400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ Тау шатқалы 6 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге әдістемелік көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пән: қазақ тілі және әдебиеті

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:


Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№85 мектеп-лицей» КММ

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Мерзімі: 04.05.2020.

Мұғалімнің аты-жөні: Кульжанова Айжан Оралхановна

Сынып:6

Сапбақ 162-163

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:


Сабақ тақырыбы

Алатау шатқалы.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

А5. Коммуникативтік жағдаят бойынша диалогке қатысушылар өзара түсінісіп, ойларын толықтырып отыру.

Ж5.Жазба жұмыстарында сөзге қосымша жалғауда үндестік заңын ескеріп, орфографиялық нормаға сай дұрыс жазу; сөйлем соңында қойылатын тыныс белгілерді орынды қолдану.


Сабақ мақсаттары

Алатау шатқалдары тақырыбы бойынша оқушылырға ақпарат беріп, білімдерін тереңдету. Оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыру.

Туризм тақырыбында сауаттылығын дамытуға ықпал жасау, өз пікірін еркін, жүйелі түрде жеткізуге; шығармашылық пен ізденіске,зерттеу жүргізуге үйрету.


Бағалау критерийлері

Оқушының төменгі жетістігі (ОТЖ): тақырыпқа қатысты ақпараттар береді, ауызша сұрақтарға жауап береді.

Оқушының орташа жетістігі (ООЖ): тақырып аясында сыныптастарымен тілдеседі, өз ойын айтады.

Оқушының жоғарғы жетістігі(ОЖЖ): тақырыпқа қатысты сыныптастарымен пікір алмасады, мәтін құрайды.

Тілдік мақсаттар:

Оқушылар:

Пәндік сөздік қор/ Пәндік лексика мен терминалогия:

Туризм...................................................

Экотуризм..........................................

Туристік индустрия............................................

Туристік ресурс...............................................

Туристік агенттік..............................................

Көркемдеуіш құралдар терминологиясы.

Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер:

Өлеңде келтірілген «_______» сөзі/тіркесі «________» жатады. Себебі оның мақсаты - _______________ жеткізу.

Құндылықтарды дарыту


Пәнге деген қызығушылықтары артады, жұмыс барысында өзара көмекке ұмтылады.

Пәнаралық байланыстар

Сергіту жаттығуларын жасау кезінде дене шынықтыру және музыкамен байланыс болады.

АКТ

Фотосуреттер слайд арқылы көрсетіліп, талқыланады.

Алдыңғы меңгерілген білім

«Туған өлкемнің табиғаты» деген тақырып бойынша өздерің тұратын аймақтың табиғаты туралы постер жасап, тұсаукесер дайындау. Тақырыбы бойынша ойларын ортаға салып, қорғайды.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы

10 минут









«Пазл» әдісі











Топпен жұмыс

Постер әдісі

Ұйымдастыру кезеңі: сыныппен амандасу, оқушыларды түгендеу, сабаққа дайындығын тексеру.

Психологиялық ахуал қалыптастыру.

-Сәлеметсіңдер ме балалар!

-Сәлеметсіз бе, мұғалім!

-Сабақты бастауға дайынбыз ба?

- Бір,екі,үш

Сынып іші тып-тыныш.

Жалқаулықты тастаймыз,

Сабақты біз бастаймыз.

-Жақсы ,балалар! Орнымызғы отырамыз. Сабағымызды бастамас бұрын, алдарында жатқан қиындылардан пазл құрастырамыз. Не шықты? Ойымызбен бөлісеміз. (Балалар ойларын айтады. Төрт топқа бөлінеді.)

Топ ережесін еске алу.

- Бірлесе жұмыс істеу

- Ортақ пікірге келу

- Сөйлеушінің сөзін бөлмеу

- Бір бірін тыңдау

- Уақытты үнемдеу

- Балалар, біз сендермен «Таулар», «Көлдер», «Құстар», «Гүлдер» деген 4 топқа бөліндік. Бұлар нелер?

-Бұлар – табиғаттың сыйы. Табиғаттың кереметтері. Дұрыс айтасыңдар. Ендеше табиғатты аялап, қорғау керек.

-Балалар, табиғат туралы кім қандай өлең, тақпақ біледі?

(Оқушылар «Туған өлкем» өлеңін айтып береді. )

Үй тапсырмасын тексереді. Кемшіліктерді анықтайды, түзетеді, бағалайды. «Туған өлкемнің табиғаты» деген тақырып бойынша өздерің тұратын аймақтың табиғаты туралы постер жасап, тұсаукесер дайындау. Тақырыбы бойынша ойларын ортаға салып, қорғайды.

Дескриптор:

-Тақырып бойынша тірек сөздер, сөз тіркестерін жазады;

- Тақырыпты ашатындай суреттер салады;

- Тақырып бойынша әңгімелейді;

Қалыптастырушы бағалау: «Пойыз» әдісі арқылы бағалайды.





Слайд







«Таулар», «Көлдер», «Құстар», «Жануарлар»








Суреттер

Сабақ ортасы

25 минут




































«Таза тақта» әдісі
























Сергіту сәті

«Адасқан сөздер» конверті



Ал енді балалар жаңа сабағымызды бастаймыз. Назарымызды суретке аударайықшы. (Іле Алатауы, «Шымбұлақ») Бұлар ненің суреттері? Сабағымыз не туралы болады деп ойлайсыңдар?

-Дұрыс айтасыңдар. Сабағымыз таулар , табиғат жайлы. Сабағымыздың тақырыбы: «Алатау шатқалдары» деп аталады.

1. Сөздікпен жұмыс. А) Мұғалім интерактивті тақтадан тақы- рыпқа қатысты жаңа сөздермен таныстырады, аудармасын айтады. Оларды оқиды, оқушыларға қайталатады.

Жаңа сөздермен таныстыру. Тақырыпқа байланысты сөздерді слаидта көрсетіледі.

Шатқал- ущелье

Жер бедері-рельеф местности

Үстірт-поверхность

Көлбеу-склон, наклон

Жазық-равнина

Шуақты- ясный, солнечный

Тірілгендей болды- возобновилась, воскрес

Жаңа сөздермен жұмыс.Төрт сөзді (шатқал, жазық, көлбеу, шуақты) буын түрлеріне қарай талдау. Дәптерге жазу.

Қалыптастырушы бағалау: «Үш шапалақ» әдісі.

Оқылым. Мәтінмен жұмыс.

Алатау шатқалы

«Шымбұлақ» курорты Іле Алатауы шатқалының 2510 метр биіктігінде орналасқан. Жер бедері – үстірт тәрізді көлбеу жазық. Таудың керемет көрінісі, қар қабатының ұзақ жатуы туристерді осы жаққа еріксіз тартады. Шымбұлақтың басын желтоқсан айынан сәуірге дейін қар басып жатады. Шуақты күндері Шымбұлаққа мыңдаған демалушы келеді. Алматыда өткен Қысқы Азиада ойындары Шымбұлақ шатқалына екінші өмір сыйлайды. Табиғат – ана қайта тірілгендей болды.

  1. Оқушылар мәтінді тізбектеп оқиды.

  2. Мәтіндегі сөйлемдердің орыс тіліндегі баламасы «Кір жаятын жіпте жазылған». Оқушылар топта мәтіннен сол сөйлемдердің аудармасын табады.

«Таза тақта» ойыны арқылы мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді. «Алатау шатқалы » тақырып бойынша тақтаны толтыра сұрақтар жазылады. Мұғалім оқушылар жауап берген әр сұрақты өшіріп отырады. Соңында барлық сұрақтарға жауап бергенде тақта таза болып шығады. (Тақтадағы сөздер: Іле Алатауы, 2510 метр, көлбеу жазық, туристер, Шымбұлақ, қар, 1000-даған, Қысқы Азиада ойындары)

Сұрақтар:

  • «Шымбұлақ» курорты қайда орналасқан? (Іле Алатауы, 2510 метр)

  • Жер бедері қандай? (көлбеу жазық)

  • Таудың керемет көрінісі осы жаққа кімдерді еріксіз тартады? (туристер)

  • Шымбұлақтың басын не басып жатады? (қар)

  • Шымбұлаққа қанша демалушы келеді? (1000-даған)

  • Шымбұлақ шатқалына екінші өмірді не сыйлады?

( Қысқы Азияда ойындары)

Дескриптор:

  • Сұрақтарды түсінеді;

  • Дұрыс жауап береді.

Қалыптастырушы бағалау: Фишкалар арқылы бағаланады. Дұрыс жауап берген топ 1 фишкаға ие болады. Қай топ көп фишка жинаса, сол топ жеңімпаз атанады.

«Көңілді күн» әуеніне билеу.

Айтылым. 6-тапсырма. Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтай отырып, жай сөйлем құра. Әрбір топқа бір-бір конверт таратылады. Конвертте сөздер жазылған. Оқушылар сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтай отырып, жай сөйлем құрайды. Дәптерге жазады.

1-топ Тауда демалумен қатар шынығасың. 2-топ Тауда жайлы қонақүй, мейрамхана бар. 3-топ Демалыс орнында нұсқаушылар сырғанауға көмектеседі. 4- топ Тауда сәуір айына дейін қар жамылғысы жатады.

Дескриптор:

- Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтайды;

- жай сөйлем құрайды.

Қалыптастырушы бағалау: «Бас бармақ» әдісі.


Слайд












































































Сабақтың соңы

5 минут


«Шымбұлақ» сөзіне бес жолды өлең құрастыру:

  1. Зат есім.

  2. Сын есім

  3. Етістік.

  4. Сөйлем

  5. Синоним

Рефлексия «Бағдаршам» әдісі арқылы кері байланыс жасалады.

Үй тапсырмасы 134-бет, 7-тапсырма.






Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы


Оқушылардың әр жауаптарына мадақтаулар айтылып, қолдау көрсетіледі.

Қабілеті жоғары оқушылар жазу кезінде басшылық жасайды

- фотосуреттер бойынша шағын мәтін құруы;

- жазу кезінде тыныс белгілерін дұрыс қоюлары бағаланады. Сондай-ақ, өзара бағалау жүргізіледі.

Сергіту сәті өткізіледі.

Дене сымбатын сақтау үшін оқу мен жазу кезінде денені түзу ұстап, партаға дұрыс отыру ескертіледі.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
4 мамыр
563
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі