«Тәуелсіз елдің ұланымыз»
Мақсаты:
Балаларды Отанымызды сүюге,еліміздің рәміздерін қастерлеуге
баулуға,
Туған жерін
сүюге, елін, жерін, тарихын құрметтеуге және патриоттық тәрбие
беру.
Көрнекілігі:Қазақстан Республикасының рәміздерін, желтоқсан
оқиғасындағы құрбан болғандардың суреттері, тақырып жазылған
сурет.
Тәрбиеші: Өз
жеріме, ие болған күн
Тілім таза
бостандығын алған күн.
Елтаңбаммен көк
байрағын желбіреп.
Тарихыма өшпес
белгі салған күн.
Деп бүгінгі
ашық оқу қызметімізді Қазақстан Респупликасының Мемлекеттік
әнұранмен бастайық.
Әнұран: «Менің
Қазақстаным»
Жарайсыңдар
балалар енді шаттық шеңберін жасайық.
Балалар: Бір
шаңырақ астында
Қазақстанда
тұрамыз,
Бірге сайран
құрамыз,
Бір үйде біз
тұрамыз.
Тәрбиеші: Өте
жақсы балалар.Бүгінгі оқу іс әрекетіміз ерекше болмақ.
Бүгін біз
желтоқсан тәуелсіздік мерекесіне арнап ашық оқу іс әрекетімізді
өтеміз.
Балалар, біз
қай мемлекетте тұрамыз?
Қазақстан
Республикасында.
Ал, елордамыз
қай қала?
Астана
қаласы.
Елбасымызды
басқарып отырған елбасымыздың есімі кім?
Нұрсұлтан
Әбішұлы Назарбаев.
Ал енді балалар
әр елдің өзінің рәміздері, заңдары болады екен. Сол сияқты
біздіңде
Рәміздеріміз
бар.Қане балалар рәміздерімізді атап береиік.
Қандай
екен?
Ту, Елтаңба
,Әнұран.
Өте дұрыс
балалар. Мынау біздің туымыз мөп мөлдір аспандай көгілдір түс
қандай керемет.
Сол көгілдір
аспан ортасынан шұғылалы сәулесін шашқан түн.
Күнді қанатымен
көтеріп қалықтай ұшқан қыран құс қандай әдемі.
Оған
өміріміздің қайнарындай қазақтың ұлыттық ою өрнегі
қандай
Жарасымды. Ал
бұл балалар Елтаңба.Қараңдаршы елтаңбамыз
Қандай тамаша
.Ортада Қазақтың қара шаңырағы , күн сәулесіндей
Уықтар
шаңрақтан шашырай шапағын шашқандай . Екі жақтағы
Қанаты тұлпар,
жоғарыда бес бұрышты жұлдыз жарқырайды.
Балалар әр
мемлекеттің өзінің әнұраны болады.Оны салтанатты
Жиындарда
орындайды.Әнұранды орындаған кезде міндетті
Түрде
орнымыздан тұрып оң қолымызды сол жақ жүрегіміздің
Үстіне қойып
орындаймыз.
Балалар
Қазақстан Республикасының еркіндік алып Тәуелсіздікке
Жеткен күні
.1991 жыл 16 желтоқсан .Бізге тәуелсіздік оңай
Жолмен келген
жоқ .1986 жыл 16 шы желтоқсанда үлкен көтеріліс
Болды оған
қазақтың жас ұлдары мен қыздары шықты.
Сол жастардың
ішінде Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Спатаев,
Сабира
Мұхамеджанова, Ләззат Асановалар болды. Олар Отан
Үшін үлкен
ерлікпен қаза тапты.Осы ағаларымыз, апаларымыздың
арқасында
Ешкімге
бағынбай, тәуелсіз мемлекет болдық. Ал балалар сендер
Тәуелсіздік
туралы түсініп алдыңдар16 шы.желтоқсан біздің елімізде
Тәуелсіздікмерекесі тойланды. Бұл мерекені еліміздің әрбір
қалаларында,
Ауылдарда
тойланады. Ал балалар сергіту сәтін жасап алайық.
Балалар: Жоғары
қарап күн көрдім,
Төмен қарап жер
көрдім.
Оңға солға
бұрылып,
Егеменді ел
көрдім.
Тәрбиеші:
Жарайсыңдар балалар. Ал тәуелсіздікке арналған жаттаулар
Айтайық.
Асылжан: Көк
аспанда тулардың
Желбіреген күні
бұл.
Елім деген
ұлдардың,
Елжіреген күні
бұл.
Шапағат:Алты
алаштың баласы,
Қауымдасқан
күні бұл.
Бір бірімен
жарасқан,
Бауырласқан
күні бұл.
Нұрсұлтан:
Қазақстан тәуелсіз ел,
Қанатын жайған
әлемге.
Ақбоз атты оза
шауып,
Жаңғырған аты
әлемге.
Дилором:
Тәуелсіздік жолында,
Талай талай тер
тамған.
Билігім өз
қолымда,
Еркіндігім
Елтаңбам.
Тәрбиеші:
Жарайсыңдар. Ал балалар сендерге бір жұмбақ жасырайын.
Жұмбақ: Келмеді
ол жайдан жай .
Жеңдік барлық
езгіні.
Тәуелсіздік
алған ай ,
Жылдың қай
мезгілі. (Қыс мезгілі , желтоқсан)
Тәуелсіздік
жолында,
Тапқан істің
шешімін.
Президенті
қазақтың ,
Айтшы қане
есімін.(Н .Ә. Назарбаев)
Туымыздан күн
қарап,
Күлімдеиді
әлемге.
Күн астында
қандай құс,
Қанат қаққан
бар елге?(Қыран құс ).
Көк аспанның түсі
бар
Ортасында күні
бар
Қыран ұшқан
қалықтап
Кімнің туы біліп ал.
(Қазақстан).
Балалар жарайсындар
өте жақсы
жауап
бердіңдер.Балалар қазір біз екі топқа бөлінейік біріміз «Бәйтерек»
,екіншіміз «Астана» тобы болып шығармашылыққа барайық
бұл
Жерде екі топ өз топ
атауларының суретін салады.
Жарайсыңдар: Ал осы
Тәуелсіздік сөзіне әр әріпіне тоқталайық. Әр әріпінің өз
мағанасы
Бар.
Т....білдіреді
теңдікті.
Ә.... әдептілік
елдікті.
У....уайымсыз
уақытты.
Е....егемен
елдікті.
Л....лашын құстай
самғайық.
С...сенімділік.
І....ілтипатпен
ізетқой.
З....зиялылық, тілек
қой.
Д....шақырады
достыққа.
І....ілкімді бол
сақтыққа.
К....көтереміз көк
туды.
Ал балалар қолымызға көк
туымызды ұстап әдемі әнімізді айтып қорытайық.
Ән:Ел қорғауға
дайынбыз.