Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

ашық сабақ Тәуелсіз елім Қазақстан мектеп алды даярлық тобы

Материал туралы қысқаша түсінік
тәуелсіздік туралы сабақ
Материалдың қысқаша нұсқасы





Түркістан обылысы, Қазығұрт ауданы

«Зат» бөбекжай балабақшасы
















Shape1


«Тәуелсіз елім Қазақстан»








Тәрбиеші: Борибаева Динара



















Сарапхана елді мекені

2024ж








Бекітемін::

«Зат» бөбекжай балабақшасының ЖШС-ның меңгерушісі:



А.Аргынбаева





Тәрбиеші: Борибаева Динара

Мерзімі: 14.12.2024жыл

Тақырыбы: «Тәуелсіз елім Қазақстан»

Оқу қызметінің мақсаты:

Балаларды Отанды сүюге, Қазақстан Республикасының рәміздерін қастерлеуге, туған жерге деген сүйіспеншіліктерін арттыруға тәрбиелеу. Сөйлеу мәнерін қалыптастырып, қойылған сұрақтарға дұрыс, толық жауап беруге дағдыландыру.

Көрнекіліктер:

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың портреті, Қазақстан Республикасының туы елтаңбасы, әнұраны.Тәуелсіздікке байланысты слаидтар,ойынға қажетті дидактикалық материалдар.

Әдіс-тәсілдері: Слайд,түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап,ойын.

Оқу қызметтің барысы:

Қолдарына ту,гүл ұстаған балалар музыка әуенімен ішке кіреді.

Әнұран орындалады.

Тәрбиеші: Балалар, біздің бүгінгі оқу қызметіміз ерекше болады. Себебі бүгін бізде үлкен мереке.Еліміздің тәуелсіздік алғанымызға 34 жыл толып отыр.Ендеше бүгінгі күнімізді Отанымызға арнаймыз.Алдыменен жылулық шеңберімізге тұрып,таңғы жиынымызды айтайық

Балалар:

Көк аспанда күн күлсін

Бірге күлсін бүлдіршін

Ұл қолында ту жүрсін

Қыз қолында гүл жүрсін.

Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар,орындарыңа отырыңыздар.

-Балалар,қазір жылдың қай мезгілі?

Балалар: Қыс мезгілі.

Тәрбиеші: Дұрыс, қыс мезгілі. Қыс айларын атайық.

Балалар: Желтоқсан, қаңтар, ақпан.Орыс тілінде айтып жіберейік. Қыс бізде 3 ай қонақта болады.

Тәрбиеші: Ал ендеше бүгінгі оқу қызметімізді сұрақ-жауаптан бастайық.

Кім айтады біздің еліміз қалай аталады?Біз қай елде өмір сүріп жатырмыз?

Балалар: Қазақстан елінде өмір сүріп жатырмыз.

Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар. Біз өз алдына бөлек Қазақстан деген тәуелсіз,егеменді елде өмір сүріп жатырмыз

- Отанымыз,қазақ жері туралы кім тақпақ айтып береді?

Шұғылалы таңымыз

Қазақ жері бағымыз

Қайнарынан мөп мөлдір

Сусындайды жанымыз

Атағы артық,жаны аппақ

Әй Отаным,Отаным

Үмітіңді мен ақтап

Үлесімді қосамын

Отан туған үйіміз

Отан туған жеріміз

Отан ортақ үйіміз

Көңілді ән мен күйіміз.

Отанды әркім анасындай







Қастерлейді бағалап

Өйткені отан баласындай

Бізді өсірер аялап

Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар сендер, білесіңдер ме,тұңғыш елбасымыз кім?

Балалар: Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.

Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар. Біздің Президентіміз, яғни Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев еліміздің тұңғыш президенті болып 1991 жылы 1 желтоқсанда сайланды. Жылда

Желтоқсан Тұңғыш Президент күні мерекесі болып аталып өтіледі.

- Тұңғыш Президентіміз яғни елбасымыз туралы кім тақпақ айтып береді?

Жиырма жылдай еліңді

Сүріндірмей келесің.

Ес білгелі естіледі

Нұрсұлтан деген ер есім

Елбасы елді қорғайды

Халық қамын ойлайды

Осындай жақсы адамның

Жақсылығы тарайды

Тәрбиеші: Қазір елімізді кім басқарады?Президентіміз кім?

Балалар:Қасым-Жомарт Тоқаев

Тәрбиеші: Дұрыс! Еліміздің Астанасы қай қала?

Балалар Нұрсұлтан қаласында не бар?

Балалар: Нұрсұлтан қаласында Бәйтерек бар!

Тәрбиеші: Дұрыс! Бәйтерек бар, ол біздің елдің символы.Біз Нұрсұлтан қаласымен мақтана аламыз.Тәуелсіз елде тату-тәтті өмір сүріп жатырмыз.Әрине ол Тәуелсіздігіміздің арқасында.

-Балалар еліміздің рәміздерін есімізге түсіріп жіберейікші

Балалар: Ту,Елтаңба,Әнұран

Тәрбиеші:Мінекей балалар,бұл біздің рәміздеріміз.Рәміздер туралы кім тақпақ айтады?

Арқасына күнді алып

Қыранымыз самғап жүр

Көк туымыз желбіреп

Жер мен көкті жалғап тұр.

Елтаңбасы елімнің

Неткен әйбат әдемі

Тұнығындай көңілдің

Ортада аспан әлемі

Тәрбиеші:Тамаша балалар,біз бұлардың бәрін неге қозғап жатырмыз.Себебі біз осылармен мақтанамыз.Осындай елде емін-еркін өмір сүріп жатырмыз.Әрине тәуелсіздігіміздің арқасында.Ендеше экранға назар аударайық.Тәуелсіздік туралы видеоролик көрейік.

1986 жылы Желтоқсан оқиғасында Ербол Сыпатаев, Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Сабира Мұхаметжанова тағы басқа жап-жас аға-апаларымыз құрбан болды. Содан бері 34 жыл өтсе де бұл азаматтарды ұмытпай әр жыл сайын басымызды иіп, еске аламыз.

Өздері өмірлерін қисада,арттарында өшпеш іздері қалды. Олардың арман тілегі орындалды. Қазір біздің еліміз тыныш, жақсы өмір сүріп жатырмыз

Тәрбиеші: Балалар осы ағаларымыз бен тәтелеріміздің есімін ұмытпауымыз қажет.Олардың есімі біздің мәңгі жүрегімізде болады.Ендеше тәуелсіздікке арналған тақпақтарымызды айтайықшы.

Он алтыншы желтоқсан

Тәуелсіздік алған күн

Ерекше боп мәңгілік

Ел жадында қалған күн

Он алтыншы желтоқсан

Елдің ұлы мейрамы

Жаңа шыққан көктемдей







Жаз күніндей жайдары

Он алтыншы желтоқсан

Ел мерейі тасыған

Қазақ деген қалың жұрт

Бәрін кешті басынан

Күтпеген сәт:Есіктің сыртынан жылаған баланың даусы естіледі

Тәрбиеші: Бұл кім болды екен?

Топқа жылаған қыз кіреді

Тәрбиеші:Саған не болды? Неге жылайсың?Жылама,айта ғой,біз саған көмектесеміз?

Менің басым қатып кетті.Мұғалім қиын тапсырма беріп еді.Соны орындай алмай отырмын.Мына матаны пайдаланып,Қазақстанның туын жасап әкел және сол ту жайлы тақпақ айтасың деп еді.Тақпақты жаттадым,ал туды жасай алмадым,көмектесіңдерші маған?

Тәрбиеші: Сен мұңайма,біздің балалар көмек сұрағанға қол ұшын беруге дайын.Қазір-ақ сенің туыңды жасап береміз.

Алдымен сергіту жаттығуын жасап алайық.

Видеоға қарап сергіту жаттығуын жасайды.

Дидактикалық ойын: «Дұрыс орналастыр»

Мақсаты:Үлгі суретке қарап,дұрыс орналастыра білуге дағдыландыру.

Алақай! Менің туым дайын болды.Енді мен тақпағымды да айтамын,туымды да жасадым.

Көк аспанда көкпеңбек

Қазақстан жалауы.

Көк емес ол тектен тек,

Елдің ашық қабағы.

Тәрбиеші: Қане қолыңа туыңды алда,мұғалімге барып тақпағыңды айтып,балалармен бірге жасаған туыңды көрсете ғой.

Інжу қыз рахметін айтып қоштасып кетеді.

Қорытынды:Сонымен балалар біздер бүгінгі оқу қызметінде Отанымыз Қазақстан туралы,Желтоқсан оқиғасының батырлары жайлы, Қазақстан Республикасының рәміздері жайлы әңгімелестік.

Біз тәуелсіз елде тыныш өмір сүріп жатырмыз.

Аспанымызда әрдайым күніміз жарқырап тұрсын деген ниетпен бәріміз жапсыру тақтаға шуақты күннің бейнесін жапсырайық.

Тәуелсіз елде тату-тәтті өмір сүрейік деген ниетпен бүгінгі оқу қызметімізді «Тәуелсіз ел ұраны»өлеңімен аяқтаймыз.

Бүгінгі оқу қызметке жақсы қатысқандарың үшін барлықтарыңа көңілді смаиликтер таратамы



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
29.06.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12