«Бірінші желтоқсан – Президент
күні»
Тәрбие сағатының
тақырыбы:
«Бірінші желтоқсан – Президент
күні»
Мақсаты:
1. Оқушылардың
бойында салауатты өмір салтын
қалыптастыру;
2. Жастардың өз Отанына деген
сүйіспеншілігін және оң көзқарасын
арттыру;
3. Қазақ елінің рәміздерін қастерлеуге
үйрету;
4. Оқушылардың өз атамекеніне деген
сүйіспеншіліктерін арттыру.
Көрнекілігі:
-
Проектор
-
Н.Назарбаев
портреті.
-
Президент
бұрышы:
-
Н.Ә.Назарбаевтың
кітаптары
-
Н.Ә.Назарбаевтың
жолдаулары
-
Президент туралы кітаптар
-
Президент туралы жазылған
газет-журналдар
Жоспары:
-
Туды
әкелу.
-
Әнұран
айту.
-
Алғы сөз. (Мұғалім
сөйлейді)
-
Тәрбие сағатының
ашылуы.
-
Оқушыларға кезек беру: әдеби
монтаж
-
Шағын
концерт.
-
Туды алып
кету.
-
Тәрбие сағатының
жабылуы.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы
әкелінсін !
Қазақстан Республикасының
Әнұранын орындау. (хормен)
Мұғалім:
Құрметті Ұстаздар,
қонақтар, оқушылар !
Сіздерді 1 желтоқсан Президент
күні мерекесімен құттықтай отырып
тәрбие сағатымызды ашық деп
жариялауға рұқсат етіңіздер.
Бұл күн мемлекеттік мереке ретінде
жалпыхалықтық деңгейде 2012 жылдың 1 желтоқсанынан бері тойланып
келеді. Өйткені 1991 жылдың 1 желтоқсанында алғаш рет өткен
жалпыхалықтық сайлауда егеменді Қазақстанның негізін салушы
Нұрсұлтан Назарбаев тұңғыш Президент болып сайланды. Қазақстан өз
тәуелсіздігінің 23 жылы ішінде әлем мойындаған мемлекеттердің
қатарына қосылды. Ғасырлар бойы бабалар армандаған тәуелсіздіктің
туы көкте желбіреді. 150-ден астам елдермен дипломатиялық
қарым-қатынас орнатты. Шын мәнінде, Елбасы Н.Назарбаевтың сындарлы
саясатының арқасында тәуелсіз қазақ елі қалыптасып, тарихымыз
түгенделіп, тіліміз, дініміз қайта оралуда, мемлекетіміздің ұлттық
рәміздері қабылданды. Осыдан-ақ еліміздің Тұңғыш Прзидентін сайлау
күнінің Қазақстанның тәуелсіздік тарихында маңызды болғанын
аңғарамыз. Ал енді кезекті оқушыларға
береміз.
Проектордан Н.Назарбаев туралы д.фильм жүріп
жатады.
(Даусын бәсеңдетіп
қояды)
1-оқушы:
Көптен күткен көк байрақ
желбіреді,
Күннің нұры көктемдей
елжіреді.
Мұндай ыстық, жалын-от барма
сірә,
Әнұран – әнімен жүрегіміз
тербеледі.
2-оқушы:
Қазақ едік түбі терең, нәрі
емен,
Тарихыңның бәрі дастан, бәрі
өлең.
Бодандықтан бордай тозып
келгенде,
Заман туып мойындады бар
әлем.
3-оқушы:
Басынан бұл қазақтың нелер
өтті,
Жамандық пен жақсылық бәрі
кетті.
Жиырмасыншы ғасырым шындаған
соң,
Аңсаған еркіндікке қолы
жетті.
4-оқушы:
Шежіресін шертсе күй ғып көне
жер,
Ертеңіне, өркеніне сене
бер.
Дүниені дүбірімен
таңдатқан,
Міне, осындай Қазақстан деген ел
!
5-оқушы:
1990 жылдың 24 сәуірінде Қазақстан
тарихында тұңғыш рет республиканың жоғарғы сотымен Президент
қызметі бекітіліп, оған бірауыздан Нұрсұлтан Назарбаевтың
кандидатурасы тағайындалды.
6-оқушы:
Ал 1991 жылы желтоқсанның
бірінде Республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы
Назарбаевты республикамыздың Президенті етіп
сайлады.
7-оқушы:
Бірде шырқап, бірде төмен
құлаған,
Өмір жолы болған қиын бұралаң.
Қазағымды жарқын жолға бастады
Елбасы боп сайланды да Нұр ағам.
8-оқушы:
1991ж. 16-желтоқсанда
Қазақстан Республикасы жоғарғы сессиясы елімізді
«Тәуелсіз
демократиялық және
құқықтық мемлекет» деп жариялады.
9-оқушы:
Егемендігім-
елдігім,
Баянды болсын
теңдігім!
Дәуірдің
күрестерінде,
Үзілмесін
белдігін
10-оқушы:
Желтоқсаннан бастау алған
теңдігі,
Қазағымның өркендеді елдігі.
Құрбан болған Тәуелсіздік жолында,
Ағалардың ұмытылмас ерлігі.
11-оқушы:
1992ж. 4-маусымда Қазақстан
Республикасының мемлекеттік
нышандары ту, елтаңба, әнұран
бекітілді.
Тәуелсіздік
жолында
Талай-талай тер
тамған
Билігім өз
қолымда;
Еркіндігім
– Елтаңбам
12-оқушы:
Елтаңбасы
елімнің
Неткен қымбат,
әдемі
Тұнығындай
көңілдің
Ортада аспан
әлемі
13-оқушы:
1993ж. 15-қарашада өз теңгеміз дүниге
келді.
Теңгем шықты өзімнің тұңғыш
рет,
Білдім дербес елімнің үлгісі
деп.
Бейнеленген хан,ақын,
ғалымдарым,
Беттерінен көз тартып тұрды
сурет.
14-оқушы:
1995ж. 30-тамызда Қазақстан
Республикасының жаңа
Конституциясы
қабылданды.
Ата заңым – барлық заңның
негізі,
Ата Заңым бабалардың
лебізі
Арқа сүйер Ата заңға
адамдар
Артық санау, кемсітудің жоқ
ізі
16-оқушы:
1997ж. 20-қазанда Президент жарлығымен
Ақмола ел астанасы
болып жарияланды. 1998ж. Қазақстанның
астанасы Алматыдан Астанаға
көшірілді.
17-оқушы:
Кең байтақ қой Қазақстан
картасы,
Астанамен айшықталған
ортасы.
Бүгін бізге таңдай қағар күллі
әлем,
Бұның
бәрі Елбасының
арқасы.
18-оқушы:
2010 жылы 26-қарашада Астана Саммиті
Бейбіт Әлемге жол ашқан болатын. Бәрімізге белгілі Еуропадағы
қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) – Саммиті өтті.
Саммиттің басты мәселесі Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық
ұйымының әскери-саяси өлшемінде өрбіді.
19-оқушы:
Осыдан 35 жыл бұрын қабылданған хельсинки
кеңесінің қорытындысы актісі бойынша Еуропадағы қауіпсіздік пен
ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) мүше мемлекеттер әр ұлттың дәстүрін,
мәдениетін, дінін, тілін сыйлауға, ұлттық
ерекшелігін құрметтеуге
және шекаралық тұрақтылықты, аумақтық қауіпсіздікті сақтауға
міндетті еді.
20-оқушы:
Тұлпардың беріп
тынысын
Кемел болсын ұлы ісің
!
Орнасын ұлы
даламда,
Ынтымақ пен
ырысың.
21-оқушы:
Осы
бағытпен «Жұмыспен
қамту-2020» бағдарламасының басты мақсаты – халықтың
табысын арттыру жөнінде Елбасы индустриялық форумдағы сөзіне
халықты жұмыспен қамту мәселесіне ерекше мән берген болатын.
Қарапайым адамдардың ертеңгі күнге деген сенімі қажет екенін
айтты.
22-оқушы:
Н.Ә.Назарбаев 2009 жылдың 6-наурызында
«Дағдарыс арқылы жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына
жолдауында әлеуметтік салаға айрықша мән берген болатын. Үкіметке
кемінде 350 мың жаңа жұмыс орындарын ашу және азаматтарды жұмыспен
қамтамасыз ету міндетіне жүктеген Елбасы ауылдың елді мекеніндегі
әлеуметтік сала қызметкерлерін қолдау мен ынталандыру қажеттігін
баса атап өтті.
23-оқушы:
Сонымен қатар
«Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша ауылдық жерге жұмыс істеуге
баратын мамандарға да жол ашқан болатын. Бұл
бастамасымен жастарға зор сенім арта отырып, бағдарлы бағыт
берді.
Елбасымыз саған мәңгі
разымыз,
Үлкен-кіші, ағайындар –
бәріміз.
«Ұлтым,елім» деп қайғырған ұлы
жан,
Сіз біздердің піріміз де,
әніміз.
24-оқушы:
«Ауылдың гүлденуі–елдің көркейуі» деп түсінген
Елбасы 2009 жылдан бері ауылдық жерлерге жас мамандарды тарту
мақсатында «Дипломмен ауылға» бағдарламасын ұсынған
болатын.
Ауыр күнді артымызға тастауы
–
Қиын сәтте қиындықтан
қашпауы.
Тілім, дінім, ұлтым қайта
көгерген,
Елбасымыз Нұрағаның
бастауы
25-оқушы:
Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
«Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: жалпыға ортақ
Еңбек қоғамына қарай 20 қадам» атты мақаласында
ХХІ ғасырдағы Қазақстан дамуының мақсаттарымен міндеттерін,
қағидаларын атап көрсеткен болатын.
26-оқушы:
Халқым айтқан жер
көтерер ел даңқын,
Елім айтқан ел көтерер жер
даңқын.
Президентім, елбасым, аман
болғай,
Мәңгі жаса, жас қазағым, өр
халқым!
Құрметті қонақтар, енді шағын
концертімізді қабыл алыңыздар !!!
Оқушылардың орындауында шағын концерт
қойылады. (ән мен күй, би)
Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы
әкетілсін !
Мұғалім:
Ынта қойып тыңдағандарыңыҚазақ
елінің жарқын болашағы, халықтарының бірлігі және бейбіт өмірі
президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың
қолында.
Сонымен, бүгінгі 1-желтоқсан Президент
күніне арналған тәрбие сағатымызды жабық деп
жариялаймыз.