400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ Тас қалаушының құрал-сайманы,аспаптары,жабдығы.

Материал туралы қысқаша түсінік
Құрылыс материалдары мен бұйымдары пәнінің оқытушыларына
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы:Тас қалаушының құрал-сайманы,аспаптары,жабдығы.

Сабақтың мақсаты:

а) білімділік мақсаты:

Тас қалау жұмыстарына қажет құрал-саймандарымен таныстыру,өңдеу әдістерін меңгеру.

ә) дамытушылық мақсаты: Білім алушыларға қалаудың элементтері және қиюластырып қалауды мамандыққа деген қызығушылығын арттыру,шеберлік пен іскерлік қабілетін қалыптастыру,жұмыс кезінде кәсіби шеберліктерін дамыту.

б)тәрбиелік мақсаты:шеберлікке,ұқыптылыққа,төзімділікке баулу.

Сабақтың көрнекілігі: қалауға қажетті құрал-саймандар,керамикалық кірпіш,арматура,қалау элементтері тақырыбында плакат,слайд,видео т.б көрнекіліктер.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ (сарамандық және теориялық)

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі:

Білім алушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

Білім алушылардың арнаулы арнаулы киімдерін,сабаққа дайындығын тексеру.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

Өткен тақырыпты оқушылардың қаншалықты меңгергенін тексеру,сұрақ арқылы жауап алу.

III.Жаңа сабақ. Құрал-саймандар мен тетіктер.Қалау процесі кезінде әрбір жұмыс операциясы белгілі бір саймандармен атқарылды.Олардың негіздері сылақ қалағы.Араластырғыш күрек,қырлауыш шағын қайла-балға.Қалақ (ГОСТ 9533-81) –ағаш сапты болаттан жасалған күрек; ерітінділерді тегістеуге, тік жіктерді ерітіндімен толтыруға және артық ерітіндіні қырып алуға арналады.

Құрылыс ерітіндісі дегеніміз - байланыстырғыш затқа қажетті мөлшерде құм мен су араластырғаннан кейін қатайып,жасанды тасқа айналатын материал.

Ерітіндіге арналған күрек(ГОСТ 3620-70) қабырғаға ерітінді әперу және оны жаймалап төсеу үшін қажет.Сондай-ақ ерітіндіні күрекпен араластыру және аралықтарды толтыру жұмыстары да күрекпен атқарылды.

Қырлауыштың көмегімен (ГОСТ 12803-76) жіктерге дөңес немесе ойық формалар (пішін) жасайды.

Шағын қайла-балғаны (ГОСТ-11042-83) кірпіш сындыру үшін пайдаланады.Қырғыш швабровка ауа өткізгіш жолдарды жік арасынан аққан ерітінділерден тазарту үшін, сондай-ақ жіктердің арасына ерітіндімен толтыру және тегістеу үшін қажет.Болат сабы бар қырғыш щвабровканың төменгі фланцтары арасына көлемі 140х140х10 (12мм)резеңке пластина бекітілген,оны жұмыс органы деп атайды.

Операциялар жүйелілігі.Қалау процестері жұмыс операцияларынан тұрады.Оның орындалу тәртібі төмендегідей:жұмыс ретін белгілеу;кірпіштер мен қатарлардың дұрыс қалануын қамтамасыз ететін кермежіптерді тарту,қабырғаларға кірпіш жеткізу және төсеу:жәшіктегі ерітіндіні күрекпен араластыру ;қабырғаға ерітіндіні әперу және оны сыртқы көрнекі қалаудың бетіне төсеу;сыртқы көрнекі қалауды салу;ерітіндіні ішкі көрнекі қалауға төсеу;ішкі көрнекі қалауды салу;аралықты толтыру;төселген қалау қатарларының дұрыстығын тексеру.Көрнекі қатарларды төсеудің жүйесі, ондағы байланыстыру жүйесіне және еңбек ұйымдастыру әдісіне байланысты басқаша болуы да мүмкін.

Құрал-саймандар мен тетіктер.Қалау процесі кезінде әрбір жұмыс операциясы белгілі бір саймандармен атқарылды.Олардың негізгілері сылақ қалағы.Араластырғыш күрек, қырлауыш шағын қайла-балға.

Picture 3

Құрал-саймандар мен тетіктер.Қалау процесі кезінде әрбір жұмыс операциясы белгілі бір саймандармен атқарылды.Олардың негізгілері сылақ қалағы.Араластыргыш күрек,қырлауыш шағын қайла-балға.

Қалаудың сапасын тексеріп-өлшейтін саймандар:тіктеуіш,рулетка, жиналмалы метр, деңгей өлшегіш,түзеткіш,бұрыштама,кермежіп арқылы тексереді.

Күрек-өзімен ұсынатын кең жазық жүздің жермен (қазу,тазалау,тасымалдау)жұмысы үшін қол аспабы,(сап) сапты.Қазғыш таяқтан дамыды.Мысалы, сонымен бірге қару қарулы күштердегі жақыннан шайқаса және компьютер ойындары көпшілігінде сияқты қолданыла алады.Күрек түрлері

Найзаласқан күрек- жазық ,істіктелген форма.Ауыл шаруашылығында және жер қазушы жұмыстарды қолданылады.үстінде и алаңы болады ма?келілер.Наступы кейде күректің шейгінде металлдық ендіктің түрінде істелген.Найзаласқан күрек өткені ар жағында деп аталды ма?келілер.

Тазалау күрегі-найзаласқан күрегінің бір түрі, онына айырмашылығы болады (көлденең-квадрат) тегіс өлке шаншып аударатын.Қолдану ең үлкен археологияда тапты,қазуды ауданның тазалауы үшін.Не және өз ат алды.Жұмыстағы осы бір түрі оның апасы әлдеқайда ыңғайлырақ-найзаласқан күрегі «Гдигұн өлке шаншып аударатын.

Шұңғыл күрек-квадрат,қырларымен.(құм,дән,қиыршық тас,көмір)сусымалы жүктері бар жұмыс үшін арналған.



Тіктеуіштер (ГОСТ 7948-80)тік қабырғаларды,аралық қабырғаларды,діңгектер мен қалау бұрыштарын тексеру үшін қызмет етеді.Массасы 200...400г тіктеуіштер арқылы үстіңгі қатарлардың және бір қабат аралығындағы қалауды,ал массасы 600...1000г тіктеуішпен-биіктігі бірнеше қабат ғимараттың сыртқы бұрыштарының қалауын тексерді.Құрылыстағы деңгей өлшегіш (ГОСТ 9416-83) қалаудың көлденең және тік жазығын өлшеу үшін қолданылады.Деңгей өлшегішінің сырты-алюминий қоспасынан жасалған,өлшегіштің ұзындығы 300,500 немесе 700мм.Өлшегіштің сыртына әйнектен жасалған екі түтікше-ампуралар (1) және (2)бекітілген.Оларға қатпайтын сұйық толтырылған,сондықтан да оның ішінде кішкене ауа көпіршігі болады.Көлденең ұстаған жағдайда көпіршік жоғары көтеріліп ампула бөліктерінің нақ ортасына барып тоқтайды.Көпіршіктің қалыптан солға немесе оңға жылжуы өлшегіш орнатылған жазықтың көлденең деңгейінің дұрыс еместігін көрсетеді және оның көлденең еңістігі негұрлым көп болған сайын көпіршікте қалыптағы ортадан көбірек ауытқиды.Түтіктер екі бағытта орналасқандықтан,өлшегіш арқылы тек көлденең ғана емес,тік жазықты да өлшеуге болады.

Түзеткіш деп көлденең қиығы 30х80 мм,ұзындығы 1,5-2мболатын сүрленген рейканы немесе арнайы жасалған ұзындығы 1,2 мдюралюминийден жасалған рейканы айтады.Дюралюминий рейкамен қалаудың беткі жағын тексереді.

Ескерту.

1.Қалау кезіндегі жанында артық құралдар болмауы керек.

2.Қалау кезінде ерітінді қатып қалмауын қадағалау.

3.Кірпіштің немесе тастың төсеніш қырлы және жатаған қырлы қалануы.

4.Құрал саймандардың тазалығын қадағалау.

5.Құрал саймандарды пайдаланғанда қауіпсіздік ережелерін есте сақтау.

Жаңа сабақты бекіту:

1.Қалау кезіндегі қауіпсіздік ережелері?

2.Қалауға қажетті қандай құрал –саймандарды пайдаланамыз?

3.Тас қалау дегеніміз не?

4.Қалаудың қандай түрлері бар?

5.Тас жадығаттары туралы ғылым қай жылдары пайда болды?

6.Ауыр бетон жеңіл бетон тастармен қалау қай жерлерде қолданамыз?

7.Шойтастардың қасиеті қандай?

8.Қалаудың қисықтығын және жарылуын болдырмау үшін не істейміз?

9.Қалауды қиюластырудың неше ережесі бар?

10.Тас жадығаттың кемшілігі?

11.Кірпіш өру барысында маякты не үшін құрамыз?

12.Қалауды қиюластырудың үшінші ережесі?



Кіріспе нұсқауды пысықтау:

1.Тік бұрышты кірпіштің немесе тастың неше қыры болады?

2.Қалау жұмысы қалай жүргізіледі?

3.Көрнекі қалау дегеніміз не?

4.Қалау қатарының биіктігі қандай болады?

5.Текшелер дегеніміз не?

6.Пилясторларды қай жерлерде қолданамыз?

7.Ірі түйір құм өлшемі?

8.Аралық қабырғалар қандай жерлерде тұрғызылады?

9.Цемент маркалары?

10.Құрылыста кеңінен қолданылатын техника түрі?

11.Қалау кезіндегі қолданылатын ерітінді құрамы?

12.Тузулік пен тепе теңдік тексеретін құрал?

Қорытынды нұсқау:

Сабақты қорытындылау.

Жаттығу жұмыстарының орындалу сапасына қарай және студенттердің өткен сабақ материалдарын игерулері бойынша білімдерін бағалау.

Үйге тапсырма беру: Құрал-саймандары туралы түсінік,кірпіш қалау технологиясының ережелерін жаттау.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
31 қаңтар
759
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі