400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Тарих қойнауында"

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ тілі пәнінен "Тарих қойнауында" тақырыбындағы қысқа мерзімді сабақ жоспары. Тілдік бағдар: көнерген сөздер.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Бөлім:

5-бөлім. Тарихи тұлғалар. Лексика. Көнерген сөздер. Эвфемизм.

Дисфемизм. Табу.

Педагогтің аты-жөні:


Күні:


Сыныбы:

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Тарих қойнауында

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

6.1.5.1. Тыңдалған мәтін мазмұны бойынша жалпы және нақты сұрақтарға жауап беру, мәтіндегі ақпаратты шынайы өмірмен байланыстыру;

6.4.3.1. Көнерген сөз, эвфемизм, дисфемизм, неологизм, термин, диалект сөз, кәсіби сөз, табу сөздердің қолданыс аясын түсіну және ажырата білу

Сабақтың мақсаты:

Білім алушылар тыңдалған мәтін мазмұны бойынша жалпы және нақты сұрақтарға жауап береді, мәтіндегі ақпаратты шынайы өмірмен байланыстырады.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар


Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту.

7 мин.

(Ұ). Ұйымдастыру кезеңі:

1. Оқушылармен амандасу, түгендеу.

2. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

Мақсаты: Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады.

Тиімділігі: Оқушылар бір-біріне тілек айту арқылы жақындасады, көңіл-күйін көтереді және бауырмалдығын оятады.

Саралау: Бұл жерде саралаудың «Жіктеу» тәсілі көрінеді. Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында мүмкіндігінше оларға таңдау еркіндігі беріледі.

Оқулық, жұмыс дәптерлері



Жаңа сабаққа кіріспе


(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Бір-біріне сұрақтар қояды. Сыныптастырының пікірін толықтырады.

Қандай тарихи тұлғаларды білесің?


Олардың ел тарихындағы рөлі қандай?

Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.

Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.

Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.

ҚБ: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.


Сабақтың ортасы

Мағынаны ашу.

3 0 мин.


№2-тапсырма.

Тыңдалған мәтіннен ең қажетті ақпараттарды анықтап, сұрақтарға жауап бер.

• Елбасының «Бабаларын қалтқысыз қастерлей білген халық балаларының болашағын да қапысыз қамдай алмақ» деген сөзін қалай түсіндірер едің? • Кімдерді ұлы тұлғалар дейміз? • Ата-баба мұралары туралы не айтар едің?

• Біз үшін ең маңызды мұра деп нені бағалайсың?

Дескриптор: Жалпы -3 балл.

- Тыңдалым мәтіні бойынша сұрақтарға жауап береді.

Оқулық,

жұмыс дәптерлері.




№3-тапсырма. Бірінші бағандағы сөйлемді өз сөзіңмен алмастырып жазып, көтерілген мәселені болжап айт.

Айтылым-жазылым:

Мәтін мазмұны

Өз ойы

Демек, жас өскінді ұланбайтақ жерімізді білектің күші, найзаның ұшы, ақылдың амалымен сақтап, бізге жеткізуге үлес қосқан атабабаларымыздың өміршең үлгі-өнегесін сіңіру арқылы тәрбиелеу ең абыройлы міндетіміз болып қала бермек.


Осы тапсырманы орындау арқылы оқушылардың айтылым-жазылым дағдысы қалыптасады

Дескриптор: Жалпы -4 балл.

- Бірінші бағандағы сөйлемді өз сөзіңмен алмастырып жазады.

-көтерілген мәселені болжап айтады.

Оқулық, жқмыс дәптерлері.


№4-тапсырма:

Сөйлемдерді көшіріп жазып, көнерген сөздердің мағынасын түсіндір.

Саралау тапсырмасы

А- Көнерген сөздерді қатыстыра отырып «Тарих қойнауында» т\да ойтолға

В- Ата-баба мұралары туралы не айтар едің?
С-
Сен үшін ең маңызды мұра деп нені бағалайсың?

Аңшы Мүсіреп Есеней байға жарамсақтанып, жігіттің арызын аяқтатпай, киіп кетті: – Тоқта деген соң, сүйреңдемей тоқта, бала! Ауылыңа сәлем айт, Есеней аға сұлтанның ат тұмсығын тіреген жерге таласып әуре болмасын! – деді (Ғ. Мүсірепов). Аламандардың киім үлгісі, сауыт-сайман, қару-жарағы да ала-құла. Біреу көбе, біреу бадана, енді біреулері тот басқан ескі кіреуке киіп алыпты (Қ. Жұмаділов).

Дескриптор:

Жалпы -3 балл.

- Сөйлемдерді көшіріп жазады.

-көнерген сөздердің мағынасын түсіндіреді.

Оқулық, жұмыс дәптерлері.


Сабақтың соңы

Ой толғаныс.

Рефлексия

8мин.


«Плюс,Минус,Қызықты» әдісі.

Сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдау.

Жеке жұмыс:

Оқушылар «Плюс,

Минус,Қызықты» әдісі арқылы өз ойларын айтады.



Оқушылардың сабаққа қатысқан белсенілігіне қарай 1-10 баллдық жүйе бойынша әр оқушының өзіне тиісті баллын қойып бағалайды. Сонымен қатар, оқушыларды ынталандыру үшін

«Қошеметтеу» әдісі арқылы бағалайды.



Саралау. Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз қабілетті оқушылардың алдына қандай тапсырмалар қоясыз?

Бағалау. Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау


А- Көнерген сөздерді қатыстыра отырып «Тарих қойнауында» т\да ойтолға

В- Ата-баба мұралары туралы не айтар едің?
С-
Сен үшін ең маңызды мұра деп нені бағалайсың?

«Мадақтау сөз» әдісі. 1-10 баллдық жүйе бойынша бағаланады.

Қауіпсіздік техникасы ережелерінің Денсаулық сақтау

тармақтары орындалады.


Жалпы бағалауСабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.


Сабақты жақсартуға не жәрдемдесер еді? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.


Сабақ кезінде, сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы мен нені анықтадым?


Келесі сабақтарда неге назар аудару керек?




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
26 қаңтар
775
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі