400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ Тәулік. 2 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаңартылған білім мазмұнына сай кұрастырылған қысқа мерзімді сабақ жоспары бастауыш сынып мұғалімдеріне арналады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пән: математика

Мектеп: «Л.Н.Толстой атындағы №4 гимназия-мектебі» ММ

Күні : 28.11.2017

Орындаушының аты-жөні: Жакишева Светлана Викторовна

Сынып: 2 «Ә»

Қатысқандар саны: 31

Қатыспағандар саны: 2

Сабақ тақырыбы:

Тәулік.

Оқу мақсаты:

2.1.3.3 ұзындық: см, дм, м / масса: кг, ц / көлем (сыйымдылық): л / уақыт: мин, сағ, ай, жыл өлшем бірліктерінің мәндерін салыстыру, бірліктер мәндерімен қосу, азайту, көбейту, бөлу амалдарын орындау

2.1.3.4 ұзындық (см, дм, м), масса (кг, ц), уақыт (сағ, мин, ай, жыл) өлшем бірліктері арасындағы қатынас негізінде түрлендіру

2.1.3.5 уақытты циферблат арқылы сағат және минуттық дәлдікпен анықтау

2.1.1.3 24-ке дейінгі рим сандарын оқу, жазу және салыстыру.

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар:

Тәулік – уақыт бірлігі екенін, 24 сағаттан тұратынын біледі.


Оқушылардың басым бөлігі:

берілген сағаттар меңзері арқылы түнгі, күндізгі уақытын атай алады.


Кейбір оқушылар:

Сағат суретінде белгілі уақытты көрсете алады.

Бағалау критерийлері:

Вербальды бағалау жүйесін әр орындалған тапсырмадан кейін қолданып отырады.

Тілдік мақсаттар:

Уақыт бірлігінің мағынасы: жарым, ширегі

Құндылықты дарыту:

Уақытты үнемдеуге үйренеді, уақыт құндылықтарын дарыту.

Пәнаралық байланыстар:

өзін-өзі тану, дүниетану, жаратылыстану, орыс тілі

Ресурстар:

- АКТ қолдану дағдылары

- Оқулық

-Мазмұнды суреттер, қима қағаздар, сызбалар.


Бастапқы білім:

30 секунд


Сергіту сәті:

1 минут 30 секунд


Бұрыннан бар білімге қысқаша шолу:

1 минут

  • С әлеметсіздер құрметті ұстаздар мен оқушылар. Бүгін біздің сабағымыз күнделіктен ерекше. Себебі бізге қонақтар келді. Бұл күнді жақсы, қуанышты көңіл күймен өткізу үшін сіздерді бой сергітіп алуға тұрғызамын.





«Қызыл гүлім-ай» видеодағы әуен ырғағымен билейді.

- Балалар, кешегі сабағымызда біз не білдік? (оқушылар жауабы)


Сабақ барысы:

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекеттер















Сабақтың басы:

5 минут








Жұмбақтарды шешеді.

Алтын терек,

Он екі бұтақ,

Үш жүз алпыс бес жапырақ.

(жыл, айлар, тәуліктер)

  • Не алтын терек?

  • Неге ол алтын?

  • Он екі бұтақты неге теңейді?

  • Неде не 365 болады екен?


Жартысы

Жадыратып нұр себеді

Қалғаны

Қара мақпал бүркенеді.

тәулік

  • Неге уақытты алтынға теңейді?

  • Неге уақыт алтыннан да қымбат?

  • Сіздердің жауаптарыңызды бір сөзбен қалай айтуға болады? (оқушылар жауабы)

  • Күн тәртібіміз қандай?

Сабаққа келетін уақыт. ( 8:00).
Үйге қайтатын уақыт. (13:00).
Түскі ас ішетін уақыт. (13:30).
Демалатын уақыт. (15:00).
Далаға ойнау. (16:00).

Сабағымызды қайталау. (17:00).



- Балалар, бүгінгі біздің оқу мақсатымыз:

2.1.3.3 ұзындық: см, дм, м/масса: кг, ц/ көлем (сыйымдылық): л/ уақыт: мин, сағ, ай, жыл өлшем бірліктерінің мәндерін салыстыру, бірліктер мәндерімен қосу/азайту/көбейту/бөлу амалдарын орындау

2.1.3.4 ұзындық (см, дм, м)/ масса (кг, ц)/ уақыт (сағ, мин, ай, жыл) өлшем бірліктері арасындағы қатынас негізінде түрлендіру

2.1.3.5 уақытты циферблат арқылы сағат және минуттық дәлдікпен анықтау

2.1.1.3 24-ке дейінгі рим сандарын оқу, жазу және салыстыру.




  • Халықтың даналық сөздерімен танысайық.

  • Халықтық өлшемнің бір түрі – уақыт өлшемі. Уақыт – мәдениеттің маңызды категориясы. Бұнсыз рухани құндылықтарға назар аудару қиын. Адам баласына уақыт өте бағалы және қымбат дүние. Ата-бабаларымыз «Уақыт алтыннан да қымбат» - деп тегін ой түймеген. Уақыттан ұтылған өмірде де көп нәрседен ұтылады. Уақытты қадірлемеу, бағаламау өмірді бос өткізгенмен бірдей.

  • Ендеше бүгінгі сабақтың уақытын бос жібермейік. Алтын уақыттарымызды дұрыс пайдаланайық.


Сабақтың ортасы:

26 минут


2 минут





  1. Жеке орындау

2 минут




2. Жұпта орындау

5 минут





  1. Топта орындау

1 минут


Әр топ таныстыруына

20 секунд

( 2 минут)







































Сергіту сәті

2 минут


  • Сіздер ұйқыдан қашан тұрасыңдар? (таңертең)

  • Ал одан кейін не істейсің? (таңғы жаттығулар, тіз тазалаймыз, жуынамыз)

  • Ал түскі асты қашан ішесің? (күндіз)

  • Анаң жұмыстан қашан келеді? (кешке)

  • Төсек салып, қашан ұйқыға жатасыз? (Кешке)

  • Ұйықтайтын уақыт қашан? (Түнде)

  • Неге уақытты алтыннан артық деп санайды?

  • Орыс халқының тәулік атауларын назарға алайық.



  • Ал оны қазақ тілінде қалай атайды екенін, тапсырмалар орындай отырып танысамыз.


28.11. 28.ІХ.

28-қараша.

  • Тақтаға көңіл аударайық.

  • Бүгін бізде нешесі?

  • Оны қалай білдік?

  • Неге тақтада үш түрлі жазу?

  • Бір тәулік қандай бөліктерге бөлінеді?

Тәулігіне 24 сағат бар. Осы 24 сағаттағы мезгіл атаулары бар екенін білсек те, оны сөздік қорымызға түгел енгізбегенбіз. Кейбір атаулардан тіпті бейхабардармыз.

Назарларыңызға тәулік мезгілдерінің атауларын ұсынамын.

1 тәул. = 24 сағ.



  • Ендеше, қазір рим цифрларын қайталап шығайық.


І ІХ ІІІ ХІІ V II VII IV IX VI


  • Әр топқа тапсырма беріледі.




  • Жарым, ширегі дегенді білесіңдер ме?



Мағынасын жұпта ақылдасып өз ойларын айтады. 2-3 оқушы мағынасын түсіндіреді.


Топпен бүгінгі тақырыпқа сәйкес келетін тапсырмаларды орындайық.

І-топ.

  • Сағаттарда көрсетілген уақыттарды анықтайды.



ІІ-топ.

  • Уақыт бірліктерін өзара алмастырады.

90 мин.= 1сағ. 30 мин.
100 мин.=
1сағ. 40 мин
80 мин.=
1 сағ. 20 мин
70 мин.= 1сағ. 10 мин

ІІІ-топ.

  • Тәулік уақытын кешкі және таңғы бойынша жазып көрсетеді.

IV-топ.

  • Берілген уақытты сағат меңзерімен көрсетіп қояды.

V-топ.

  • Уақыт бірліктерін өзара алмастырады.


1сағ. 20 мин.= 80 мин.
1сағ. 30 мин. = 90 мин.
1сағ. 40 мин. = 100 мин.
1сағ. 10 мин.= 70 мин.

VI-топ.

  • Тәулік уақытын кешкі және таңғы бойынша жазып көрсетеді.

Тапсырманы аяқтаған балаларға қосымша сараланған тапсырма беріліп отырады.


  • 10 көлемінде қосу, азайту.

  • Дөңгелек сандармен қосу, азайту.

  • 10 көлемінен аса қосу, азайту.

  • Дөңгелек саннан азайту, дөңгелек санға қосу.

  • Екі таңбалы саннан разрядтардан аспай қосу, азайту.

  • Екі таңбалы саннан разрядтардан аспа қосу, азайту.

  • Көбейту, бөлу кестелерге берілген мысалдар.





4.Топта орындау

3 минут


Әр топ таныстыруына

1 минут (5 минут)














Сабақтың соңы

3 минут




- Балалар, бүгін біздің алға қойған мақсаттарымыз қандай еді?

2.1.3.3 ұзындық: см, дм, м/масса: кг, ц, көлем (сыйымдылық): л, уақыт: мин, сағ, ай, жыл өлшем бірліктерінің мәндерін салыстыру, бірліктер мәндерімен қосу, азайту, көбейту, бөлу амалдарын орындау

2.1.3.4 ұзындық (см, дм, м), масса (кг, ц), уақыт (сағ, мин, ай, жыл) өлшем бірліктері арасындағы қатынас негізінде түрлендіру

2.1.3.5 уақытты циферблат арқылы сағат және минуттық дәлдікпен анықтау

2.1.1.3 24-ке дейінгі рим сандарын оқу, жазу және салыстыру.

- Біз өз мақсатымызға жеттік пе?

- Мақсатымызға жету үшін қандай тапсырмалар орындадық? (оқушылар жауап береді)



Сабақ бойынша рефлекcия

1 минут







Түсінбеген оқушы болса, өз жауабын саралайды.

  • Балалар бүгінгі сабағымыздағы мақсатымызға жеттік. Барлықтарың өте жақсы қатыстыңдар. жарайсыңдар!

  • Кім бүгінгі сабақта мен тапсырмалардың бәрін дұрыс орындадым дейді сол «КҮНДІ», Кім бүгінгі сабақта тапсырмаларды достарымның көмегімен орындадым дейді сол «КҮН мен БҰЛТТЫ», кім бүгінгі сабақта тапсырмаларды орындай алмадым дейді сол «БҰЛТТЫ» суретін алып тақтаға орналастырады.

Рисунок 1 Рисунок 2


Рисунок 3








Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21.12.2017
920
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі