жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ "Тәуелсіз елім-Қазақстан"
Мақсаты: қоршаған орта туралы түсініктерін қалыптастыру,өз отанын тану.
Дамытушылық: тақпақтар,сұраққа жауап беру арқылы баланың тілін,
сөздік қорын дамыту; балалардың сөйлеу мәдениетін,өз ойынын ортаға салу
дағдыларын жетілдіру. Сөз тіркестерін және жәй сөйлем құрастыру,ұсақ моторикасын
дамыту,логоритмикалық жаттығуды дұрыс орындау,есте сақтау қабілеттерін арттыру.
Тәрбиелік: балалардың жеке басындағы патриоттық сезімді,отан сүйгіштік қасиеттерін
қалыптастыру;туған жеріне еліне,Астана қаласына деген сүйіспеншілік сезімдерін
қалыптастыру.
Көрнекілігі: слайд,үнтаспа,еліміздің картасы,кілемше,суреттер,түрлі-түсті бояулар,қылқаламдар,жалаушалар .
Сабақ түрі: саяхат сабақ.
Сабақ барысы: I. Ұйымдастыру. Залға тәрбиешімен бірге балалар кіреді,қолдарында
жалаушалар. (әуен «Өз елім менің»)
Тәрбиеші:Амандасу үлкенге,
Тәрбиенің басы ғой.
Ал, қанеки балалар,
Сәлем,дейік бәріміз.
-Сәлеметсіздерме қонақтар! Сәлеметсіздерме бүлдіршіндер,Тәуелсіздік күні мерекесімен
құттықтаймыз. Менің елім-Қазақстан атты мерекелік сабағымызға қош келдіңіздер.
1.–Әр баланың,әр адамның өзінің кішкентай отаны болады.Ол біздің қаламыз,ауылымыз,үйіміз,көшелеріміз. Ал барлығымыздың ортақ отанымыз бар.
Ол-Қазақстан. Ал балалар бүгінгі сабағымыыз ерекше болады, себебі біз ұшатын кілеммен саяхатқа шығамыз.Саяхатқа барғыларыңыз келеме?
-Иа.
-Біздің еліміз үлкен,кең байтақ.Қалалары көп,сондықтан саяхатқа ұшатын кілеммен аттанамыз,әрі қызық,әрі жылдам болады. (кілемшені зал ортасына жайып,балалар үстіне тұрады,әуен ойналады,біткен кезде кілем үстінен түсіп, теледидарға жақындайды.)
2. Слайдпен жұмыс: Қалаларға саяхат. Ақтау қаласы «теңіз,аққу,бұрғылау»
-Балалар,мынау қандай қала?
-Дұрыс,Ақтау қаласы.
-Ақтау қандай?
-Таза,үлкен,әдемі.
-Ақтау қаласында не бар?
-Теңіз бар.
-Ол қалай аталады?
-Каспий теңізі.
- Ақтау қаласы туралы тақпақ білеміз бе?
1-бала: Гүлденген жас қалам,
Ақтауым ақ қалам.
Мерейім өседі ,
Өзіңмен мақтанам
-Енді, кілемге отырып тағыда ұшайық.
- Алматы қаласына ұшып келдік. (Медеу,Көктөбе,алма ағаштары)
- Қандай әдемі ,әсем қала.
-Балалар,бұл қала неліктен Алматы деп аталған?
-Себебі, бұл қалада алма ағашы көп.
-Алматы қаласы туралы кім тақпақ айтып бере алады?
2-бала: Даңқы әлемге әйгілі,
Медеудің мұз айдыны.
Қызықтырар көркімен,
Барсақ тағы қай күні.
-Кілемге отырып саяхатымызды жалғастырайық.
-Астана қаласына келдік. (Бәйтерек,Ақ орда,Хан шатыр.)
-Қараңыздаршы балалар, Астанамыз өте үлкен зәулім-зәулім үйлер салынған.
3- бала: Отанымның төрінде,
Сарыарқаның өрінде.
Ту ұстаған астанам,
Әсем қалам-Астанам.
Сендерге саяхат ұнады ма? Азғантай тынығып алайық .Балалар енді орындарымызға отырып. Қазақстан еліміздің картасымен танысайық.Біздің еліміз кең байтақ үлкен, өзендер, көлдер,таулар,қалалар көп.
Кәзір, біз ойын ойнаймыз. Үстел үстіндегі суреттердің ішінен өзімізге керекті суреттерді алып картаның бетіне ілеміз.
(Балалар картаға өзен,тау,теңіз,медеу,бәйтерек суреттерін іледі)
-Міне балалар, мынау біздің отанымыз-Қазақстан.
Тақпақтар
3- бала: Отан-деген атамекен,
Отан –деген туған жер.
Отан –ана,отан үлкен,
Қазақстан туған ел.
4- бала: Отан –туған еліміз,
Отан-туған жеріміз.
Отан-ортақ үйіміз,
Көңілді ән мен күйіміз.
Ән «Менің отаным»
Балалар отырады.
3. Тәрбиеші: Біздің отанымыз егеменді ел атанды,Тәуелсіздігімізді жыл сайын тойлаймыз.Балалар, кәзір біз бейнебаян тамашалаймыз.
4. «Қазақстан туралы бейнебаян»
Бала:
Он алтыншы желтоқсан
Тәуелсіздік алған күн
Ерекше
боп мәңгілік
Ел жадында
қалған күн .
Тосын сый «Суретші»
-Сәлеметсіздерме балалар,қандай мереке тойлап жатырсыңдар?
-Олай болса мен сіздерге сұрақ қоямын,жауап берсеңіздер сыйқырлы қағаз тарту етемін.
-Сонымен балалар, біз қай республикада тұрамыз?
-Ел ордасы,қай қала?
-Елбасымыз кім?
-Өте жақсы, мынау менің сіздерге тартуым. Мен енді Қазақстанның басқа қалаларына сапар
шегем.
6. Сурет «Ғажайып қағаз»
-Балалар,біз енді сыйқырлы сурет саламыз. Неге ол сыйқырлы деп аталады кәзір білеміз.
-Мына алдарыңыздағы қағазға назар аударайықшы,не көріп тұрсыздар?
-Ештеңе.
-Қолымызға қылқаламдарымызды алып қағаздың бетіне бояу жағамыз. (Ақ қағазға алдын-ала балауызбен әр түрлі суреттер салынып қойылады)
-Кімде қандай бейне шықты?
4. «Менің жүрегім»
-Менің қолымдағы не балалар?
-Жүректер
-Балалар,бұл жүрекшелер біздің елімізге,отанымызға деген сүйіспеншілігімізді білдіреді.Өйткені,
бүгін бізде мереке.Біз еліміздің болашақ азаматтарымыз. Осы жүрекшелерімізді Қазақстан жеріне жапсырамыз.
(Әр бала қолындағы жүрекшелерді Қазақстан картасына жапсырып тілектерін айтады)
-Мен отанымды сүйемін.
-Мен елімді сүйемін.
-Мен балабақшамды жақсы көремін.
-Мен Ақтауды сүйемін.
-Мен Астананы сүйемін.
-Алға Қазақстан! (бәрі айтады)
5. Флешмоб. «Алға ,Қазақстан!»
Қорытынды

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген