400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ: "Тас ғасырының гүлденуі"

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақтың жоспары , жас мұғалімдерге үлгі ретінде қажет
Материалдың қысқаша нұсқасы

САБАҚ ЖОСПАРЫ

Курс

I

Топ

АУП-215

Сабақтың № 3-4


Мамандығы-біліктілігі:

1302000 Автоматтандыру және басқару (бейін бойынша)

1302012 Бақылау-өлшеу аспаптары мен автоматика бойынша слесары


Модульдің атауы

БМ06 "Әлемдік қауымдастықтағы Қазақстан тарихының

рөлі мен орнын түсіну".


Сабақтың тақырыбы

Тас ғасырының гүлденуі.


Күні

__.___.2019 ж.

Ұзақтығы

2 сағ. /90мин/

Сабақтың мақсаты:


Білімділік:

- тас дәуірінде өмір сүрген адамдардың әлеуметтік құрылысы жөнінде мәлімет алады.


Дамытушылық:

-тақырыпты талдай білуге және олардың

арасындағы байланыстарды айқындай білуге баулу.


Тәрбиелік:

-студенттердің жеріне, еліне деген сүйіспеншілігін арттырып, еліміздің патриоты болатындай етіп тәрбиелеу.


Күтілетін нәтижелер:

а) студенттер тас ғасырының тарихи мәнін түсінеді;
ә) қола, темір кезеңімен салыстырып талдау жасай алады;
б) мәдени ескерткіштерді оқып-үрене отырып, пікір қалыптастырады;
в) Қазақстан жеріндегі тарихи мәдени мұраларды құрметтеуге қатысты түсінік қалыптасады;
г) тақырыпқа қатысты кестелер мен тест әдісінің түрлерін қолдану арқылы мағлұматтарды терңірек есте сақтау қабілетіне ие болады.


Сабақтың түрі:

Аралас


Қажетті жабдықтар мен құрылғылар:

Интерактивті тақта, ноутбук, электронды карта, суреттер, сызба, кесте, үлестірме қағаздар және т.б.


Қосымша әдебиетттер:

Ч.Мусин. Қазақстан тарихы, Алматы 2005 жыл.,Қазақстан тарихы,




Сабақтың конспект-жоспары

Сабақтың барысы

Уақыты (мин.)

Іс-әрекет түрлері

Оқу ресурстары мен

материалдары

1. Ұйымдастыру кезеңі:


2 мин.

Амандасу. Тізім бойынша студенттерді түгендеу.

М. Чапайдың "Қазақстан тарихы"оқулығы,

АКТ, электронды тарихи карталар, кестелер, тест тапсырмалары, бейнематериал.



2. Үй тапсырмасын тексеру:

1. Геологиялық кезеңге бөлу бойынша жердің тарихы неше дәуірге бөлінеді?

2. Археологиялық кезеңге бөлуге сүйене отырып, адамзат тарихының ең көне дәуірін нешеге бөлеміз?

3. Адамның эволюциялық дау үдерісінде еңбектің алатын орны қандай?

4. Алғашқы адамдардың өз тобырында экзогамия ғұрпын енгізуінің маңызы неде?

5. Қазақстанның палеолит дәуірі ескерткіштері қандай белгілеріне қарап екі түрге бөлінеді?

6. Ашель дәуірі ескерткіштері қай жерде табылған? Оларды атап-атап айтыңдар?

7. Тасты өңдеу технодогиясы палеолиттен неолитке өту кезеңінде қалай өзгертіп отырды?

8.Энеолит дәуірінде қандай жаңа материалдар пайдаланылды?

9. Аналық рулық қауымды сақтап қалу мүмкін бе еді?

20 мин.

1) сұрақ-жауап арқылы,

2) реферат қорғау арқылы,

3) карточка арқылы,

4) тақырыпты ауызша мазмұндауы арқылы.

3. Жаңа сабақты меңгерту:

Қазақстан аумағындағы ежелгі адамдар іздері ерте палеолит (б.з.д.800-140мың жыл) кезеңіне жатады. 1958жыл-археолог Х.АлпысбаевҚаратау жотасынан (Оңтүстік Қазақстан) көптеген тұрақтар тапты. Қазақстан бойынша көне дәуірлердің ескерткіштері туралы қамқорлық жасап, олардың аты-жөні, заты туралы хабар беріліп отырған, Түркістан әуесқой археологтар қоғамының атқарған ісі зор болған. Бұл қоғам академик В.В.Бартольдтың инициативасы б-ша 1895 жылы құрылған. Үйірменің көрнекті қайраткерлері Н.С.Лыкошин, И.А.Кастенье,Ф.И.Педашенко, И.С.Назаровтар Қазақстанның әр жерінен табылған тас құралдары туралы есепті хабар беріп, алғашқы қауымдық құрылыстың Қазақстанда болғандығы жайлы баяндайды.

Ал, тас дәуірі ескерткіштерін ғылыми түрде зерттеу 1917 жылғы Қазан төңкерісінен кейін басталды. 30 жылдары Қарағанды, Батыс Қазақстан жерінен жаңа және мысты тас дәуірінің қоныстарын М.Грязнов пен И.Синицин тапқан.

А)Ерте палеолит дәуірі.Бұл дәуір-600мың жылдан астам уақытқа созылды. Ерекшеліктері:алғашқы адамдардың тас еңбек құралдарын жасай біліуі, аң аулау, терімшілікпен айналысуы, тобыр болып бірігуі, хайуаннан еңбек құралдарын жасауы нәтижесінде бөлектенуі. Солтүстік Балқаш өңірінің Семізбұғы мекенінен 1611тас құрал табылды.Ерте палеолит дәуірінің археологиялық ескерткіштері:

Оңтүстік Қазақстан: Бөріқазған, Тәңірқазған, Қазанғап, Шабақты, Ш.Уәлиханов,атындағы тұрақ, Арыстанды, Қарасу; 

50 мин.

Жаңа сабақты түсіндіру

Оқулықпен жұмыс

Тақырыптық презентацияны қарау

Тақырып бойынша талдау жасау

Сызба, кестелермен, үлестірме тапсырмалармен жұмыс жүргізу

4. Алған білімдерін бекіту:

Тас ғасырының гүлденуі....

Тас ғасырының ерекшеліктері....

10 мин.

1) сұрақ-жауап арқылы,;

2) студенттер жауап беру барысында өзінің және өзге де білім алушылардың берген жауаптарындағы қателіктерді анықтайды;

3) тақырып бойынша кесте толтырады;

4) блиц-тест орындайды;

7. Үйге берілген тапсырма:

Мусин Ч. Қазақстан тарихы очерктер А «Дәуір» 2005, §2. 16-бет. Мәтінді оқып, әңгімелеп өз сөзімен айтып беру және мәтін соңындағы сұрақтарға ауызша дайындалу.

Қосымша материалдарды пайдаланып, «Тас дәуірінің гүлденуі» деген тақырыпқа баяндама әзірлеу

3 мин.

Жаңа тақырып бойынша презентация, реферат, баяндама, эссе, шағын конспект әзірлеу.

8.Сабақты қорытындылау.

5 мин.

Студенттердің білімідерін бағалау




Пән мұғалімінің қолы________________



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
8 қаңтар
312
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі