400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ Тауман Амандосов 1 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Өз сабағыммен бөліссем деген оймен
Материалдың қысқаша нұсқасы

Оқу ісінің меңгерушісі:



Күні: 20.12.2019

Сынып: 1 Д Пәні: Сауат ашу

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Мен және табиғат. И дыбысы мен әрпі.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.2.9.1 әріпті тану, ажырату және оны дыбыспен сәйкестендіру; 1.1.9.2 дыбыстардың мағына ажыратушылық қызметін түсіндіру; 1.3.8.1 жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтап, әріп элементтерін каллиграфиялық талаптарға сай жазу.

Сабақтың мақсаттары

Барлығы: И әрпін таниды, ажыратады және дыбыспен сәйкестендіреді.

Көбі:Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтайды, әріп элементтерін каллиграфиялық талаптарға сай жазады.

Кейбірі: Дыбыстардың мағына ажыратушылық қызметін түсінеді.

Жетістік критерийлері

Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.

Нақты сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсете алады.

Құндылықтарды дарыту

Құрмет, ынтымақтастық, ашықтық.

Пәнаралық байланыс

Дүниетану, жаратылыстану.

АКТ қолдану дағдылары

Интерактивті тақта, видеожазба , таныстырылым.

Тілдік құзыреттілік

Мен және табиғат. И дыбысы мен әрпі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

Ширату. Жұмбақ шешу: Суда мұз болады, Жерде қар болады, Боран борап соғады.

Бұл қай мезгіл болады ? Қыс - Қыста қандай құбылыстар болады? - Қыста болатын құбылыстарға бөлініңдер. 1- топ: Қар. 2- топ: Мұз. 3- топ: Аяз. 4- топ: Боран.


«Боран»,»Аяз», «Қар» және «Мұз» деген сөздері жазылған стикерлер арқылы оқушыларды топқа бөлемін.



Сабақтың ортасы

16 минут















Таныстырылым. Суреттер.

Ендеше, балалар бүгін И и дыбысын өтеміз.

И дыбысы қандай дыбыс?

И дыбысынан басталатын қандай сөздерді білеміз?

И дыбысы сөздің қай жерлерінде кездеседі?

Оқылым. Сөздерді оқы.

Дескриптор: - и дыбысы бар сөздерді оқиды; - и дыбысы сөздің басында, сөздің ортасында кездесетінін біледі.

Кері байланыс: Мұқият бол!

Мадақтау: «Бас бармақ» 


Тыңдалым. Видеожазба бойынша И дыбысы бар сөздерді табу. Дескриптор: - аудиожазбадағы сөздерді тыңдайды; - И дыбысы бар сөздерді табады, оларды айтады. Кері байланыс: Видеожазбаны мұқият тыңда! Мадақтау:«Бағдаршам»

-Ендеше балалар, И и дыбысының бас әрпі мен кіші әрпін қаламдарымызбен ауада жазайық.

Жазылым. Даптермен жұмыс. Дескриптор: - И и әрпін ауада жазады - И и дыбысының әріп таңбасын түсінеді, салады. Кері байланыс: Жазу жазғанда түзу отырып, ережелерді сақтап, әдемі жаз! Мадақтау:«Бас бармақ» 


Оқулық, дәптерлер.





Оқулықпен жұмыс 75бет.





Видеожазба










-Сергіту сәті

1 минут

Аппақ, аппақ жапалақтап, Қар жауады тыңбастан. Қалың орман қар жамылған, Маужырайды түнгі аспан.

Сергіту сәтіне арналған видеожазба





15 минут

Айтылым. Адасқан әріптер. Берілген әріптер бойынша сөз құрау. 1-топ:С И Е К Р 2-топ:Т И Н Ы 3-топ: И Р К Е 4-топ: Қ И Қ Ы

Дескриптор: - әріптерді өз орнына қояды, сөз құрастырады; - шыққан сөздерді оқиды. Кері байланыс: Ережені сақта! Мадақтау: «Үш шапалақ» 


Суреттер сөйлейді. Сурет бойынша фильмді әңгімелеу, ат қою. Дескриптор: - сурет бойынша фильмді түсініп әңгімелейді, фильмге ат қояды. Кері байланыс: Берілген суреттерге мұқият қарап, ойлан! Мадақтау: «Бас бармақ» 












Сабақтың соңы

3 минут


Рефлексия

Оқушылар «Шыршаны безендіру» әдісі бойынша сабаққа кері байланысты ауызша айтты. Кері байланыста оқушылар өз топтарының жұмысымен бірге басқа топтың да жұмыстарын бағалады және ұсыныстарын берді.

Бұл сабақта оқушылар шығармашылық жұмыста топтық жұмыстың пайдасын түсінді деп ойлаймын.


Шырша


Қызыл түс- Орташа Сары түс- Жақсы Жасыл түс- Өте жақсы

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?


Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?


Пәнаралық байланыс

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
АКТ
Құндылықтармен байланыс (тәрбие)

Қолдау көрсету.

Қабілеті жоғары оқушылар айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.


Оқушылар өздері қарама-қарсы қарап бір-біріне көңіл- күйлерін айтады. (қуанышты, көңілді, көңілсіз, ашулы)


Өнер, ана тілі сабағы

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
10 мамыр
542
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі