Материалдар / Ашық сабақ. Тәуелсіздік-таң нұры! 9 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ. Тәуелсіздік-таң нұры! 9 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларды ҚР-ның жеткен жетістіктерімен таныстыру. Тәуелсіздіктің мәнін терең ашып түсіндіру.Қазақ халқының ерлігін,даналығын паш ету, оның ізгі қасиеттерін ардақтап, өнеге тұту. Елге, жерге, тілге деген сүйіспеншілігін арттыру, патриоттық сезім ояту.Елжандылыққа, ұлтшылдыққа, адамгершілікке, тілін, дінін, тарихын құрметтеуге тәрбиелеу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Қаңтар 2022
703
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

5 мектеп-лицей







Тақырыбы:




Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 30 жылдығына арналған


Ашық сабақ






Өткізген: С.М.Тажибаева

Сынып: 9











2021-2022 оқу жылы


Күні: 15.12.2021

Сыныбы: 9 «в»

Тақырыбы: «Тәуелсіздік –таң нұры! »

Кештің мақсаты: Оқушыларды ҚР-ның жеткен жетістіктерімен таныстыру. Тәуелсіздіктің мәнін терең ашып түсіндіру.Қазақ халқының ерлігін,даналығын паш ету, оның ізгі қасиеттерін ардақтап, өнеге тұту. Елге, жерге, тілге деген сүйіспеншілігін арттыру, патриоттық сезім ояту.Елжандылыққа, ұлтшылдыққа, адамгершілікке, тілін, дінін, тарихын құрметтеуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Бейнетаспа, көркем суреттер.

Барысы:

Мұғалім сөзі: I.Ұйымдастыру: Оқушылармен амандасу. Қалташалар арқылы ішіндегі жасырылған сөзге мақал-мәтел айту. (әр түрлі түстілерге.) Көк, сары, қызыл түстер.

Бірлік

Отан

Егемендік

Атыңнан айналайын егемен ел,

Тәуелсіз күнің бүгін кенеле бер,

Мейрамың құтты болсын, тәуелсіздік!

Ғасырдың тойы болшы келе берер.

Мен – қазақпын, мың өліп, мың тірілген…

Ж. Молдағалиевтің осы өлең жолдары қазақ деген дана халықтың бүкіл болмысы мен өмір жолын айғақтап бергендей: ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама, 30-жылдардағы ашаршылық, 37- жылдардағы нәубет, 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан Соғысы, желтоқсан көтерілісі:

Тәуелсіздіктің құны міне осындай…

Қазақ өз тарихында ұлт ретінде талай мәрте жойылып кете жаздап, тағдырдың талай ащы зары мен тауқыметін тартты. Бүгінгі Тәуелсіздікке дейінгі аралықта халқымыздың сан ғасырлық аумалы-төкпелі тағдыры, арманы мен аңсары, арпалысқа толы күрес жатыр. Іштей булыққан бұлқынысы мен өкініші, жеңілістері мен жеңістері жатыр. Бүгінде Алтай мен Атырау, Сыр мен Тобыл арасындағы байтақ өлкеде орын тепкен Қазақстан Республикасы  ежелден қалған ұлы істердің, ұлағатты дәстүрлердің, іргелі мемлекеттердің заңды мұрагері болып саналады. Әдетте, біз қазақ ұлысының қалыптасуын, Қазақ хандығының жеке орда тігуін Жәнібек пен Керей хандардың есімімен байланыстырамыз. Бұл кезең қазақ халқының болашағы үшін шешуші тарихи сәттердің бірі болғаны рас. 

Мұғалім: Бостандық! –деп аталатын асқақ арман жолында қаншама қан төгілді, қаншама батыр мерт болды. Бұл арпалыс бір күн, бір жыл, бір мезет емес, талай ғасырларға созылған.

Осы арпалысты жай тілмен тарих дейді. Ендеше тарих беттеріне тағы бір зер салайық.

Слайд:

1723-1725 жылдар Ақтабан шұбырынды.

1836-1838 жылдар Ішкі Бөкей ордасындағы көтеріліс.

1837-1847 жылдар Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс.

1916 жылы Амангелді Иманов бастаған ұлт-азаттық көтеріліс.

1932-1933 жылдар ашаршылық кезеңі.

1936-1938 жылдар репрессия кезеңі.

1941-1945 жылдар Ұлы Отан соғысы.

1986 жылы Желтоқсан оқиғасы.

Қазақ халқын дүниежүзіне танытқан бұл оқиғаның алғашқы құрбандары Қайрат Рұсқұлбеков, Ләззат Асанова, Жансая Сабитова, Ербол Сыпатаевтарды ексе алып, олардың рухына тағзым ету парызымыз. 1986 жылдың желтоқсаны бүкіл ұлтымыздың жанын жаралап, жүрегіне ызғар

шашып кетті, бостандық үшін өрімдей жап-жас қыз-жігіттер құрбан болды. Біз әрдайым Қайраттың от жүрек үніне, қыздардың намысын қорғаған ерлігіне, күнәсіз күйіп кеткен келбетіне бас иеміз.

Желтоқсан құрбандарын еске алып, 1 минут үнсіздік жариялаймыз.

«Желтоқсан желі» Бейнеклип

Тәуелсіздігіміз жарияланғаннан кейінгі аз уақытта өңіміз түгіл түсімізге енбеген оқиғалар болды, сол жетістіктерді атап өтейікші. Слайд.

Желтоқсан оқиғасы- біздің тәуелсіздігімізді дүние жүзіне мойындатқан күн.

1991 жылы 16-желтоқсан – ел тарихында кейінгі ұрпақ мәңгі қастерлеп, ардақтап өтетін күн.

1991 жылы 1- желтоқсанда еліміздің түңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды.

1991 жылы 29- тамызда Семей полигоны жабылды.

1992 жылы 2- наурызда ҚР дүниежүзіндегі ең ықпалды және беделді Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болды.

1992 жылы 8- мамырда кең байтақ елімізді қорғайтын қуатты Республика Ұланы құрылды.

1992 жылы 4- маусымда ҚР-ң Жоғарғы Кеңесінің сессиясында еліміздің мемлекеттік рәміздері қабылданды.

1993 жылы 15- қарашада мемлекетіміздің ұлттық валютасы теңге айналымға енді.

1993 жылы 2- қарашада ЮНЕСКО-ның шешімі бойынша Ұлы Абайдың 150 жылдығы тойланды.

3 топқа тапсырмалар беріледі. «Өз еліңді таныстыр». Бірлік тобына журнал шығару. Отан тобына газет шығару. Егемендік тобына кітап шығару. (Оқушылар қорғап шығады.)

Армандаған күнге де жеттік. Мемлекеттік егемендігімізді алып, тәуелсіз ел болдық.

Тәуелсіздіктің көк байрағы желбіреп, әнұран қабылданды. Қазақтың жаңа астанасы бой көтергеннен бері 18 жылдың ішінде әлемді сүйсіндірді, сұлулығымен таң қалдырды. Бас аяғы 30 жылдың ішінде Қазақстанды бүкіл әлем таныды.

Кері байланыс. Оқушыларға әріптер таратылады. Ортаға шығып, өз сөздерімен айтып шығады.

Т – білдіреді теңдікті, Найман

Ә — әдептілік, әлдікті. Дильназ

У – уайымсыз уақытты, Али

Е – егемендік елдікті Шапағат

Л – дейді лағып лепірме Назарбек

С – сенімділік секілді ең, Нұрзат

І – ілтипат пен ізет қой, Гүлмарал

З – зиялылық тілек қой. Ғалиябану

Д – шақырады достыққа, Ерасыл

І- шақырады ізгілікке Жансая

К – дейді күн боп көктегі

Көз алартпа, көршілерге қол сұқпа. Диас

Бәрі бірге: Тәуелсіздік-бақытым!

Бүгінгі «Тәуелсіздік таң нұры» атты кешімізді аяқтаймыз. Сау болыңыздар!

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!