Материалдар / Ашық сабақ Тәуелсіздік тұғырым 6 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ Тәуелсіздік тұғырым 6 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ Тәуелсіздік тұғырым оқушыларды еліміздің патриоты болуға,елін жерін сүюге баулу,тәуелсіздігімізді бағалай білуге тәрбиелеу
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
14 Ақпан 2022
515
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Д.Қонаев атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі



Бекітемін

____________

Р.Ахметова








Сынып сағаты

Тақырыбы:Тәуелсіздік -тұғырым



Мұғалім Калиева. А.Т

Сыныбы: 9«Ә»























2021-2022 оқу жылы



 Тақырыбы: Білім-болашақтың бастауы
Тәрбие сағатының мақсаты: Оқушыларға білімнің қажетін, маңызын ұғындыру.

Бабалардан қалған ұлағатты сөздерді түсіндіре отырып,

содан үлгі алуға баулу, еліміздің болашағы – жан – жақты

ойлай білетін, қоғамды ары қарай дамытатын болашақ

иелері болу үшін сапалы білім керек екендігін ұғындыру;
Оқушылырдың ой – өрісін дамыту, танымдық қабілеттерін

арттыру,
Оқушыларды сауаттылыққа, ұқыптылыққа баулу.
Тәрбие сағатының барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.

Кіріспе. “Білімді болу – адам болу”.


Әнұран айтылады.
І. Кіріспе.
Құрметті оқушылар! Бүгінгі тәрбие сағатында білімнің қаншалықты қажет екенін, маңызын ұғынамыз.

Шығыстың ұлы ғұламасы Әл – Фараби  “Білімді болу – белгісіз нәрсені ашу қабілетіне ие болу” – деп білімділікке сипаттама берген. Білімді адам көп нәрсені біледі және қабілеті, дарыны арқылы басқа белгісіз нәрселерді өз бетінше аша алады. Еліміздің болашағы білімді, жан – жақты ойлай білетін, қоғамды алға қарай дамытатын жас жеткіншек – сендерсіңдер. Білімсіз, ғылымсыз ешбір қоғам болмайды да, дамымайды. Жүсіп Баласағұн: “Білімді болсаң ғана ақылды боласың, ал ақылдылықпен дүниенің сырын ашасың, мақсат-мұратқа жетесің”.
Білімді болу – адам болу деген сөз. Білімсіз адам – надан, топас, білімділіктен – ақыл шығады. Кімде білім болса, соның мерейі үстем, жоғары болады.
 Тірек білімдерін жетілдіру:

Мектеп қандай орын?

Мектепке не үшін келеміз?

Білім беретін кім?

Білім беретін тағы не?

Мектеп мүлкін қалай пайдалану керек?

Дүниенің сырын білуге есік ашатын алтын кілт - білім. Дана бабаларымыз «Күш – білімде, білім - кітапта» немесе «Мұхит басы - бұлақ, білім басы - кітап» деп бекер айтпаған. Ел болып еңсесін көтерген егеменді еліміздің ертеңі – жас ұрпақ. 
Ерінбей оқу мен талмай іздену арқылы рухани жетіліп білім нәрімен сусындаған адам қашанда халқының ықыласына бөленеді. Асыл мұратына, арман мақсатына білім арқылы жетеді. Жас жеткіншектер білімді тәрбиелі, өнерлі болып өсуі үшін данышпан бабаларымыз жазып қалдырған ғибрат пен өнегеге толы кітаптарды, ақын жазушылардың шығармаларын көп оқу керек.
Мейірбек:

Білім керек бәріне,

Балалардың бәріне.

Білімі болмаса егер де,

Жолы болмас өмірде.

- Білімді болу - бәрінен бұрын адам болу деген сөз. Өмірдегі барлық жақсылық білімнен шығады.
- Білім – сенің серігің, өмірлік жолдасың. Адам өзінің барлық керегін, ой - арманын, талап тілегін тек білім арқылы ғана қанағаттандыра алады.

Зарина:

Білім керек әрқашан,

Өмір бой бәріне.

Сондықтан да балалар,

Білім алайық бәріміз.

Соның үшін балалар,

Білім керек бәріне.

ХІХ ғасырдың ІІ жартысындағы қазақ жерінен шыққан оқу – білім туралы өлеңдер жазған ақын, жазушыларды Ыбырай ,Абай аталарымыз
Алғашқы педагог кім?
Ыбырай халқы үшін қандай еңбек сіңірді?
Олар туралы қысқаша мәлімет беру.

Гулбану:

Мектеп – қамқор анамыз

Оқып білім аламыз,

Өнерпаз боп өсетін

Біз оқушы боламыз!

Мақал-мәтелмен жұмыс:

Өнер – ағып жатқан бұлақ,
Білім – жанып тұрған шырақ”.
“Білім – бақтың жібермейтін қазығы,
Білімсіз бақ – әлдекімнің азығы”.
“Адамды  байлық дәрежеге жеткізбейді,
Білім жеткізеді”.
“Білікті – білім жинап кәсіп етер,
Білімнің дәмін татып, өсіп – өнер”.


Қорытынды:   Өмірдегі барлық жақсылық білімнен шығады.  Білімнің  керек емес жері жоқ. Білім – саған тоңсаң киім, ашықсаң тамақ, әлсірегенде қуат бола алады. Білімді адамды ақшасы болмаса да, жарлы деуге болмайды. Кімде білім мол болса, сол адам ел – жұртқа әмірін дұрыс жүргізе алатын, сыйлы адам бола алады.  Білім – сенің болашағың, білім – өмір шырағы, олай болса, болашақта үнемі жарықта жұру үшін білім керек. Білім – сенің серігің, өмірлік жолдасың. Білім сенің болашағың.


















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!