|
Мұғалімнің түсіндірмесі
-Балалар, картаға назар аударсақ, қызыл түспен боялған
қандай жерлер?
-Қызыл түспен боялған таулы
жерлер.
-Дұрыс, олай болса біз таулы жер өсімдіктері мен жануарлары
туралы мағлұмат аламыз. Әр оқушының алдында карта тұрады, олар
талған тауларды түсіріп отырады.
1. Алтай
тауы.-Солтүстік батыста
орналасқан. Алтай тауы түркі тілінен аударғанда «Алтай»
-алтын деген сөзді білдіреді. Ол Оңтүстік Алтай, Орталық Алтай, кенді
Алтай болып бөлінеді.
2.
Сауыр-Тарбағатай тауы.Бұл тауды Шоқан Уәлиханов пен досы
Потанин зерттеген.
3.Жоңғар
Алатауы- Оңтүстік шығыста Қытаймен шекарада
орналасқан тау жүйесі. Ең биік шыңы –Бесбақан шыңы. Пайдалы
қазбаларға өте бай. (жанғыш, тақтатас,қоңыр көмір, вольфрам т.б)
Мұнда «Достық» темір жолы салынған.
4.
Тянь-Шань. Азия материгіндегі ең ірі таудың
бірі. Қытай тілінен аударғанда «Тәңір шыңы»,
«аспан тауы» дегенді білдіреді.
Полиметалға бай. Емдік қасиеті бар
минералды бұлақтар кездеседі.
Бұл тау орыс географы П.П.Семенов
–Тянь-Шаньскийдің
атымен аталған.
Таулы жер
өсімдіктері: (Тақтада таулы
жер өсімдіктерінің суреті тұрады.) Көктерек, қайың, тал, терек,
қарағай, ұшқат, ырғай, күреңот, тобылғы, итмұрын, долана, қарақат,
жабайы алма, т.б. өседі.
Таулы жер
жануарлары: (тақтаға
ілінеді)
-Балалар, Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан-2030» стратегиялық
бағдарламасында Қазақстанды ненің символы ретінде
алды?
- «Қазақстан-2030» жылдары Орта Азия барысына айналады,яғни
біздің мемлекетіміз ең ірі ,алпауыт мемлекеттермен терезесі
теңеледі деген.
-Осындайғы барыс қандай аң және қандай аймақта өмір сүреді
деп ойлайсыңдар?
-Барыс өте епті, жылдам, жыртқыш аң. Ол биік тау құздарын
мекендейтін аң. Барыстың саны бүгінде күрт азайып кеткендіктен,
қазір қорғауға алынды. Барыстың шапшаңдығы мен ептілігі
туралы аңыз, әңгімелер өте көп.
Борсық-сусарлар тұқымдасына жататын жыртқыш сүтқоректі аң
туысы.Көбінесе шөпті және оның тамыры мен тұқымын,майда жәндіктерді
жеп қоректенеді.Көктемде құстарды,оларың балапандарын жейді.Оның
майын ауырғанда қолдануға болады.Қыста ұйқыға
кетеді.
Тиін-ағаш қуысында тіршілік етеді.Жаңғақ саңырауқұлақ
жейді.Сүйкімді,секіреді,жүреді еңбекқор,ешкімге зияны жоқ құйрығы
ұзын.Тиін-қонақжай емес,өз бетінше өмір
сүреді.
Арқар-өте ірі аң. Ол тау жайылымдарын мекендейді. Түнде
мұзды алқапқа дейін өрлеп түнейді де, ертеңгісін жайылымға қайта
түседі. Сондай-ақ таутеке, марал, ақбөкендер т.б мекендейді. (әр
жануарға жеке-жеке сипаттама беру).
Таулы жер
құстары.
- Таулы жер
құстары өте көп. Биік тасты құздарда ұлар тіршілік
етеді.
Ұлар-ірі,
түсі тас реңдес сұрғұлт құс. Ол 5-10-нан топтасып жүреді. Олар
Қыста тау қуысына топтасып қонақтайды. Олар бірін-бірі жылытып,
суықтан қорғайды.
Қозықұмай-ол
тік құздарды мекендейтін құс. Қозықұмай еліктің
лағы,суыр,арқардың қозықасы т.б. мен қоректенеді. Ол ірі тұяқты
жануарларға да шабуыл жасайды. Екпіндеп ұшып, оларды қанатымен
қағып,құздан құлатады. Бұлардан басқа тау ормандарында бүркіт, үкі,
жапалақ, құр, шіл, тоқылдақ т.б құстар тіршілік
етеді.
Шаруашылықтары. Бұғы шаруашылығы. Омарта шаруашылығы
дамыған.
1. Мәтінді тізбектей
оқыту.
2. Мәтін соңындағы
сұраққа жауап беру.-Сонымен, біз, балалар бүгін таулы жерде өсетін
өсімдіктер мен мекен ететін жануарлар туралы мағлұмат
алдық.
|