400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ: Тәуелсіздік күніне орай "Мәңгілік елім-Қазақстан!"

Материал туралы қысқаша түсінік
ҚР-ның тәуелсіздігі, тәуелсіздіктің басты нышандары мен қазақ елінің ұлттық құндылықтары туралы балаларға білім беру, мемлекеттік нышандарды ұлықтауға, Отанын сүюге, құрметтеуге, мақтан тұтуға тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы


























Тәуелсіздік күніне орай ұйымдастырылған

ашық сабақ тақырыбы:

«Мәңгілік ел-Қазақстан!»






Тәрбиеші: Ертышпаева Альбина Аблайевна














Білім беру саласы: қатынас, шығармашылық

Бөлімі:сөйлеуді дамыту, сурет салу

Тақырыбы: «Мәңгілік ел-Қазақстан!»

Мақсаты: ҚР-ның тәуелсіздігі, тәуелсіздіктің басты нышандары мен қазақ елінің ұлттық құндылықтары туралы балаларға білім беру, мемлекеттік нышандарды ұлықтауға, Отанын сүюге, құрметтеуге, мақтан тұтуға тәрбиелеу.

Ұйымдастырлыған оқу қызметінің барысы:
Сәлеметсіңдер ме, балалар! Қалдарың қалай?

Көңіл күйлерің жақсы ма? Қане, балалар, біз шаттық шеңберін құрып қоршаған ортамызбен амандасып алайық!

Шаттық шеңбері:

Амансың ба, алтын күн!

Амансың ба, көк аспан!

Амансың ба, жер ана!

Амансың ба, достарым!

Жарайсыңдар, балалар! Орнымызға отырайық.

Біздің Отанымыз қалай аталады?

Біз қандай қалада тұрамыз?

Біз тұратын қала Нұрсұлтан. Нұрсұлтан қаласы еліміздің кіндігі, ақ ордасы, елордасы болып табылады. Әлемдегі елордалардың ішіндегі ең жас астана. Оны еліміздің тұңғыш елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен құрып, қазіргі таңда ең әдемі гүлденген қалалардың бірі болып отыр.

Балалар, назарды экранға аударайық. Не байқадық?

(экранда ту, елтаңба, әнұран суреттері шығады)

Иә, дұрыс айтасыңдар! Бұл тәуелсіз елдің ең басты нышандары; ту, елтаңба, әнұран. ҚР мемлекеттік символдары. Қане, қайталап айтайық.

Сонымен қатар «тәуелсіз мемелекет» дегенде біз алдымен ол елдің шекарасын сұраймыз. (Экранда ҚР картасы шығады)

Ол елдің халқы, оның ана тілі болуы қажет. Халқы-қаза, ана тілі-қазақ тілі.

(Тәрбиеші өлең жолын оқиды)

Елім менің, тәуелсіз жерім менің,
Күннен алған шуақты өмір дәмін.
Рухы ұлттың өсіпті өлместей боп,
Көк байрағын төбеме көтерген күн!

Балалар, сендер Отан туралы тақпақ білесіңдер ме?

Бала: 16-шы желтоқсан —
             Тәуелсіздік алған күн.
            Мерекеге ел тосқан, 
           Атамменен барғанмын.
Бала: Мерекеге шығады,
             Бүкіл халық, біліп қой.
            Отандастар ұғады,
            Тәуелсіздік — ұлы той.
Бала: Аралаймын алаңды,
             Тәуелсіздік күнімен.
             Батыр Қайрат ағамның,
             Суретіне үңілем.
Ойын: «Домбыра»

Шарты: Балалар шеңберге отырады. Ойын бастаушысына тәрбиеші домбыра ұстатады. Қазақша әуен ойнап тұрады, әуен тоқтаған кезде бастаушы домбырамен шеңберде отырған балалрды айнала жүреді. Әуен тоқтаған кезде ойыншының қасына тоқтайды, сол ойыншы добыраны алып бастаушы болып ойынды жалғастырады.

Жарайсыңдар, балалар! Ойында қандай ұлттық аспапты пайдаландық?

Балалар, біздің мемлекеттік туымызда не бейнеленген?

Елтаңбада қандай нышандар бейнеленген?

Біздің тұңғыш елбасымыздың есімі кім?

Қазіргі елбасы туралы сюжет көрсету.

Тәуелсіздік мерекесіне орай біз сендермен шығармашылық жұмыс орындайық.

Шығармашылық жұмыс.

Шарты: Балалар күннің сәулелеріне алақанмен шуақтар жасайды.

Жарайсыңдар, балалар! Қандай керемет! Тәуелсіз еліміздің аспаны ашық, жарқын, күніміз сәулесімен нұрландырып, балапандар бейбіт балалық шақтың аспанында өмір сүрсін деген тілек білдіремін.

Жарқын сәулесін шашқан күндерімізді көрмеге тарту етеміз.

Рефлексия

Балалар, бүгін біз не жайында сөйлестік?

Олай болса, Отанымыз бейнеленген картаға көңіл күй смайликтерін жапсырайық.

Сау болыңдар, балалар!

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
5 желтоқсан
946
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі