Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Ашық сабақ "Тәуелсіздік тұғырым" 7 сынып
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
«Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл».
Тақырыбы: «Тәуелсіздік
– тұғырым!».
Мақсаты: Отанды сүюге, туған еліне, жеріне
деген сүйіспеншілігін арттыру, әсемдікке, жауапкершілікке, елге,
жерге деген патриоттық сезімдерін ояту, елінің мұрасын жалғастырушы
азамат болуға тәрбиелеу.
Көрнекілік:
мақалдар, «Ел таныған
Елбасы» газеті, слайдтар, желтоқсан құрбандары, кітап
көрмесі.
Сабақтың түрі: кеш
Сабақтың барысы.
Кіріспе сөз.
Мұғалім:
Еліміздің тәуелсіздігіне биыл 25 жыл толып отыр. Осыған
байланысты бүгін «Тәуелсіздік - тұғырым» атты ашық тәрбие
сағатымызды өткізгелі отырмыз. Мен – қазақпын, мың өліп, мың
тірілген… Ж. Молдағалиевтің осы өлең жолдары қазақ деген дана
халықтың бүкіл болмысы мен өмір жолын айғақтап бергендей: ақтабан
шұбырынды, алқакөл сұлама, 30-жылдардағы ашаршылық, 37- жылдардағы
нәубет, 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан Соғысы, желтоқсан көтерілісі:
Тәуелсіздіктің құны міне осындай…
Тәуелсіздік, көк тудың желбірегенін көріп, кең тыныстайтын барлық
жастар үшін тым қымбат. Қыран бүркіт асқар таудың шыңынан кең
далаға қарай қанат қағып, қалықтап ұшқанда өзін қалай еркін
сезінсе, бүгінгі егеменді елді жастары да өздерін сондай еркін,
асқақ сезінеді деп мен бүгінгі тәрбие сағатымды жүргізуді жастарға
ұсынамын.
Санжар:
Атыңнан айналайын егемен ел,
Тәуелсіз күнің бүгін кенеле бер,
Мейрамың құтты болсын, тәуелсіздік!
Ғасырдың тойы болшы келе берер.
Гүлстан:
Тәуелсіздік.
Тәуелсізбін мен бүгін,
Келді, міне азаттығым, теңдігім.
Бостандықта байлығым мен ендігім,
Шешіл енді шемен болған шерлі үнім!
Өзіңдікі -Елің де,
Өзіңдікі – Жерің де
Өзіңдікі өзің еткен Бақ- Тәуелсіздік төріңде!
Қанатыңнан қайрылып,
Қыр -арқаңнан айрылып
Қонақ-
Тәуелсіздіктен,
Қала көрме айрылып!
Санжар:
Армандарды жақындатып тым алыс,
Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.
Егемендік- ел бақыты, ертеңі,
О, халайық, құтты болсын қуаныш!
Гүлстан:Армысыздар қадірлі қонақтар, ата-аналар, ұстаздар мен оқушылар!
Биыл 2011 жылы дүниені дүр сілкіндірген желтоқсан көтерілісіне 30 жыл болды.
Ал, егеменді еліміздің Тәуелсіздігін алғанына 25 жыл толған мерейлі тойына арналған «Тәуелсіздік - тұғырым…» атты әдеби кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер.
Санжар:
Шарықта, шарла көкті көк байрағым,
Арманым, Азаттығым, көпке айғағым.
Мен сенің салтанатты сағатыңа
Өлеңмен алтын шашақ шоқ байладым.
Ал самға, әлем кезіп, Әнұраным
Қалықта Елтаңбасы- шаңырағым.
«Гимн»
Гүлстан:
Бостандық! –деп аталатын асқақ арман жолында қаншама қан төгілді,
қаншама батыр мерт болды. Бұл арпалыс бір күн, бір жыл, бір мезет емес, талай ғасырларға созылған.
Осы арпалысты жай тілмен тарих дейді. Ендеше тарих беттеріне тағы бір зер салайық.
I оқушы:Санжар
Мен қазақпын, бір биік белеспін мен,
Еуропада, Азияда емеспін мен.
Аралықпын жетінші материктей,
Бірақ барша адаммен тең өстім мен.
Мен қазақпын, биікпін, байтақ елмін,
Қайта тудым, өмірге қайта келдім.
Мен мың да бір тірілдім қайта өлмеске
Айта бергім келеді, айта бергім.
IІ оқушы: Фарида
Қазақ халқы азаттық үшін талай қиындықты бастан
кешірді. Бірақ ешқашан мойымады, күресе білді. Азаттық таңы туатынына кәміл
сенді. Енді осы кейбір тарихи оқиғаларды еске түсіріп өтейік.
І ж: 1723-1725 жылдар Ақтабан шұбырынды.
ІІ ж: 1836-1838 жылдар Ішкі Бөкей ордасындағы көтеріліс.
І ж: 1837-1847 жылдар Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс.
ІІ ж: 1916 жылы Амангелді Иманов бастаған ұлт-азаттық көтеріліс.
І ж: 1932-1933 жылдар ашаршылық кезеңі.
ІІ ж: 1936-1938 жылдар репрессия кезеңі.
І ж: 1941-1945 жылдар Ұлы Отан соғысы.
ІІ ж: 1986 жылы Желтоқсан оқиғасы.
Би: «Қазақ» биі. Орындайтындар: Жансая мен Зейнеп
IІІ оқушы: Жарқынбек
Озбырлық күшпен тұншығып,
Үміттің оты өшкен күн.
Жанына таппай бір шындық,
Ер Қайрат қыршын кеткен күн.
Қайғы езіп, елдің еңсесін
Жаншыды-ау жанын батпан күн!
КӨРІНІС:
-Ортаға бір топ қыз жігіттер шығады.
-Қыздар, мен газет әкелдім
-Қане, не жаңалық бар екен?
-Пленум болыпты.
-Қонаевты орнынан алды дейді.
-Онысы несі?
-Орнына кім болыпты?
-Колбин деген. Ульяновтан келіпті.
-Қазақтан-ақ біреу қойсашы!
Т.б.
Жастар шуласып кетеді
— Пленум шешіміне қарсымыз!
— Әр ұлтқа өз басшысы!
— Колбинді әкетсін!
— Қонаевтің өзі сөйлесін!
Оларды екінші топ ОМОН, милиция киімін кигендер қуып таратады. 1-2
адамдарды ұстап алады.
— Қайрат!
— Қайрат! – деп топ шуласып тарайды.
Қайратты тергеуге әкеледі.
Қайрат:
Күнадан таза басым бар,
Жиырма бірде жасым бар.
Бозтоғайдай жаным бар,
Алам десең алыңдар,
Қайрат деген атым бар.
Қазақ деген затым бар.
Еркек тоқты құрбандық.
Атам десең атыңдар!
IV оқушы: Нұрмұхамед
Қазақ халқын дүниежүзіне танытқан бұл оқиғаның алғашқы құрбандары Қайрат Рұсқұлбеков, Ләззат Асанова, Жансая Сабитова, Ербол Сыпатаевтарды ексе алып, олардың рухына тағзым ету парызымыз. 1986 жылдың желтоқсаны бүкіл ұлтымыздың жанын жаралап, жүрегіне ызғар шашып кетті, бостандық үшін өрімдей жап-жас қыз-жігіттер құрбан болды. Біз әрдайым Қайраттың от жүрек үніне, қыздардың намысын қорғаған ерлігіне, күнәсіз күйіп кеткен келбетіне бас иеміз.
Мұғалім: Желтоқсан құрбандарын еске алып, 1 минут үнсіздік жариялаймыз.
Би: «Флэшмоб» 6 – сынып оқушылары
Санжар:
Тәуелсіздігіміз жарияланғаннан кейінгі аз уақытта өңіміз түгіл түсімізге енбеген оқиғалар болды, сол жетістіктерді атап өтейікші.
Гүлстан: Желтоқсан оқиғасы- біздің тәуелсіздігімізді дүние жүзіне мойындатқан күн.
1991 жылы 16-желтоқсан – ел тарихында кейінгі ұрпақ мәңгі қастерлеп, ардақтап өтетін күн.
1991 жылы 1- желтоқсанда еліміздің түңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды.
1991 жылы 29- тамызда Семей полигоны жабылды.
1992 жылы 2- наурызда ҚР дүниежүзіндегі ең ықпалды және беделді Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болды.
Санжар:
1992 жылы 8- мамырда кең байтақ елімізді қорғайтын қуатты Республика Ұланы құрылды.
1992 жылы 4- маусымда ҚР-ң Жоғарғы Кеңесінің сессиясында еліміздің мемлекеттік рәміздері қабылданды.
1993 жылы 15- қарашада мемлекетіміздің ұлттық валютасы теңге айналымға енді.
Гүлстан:
1993 жылы 2- қарашада ЮНЕСКО-ның шешімі бойынша Ұлы Абайдың 150 жылдығы тойланды.
Санжар:
Армандаған күнге де жеттік.
Мемлекеттік егемендігімізді алып, тәуелсіз ел болдық.
Гүлстан:
Тәуелсіздіктің көк байрағы желбіреп, әнұран қабылданды. Қазақтың жаңа астанасы бой көтергеннен бері 18 жылдың
ішінде әлемді сүйсіндірді, сұлулығымен таң қалдырды. Бас аяғы 25 жылдың ішінде Қазақстанды бүкіл әлем таныды.
I оқушы: Зейнеп
Қасиетті Қазақстаным, мекенім,
Ақиқаттың алтын бесігі
екенсің.
Елім, Жерім, Отаным, бақ- дәулетім,
Болашағым, өнер-білім, өркенім.
Қазақстаным, қастерлі мәңгі
дастаным,
Парақтап сені киеңді түсіне
бастадым.
Сен менің арым, бағым, барымсың,
Халқыма әр күн бейбіт болсын
аспаның!
Желтоқсаннан бастау алған теңдігі,
Қазағымның өркендеді елдігі.
Құрбан болған Тәуелсіздік жолында
Ағалардың ұмытылмас ерлігі.
IІ оқушы: Бақыт
Қазақстан! Туды алтын дәуірің,
Алғандайсың жұлдыздардың жарығын.
Алтын заңың құтты болсын, қымбаттым,
Туған күнің құтты болсын, алыбым!
IІІ оқушы: Жансая
Ұлан-байтақ жеріңді
Бөтен ел таптамасын!
Ешқандай жау аттамасын!
Ие болып өзің туған жеріңе,
Жер-ана қызмет етсін еліңе,
Атом жарылмасын төріңе,
Ие болып, қорғасақ,
Жетер анық, өзіңдікі өзіңе.
Ән: «Байтақ ел» Орындайтын: Орынбасаров Нұрмұхамед
І оқушы: Жарқынбек
Далада думан, қалада думан жыр
бүгін
Ғасыр бойы аңсайда күткен бұл
күнім.
Жасай бер, жаса
Қалдырған бақыт бұлбұлым.
IІ оқушы: Зейнеп
Жиырма жыл, жиырма жыл азаттық,
Өзімізді құрсаудан да босаттық.
Ақтадық біз ата-баба үмітін,
Қолда қазір көк ту менен бостандық.
IІІ оқушы: Гүлстан
Туған жерім Қазақстан байтақ елім
Туып өстім тәй бастым қастерледім
Туған жердей жер болмас деген мақал
Еске салар мәңгі сені аяулы елім
Қастерлесең табынсаң думан елге
Ардақты да мен деген бол азамат
Елім жерім деген ер жігітке
Тәуелсіз еліңді қыл аманат
Ол аманат еткен адам Нұрсұлтан
Нұрдың да алаштың да сұлтаны болған
Жетістікке жеткізді ол қаншама
Алға,алға тәуелсіздік Қазақстан!!!
Ән: «Қазақ жастары» Орындайтындар: Жарқынбек пен Фарида
IVоқушы : Санжар
25 жыл, тәуелсізбін, дербеспін
Күмәндана қоймас бүгін енді ешкім
Бодандығым ғасырларға жалғасқан
Қазір, міне артта қалды келмес күн
Vоқушы: Жансая
Тауелсіздік тұғыры ғой бұл елдің,
25 жасың құтты болсын нұр елім.
25 жылда шықтың талай белеске,
Қазақстан жасай берші гүл елім
ҮI оқушы: Нұрмұхамед
Әрқашан да мақтанамын жеріме,
Қазыналы, дархан, байтақ еліме.
Ешбір қала тең келе алмас өзіңе,
Тілеймін мен бейбітшілік еліме.
Санжар
Туған жерді сүю – парыз
Сүю үшін білу – парыз
Қасиетін ұғу – парыз
Күзетіне тұру – парыз
Гүлстан
Құтты болсын тәуелсіздік мерекесі,
Мықты болсын елімнің керегесі.
Татту-тәтті боп халқымыз әрқашан,
Кетпесін туған жердің берекесі.
Ән: «Жаса Қазақ» Орындайтын: Нұрмұхамед
Қорытынды.
Гүлстан:«Осынау тарихи белестер Жаңа Қазақстандық Патриотизмді ұрпақ жадына сіңіруде айрықша рөлге ие. Біз 2015 жылды Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы деп жарияладық. Елдің тұтастығы мен бірлігі, татулығы мен тыныштығы ең басты назарда. Ел Бірлігі — біздің барша табыстарымыздың кілті. Тұрақты дамудың Қазақстандық моделі бүгінде бүкіл әлемге үлгі. Тәуелсіздігіміздің 25 жылдық мерейтойын және халықаралық EXPO-2017 көрмесін табысты өткізіп, еліміздің әлеуетін әлемге паш етеміз. Ұлы жолдағы сапарымыз сәтті, болашағымыз жарқын болсын! Баршаңызға «Нұрлы жол» Жолдауын жүзеге асыруда табыс тілеймін!»
Санжар:.Құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар! Сіздерді еліміздің басты мерекесі Тәуелсіздік күнімен құттықтаймыз! Дендеріңізге саулық, отбастарыңыздың амандығын тілейміз»
Гүлстан:
Құрметті кешке жиналған көрермен қауым, сіздерге өмірлеріңіз ұзақ, дендеріңіз сау, еліміз
тыныш, жұртымыз аман, көңілдеріңіз көтеріңкі, шат -шадыман шаттыққа толсын деген игі тілектер жолдаймыз,біз өздеріңізбен қоштасамыз! Келесі кездескенше күн нұрлы болсын! Әрқашанда Тәуелсіз Қазақстанның таңы нұрлы болып, егемен елдің ұрпағының еңсесі биік, көкірегі ояу, керегесі кең, терезесі тең елде өмір сүрсін.
Қазақстанға оңай келмеген Тәуелсіздікті қастерлей , қадірлей білейік, ағайын!
Санжар:
Хор: «Қазақстан»!