Материалдар / Ашық сабақ “Тату отбасы” 2 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ “Тату отбасы” 2 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
19 Наурыз 2021
504
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Өзін-өзі тану» сабағының жоспары

Мектеп: №59 мектеп-лицейі №17 сабақ Сабақтың тақырыбы: Отбасы татулығы

Құндылық: Сүйіспеншілік

Қасиеттер: мейірімділік, сыйластық, татулық

Мұғалiм: Тогаева Айнур

Сынып: 5 К

Сабақ мақсаты: оқушыларға отбасы туралы түсініктерін кеңейте отырып, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

  1. Оқушыларға отбасы ұғымын мейірімділік қасиетімен байланыстыра отырып ұғындыру;

  2. Отбасындағы өзара сыйластыққа үйрету арқылы қамқорлық қасиетіне баулу;

  3. Оқушыларды отбасын құрметтеуге, татулыққа тәрбиелеу.

Уақыты

Сабақ барысы

Ресурсы: суреттер, үнтаспа


  1. Ұйымдастыру кезеңі

Сәлеметсіздер ме, құрметті оқушылар! Сабағымызды бастамас бұрын, анықтап алайын, барлықтарыңыз қашықтықта оқуға қосылдыңыздар ма? Менің дауысым жақсы естіліп тұр ма?

Бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы:

«Отбасы татулығы»


Тыныштық сәтi «Орманға ойша серуен»

Ыңғайланып отырыңыз, денелеріңізді түзу ұстаңыз. Қазір біз орманға серуенге шығамыз. Өзіңіздің үйден шығып, далаға шыққаныңызды елестетіңіз. Таза ауаны жұтып, шашыңызды желбіреткен желдің лебін және бетіңізді сәл-пәл қыздырған күн сәулесін сезініңіз. Орманға қарай жүре бастаңыз. Келе жатқанда абай болыңыз, жәндіктерді басып кетпеңіз. Бір минут тоқтап айналаға көз салыңыз. Табиғаттың әсемдігі мен балғындығын сезініңіз. Гүлдердің біріне жақындап, оның нәзіктігі мен жұқалығына зейін салыңыз. Оны иіскеңіз және хош иісін жұтыңыз. Айналадағы бар нәрсені бақылап, ары қарай жүре беріңіз. Гүлдер, гүлдер мен ағаштардың иісі, құстардың дауысы және жәндіктердің ызыңы. Табиғат қандай керемет! Біз өзімізді орманда бақытты әрі қауіпсіз сезінеміз. Алаңқайға шығып, осында бірнеше минут демалыңыз. Түбіне барып отырғыңыз келетін ағашты таңдаңыз. Ағашқа жақындаңыз да оны діңінен құшақтаңыз. Оның қуаттылығын сезініңіз. Енді оның діңіне арқаңызды сүйеп отырыңыз, терең тыныс алыңыз және қоршаған айналаның жым-жырт тыныштығына көңіл бөліңіз.

Табиғат неткен ғажап, оны қалайша сүйетінімізді бен қадірлейтінімізді, бірде бір тірі жәндікке зиян тигізбес үшін қамқорлық жасауды түсінеміз. Ал қазір үйге қайтуға дайындалыңыз. Орныңыздан тұрып, айналаға тағы бір көз қырын салыңыз. Келген жолыңызбен кері қайтыңы. Міне, үйдің алдына да келдік. Айналаңызға тағы бір қараңыз, таза ауаны терең жұтыңыз, есікті ашып, өз орныңызға қайтып келіңіз. Осы жым-жырттық, тыныштық, қанағат сезімін өзіңізде сақтаңыз. Көзіңізді ашып, күлімсіреңіз!


Ескерту

5 Т ережесін еске

түсіру. (тәртіп,талап,

тазалық, татулық,

тыныштық)







https://www.youtube.com/watch?v=S7U8ExhCK50


  1. Дәйексөз.

«Ана алдында – құрмет,

Ата алдында - қызмет»

Халық нақылы


Дәптерге жазу.

  1. Дәйексөздің мағынасын қалай түсіндіңіздер?

  2. Отбасы жарастығы дегенді қалай түсінесіңдер?

  3. Отбасының татулығы қандай табыстарға жеткізеді?



3.Әңгімелеу. «Сүйіспеншілік, табыс және байлық» аңыз

Бір әйел үйінен сыртқа шыға бергені сол екен, есігінің алдында нұрлы жүзді үш қарияны көреді. қариялардың жүзінен шаршап-шалдыққандары белгілі еді. Қарындары да ашқан шығар деген оймен әйел:

Сіздерді танымадым, дегенмен шаршаған сияқтысыздар. Үйге кіріп тынығып алыңыздар. Сіздерге ыстық тамақ әзірлейін, – дейді.

Қариялар:

Отағасы үйде ме? – деп сұрады.

Жоқ, әлі жұмыстан келген жоқ.

Е, олай болса, отағасы келсін, сосын кірерміз, – дейді қариялар. Күйеуі жұмыстан оралған соң, әйелі болған жайды баяндап береді. Күйеуі:

Қонақ − үйдің құты емес пе? Дереу шақырып кел, ас ішіп, әлденіп алсын, − деді ашық-жарқын көңілмен. Күйеуінің құптағанын көріп, әйел жүгіріп сыртқа шықты. Қариялар әлі отыр екен.

Отағасы келді, сіздерді үйге шақырып жатыр, – дейді әйел қуана. Сонда қариялардың бірі орнынан тұрып:

Біз үшеуміз үйге бірге кірмейміз. Мына жанымдағы қарияның аты – Байлық.

Ал мына кісі – Табыс. Менің атым– Сүйіспеншілік. Барып күйеуіңмен ақылдас, қайсымызды шақыратындарыңды сосын айтарсыңдар, – дейді. Әйел қарияның айтқанын күйеуіне жеткізеді. Сонда күйеуі:

Қандай тамаша! Байлықты шақырайық, үйіміз байлыққа толсын, – дейді. Ал әйелі болса:

Неге Табысты шақырмасқа? Ісіміз оңға бассын, – дейді қарсылық білдіріп. Сол кезде бір шетте ата-анасының әңгімесін тыңдап тұрған бүлдіршін қыз:

Сүйіспеншілікті шақырсақ болмай ма? Сонда үйіміз сүйіспеншілікке, сыйластыққа бөленер, – дейді. Қызының сөзіне бір сәт ойланып қалған әкесі:

Қызымыз дұрыс айтады. Әуелі, Сүйіспеншілікті шақыр. Ол біздің қонағымыз болсын, – дейді. Мұндай шешімге сүйсінген әйел, асығыс басып

сыртқа шығады. Шығуын шыққанымен, шешімдерін айтуға қысылыңқырап, бәсеңдеу үнмен:

Кешіріңіздер, біз Сүйіспеншілікті шақыруды дұрыс көрдік, – дейді. Сол сәтте үш қария да орындарынан тұрып, үйге кіруге қамданады. Әйел:

Мен тек Сүйіспеншілікті шақырдым. Сіздер үшеуіңіз үйге бірге кірмейміз деп едіңіздер ғой, – дейді түсінбеген кейіппен. Сонда Сүйіспеншілік атты

қария күлімсіреген жүзбен былай дейді:

Егер сендер Табысты немесе Байлықты шақырғандарыңда қалған екеуміз сыртта қалар едік. Алайда сендер бірінші мені шақырдыңдар. Ал мен қайда барсам да, Табыс пен Байлық менімен бірге еріп жүреді.

Сұрақтар:

1. Неліктен отбасы сүйіспеншілікті таңдады?

2. Сүйіспеншілік бар жерде табыс та, байлық та бар дегенді қалай түсінесің?

3.Отбасының сыйластығына қалай қол жеткізуге болады?

4. Отбасына деген сүйіспеншілік, құрметтеріңді қалай білдіресіңдер?




































  1. Шығармашылық іс-әрекет:

1-тапсырма: «Тату отбасына» тән қасиеттерді күн шуақтарына топтастыру

2-тапсырма: Мақал-мәтелдер жалғасын тауып,

Атаға қарап -..........., анаға қарап - ........

Атаның баласы болма, ............................

Ата көрген оқ жонар,.................................

Ананың сүті бал,.........................................

Әке – асқар тау,.............................................


















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!