарлған құжаттар
Мақала, Эссе
Дидактикалық ойындар
және тағы басқа 400 000 материал
Барлық 400 000 материалдарды шексіз жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз 1 990 ₸ 49 000₸ 1 айға қосылу Материалға шағымдану Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз Жариялаған: Сейсекеева Акалтын Оразгалиевна Шағым жылдам қаралу үшін барынша толық ақпарат жіберіңіз
Тақырып бойынша 11 материал табылды
Ашық сабақ: Тақырыптық карталарды оқу және географиялық номенклатура, 8-сынып.Материал туралы қысқаша түсінік
Барлық оқушылар: тақырыптық карталардың мазмұнын біледі.
Оқушылардың басым бөлігі: тақырыптық карталардың мазмұнын біледі, шартты белгілерді түсіндіріп, географиялық номенклатура нысандарын кескін картада көрсете алады.
Кейбір оқушылар: географиялық шартты белгілер мен карталарды сипаттайтын қосымша элементтерді қолдана отырып, тақырыптық карталарды оқиды.
Материалдың қысқаша нұсқасы Бекітемін: ______________ ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР
Сабақтың барысы:
| ||||||||||||||||||||||||||||||||||||


