Ұйымдастыру
кезеңі
1.Жағымды көңіл
күй
|
5 Т –
ережесі:
-
Тәртіп.
-
Талап.
-
Тыныштық.
-
Тазалық.
-
Татулық.
Балалар ережені есімізге
түсіріп, сыныптың тәртібін сақтап, оқып - білуге талаптанып,
тыныштықты орнатып, тазалықты сақтап, бүгінгі күнімізді татулықпен
өткізейік.
«Орманға ойша
серуен»
-
Арқаңызды тік ұстап отырыңыз.
Көзіңізді жұмып, терең тыныс алыңыз. Әрбір тыныс алған сайын
неғұрлым көбірек босаңсып, сабырлы болуға тырысыңыз. Қазір біз
орманға серуенге шығамыз. Өзіңіздің сынып есігіне қарай беттеп,
есікті ашқаныңызды, дәлізбен өтіп, далаға шыққаныңызды елестетіңіз.
Таза ауаны жұтып, шашыңызды желбіреткен желдің лебін және бетіңізді
сәл-пәл қыздырған күн сәулесін сезініңіз. Орманға қарай жүре
бастаңыз. Келе жатқанда абай болыңыз, жәндіктерді басып кетпеңіз.
Бір минут тоқтап айналаға көз салыңыз. Табиғаттың әсемдігі мен
балғындығын сезініңіз. Гүлдердің біріне жақындап, еңкейіп, оның
нәзіктігі мен жұқалығына зейін салыңыз. Оны иіскеңіз және хош иісін
жұтыңыз. Айналадағы бар нәрсені бақылап, ары қарай жүре беріңіз.
Гүлдер, гүлдер мен ағаштардың иісі, құстардың дауысы және
жәндіктердің ызыңы. Орманға ендей түсіңіз, қараңызшы, ағаштар
биіктей әрі қалыңдай түсті. Жарық пен көлеңкенің ойынын қызықтаңыз,
жапырақтардың сыбдырын тыңдаңыз. Біз өзімізді орманда бақытты әрі
қауіпсіз сезінеміз. Алаңқайға шығып, осында бірнеше минут
демалыңыз. Түбіне барып отырғыңыз келетін ағашты таңдаңыз. Ағашқа
жақындаңыз да оны діңінен құшақтаңыз. Оның қуаттылығын сезініңіз,
ондағы өмір қуатын сезінуге және ұғынуға тырысыңыз. Енді оның
діңіне арқаңызды сүйеп отырыңыз. Көзіңізді жұмыңыз, терең тыныс
алыңыз және қоршаған айналаның жым-жырт тыныштығына көңіл бөліңіз.
(Осы жерде мұғалім 1-2 минут үзіліс жасауына
болады).
Табиғат неткен ғажап, оны
қалайша сүйетініміз бен қадірлейтінімізді, бірде бір тірі жәндікке
зиян тигізбес үшін қамқорлық жасауды түсінеміз. Сіздің өз ағашыңыз
бар екенін және кез келген уақытта оған келе алатыныңызды есте
ұстаңыз. Ал қазір мектепке қайтуға дайындалыңыз. Орныңыздан тұрып,
айналаға тағы бір көз қырын салыңыз. Келген жолыңызбен кері
қайтыңыз, жолыңыздағы жәндіктерді басып кетпеңіз. Міне, мектептің
алдына да келдік. Айналаңызға тағы бір қараңыз, таза ауаны терең
жұтыңыз, есікті ашып, өз орныңызға қайтып келіңіз. Осы жым-жырттық,
тыныштық, қанағат сезімін өзіңізде
сақтаңыз.
Көзіңізді ашып,
күлімсіреңіз!
|
- Балалар ережені есіне
түсіріп айтады және оған бағынады.
-
Көздерін жұмып, көз алдарына
елестетеді.
Сезімдерімен
бөліседі.
|
Оқулық,
дәптер,
АКТ
Видео
қосылады
Баяу
музыка
https://youtu.be/1wra5jdp0zQ
|
3.Жағымды ой пікір
(дәйексөз) (әңгімелеу)
|
Әдеп бастауы -тәрбие
.
Халық
даналығы
Сұрақ:
-
Әдеп дегеніміз
не?
-
Дәйексөздің мағынасынан қандай
ой түйдіңіздер?
-
Өздерің кімдерден, қандай
тәрбие алып жүрсіңдер?
Тәртіп -орындалуы міндетті,
барлығымызға ортақ ереже. Тәртіптілік дұрыс әрекетке
бастайды.
Нағыз тәртіптілік- ойың, сөзің
мен ісіңнің жақсы болуы. Тәртіп адамды жетістікке
жеткізеді.
|
Оқушылар дәйексөзді хормен
айтады.
Дәйексөзге өздерінің
ойларын,пікірлерін ортаға салады.
Дәптерге көшіріп
жазады
|
|
5.Шығармашылық
жұмыс
|
Оқушыларды
топтастыру
1-тапсырма. Суретке қарап, олардың
алдындағы парыздарың туралы әңгімелеп
беріңдер.
1
топ. Отбасы
2
топ. Ұстаз
3
топ. Табиғат
2-
тапсырма. Суретке қарап олордың
қасиеттері туралы әңгімелеп беріңдер.
-Олар өз қасиеттерін жоғалтса
не болады?
-Жарайсыңдар
балалар! Яғни , парыз -төлемді , өтемді талап етпейтін , бірақ
әркімнің адамгершілік қасиеттеріне байланысты өзі біліп атқаратын
қасиетті борышы. Өздерің айтып өткендей, әр адамның өз отбасы,
қоршаған ортасы мен елінің алдындағы парыздары мен міндеттері
бар.
|
Оқушылар топтарына берілген
суреттерге қарап
|
|
8. Топпен ән
айту
|
«Біз тәртіпті баламыз»
әні .
Сөзі мен әні: Бота
Бейсенова
Әрқашанда
тыңдаймыз,
Әке менен
ананы.
Еңбек етіп
шыңдаймыз,
Біліім менен
сананы.
Біз тәртіпті
баламыз,
Айтқан тілді
аламыз,
Аман
болсын
Әке мен
анамыз!
Мейірім мен
шапағат,
Анашымнан
тарайды.
Әділдік пен
парасат,
Әкешімнен
арайлы.
Біз тәртіпті
баламыз,
Айтқан тілді
аламыз,
Аман
болсын
Әке мен
анамыз!
Ата-ананың
айтқанын,
Жадымызда
сақтаймыз.
Жарқыратып әр
таңын,
Сенімдерін
ақтаймыз.
Біз тәртіпті
баламыз,
Айтқан тілді
аламыз,
Аман
болсын
Әке мен
анамыз!
|
-Барлығы бірге қосылып ән
айтады
|
Видео
караоке
https://youtu.be/1ORxzcvqcSQ
|
9. Сабақтың қорытынды
сәті
|
Тыныс алуға зейін
қою.
Мұғалім: Сіздерден
аяқ-қолыңызды айқастырмай, түзу отыруыңызды өтінемін. Біз қазір
тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде,
біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен
қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі
мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз.
Кәне, дайындалайық, балалар.
Көзімізді жұмамыз...,арқамызды тіктейміз..., қолдарыңды тізеге
қоюға болады...
Д е м а л..... ш ы ғ
а р... (жаймен 9-10 рет)
|
|
|