400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ: "Тәуелсіз елім -тірегім"

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ: "Тәуелсіз елім -тірегім" Оқушыларға Желтоқсан көтерілісінің тарихи маңызын, Кеңес Одағының ыдырауына ықпал етіп, ел тәуелсіздігіне бастау болғанын түсіндіру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ АДАМИ ӘЛЕУЕТТІ ДАМЫТУ БАСҚАРМАСЫ

МақтаАрал аграрлық колледжі






«Тәуелсіз елім – тірегім»

атты қазақстан тарихы

пәнінен ашық сабақ







Шампиева Г.А.







Пәні: Қазақстан тарихы

Сабақтың түрі: ашық сабақ, колледждің көпшілік залында.

Сабақтың тақырыбы: Тәуелсіз елім - тірегім.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға Желтоқсан көтерілісінің тарихи маңызын, Кеңес Одағының ыдырауына ықпал етіп, ел тәуелсіздігіне бастау болғанын түсіндіру.

Білімділік: 1986 жылғы Алматы оқиғасының себептерін, сипатын, қозғаушы күштері мен маңызын білдіру, ұлттық қатынастағы жылдар бойы жиналған шиеленіс пен жүйенің, ұлт саясатын өзгертуге қабілетсіздігін таныту, 80-жылдардағы пленумдар мен конференциялардың мазмұн-мағынасы, мәніне талдау жасау, қоғамдық саяси өмірдің іріп-шіріп бара жатқан принциптерімен таныстыру; Оқушыларды Қазақ халқының тәуелсіздік жолындағы ерлік күресімен, қол жеткен жетістіктерімен қысқаша таныстыру.

Дамытушылық: Тақырыптың себеп-салдарлы байланыстарын табу, басты мәселені ажырата білуге және өз пікірін дәлелдей алу дағдыларын қалыптастыруға жағдай жасау, бұдан бұрын болған ұлт-азаттық көтерілістер мен сабақтастық байланысын түсіндіру. Қаншама құрбандықпен қол жеткен тәуелсіздігімізді құрметтей, қастерлей білуге тәрбиелеу, Қазақстанның келешегі үшін аянбай күресуге және еңбек етуге баулу.

Тәрбиелік: Желтоқсан оқиғасының қазақ халқының шынайы ұлттық санасының оянуы мен тәуелсіздікке қол жеткізудегі тарихи ролін көрсету арқылы, Желтоқсан құрбандарын еске ала отырып, халық бостандығы мен елдігі үшін күрескен, сол үшін құрбан болған ағалар мен апалар ерлігіне құрметпен қарауға тәрбиелеу. Патриоттық тәрбие беру.

Пәнаралық байланыс: Дүние жүзілік тарих, қазіргі Қазақстан тарихы, Әдебиет, Алғашқы әскери дайындық, Құқық.

Сабақтың әдісі: баяндау, әңгімелеу, түсіндіру, сұрақ-жауап, сын тұрғысынан ойлау.

Сабақтың көрнекілігі: Компьютер, интербелсенді тақта, суреттер, портреттер, слайд, бейнежазба, кітап, көрме, әдеби-монтаж, ән, өлеңдер. «Желтоқсан ызғары» атты қабырға газеті, лозунгі, плакаттар, буклет, үнтаспа, суреттер, т.б.

Сабақ барысы:

Мұғалім: Құрметті ұстаздар мен оқушылар, армысыздар!

  • Балалар, бүгін қандай күн?

  • Желтоқсанның . . .. .. . . жұлдызы.

  • «Желтоқсан» сөзін естігенде ойларымызға қандай ұғым келеді?

  • Қыс айы

  • Суық ай

  • Ызғарлы

  • 1986 жыл

  • Алматы

  • Желтоқсан оқиғасы

Жоспар:

  1. Тәуелсіздік жолында - тарихи шолу.

  2.  Желтоқсан ызғары.

  3. Тәуелсіз Қазақстан.
    Ашық сабақ барысы:
    Ұйымдастыру кезеңі: Музыкалық сәлемдесу. Сабаққа әзірлеу.
    Мұғалім: Бүгінгі өтетін ашық сабағымыздың тақырыбы: 16-желтоқсан Қазақстанның тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіз елім – тірегім». Сондықтан тәуелсіздігімізге арналған ашық сабағымызды еліміздің мемлекеттік әнұранымен бастайық.
    Әнұран орындалады.
    Мұғалім: 

Тәуелсіздік, еркіндік – ежелден ел тілегі. Тәуелсіздік халқымыздың бостандығы мен дербес даму жолындағы сан ғасырлық күресінің тарихи нәтижесі.

  • ХV ғасырдың ортасында көшпелі Өзбек мемлекетінің құрамынан, яғни Әбілхайыр хандығынан бөлініп шыққан Қазақ тайпалары Керей мен Жәнібек сұлтандардың басқаруымен дербес Қазақ хандығын құрды.

  • Ұлан байтақ елімізге жан-жақтан көз тігіп ойран салушылар көбейді. Ең қатерлісі ХVI-XVIII ғасырлардағы жоңғарлардың шапқыншылығы болды.



  • 1723 жылы қаннен-қаперсіз елімізге жоңғар қалмақтары тұтқиылдан шабуыл жасап, қалың жұртты қан жылатты. Дүрліккен ел үдере көшіп, дүние-мүлік, мал, жанына да қарай алмай босып кетті, тіпті, бесіктегі бала, қария кемпір-шалдарға дейін жұртта қалып қойған кездері де болды. Қазақ халқының бұл босуы тарихта «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» деген атпен қалды. Ақтабан шұбырындыда 1 миллион адам, яғни сол кездегі халықтың 40 пайызы қырылды.
    Ән: «Елім-ай»

  • Әйгілі Төле, Қазыбек, Әйтеке билердің ұйытқы болуымен Қанжығалы Бөгенбай, Қаракерей Қабанбай, Шапырашты Наурызбай, Шақшақұлы Жәнібек, Баян батыр, Көкжал Барақ секілді көптеген батырлар Қазақ халқын қазақтың ханы – Абылай ханның ақ туының астына біріктіріп, жоңғар шапқыншылығынан толық азат етті.

  • XVIII ғасырда Қазақ хандығының тәуелсіздігіне қатер төндірген тек қана Жоңғар хандығы ғана болған жоқ. Оңтүстіктен Хиуа, Қоқан, Бұқар хандықтары көз алартса, Батысы мен Солтүстігінде қалмақтар, башқұрттар, казак орыстар үнемі шапқыншылық жасаумен болды.

  • Қазақ халқын аман алып қалу үшін осындай қысылтаяң кезде Әбілқайыр бастаған Қазақ сұлтандары, билері мен бір топ батырлары Ресей империясының құрамына кіре бастады. Сөйтіп, Қазақ халқы тәуелсіздігінен айырыла бастады.

  • Ресей империясының отаршылдық және орыстандыру саясатына қарсы Қазақ халқы сан рет ұлт-азаттық көтеріліске шықты.

  • XІХ ғасырдың 40-50 жылдарындағы Жанқожа батыр бастаған қазақтардың Хиуа, Қоқан хандардың езгісіне қарсы күресі.

  • 1870 жылы Маңғыстау қазақтарының көтерілісі.

  • 1783-1797 жылдары Сырым Датұлы басқарған шаруалар көтерілісі.

  • 1836-1838 жылдары Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы басқарған шаруалар көтерілісі.

  • 1837-1847 жылдары Кенесары Қасымұлы басқарған ұлт-азаттық көтеріліс.

  • 1916 жылы ұлт-азаттық көтеріліс, 1917 жылы Ақпан және Қазан төңкерістері болды. Азамат соғысы жылдарында шаруашылық күйзеліске ұшырап, адамдардың ашаршылыққа душар болуынан 950 мың Қазақ, яғни халқымыздың 19 пайызы апат болды. 400 мың Қазақ отбасы елден кетуге мәжбүр болды.

  • 1930-1932 жылдардағы ашаршылықта 2 млн. 100 мың Қазақ қырылды.

  • 1937-1938 жылдардағы репрессияда Қазақ халқының қаншама аяулы азаматтары, бетке ұстар шамшырақтары қуғын-сүргінге ұшырап, халқым, елім деп жүріп «халық жауы» аталып айыпталды. Сол кезде абақтыға жабылғандардың саны 105 мыңға жетті. Олардың 27 мыңнан астамы атылды.

  • 1986 жылғы 16 желтоқсанда таңертеңгі сағат 10.00-да бар-жоғы 18 минутқа созылған Қазақстан Компартиясының пленумында елімізді ширек ғасыр басқарған Дінмұхамет Ахметұлы Қонаев орнынан алынып, шеттен келген Геннадий Колбин сайланды. Бұл, әрине, Қазақ халқының наразылығын туғызып, әйгілі Желтоқсан оқиғасын туғызды.

  • Осы 17-18 желтоқсан күндерін қарапайым ауыл азаматы Лесбек Омаров былай деп жырлайды:
    Қасқалдақ ұшып көлінен,
    Шүрегей келіп қонған күн.
    Қыранды қуып көгінен,
    Қарғалар билік алған күн.
    «Нашақор» деп, «ұлтшыл» деп,
    Қазаққа күйе жаққан күн.
    Қақаған күннің ызғары,
    Сүйектен өтіп кеткен күн.
    Қаракөз Қазақ қыздарын
    Омондар бастан тепкен күн,
    Озбырлық күшпен тұншығып,
    Үміттің оты өшкен күн.
    Жанына таппай бір дауа
    Ер қайрат қыршын кеткен күн.






Көрініс:

Қолдарына ел тәуелсіздігіне арналған плакаттар мен транспораттар ұстаған жастар.

  • «Өзге ұлттың өкіліне ел басқартпаймыз! Колбин кетсін!»

  • Ел басымыз қазақ болсын,

  • «Тәуелсіз болғымыз келеді» -

деген дауыстар естіледі.

«Қазақстан тәуелсіз мемлекет болу керек!» - деп қолын сермей айбатпен сөйлеген жігітті сауыт асынған солдаттар топ басып, қолынан ұстап алып кетті.

Мұғалім: Сол жігіт Қайрат Рысқұлбеков еді.

Мінбеге бір майор шықты.

  • Қане, тараңдар?!

Жарты сағат уақыт береміз, әйтпесе жақсылық күтпеңдер.

Тараңдар. Тараңдар.

Жастар; – Бізге тәуелсіздік керек.

Тарқамаймыз, әділдік керек.

Әскерилер – Бәрін ұрып-соғып алып кетеді.
Ән: «Қара бауыр қасқалдақ»

  • Қазақ халқының ең соңғы өліп, тірілуі – біздің халқымыздың қайғы-қасіретіне, сонымен бірге мақтанышына айналған 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы. Осы оқиғаға қатысты деген жалған жаламен 99 адам сотталды. 264 адам жоғары оқу орындарынан, 758 адам комсомолдан, 52 адам коммунистік партия қатарынан шығарылды, әр түрлі жазалар берілді. Қазіргі күнде 16-17 желтоқсандағы оқиғаға қатысқаны үшін жазаланған азаматтар Президенттің жарлығымен ақталды.

  • Бүгінгі таңның шапағатын, елдің көңіліне күн орнатқан қайсар аға-апаларымыз – Қайрат, Ләззат, Ербол, Сәбира емес пе? Ізгілік атаулыдан күдерін үзіп, бар сенімі күйреген, рухани күйзелген балаң жігіт Қайраттың «Ақтық сөзі» артында қалды.

  • «Ақтық сөзің не?» деген
    Бүгін қойды сот сұрақ
    Айтайын оны халқыма,
    Жоқ пиғыл менде жасымақ.
    Қорлай да беріп қайтадан,
    Титыққа орыс жетпесін.
    Туған жердің намысы
    Бөтен қолда кетпесін.
    Салт-санадан айрылып,
    Арақтан ұрпақ азбасын,
    Қызғаныштан тозбасын,
    Қолдаушысыз болмасын,
    Барлық ұлтпен тең болып,
    Ешкімнен көңлің қалмасын.
    Ендігі жерде басыңнан,
    Бірлік пен бақ таймасын.
    Осы айтылған ақтық сөз,
    Туың болсын әрдайым.
    Мойныма алып жаланы,
    Мен болайын құрбаның.

Мұғалім:

Қайрат кінәлі деп үкім шығарды.

«Қазақтың қызын шашынан сүйреп бара жатқан милиционерлерге жібер десем,жібермеді.Құлақ шекеден үрып, қарындасты арашалап қалдым.Сол үшін еш өкінбеймін де,кешірім де сұрамаймын.Керісінше мақтан етем,және осы оқиға қайталанса,қайта солай жасар едім»

(Сот: Әуелбекова Гүлжан)

  • Қайрат Рысқұлбеков қылмысты деп табылып, Қазақ КСР қылмыстық кодексінің 60-бабы бойынша 15 жыл бас бостандығынан айырылсын және жазаның ең ауыр түрі

  • Өлім жазасына кесілсін.




Мұғалім: Қайратқа ақтық сөз беріледі.

Қайрат деген атым бар,

Қазақ деген затым бар

Бозторғайдай затым бар

Еркек тоқты құрбандық

Атам десең атыңдар!

(Қайратты алып кетеді. Көрініс бітті)
Ән: «Желтоқсан желі»

  • Желтоқсан оқиғасы – ХХ ғасырдың ең ұлы оқиғаларының бірі. Өйткені желтоқсан оқиғасы тек бүкіл тоталитарлық-коммунистік жүйенің күйреуінің бастаушысы болып қана қоймай, сондай-ақ ол бұрын бағынышты болып келген көптеген елдерге егемендік, тәуелсіздік әперген зор саяси-әлеуметтік құбылыс болды. 1986 жылдың желтоқсанындағы Қазақ жастарының төгілген қанымен бүгінгі тәуелсіздігіміздің тұңғыш парағы жазылған еді.

  •  Тәуелсіздік – бабалардың ұраны,
    Бейуақытта бойға таққан тұмары.
    Тәуелсіздік – түнектерде тұншығып,
    Ызғар ұрып, жанбай қалған шырағы.

  • Тура келіп тарихи бір орайға
    Тәуелсіздік түсті деме оңайға.
    Бастан өткен «Шұбырынды ақтабан»,
    Не көрмеді Қазақ елі соны ойла.

  • Дербестігін аңсаған ел ақ, адал,
    Қанын төкті қанша батыр бабалар.
    Осы жолдар құрбан болды емес пе?
    Халық жауы атанған көп ағалар.

  • Тәуелсіздік үшін тігіп бастарын
    Желтоқсанда шықты алаңға жастарым
    Әр ұрпақтың құбандары жеткілік
    Дербестікке кім сұрамақ басқа құн

    Ән «Қазағым менің»

  • Кеше көрсек қол жетпейтін армандай,
    Арзандатып бүгіп сыйға алғандай,
    Үлесіңе сенің тиді тер төгу,
    Даңқың қалсын ұрпақ еске алғандай, - деп ақын жырлағандай қазір әрқайсымыз да тәуелсіздік бізге қандай қиыншылықпен келгенін біліп, сезінуіміз керек.

  • Мен – қазақпын, мың өліп, мың тірілген,
    Жөргегімде таныстым мұң тіліммен.
    Жылағанда жүрегім – Күн тұтылып,
    Қуанғанда күлкімнен түн түрілген.
    Мен – қазақпын, биікпін, байтақ елмін,
    Қайта тудым, өмірге қайта келдім.
    Мен мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске,
    Айта бергім келеді, айта бергім!
    Мұғалім:

Иә, Мен мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске,
Айта бергім келеді, айта бергім! – деп ақын Жұбан Молдағалиев атамыз жырлағандай, Тәуелсіздігімізді жариялағаннан кейінгі аз уақытта еліміз көптеген жетістіктерге жетті. Сол жетістіктерімізді атап өтейікші. Мысалы: 1990 ж. 25 қазанда Қазақ КСР-інің егемендігі туралы Декларация қабылданды. Ары қарай, жалғастырып айтып көрейік.

  • 1991 жылы 29 тамызда Семей полигоны жабылды.
    30-оқушы. 1991 ж. 2 қазанда қазақтың тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров ғарышқа ұшты.

  • 1991 ж. 1 желтоқсанда тұңғыш Президент сайланды. Ал сол жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасының мемлекеттік Тәуелсіздігі туралы Заң қабылданды.

  • 1992 ж. 2 наурызда Қазақстан Республикасы Біріккен ұлттар ұйымына мүше болды.

  • 1992 ж. 7 мамырда Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері құрылды. Сол жылы 4 маусымда Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесі мемлекеттік рәміздерді қабылдады.

  • 1993 ж. 28 қаңтарда Тәуелсіз мемлекетіміздің негізгі Заңы – Конституция қабылданды.

  • 1993 жылдың 15 қарашасы еліміздің тарихында ерекше күн болып қалды. Осы күннен бастап ұлттық валютамыз – Теңге айналымға енді.

  • 1995 ж. 30 тамызда қазіргі Ата Заңымыз – жаңа Конституция қабылданды. Ал, 1996 ж. Алматы қаласында Тәуелсіздік монументі ашылды.

  • 1997 ж. 10 желтоқсанда Ақмола қаласы Қазақстан Республикасының астанасы ретінде жарияланды. 1998 ж. Президент Жарлығымен Ақмола қаласы Астана қаласы болып өзгертілді.
    Ән «Астанаға арнау»

  • Қазақстан – сан ғасырлық тарихы бар,
    Қазақстан – бұл азат ел, танысыңдар.
    Көк байрақты, елтаңбалы, әнұранды,
    Қазақ елі – егеменді, сан ұлты бар.

Ән: «Қазағым менің»
Сөзі: Н.Назарбаев. Әні: Б.Тілеуханов.
Қорытынды сөз: Тәуелсіздік үшін мың өліп, мың тірілген Қазақ елі, құдай қаласа, гүлденіп мәңгі жасай бермек. Тәуелсіздігімізді алтынымыздай ардақтап, асылымыздай бағалайық, қымбатымыздай құрметтей білейік.
Елтаңбамыз ажарлы, әнұранымыз әуенді, асқақ бола берсін!
Еліміздің, елдігіміздің белгісі – көгілдір туымыз, қасиетті көк байрағымыз көкте қалықтап, желбірей берсін!
Сабағымыздың мәнді, мағыналы болып өтуіне бар білімі мен күш-жігерін салған оқушылар, сіздерге рахмет!
Көңіл қойып тыңдаған қонақтарымыз – аяулы ұстаздар, алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңіз үшін, ілтипат-ниеттеріңіз үшін сіздерге зор алғысымды білдіргім келеді! Осымен сабағымызды әдеттегідей музыкалық қоштасумен аяқтаймыз.
Музыкалық қоштасу. Сау болыңдар, балалар.

























Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
12 қараша
549
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі