400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Тасбақа" 4-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ "Тасбақа" 4-сынып
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді сабақ жоспары Тексерілді:__________

Сынып: Пәні: Әдебиеттік оқу

Пән мұғалімі:

Сабақтың тақырыбы: Әбіш Кекілбай. Тасбақаның шөбі


Қатысқан оқушы саны

Қатыспаған оқушы:


Осы сабақтағы оқу мақсаттары

Мәтіннің мазмұнын түсіне отырып, ырым-тыйым сөздердің негізгі ойын ашуға мүмкіндік беру


Әдіс-тәсілі:

Топтық, миға шабуыл,ауадағы диалог


Жетістік критерийлері:

Барлық оқушылар орындай алады:

Әңгіменің мазмұнын түсінеді


Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

Ырым - тыйым сөздердің мән-мағынасын ұғынады


Кейбір оқушылар:

Топта өз ойларын, пікірлерін айта білуге, халқымыздың ырым-тыйым сөздерінің мағынасын ұғына алады


Бұған дейін меңгерілген білім

Нақты түсіне алады


Жоспар


Жоспарланған уақыт есебі

Жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар


Басы 7 мин

1 мин


1 мин







1 мин



4 мин

1.Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу, түгендеу


Ширату

Шығарма жазып үйреткен 
Пәнге қара құрметпен, 
Тілімізді дамытқан 
Ана тілі болатын. 

-Балалар, сендерге ширату ұнады ма?(Кері байланыс)


Топқа бөлу. «Наурыз,Сәуір,Мамыр» көктем айларымен топқа бөлу,топ басшысын сайлау.


Үй тапсырмасын сұрау.

1-топ. С.Сейфуллиннің «Наурыз» өлеңін мәнерлеп оқиды.

2-топ.М.Дулатовтың «Наурыз» өлеңімен салыстыру. Кесте.

С.Сейфуллин «Наурыз»

М.Дулатұлы «Наурыз»

Адам да,мал да жадырап жүр

Мал мен жан қуанып жүр





3-топ.

-Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

-Көктем.

-Ендеше көктемде табиғатта қандай өзгерістер болады?






Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.




Атаулары әр топта жазылып тұрады,АКТ







АКТ



Ортасы 34 мин

5 мин







































1 мин


3 мин










9 мин


2 мин









3 мин














4 мин




















2 мин



















2 мин













































3 мин













Жаңа сабақ

«Миға шабуыл»

Жұмбақ шешеді:
Бауырын жазып шаба алмас,
Озып бәйге ала алмас.
Үстіне киген киімі
Жыртылмас та, жамалмас.
Шешуі: тасбақа

Көктем мезгілінде жаңбыр неғұрлым көп жауса, онда жер беті көк шалғын шөпке бөленеді. Барлық тіршілік иелері ( жан- жануарлар, жәндіктер, адамдар) талпынып еңбек ете бастайды.Олай болса бүгін біз Ә. Кекілбай ағамыздың «Тасбақаның шөбі» атты әңгімесімен танысамыз.


а) Автормен таныстыру.

Ә. Кекілбай- Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Оңды ауылында 6- желтоқсанда 1939 жылы дүниеге келген. Қазақстанның халық жазушысы, мемлекет және қоғам қайраткері.Оның тұңғыш өлеңдер жинағы «Алтын шуақ» деп аталады. «Бір шөкім бұлт», «Үркер» т.б роман, повестері және «Күйші», «Ауыл таңы» әңгімелері бар.

2-сыныпта- «Күйші»;
3-сыныпта- «Ауыл таңы»
4-сыныпта- «Тасбақаның шөбі»әңгімесімен танысқалы отырмыз

Тасбақа туралы түсінік беру.

Тасбақаның арқасында қосымша қатты тас сияқты терісі бар. Оны панцирь деп атаймыз.

Тасбақа шөппен қоректенеді.Барлық бауырымен жорғалаушылардың терісі қабыршақтан тұрады.


Тасбақа туралы өздері білетін түсінігін анықтау.


Оқулықпен жұмыс

Мұғалім түсіндіріп, оқиды.

Жоспар құрғызу:

1. Қара баланың атқа қонуы

2. Дала табиғаты.

3. Тасбақа жүрісі

4.Үйелеп қалған тасбақа туралы

5. Ауызындағы шөп

6.Тасбақаны тұрғызу

Тізбектей оқу


Сөздікпен жұмыс

Көсік - далада, құмдақ жерде өсетін сәбіз тәрізді жабайы өсімдік
Кібіртік - тоқтап, сүрініп жүреді.
Мимырт - жай жүреді, шабан жүріс.

Қара жал қақырай сөгіліпті – жердің жарылуы, жарық –жарық болып бөлініп қалуы.

шыбытқы-өріп,кейде өрмей жасаған ұзын қамшы


«Сергіту сәті»

Балалар бүгінгі көктемнің күні шуақты,көтеріңкі көңіл –күй сыйласын. «Көңілді күн» әніне қимылдар жасайық.

-Балалар, сергіту сәті ұнады ма?

-Қандай қимыл-қозғалыстар жасадық?(Кері байланыс)


Ауадағы диалог (Т)

1-шар:

-Жазушы «кісі мінсе кібіртік,бос жіберсең суаяқ құла» деп нені айтып отыр?

-Қарабала келе жатып не көрді?

2-шар:

-Оның есіне халықтың қандай ырымы түсті?

-Өзің тасбақа аузына шөп тістеп алған кезін көрдің бе?

3-шар:

-Әңгімеден тасбақаны суреттеген жерді, оның қимыл-әрекетін тауып оқы.


Бағдаршам арқылы бағалау (Кері байланыс)



Сен білесің бе?

Тасбақаның дауылы дегенді естулерің бар ма?

Тасбақаның дауылы-құмды жерлерде байқалатын көктемгі құбылыс.Бұл сәуір айының үшінші онкүндігінде болатын екілене соққан жел.Халық сенімі бойынша тасбақа аузына бір шөкім шөпті тістеп,ініне кіріп,ұйқыға кетеді -міс. Көктем келіп ,барлық тіршілік иесі жанданып жатқанда тасбақа да ұйқысынан оянады.

Ұзақ ұйқыдан тұла бойы ұйып,әлсіреп қалған тасбақа үстіндегі топырақты сілкіп түсіруге шамасы келмейді.Табиғат-ана оған көмектесу үшін дауыл тұрғызады-мыс. Егер тасбақаның үстіне жабысқан ылғалды топырақ көп болса, ылғал мол жыл болады деп қуанады.Ал сол кезде оның аузына тістеген шөбін алған адамның бар арманы орындалады деп ырымдаған.Жергілікті халық сондықтан жолы болғыш адамды «тасбақаның шөбі бар адам» деп те атайды.



Дәптермен жұмыс

Қазақ халқы ырым сөздерге сенім артып, жақсы нәрселерді үнемі ырымдап отырған. Ендеше өзіміз білетін ырымдарды кестеге түсіріп көрейік. (Ж)

Қандай ырымдар бар?

Неге?

1.Сыпырғышты тіктеп қоймайды.

Дұшпаның басым болады.

2.Екі қолды төбеге қоюға болмайды.

Өмірден қайғы-қасірет көрген адам осылай істейді деп айтады.





Аққуды атуға, оған құс салуға болмайды.
Қарлығаш жер бауырлай ұшса, көп өтпей жаңбыр жауады.
Құмырсқаның илеуін бассаң, аяғың ақсақ болып қалады.
Ат жер тарпыса жолға шығады.
Ит көкке қарап ұлыса, жамандық болады.

Кісі мініне күлме, кемтарға күлме

Өз алдыңа келеді
Малды, ыдысты, тамақты теппе.

Ырысың,несібең қашады
Табалдырықты баспа, отыр ма.

Бойың өспей қалады
Шашыңды жайма, бетіңді баспа.

Қайғы қасірет әкеледі
Өтірік жылама, тізеңді құшақтама.

Жаман болады

Үйге қарай жүгірме,

Шайтан ереді.

Халқымыз теріс мінездерге тыйым салған. Сол ырым мен тыйым сөздер балалық шақтан жігіттікке жеткенде,үйленіп, үйлі-баранды болғанда да ереже тәрізді.Осылай жасама,жаман сөз айтпа,дұрыс емес,т.б. сөздерінің жауабы «жаман болады» дегенмен аяқталып отырған.Әр түрлі ырым-тыйым сөздер кездеседі.Осы сөздердің түсініктемесіне көңіл қойсақ.Мысалы:Балаға ми жеуге болмайды.Неге? Мидай былжыр,ынжық болып өседі деген.Бос бесікті тербетуге болмайды.Неге? Балалы болмайсың деген жаман ырым .


Смайлик арқылы бағалау (Кері байланыс)


Қорытындылау


Шығармашылық тапсырма (Ө)


Бес жолды өлең

Не? Тасбақа

Қандай? Үлкен, қоңыр, шегір көзді

Не істейді? Тарбаңдайды,бұғады, тұқшаңдайды

Сөйлем құрау. Жусандағы тасбақа

Синоним. Ол-бақыт арқалаған тасбақа.


Смайлик арқылы бағалау




Оқулық, АКТ,слайд,сурет, магнит





































Бор,тақта,сурет



Оқулық









Оқулық



Оқулық









Аудиожазба














Шар,АКТ




































АКТ,оқулық






































Смайлик














Смайлик


Соңы 4 мин

2 мин






1 мин




1 мин

Рефлексия

«Кезбе тілші»

-Сендер сабақтан нені түсіндіңдер?

-Қандай қиындық туындады?

-Тағы не білгің келеді?

-Сабақ несімен ұнады?


Үй тапсырмасы:

«Тасбақаның шөбі» оқып, мазмұндау

Егер мен аузына шөп тістеген тасбақаға кезіксем... әңгіме жазу.

Бағалау

-Оқушыларды мадақтап, бағалау

-Сау, болыңыздар!

микрафон



Қосымша ақпарат

Саралау – сіз қосымша көмек беруді қалай жоспарлайсыз?Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?


Бағалау – оқушылардың

үйренгенін тексеруді

қалай жоспарлайсыз?


Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

Қолдау көрсету. Қабілеті жоғары оқушыларға қосымша тапсырма беремін.


Формативті бағалау, кері байланыс

Тапсырма барысында құралдардың сақтық шараларын сақтау

Рефлексия

Сабақ мақсаттары / оқу мақсаттары қолжетімді болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Оқыту ортасы қандай болды? Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба? Мен жоспардан қандай ауытқулар жасадым.




Қорытынды бағамдау

Ең жақсы өткен екі нәрсе:


Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпал етті?



Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар жөнінде келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпарат білдің?






























Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21.12.2017
1052
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі