Материалдар / Ашық сабақ. "Тәуелсіздік жолында Елбасының еңбегі"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ. "Тәуелсіздік жолында Елбасының еңбегі"

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә. Назарбаев туралы түсінік беру. Елбасының еңбегін бағалауға үйрету. Туған жерін, елін сүюге, құрметтеуге, отан сүйгіштікке тәрбиелеу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Желтоқсан 2021
502
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Ақтөбе қаласы, № 6 “Орман ертегі” балабақшасы

Капашева Райгуль Жардемовна, тәрбиеші



ТӘУЕЛСІЗДІК ЖОЛЫНДА ЕЛБАСЫНЫҢ ЕҢБЕГІ


Мақсаты: Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә. Назарбаев туралы түсінік беру. Елбасының еңбегін бағалауға үйрету. Туған жерін, елін сүюге, құрметтеуге, отан сүйгіштікке тәрбиелеу.

(ән ұран орындалады)

Тәрб: Еліміз, жеріміз, Отанымыз қалай аталады?

Бала\р: Тәуелсіз Қазақстан Республикасы.

Балалар, біздің жеріміз, орман, тау, өзен-көл, өмір сүретін ортамыз бәрімізге ортақ. Осыны ешқашан естеріңнен шығармаңдар.

— Балалар, біз қай мемлекетте тұрамыз?

— Қазақстан Республикасында.

— Иә, біз ірі жер көлемі бар мемлекетте тұрамыз.

— Еліміздің қандай рәміздерін білесіңдер?

— Елтаңба, Көк ту, Әнұран.

Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті кім?

-Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев

-Ия, балалар, біздің бүгінгі сабағымызда Нұрсұлтан атамызға арналмақ. Себебі 1-ші желтоқсан ең бірінші тұңғыш президентіміз Нұрсұлтан атамызды сайлаған күн.

Біздің тұңғыш елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 1991 жылы 1 желтоқсанда сайланды. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев өмір жолы жолы қиын болған. Елбасымыз 1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысы, Қаскелең ауданындағы, Шамалған ауылында, Үшқоңыр жайлауында дүниеге келгенМектепте жақсы оқыды. Ата-анасын құрмет тұтты. Ұшқыш болуды армандайды.

Қазір балалар Елбасымыз Нұр-сұлтан қаласында тұрады. Бұл қала біздің Елордамыз. Бәйтерек, ақорда, т.б. бар.

Қане, картадан белгілейік.

Елбасымыз Нұрсұлтан атамыз тәуелсіздік, еркіндік үшін күресіп Отанымыздың болашағы, балаларды қорғауға, білімді азамат етіп өсіруге күш салып, қаншама еңбек етті.

(рәміздер туралы түсінік беру)

 Мемлекеттік туымыз бірыңғай көгілдір түсті. Көк түс –Қазақстан халқының бірлік,ынтымақ жолына адалдығын білдіреді. Қанатың жайған қыран құс –бар нәрсенің бастауындай,билік,айбындылық бейнесі.Күннің астындағы қалықтаған қыран елдің еркіндік сүйгіш асқақ рухын,қазақ халқының жан дүниесінің кеңдігін жария етеді.Ағаш сабына бекітілген тұстағы тік жолақ ұлттық оюлармен өрнектелген.Күн, қыран,ою -өрнек — алтын түсті. Қазақстан Республикасы мемлекеттік туының авторы- суретші Шәкен Ниязбеков.

Елтаңба негізі –Шаңырақ . Ол елтаңбаның жүрегі.Шаңырақ мемлекеттің түп негізі — отбасының бейнесі.Шаңырақ- күн шеңбері .Айналған күн шеңберінің қозғалыстағы суреті іспетті.Шаңырақ- киіз үйдің күмбезі.Көшпелі түркілер үшін үйдің ,ошақтың, отбасының бейнесі.Тұлпар –дала дүлдүлі,ер-азаматтың сәйгүлігі,жеңіске деген жасымас жігердің ,қажымас қайраттың ,мұқалмас қажырдың тәуелсіздікке ұмтылған құлшыныс бейнесі.Шаңырақ айналасындағы уықтарды тұлпардың қанаты қоршап тұр.Қанатты тұлпар қазақ поэзиясында кең тараған бейне.Қанатты тұлпар уақыт пен кеңістікті біріктіреді.Ол -өлмес өмірдің бейнесі.Бесбұрышты жұлдыз «бағыңыз ашылып,жұлдызыңыз жарқырай берсін»деген асыл тілекті айқындап тұр.«Қазақстан» жазуы қазақ елінің айғағы.Елтаңбаның авторлары- Ж.Мәлібеков,Ш.Уәлиханов.

Әнұран мәтінінде ғасырлар бойы тәуелсіздік үшін күрескен бабалар ерлігі көрініс табады.

Әнұран авторлары: Шәмші Қалдаяқов,Жұмекен Нәжімеденов ,Нұрсұлтан Назарбаев .

Енді балалар Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев атамызға арнаған өлең жолдарын тарту етейік.

Саламат: Елбасымыз жолдайды,

Халқымыз оны қолдайды.

Ешқашанда орынсыз,

Шешімдері болмайды.

Сахир: Қазақ елі- Қазақстан,

Болашаққа үн қосқан.

Жақсы күнге жетелеп,

Елбасым менің – Нұрсұлтан.

Ойын:«Не жетіспейді?»
Ойын-шарты:Балалар мынау не?

-шеңбер
Менің қолымда сары түсті шеңбер бар.

Шеңберді неге ұқсатуға болады?

-күнге
-Күннің түсі қандай?

-сары
- Күннің пішіні қандай?

-шеңбер

Балалар,күнінің шуағы жоқ,көңілсіз екен. Күнінің көңілін көтеру үшін жылы тілектер арқылы күнге шуақ берейік.

Балалар бүгінгі оқу қызметімізде не туралы өттік?

Елбасына қандай тілектер жолдар едің?

-Балалар түрлі жауаптарын айтты.


Тәуелсіздікті елге сыйлады,

Бейбітшілікті қалады.

Орындалып арманы,

Халқымызда ажарлы.

Осының бәрі әрине,

Елбасының арқасы.

(Жыр шумақты зер салып тыңдайды.)

Мадақтау.

«Отан Ана» әнімен қорытындылау.










Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!