400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·20.10.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 29 материал табылды

Ашық сабақ. Таза болса табиғат, аман болар адамзат!

Материал туралы қысқаша түсінік
мектеп тәрбиешілеріне, бала- бақша тәрбиешілеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ашық тәрбие сағаты: Экологиялық тәрбие

Тақырыбы: Таза болса табиғат, аман болар адамзат

Мақсаты:

Білімділік – оқушылардың табиғат туралы түсінігін анықтау. Табиғаттың тазалығы адам қолында екендігі жайлы түсініктерін қалыптастыру, ойларын ортаға салуға үйрету.

Дамытушылық - ой-өрістерін, тілдік қорын дамыту, дыбыстарын қадағалау, ой-пікірін дәлелдеу, дағдыларын жетілдіру.

Тәрбиелік - табиғатты қорғауға, елін, жерін сүюге, мейірімділікке, ізгілікке тәрбиелеу. Оқушыларды топта өзара сөйлесуге , бірін-бірі тыңдауға, пікірлерін құрметтеуге, топта жұмыс істеуге тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар: интеративтік тақтаға дайындалған слайдтар, суреттер, тапсырмасы бар үлестірме қағаздар, топтардың аттары жазылған көрсеткіштер, фламастер, ақ қағаз, шағын видеофильм.

Тәрбие сағаттың әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, топтық жұмыс, рефлексия , кері байланыс, топтастыру, DEAL»-кестесі, постер қорғау .

Тәрбие сағаттың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

(Психологиялық жаттығу, өлеңді бір тыныспен оқу)

Сүйейік табиғатты аялайық,

Біз одан жақсылықты аямайық.

Анадай табиғаттың аясында,

Жадырап жас балаша дем алайық!

О, адамзат, табиғаттың тазалығын сақтайық,

Азаматтық борышымызды ақтайық.

II. Тақырыпты ашу.

-Табиғат деп айтқанда, сендерге қандай ой келеді?

-Су, бұлт, жәндік, тау, тас.т.б

- Дұрыс, ендеше бүгінгі тәрбие сағаттың тақырыбы не туралы деп ойлайсыңдар?

-Табиғат туралы.

-Ия, олай болса, тәрбие сағаттың тақырыбы: Таза болса табиғат, аман болар адамзат. /тақырыпты ашу/.

(Топқа бөлу, Сандықтың ішінде жасыл және көк тустер жасырын түрде беріледі. Әрбір оқушы таңдайды, көк түсті таңдаған көк шар ілінген орындыққа отырады, жасыл түсті таңдаған оқушы жасыл шар ілініп тұрған орындыққа отырады. Сонымен 2 топқа бөлінеді.)

ІІI. Негізгі кезең

1.Сонымен, біз 2 топқа бөліндік. Барлығымыз орындарымызға отырамыз.

Балалар, табиғатты қалай бөлеміз? Жанды және жансыз. Олай болса, 1-ші топ жанды табиғатты 2-ші топ жансыз табиғатты жазамыз.


Shape1 жәндіктер

бақа құстар

Shape4 Shape3 Shape2

Жанды табиғат




Shape6 Shape5 жануар балықтар


Shape8 Shape7

Shape9

гүл ағаш

шөп



Shape10 құм

тас топырақ

Shape13 Shape12 Shape11

Жансыз табиғат




Shape15 Shape14 бұлт тау


Shape17 Shape16

Shape18

күн ай

жұлдыз


2. «Әріптер сыры» ойыны

Мақсаты: Бұл мақал оқушылардың табиғатқа деген құрметін арттыру, ой-өрісін дамыту, тілдік қорын байыту.

Сөздік:

2.1.Әр оқушы берілген сандар арқылы,алфавит әріптердің нешінші тұрғаны арқылы жұмбақты шешеді.

Табиғатсыз адамдардың күні жоқ, мұны айтуға табиғаттың тілі жоқ.

25.1.3.12.6.1.25.24.37.11+1.7.1.17.7.1.23.7.37.19+14.28.18.38.+10.20.15, 17.27.18.+1.13.25.26.6.1.+25.1.3.12.6.1.25.25.37.19+25.38.16.38.+10.20.15;

Табиғат жер байлығы, батырлар ел байлығы.

25.1.3.12.6.1.25.+10.8.23+3.1.13.16.37.6.37,

3.1.25.37.23.16.1.23+8.16.+3.1.25.37.23.16.1.23.

2.2. Мақалдын мәнін ашу

1-ші мақал.

Табиғат күллі тіршілік атаулының құтты қоныс – мекені, алтын ұя бесігі, құт – берекесі. Адам үшін табиғат – ең қасиетті де қастерлі ұғым. Адам өмір сүруі үшін барлық керек минералдарды, заттарды табиғаттан алады. Сондықтан, табиғатты ластамай, аялай білейік.

2-ші мақал.

Табиғатты қазақ халқының бар өмір – тіршілігі табиғатпен етене байланыста. Табиғатқа аялы алақан, жылы жүрек сезімі, көздің қарашығындай қамқорлық керек екеніне ерекше мән берген.Сондықтан, табиғат таза болса , туған жерің, тіршілігің аман болады. Бізді қорғаған батырлар аман болса, халқымыз аман болады деген ұғымды осы мақал айқындаған.

3. Бейнежазба.

«DEAL»-кестесі бойынша талдау.

«DEAL» кестесін толтыру арқылы көрсетілген бейнежазбадағы оқиғаларды баяндау, түсіндіру, талдау, қорытынды жасау.

D-Deseribe-баяндау, суреттеу (оқығанды, көргенді сипаттау, сынау, өлшеу).

E-Explain- түсіндіру (құбылыс немесе оқиға бойынша не білетіндерін, түсінгендерін суреттеу).

A-Anallese-талдау (ақпаратты талдау, қорытынды жасау, себептерін атау).

L-Links-байланыс (болжамдар немесе қорытынды жасау, өзінде бар біліммен байланыстыру).

Қоқыстар шашылып жатыр. Жануарлар мен балықтардың, құстар өліп жатыр. Орман өртеніп жатыр.

Қоқыстарды тастауға болмайды. Қоқыстарды арнайы қоқыс жәшіктеріне тастау керек. Қоршаған ортаны ластауға болмайды.

Адамдар қоршаған ортаны ластамаса, табиғатты қорғаса айнала таза болар еді. Ормандарда өрт болмас еді. Жануарлар өлмес еді.

Біз қоқыстарды жан- жаққа тастамаймыз. Қоршаған ортаны таза ұстаймыз. Құстарға қамқор көрсетеміз.


4. Постер қорғау

1-топ:Табиғатты қорғау жолдары. Себептерін айту.

-Жасыл желек ағаштар отырғызу, себебі жасыл желек өсімдіктер улы газдарды сіңіріп, ауаны тазалайды.

-Гүл отырғызу керек, себебі гүлдер әрі экологияға пайдалы, әрі көрік береді.

-Қоқысты белгілі жерлерге тастау керек, себебі адамдар тазалық сақтау керек.

-Ауланы тазалап отыру керек, себебі табиғатты ластамасақ, экология таза болады.

2-топ: Табиғаттың бізге беретін пайдасы.

- Күн бізге жылулығын береді.

- Су адамға пайдасын береді.

- Құстар зиянды құрт-құмырсқаларды жейді.

- Ағаштар көлеңкесін, жемітерін береді.

- Аспан бейбітшілікті береді.

- Шөп пен тас емдік қасиетін береді.

4.«Дұрыс па, бұрыс па» ойыны.

-Қалаларға завод салған дұрыс па, әлде бұрыс па? Дәлелдеңдер.

1-топ: Бұрыс жолдарын жазады.

-Заводтар салынған дұрыс емес деп ойлаймыз. Заводтан шыққан түтін ауаны ластайды. Түтіні адам денсаулығына зиян. Табиғатқа да көп зиянын келтіреді. Қаланың іші тұман болып тұрады. Қаланың көркін бұзады.

2-топ: Дұрыс жолдарын жазады.

-Біз заводтар салынғанын дұрыс деп есептейміз. Біріншіден көп адамдар жұмысқа кірер еді. Заводтардан адамға қажет әр түрлі бұйымдар шығарылады. Қоқыстар қайта өндіріліп, пайдалы заттар жасалынады.

5. Ыстық орындық.

Ыстық орындықта отырған оқушыға өткен сабақ бойынша 2 топ кезекпен сұрақ қояды.

Мысалы:

  1. Табиғатты аялау деген не?

  2. Табиғатты қалай қорғаймыз?

  3. Экологяны таза ұстау үшін не істеуге болады?

Қорытынды

Адам —  табиғат пен жер-ананың перзенті.Табиғат-адамға қажет баға жетпес байлық.Табиғат пен жер-ананы қорғай білу,сүйе білу-әр адамның азаматтық борышы және парызы.

Кері байланыс.

Балалар, табиғатқа деген тілектерімізді білдірейік.(Тақтада ілінген ағашқа жапырақтар жабыстыру арқылы)

1.Гүлдей бер Жер-Ана!

2.Аспаның ашық болсын!

3.Аспаныңды бұлт торламасын!

4.Тоғайың аңмен құсқа толсын!

5.Суың мөлдір таза болсын!

6.Өзен, көлің, теңізің балықтарға толсын!

7.Орманың қызыл, жасыл гүлдерге толсын!

8.Табиғат сені сүйеміз, Басымызды иеміз!

Рефлексия

(бас бармақпен бағалау)

Мысалы:

  • Бүгінгі тәрбие сағаты өте қызықты өтті, жақсы меңгердік, көңілді өтті. Ойын түрінде сұраққа жауап бердік.Әсіресе «Әріптер сыры» ойыны өте қатты ұнады. Бүгінгі тәрбие сағатынан өзімізге деген керек ақпараттарды білдік. Сол үшін өзіміз 5 бармақпен бағаладық.









Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
15.08.2019
2461
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі