Тақырыбы: Тәуелсіздік - ел
тірегі!
Мақсаты: Туған ел, Отан туралы
балалардың түсініктерін
кеңейту,ойлау,сөйлеу
қабілеттерін,сөздік қорларын
дамыту,туған елге деген
сүйіспеншілігін,патриоттық сезімін
тәрбиелеу.
Балалар әуенмен залға
кіреді,қонақтармен амандасу.
Қазақстан Республикасының
әнұранын орындау.
Мұғалім: Желтоқсанда шындық жырын
шырқаймын деп шарқ ұрдың
Желтоқсанда егеменді ел болсақ
деп талпындың.
Кеудеңде әлі сызы жатыр сол
кездегі салқынның
Айналайын,айналайын,жас өркені
халқымның.
Қазақстан сан ғасырлық тарихы
бар,
Қазақстан – бұл азат ел,
танысыңдар.
Көк байрағы, елтаңбасы,
әнұраны
Қазақ елі егеменді, сан жұрты
бар .
Сырлы әріптер сөз
түйіп,
Сабырмен саған
қарайды,
Сырларын білсең бас
иіп
Керегіңе
жарайды.
Сырлы әріптер
бөлімі
Т – Тәуелсіз елде тұрағым,
Тәуелсіздік жыр әнім
Ә – Әспеттеп салт пен әдетті,
боламыз бала әдепті
У – Уәдеге берікболамыз, досқа
серік боламыз
Е – Елім деп мен жар салам,
еліммен мақтанам
Л – Лайым болсын ел аман,
несібесі мол заман.
С – Сенімін елдің ақтаймыз,
жақсы істер жасаймыз.
І – Ізгілік нұрын шашатын,
жасасын Қазақстаным!
З – Зейінге бәрін тоқимыз,
сабақты «5»-ке оқимыз
Д - Даламыздай кең пейілді,
мақтан тұтам елімді
І - Ізетті бала боламыз,
үлкеннің тілін аламыз.
К - Келешекке нық басқан, біз
бақытты балдырған!
Қандай сөз шықты балалар? –
Тәуелсіздік!
Міне жақында елімізде үлкен
мерейлі той 16 желтоқсан тәелсіздік мерекесін тойлап өттік. Ал одан
алдын 1 желтоқсан «Тұңғыш президент күнін» атап
өттік
Қазақстан – азат, тәуелсіз,
теңдер ішіндегі тең мемлекет. Біздің Қазақстан тәуелсіздікке қол
жеткізгелі 26 жыл толыпты. Осы уақыт ішінде егеменді еліміз қаншама
жетістіктерге қол жеткізді.
Хор: «Менің
Отаным»
-ҚР қандай
мемлекет?
-Тәуелсіздікке биыл неше
жыл?
-Қазақстан туралы не
білеміз?(Дұрыс әрі тез сұраққа жауап
беру)
1.Біздің мемлекет қалай
аталады?
2.Ел басшымыз
кім?
3.Бас қалаңды
ата.
4.Ұлтың
қандай№
5.Сен тұратын ауыл қалай
аталады?
6.Қай тіл мемлекеттік
тіл?
7.ҚР рәміздерін
ата.
Келесі кезекті балалардың
тақпақтарына берейік
Оқушы:
Айнымайды
аспаннан,
Біздің тудың
бояуы.
Оны халық
қашанда
Биікке іліп
қояды
Оқушы:
Көк туымды
қолыма
Бүгін берік
ұстадым.
Оқушы:
Түсті бақыт
жолына,
Менің
Қазақстаным
Оқушы:
Құт береке
шаңырақ,
Орын алған ол
төрден.
Билігім өз
қолымда,
Еркіндігім-
Елтаңбам!
Оқушы:
Көк байрақ, көк
аспан,
Алтын күн нұр
шашқан,
Әлемге
танылған.
Тәуелсіз
Қазақстан
Біздің қыздарымыздың қазақ
биін тамашалаңыздар!
Би: «Қазақ
биі»
Келесі кезекті балаларымыздың
тәуелсіздік күнімізге арналған тақпақтарына
берейік.
Оқушы:
Тәуелсіздік таңын
сүйем,
Күн шуағы төккен
күн.
Елім менің, жерім
менің.
Баққа қолы жеткен
күн
Оқушы:
Қазақ жері
сәніміз,
Мәуесі мол
бағымыз
Саясында
жетілер,
Балдай бала
шағымыз
Оқушы:
Отан елдің
анасы,
Отан жердің
анасы.
Бақытты ғой дәл
мендей,
Тәуелсіз елдің
баласы.
Оқушы:
Бабамның да
рманы,
Осы еді ғой
аңсаған.
Тәуелсіздік
таңдары.
Бақ береді
баршаға.
Оқушы:
Мереке бүгін ұлы
күн,
Бабалар рухы
көксеген.
Азатты елдің
қызымын,
Теңескен төбем
көкпенен.
Ойын: «Бәйтеректі
құрастырайық!»
1986 жыл.Желтоқсанда отты
оқиға болды.Елдің егемендігін аңсаған жастар алаңға шықты.Желтоқсан
желі дауылға айналды.Өрттей қаулаған жастар ұлттық намыс құдіретін
әлемге паш етті.
Туған елдің азаматтығы мен
тәуелсіздігі жолында Қ.Рысқұлбеков, Ляззат Асанова, Ербол Спатаев
сияқты көптеген қазақ жастары Желтоқсан оқиғасы кезінде қайсарлық
пен ерлік көрсетіп, құрбан болды.
Оқушы:
Атамекен ақ
үйдің,
Азат болған
күні,
Оқушы:
Құндақтағы
сәбидің,
Қазақ болған күні
бұл.
Оқушы:
16 –
желтоқсан,
Ел мерекесі
тасыған.
Қазақ деген халық
жұрт,
Бәрін кешті
басынан.
Оқушы:
Желтоқсан айы
естесің,
Дауыл боп бұрқап
ескенсің,
Азаттық күйі
қашаннан,
Көкейін елдің
тескенсің.
Оқушы:
Бейбітшілік
әніміз,
Бауырласпыз
бәріміз.
Оқушы:
Қазақстан
даласында,
Жарасады
сәніміз
Оқушы:
Еркіндікті ежелден
.
Бабам аңсап
зарықты.
Оқушы:
Енді міне, біз тәуелсіздік ел
болдық,
Басқалармен терезесі тең
болдық,
Әрқашанда біз дайынбыз
тайсалмай.
Отан үшін болуға да
құрбандық
Мұғалім:
Мен қазақпын қаныммен
сүйегіммен,
Сән – салтанат, салтымды
сүйемін мен.
Бақ орнатам, осынау кең
далаға,
Мұрагермін, оған да иемін
мен!
Осылай қазағымның бостандығын
көрсем екен, еңбегін, өнерін көркейтсем екен, елім деп еңіреген
халық ұлдарына үш би өз кеңестерін, ақыл даналықтарын айтып
отыр.
(Ортаға үш би
шығады)
Төле
би:
Шешендіктен не
пайда,
Артында сөзі
қалмаса.
Батырлықтан не
пайда,
Халқына қайран
қалмаса.
Қазыбек
би:
Отбасыңда білгір қартың
болса,
Ол жазылған хаттан кем
емес.
Әйтеке
би:
Елім аман, жұртым
тыныш,
Батыр ұрпақ аман
бол.
Өсіп - өнер
өрендерім,
Арқа сүйер панам
бол!
Бала: Баба өсиетіңізді
естідік,
Қабыл алды жас
ұрпақ.
Төле
би:
Балалар, сендер аман
болыңдар,
Елімізді
көркейтіңдер.
Бала:
Рахмет, сізге би
ата.
Мұғалім:
Осылай билер елінің ұлы мен
қызын болашаққа білімді, ал елін тәуелсіз мемлект болуын армандаған
бабаларымыздың армандары орындалып, Қазақстан тәуелсіз мемлекет
болды.
Желбіресін байрағың желді
күнде
Биіктесін мәртебең елдігің
де.
Таныта бер,ұлы Тіл,бар
әлемге
Керегеңнің кеңдігін
де,теңдігін де!
Сәулесі бар нұрында таңғы
үміттің
Басын қосқан сан халық,сан
ғұрыптың.
Даңқың артсын,егеменді елім
менің
Серігіне айналшы
Мәңгіліктің!
(Музыкалық аппараттан
«Желтоқсан желі әні естіліп тұрады)
Ән: «Көк тудың
желбірегені!»