«Қараөзек» жалпы орта мектебі коммуналдық
мемлекеттік мекемесі
«Бекітемін»
Мектеп директоры: Қ.Абдуллаев
Ашық сабақ
Тақырыбы:
«Таза болса табиғат,аман болар
адамзат»
Сыныбы: 4
«А»
Пәні: өзін-өзі тану
Күні: 12.05.2017ж
Уақыты: 1120
Пән мұғалімі:
Султанова Айгуль
Қараөзек ауылы
Сабақтың тақырыбы:
«Таза болса табиғат,аман болар
адамзат»
Сабақтың мақсаты:
Оқушылардың «табиғат», «денсаулық» құндылықтары
және «табиғатқа қамқорлық» адами қасиеттері туралы түсініктерін
кеңейту.
Міндеттері: -табиғат пен адамның үйлесімділігі туралы
түсініктерін қалыптастыру; -денсаулығын күту іскерліктерін дамыту;
табиғатты,халқын сүюге,денсаулығын сақтауға
тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар:
оқулық, дәптер,жасыл
галстук,суреттер
-Балалар,біздің асыраушымыз да,панамыз да
табиғат-анамыз.Олай болса сабақты Табиғат-анаға тілек айтудан
бастайықшы.
Балалар кезекпен тілек айтып шығады:
-Табиғат-анамыз таза болсын. –Табиғат-анамыз көркем болсын.
–Табиғат-анамыз сұлу болсын. –Табиғатымыз ұзақ
жасасын.
-Ия,балалар,біздің табиғатсыз өмір сүруіміз
мүмкін емес.Өздерің елестетіп көріңдерші:табиғаттың
суы,ағашы,өзен-көлі,сұлулығы болмаған жерде не болар
еді.
Әңгімелесу: өткен сабаққа шолу жасау.
-Жасыл ел туралы естігендерің бар
ма?
-Жасыл ел тобын құрған адамдар немен
айналысады?
-Олар қандай мақсатпен жұмыс
атқарады?
-Ия,балалар,жас табиғат қамқоршылары жиналған топ
«Жасыл ел» деп аталады.Олар «таза болса табиғат,аман болар адамзат»
деген ұранмен,адамдардың таза ауамен тыныстап,жаны,тәні сау болып
салауатты өмір сүру үшін жұмыстар жүргізуде.Бүгін біз де «Жасыл ел»
тобы болып, жасыл түсті галстук тағып,табиғат тазалығына байланысты
жұмыстарды атқарамыз.Жасыл галстук - біздің табиғатқа деген
жауапкершілігімізді білдіреді.
Оқушылардың табиғат аясында жүргізген тазалық
жұмыстары көрсетіледі.
Міне балалар,сендердің көмектеріңнің арқасында
Табиғат-анамыз жасарып,көркейіп кетті.Енді табиғат та бізден таза
ауасы мен сұлулығын аямайтыны анық.Біз табиғатқа қамқорлық жасап
қана қойған жоқпыз,адамның денсаулығына да пайдалы іспен
шұғылдандық.
Қазір табиғаттың адам өміріне қажеттілігі туралы
шағын көріністі тамашалауға ұсынамын.
Қатысушылар: Күн,ауа,су,жер,оқушы. Белгіленген рөлдер бойынша
алдын ала дайындалған оқушылар тақтаға шығып көрініс
көрсетеді.
Мәтінмен жұмыс. Алтын балық
(ертегі) Н.А.Рыжова
-Адам орман мен суды неліктен іздеді деп
ойлайсыңдар?
-Сендер адамның орнында болсаңдар,қандай тілек
айтар едіңдер?
-Ертегідегі жағдайларға қазіргі қандай жағдайлар
ұқсайды?
-Ертегінің қалай аяқталғанын қалар
едіңдер?
Балалардың жауаптары тыңдалады.
-Адамдар кейде өз қолындағы байлығының қадірін
білмейді.Әдемілікке толы табиғатын,тап-таза суын,тұнық ауасын
қымбат дүниелерге айырбастаған адам табиғат тазалығын
ойламады.Табиғат тазалығы бұзылғаннан кейін адамдардың денсаулығы
да,көңіл күйлері де бұзылары анық.Сондықтан табиғатты таза ұстауға
ұмтылайық.
Дәйексөз:
«Мың шыбық шаншып,өсірсең,халқыңа орман
слағаның,өзіңе қорған салғаның».
-Балалар,табиғаттың көркеюі мен таза болуына
біздің қосар үлесіміздің бірі – өсімдіктер отырғызу,оны
күтіп-баптау,өсіру.Ағаштар мен гүлдер арқылы біз халыққа сая,таза
ауа сыйлаймыз.Халықтың денсаулығы мықты болса,елде
татулық,бірлік,тыныштық болады.
Табиғат аясындағы су
тоғандарын,өзендерді,көлдерді ластама!Табиғатты тамақ
қалдықтарымен,целлофан қалталармен,қағаздармен ластама.Демалыс
жорықтарға шыққан кезде айналаңды жинап жүр.
Дәптермен жұмыс:
1-тапсырма:
Оқушы дәптерінің беті екіге бөлініп
берілген,балалар бірінші жартысына ертегінің басындағы алтын балық
кездеспеген кездегі табиғаттың суретін салады,екінші жартысына
алтын балық тілегін орындағаннан кейінгі табиғаттың суретін
салады.
2-тапсырма:
-Дәптерде Шәймерден Әлдибекұлының «Аман болғай»
өлеңінен үзінді және ол бойынша сұрақтар берілген.Жауаптарыңды
дәптерге жазыңдар.
-Өлеңде денсаулықтың мәні қалай
түсіндіріледі?Алсендер қалай ойлайсыңдар?
-Неліктен «Басты байлық-денсаулық» деп
айтылады?
Қорытындылау:
Тазалықты сақтайық, Табиғатты баптайық. Бізге
деген пайдасын, жақсылықпен ақтайық.
Қаралды: Хаттама №
ӘБ
жетекшісі: Ж.Идрисова