жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ «Татымдықтар мен дәмдеуіштер»
Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы
«Целиноград ауданы, Жаңаесіл ауылы, Агротехникалық колледжі» МКҚК

Тақырып: «Татымдықтар мен Дәмдеуіштер»
Арнайы пәндер оқытушысы: Сұлтанғалиқызы А.
Жаңаесіл 2021 ж
Ашық сабақ
Модул: «Тауар сипаттамасы тамақ өнімдерінің құрамы мен сақталуы» «ПМП-02»
Топ: ОП-21
Күні:
Тақырыбы: «Татымдықтар мен дәмдеуіштер»
Сабақ мақсаты:
-
Білімділік: Татымдықтар мен дәмдеуіштер туралы білімдерін қалыптастыру, олардың өндірісі, жіктелуі, сапасына қойылатын талаптары, сақтау шарттары және тағам дайындауда қолданылуы.
-
Тәрбиелік: - мамандыққа деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу, оқылатын пәнге қызығушылықты ояту;
- дәмдеуіштердің ассортименті мен сапасы, өндірісі мен сапасына қойылатын талаптар туралы практикалық және ұтымды түсінікке тәрбиелеу;
- өз жұмысына жауапкершілік сезімін, бір -біріне құрметпен қарауды тәрбиелеу.
3. Дамытушылық: - сөйлеу, ойлау, салыстыру, талдау, қорытынды жасау қабілеттерін дамыту.
- жіктеу қабілетін дамыту, татымдықтар мен дәмдеуіштердің жалпы белгілерін бөліп көрсету қабілетін дамыту.
Сабақ түрі: аралас сабақ, практикалық
Оқыту әдісі: көрнекілік-көрсету, зертханалық жұмыс
Көрнекті құралдар, жабдықтар, үлестірме қағаздар: - интерактивті тақта, дәмдеуіштердің түрлері, ыдыс-аяқ, қыстырғыш, жіп
- «Тағам өнімдерінің тауартану» оқулығы
Сабақ жоспары
І. Ұйымдастыру бөлімі
1. Оқушылармен амандасу.
2. Жоқ оқушыларды белгілеу.
3. Жұмыс орындарының сабаққа дайындығын тексеру
ІІ. Кіріспе нұсқау
-
топқа бөлу;
-
Аудиторияның назарын сабаққа аудару: психологиялық тренинг «Өзіме - көршіме»
ІІ. Өткен тақырыпты пысықтау
ІІІ. Жаңа тақырыпты баяндау:
-
Татымдықтар мен дәмдеуіштердің тарихы және қолданылуы
-
Жұмыс дәптерін пайдаланып, оқулықпен жұмыс
Зертханалық
жұмыс.
Бракераж журналын жасау
Татымдықтар мен дәмдеуіштерді тап
ІV.Жаңа тақырыпты бекіту «Бес саусақ әдісі»
V.Бағалау.
VI.Уй тапсырмасы: Дәмдеуіштердің сақтау ерекшеліктері және сапасына қойылатын талаптар
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру уақыты.
- Мұғалім студенттермен амандасады, келмегендерді белгілейді, сабаққа дайындығын тексереді.
- оқушылар мұғаліммен амандасады, кезекші сабаққа қатыспағандар туралы ақпарат береді.
Топқа бөлу:Студенттер кезекпен кезек қобдишада қиылған қағаздарды алуын сұраймын. Сол қиылған қағаздардан 1 дәмдеуіш және 1 татымдықтың суретін құрастыру керек. Кімге татымдықтың суреті түсті, солар І-топ «Татымдықтар», ІІ-топ «Дәмдеуіштер» болып бөлінеді.
Жаңа тақырыпты бастамас бұрын студенттерге «Өзіме - көршіме» деп аталатын психологиялық тренинг ұйымдастырылады. Бұл кезде студенттер осы сабақта өзіңе және көрші отқан студентке тілек айтады.
Үй тапсырмасы: Алдыңғы өткен тақырып бойынша, яғни «Кофе» туралы студенттер қызықты мәліметтер акелу тапсырылды. Өз қалауы бойынша студент үй тапсырмасын қорғайды.
Жаңа тақырыпты баяндау және мақсатымен таныстыру.
Оқытушы «Татымдықтар мен дәмдеуіштердің» тарихы және қолданылуы туралы презентация арқылы студенттерге мағлұмат береді. Студенттер жұмыс дәптерін пайдалана отырып, оқулықпен жұмыс жасайды.

Бракеражды жұмыс
|
Атауы |
Сыртқы түрі |
Иісі, дәмі |
Түсі |
Консистенциясы |
|
Лавр жапырағы |
Жапырақтары сау, зиянкестер мен аурулардан зақымданбаған, пішіні ұзынша, сопақша |
сәл ащы, иісі күшті |
Жасыл |
|
|
|
|
|
|
|
|
Қызыл бұрыш |
Ұнтақты |
дәмі өткір, иісі әлсіз, ащы |
Қызыл |
|
|
Қара бұрыш |
Ұнтақты |
Ащы және өткір дәм, |
қара сұр түсті |
|
|
Хош иісті бұрыш |
Диаметрі 3-8 мм шар тәрізді |
Күшті және күрделі хош иіс, бұрышқа тән хош иіс. Дәмі ащы, күйдіргіш. Бөтен дәм мен иіске жол берілмейді |
қоңыр |
|
|
Тмин |
Ұзын-сопақшалау келген |
Түсі қоңыр, иісі өткір ащы, дәмі күйдіргіш, ащы. |
Қоңыр жасыл реңктері бар қоңыр |
|
|
Кориандр |
Жемістері шар пішінді, шығыңқы бұрылыс қабырғалары бар |
кориандрдің ерекше хош иісі мен тәтті-дәмді дәмі бар |
Сары қоңыр |
|
|
Мускатный орех |
Әртүрлі мөлшердегі мускат жаңғағының бөлшектері |
өткір дәм, шайырлы нәзік ащы хош иіс |
Сұр және ашық қоңыр |
|
|
Укроп |
Тамырлы және тамырсыз, жас, балғын, таза, шамадан тыс сыртқы ылғалдылығы жоқ, жасыл жапырақтары бар, гүл қолшатырлары жоқ, аурудан зақымданбаған |
Бөтен иісі және (немесе) дәмі жоқ ботаникалық сортқа тән |
Қоңыр жасыл |
|
|
Гвоздика |
төбесінде жуандаған сабақтан гүл шоқтары бар беті майдаланған гүл бүршіктері бар |
Қалампыр хош иісі, иісі күшті. Қатты ащы, өткір дәм |
Қоңыр әртүрлі реңкті |
|
|
Корица |
Ұнтақталған |
Ащы дәмі бар тәтті және өткір дәм, Хо иіс корицаға тән |
жағымды ашық қоңыр түсті |
|
|
Имбирь |
Ұнтақталған |
ащы хош иіс, күйдіргіш дәм |
Сұры- сары |
|
|
Базилик |
жапырақтардың бөліктері немесе жапырақшалары бар. |
Жағымды ащы иіс. Дәмі тәтті дәммен сәл ащы |
Қоңыр күлгіннен қою көк және жасылға дейін |
|
|
Куркума |
Унтақталған |
Куркума зімбірді еске түсіреді сәл өткір, сәл ащы дәмге ие. Куркуманың иісі ерекше, балғын ащы-ағаш реңктері бар |
Сарғылт |
|
|
Зира |
Тұқымы ұзынша |
Өзіндік дәм менхош иіске ие |
Сарғыш жасылдау |
|
|
Барбарис |
Сопақша |
Дәмі қышқыл иісі барбариске тән |
Қою қызыл реңді |
|
|
Паприка |
Ұнтақталған |
Ащы, ысталған паприкаға тән, Иісі жағымды, өткір |
Қызыл |
|
|
Горчица |
Ұнтақталған |
Хош иісті және ащы |
Сары |
|
|
Аджика |
Сыртқы түрі - туралған сарымсақ, шөптер, чили бұрышы, болгар бұрышы, алма қосылған қызанақ массасы |
Ащы, қышқыл иісі бар |
Қызыл |
|

Органолептикалық сипаттамаларды бағалау қажет. Сыртқы түріне, дәміне, иісіне , түсіне, консистенциясына сипаттама беру керек.
Татымдықтар мен дәмдеуіштерді тап.
Бұл зертханалық жұмыста арнайы ыдысқа салынған татымдықтар мен дәмдеуіштердің сыртқы түріне қарап қайсы татымдық, қайсы дәмдеуіш екенің ажырата білу керек. Сонымен қатар пайдасы мен қолданылуы туралы сипаттама беріледі.

Жаңа тақырыпты бекіту. Студенттерге дайын үлгіде 5 саусақтың суреті бар қағаз таратылады. Осыдан соң олар сабақ туралы мынандай сұрақтарға жауап беріп, салынған саусақтарына жазады: 1.«Бас бармақ»- басты мәселе. Бүгінгі сабақта ең құнды мәселе не болды? 2. «Балалы үйрек»- бірлесу. Қалай жұмыс жасадым, кімге көмек бердім, кімді риза жасадым? 3. «Ортан терек»- ойлану. Мен бүгін білім мен тәжірибе алдым? 4. «Шылдыр шүмек»-шынайылық. Сабақ маған ұнадыма? Неліктен? 5 «Кішкентай бөбек»-көңіл-күй ахуалы. Мен сабақта өзімді қалайша сезіндім?

Бағалау. Студенттерді бүгін сабақ бойынша бағаларын қою.
Үй тапсырмасы: Дәмдеуіштердің сақтау ерекшеліктері және сапасына қойылатын талаптар

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген