400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ: Тәртіп пен парыз 1 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Өзін-өзі тану мұғалімдеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мектеп: Қазақ-мектеп гимназиясы  

Мерзiм:

Мұғалiм: Ескенова А. Т.

Сынып:  1

Сабақ: №3

Оқушылар саны:    

Тақырып: Тәртіп пен парыз

Құндылық: Дұрыс әрекет   

Қасиеттер: адалдық, тәртіптілік, жауапкершілік.

Сабақ мақсаты: Оқушыларға тәртіп пен парыз ұғымдарының мәнін ұғындыра отырып, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

- Оқушыларға тәртіп пен парыздың маңызын түсіндіру арқылы адалдық қасиетінің мәнін ұғындыру.

- Оқушылардың тәртіп пен парызға қатысты дұрыс әрекеттерін баулуда жауапкершілік қасиетін дамыту.

- Оқушыларды айнала қоршаған ортаны құрметтей отырып, адал, тәртіпті, жауапкершілікті болуға тәрбиелеу.

Ресурстар: (оқулық, дәптер, маркерлер, ақ қағаз, үнтаспа)

Сабақ барысы:

1.     Ұйымдастыру кезеңi.

Шаттық шеңбері.

Оқушылар шеңберге тұрып дене мүшелерімен амандасу. Құшақтасу.


5 Т ережесін еске түсіру

Тәртіп

Талап

Тазалық

Тыныштық

Татулық


2. Үй тапсырмасын тексеру

5 Т ережесін еске түсіру.

Ескерту

3.     Дәйексөз.

Жақсы тәртіп көрсе бала күнінде, үлгісімен қуантады түбінде.

Жүсіп Баласағұни

3.1 Дәйексөзді оқу. /қыздар, ұлдар, бәрі бірге/

3.2 Дәптерге жаздыру.

3.3 Дәйексөзді қалай түсінесің?/мағынасын ашу


4.    Әңгiмелеу. Сыпайы Қоян

(ертегі) 13-14бет

Сұрақтар:

1. Қоян қандай дұрыс әрекет жасады?

2. Жылан неліктен қоянға тиіспеді?

3. Адамның тәртіптілігі неден көрінеді?

4. Өзіңнің өміріңде сыпайылықтың көмектескен кезі болды ма?



   5. Шығармашылық жұмыстар

1-тапсырма. 15бет

Суреттерге қараңдар. Оған қандай тәртіптілік ережесін ұсынар едіңдер? Айтып беріңдер?


2-тапсырма. 16-17бет

Суреттерге қарап, әңгіме құрастырыңдар.


3-тапсырма. 18бет

Үлкендердің көмегімен Халық қаһарманы Бауыржан Момышұлының тәртіп, парыз туралы айтқан дана сөздермен танысыңдар.


    6. Топпен ән айту. (тыңдау, айту) Айгөлек

Көлдей шалқып жас өмір,

Тасып жатқан шағында

Кемерінен шалықтап,

Асып шатқан шағында

Ойын ойнап, ән салмай

Өсер бала болар ма

Күміс күлкі көрмей ол

Кемеліне толар ма.


Айгөлек ау айгөлек,

Айдың жүзі дөңгелек,

Айгөлек деп ән шырқап

Би билейміз дөңгелеп 2 рет


Асыл сөздің ұстасы-

Ақын болар ұрпақпыз

Өнер, білім, еңбекке,

Жақын болар ұрпақпыз

Он саусағы майысқан

Шебер болар ұрпақпыз,

Тұла бойы толған бір

Өнер болар ұрпақпыз.


Айгөлек ау айгөлек,

Айдың жүзі дөңгелек,

Айгөлек деп ән шырқап

Би билейміз дөңгелеп 2 рет




7. Үй тапсырмасы.

5Т ережесін есте сақтау


8. Сабақтың соңғы тыныштық сәтi.

- Балалар енді бүгінгі  сабақта өткен  кезеңдерді есімізге түсірейік. Енді  осы барлық жағымды  әрекеттерімізді жүрегімізде  сақтайық.

Сіздерге көп рахмет!














Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
21 ақпан
796
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі