400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Тазалық –денсаулық кепілі."

Материал туралы қысқаша түсінік
2 сыныпқа , дүниетану пәнінен жаңа технологияларды тиімді пайдалану
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар

Сабақ жоспары


Сабақ: Дүниетану


Күні:30.03.2018

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 1

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Тақырыбы:

Тазалық –денсаулық кепілі.

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

1.1.4.1.жеке бас гигиенасын сақтаудың маңыздылығын түсіндіру.

Сабақ мақсаттары

Жеке бас гигиенасы ережелерін үйрену және оның денсаулықты нығайтудағы маңызын түсіндіру.Үйде және мектепте жеке бас гигенасын сақтауды үйрету.Тазалықтың адам өмірінде маңызды екенін түсіндіру.

Бағалау критерийлері

1.Гигиена туралы біледі

2.Жеке бас гигиенасын сақтауды үйренеді

3.Тазалықтың маңызын түсінеді

Тілдік мақсат

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

Гигиена,тазалық.

*Біздер өткен сабақта нені білдік?

*Дене мүшелерін атай аласыз ба?

*Денің сау болуына не әсер етеді?

*Дене сымбаттылығын қалай сақтайсыз?


Құндылықтарды дарыту

Денсаулық,достық және айналадағыларға қамқорлық көрсету.

Пәнаралық байланыс

Математика.

АКТ қолдану дағдылары

Бейнекөрініс,интерактивті тақта.

Бастапқы білім

Дене жаттығуларының маңызы туралы түсінігі бар.


Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар


Сабақтың басы


2 мин.







2 мин.








5мин.

І Ұйымдастыру кезеңі:

  1. Психологиялық ахуал орнату

Үлкенге де сіз

Кішіге де сіз

Баршаңызды құрметтеп

Үлгі аламыз біз

  • Балалар, бір- біріміздің қолымыздан ұстап,алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш!

Сурет арқылы топқа бөлу

1-топ Денсаулық

2-топ Байлық

3-топ Еңбек

Топ ережесімен таныстыру.

Сабақты бағалау жолымен таныстыру. «Басбармақ» әдісі арқылы.


Ширату тапсырмасы: «Қапшық лақтыру» әдісі

1. Дене мүшелері қандай қызмет атқарады?

2. Дене мүшелерін ата?

3. Көз қандай қызмет атқарады?

Шаттық шеңбері















Фасоль қапшығы



Ортасы 20 мин.

3 мин.







5мин.

















2 мин.









5 мин.

















5мин.









4 мин.






3 мин.













1.Тапсырма

«Бейнекөрініс » көру арқылы тақырыпты ашады.

Дескриптор:

-Бейнекөріністі баяндайды.

-Өмірмен байланыстырады

Бағалау : “Бағдаршам әдісі”


Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы:

«Тазалық - денсаулық кепілі»


2.Суреттерді салыстыр: Жұптық жұмыс

-Балалар туралы не айта аласың?

-Не үшін тазалық сақтау қажет деп ойлайсың?

Денің сау, әрі әдемі болғың келе ме? Өзіңді күт, жеке бас гигиенасын сақта.

Жеке бас гигиенасы – бұл денені және киімді таза ұстау. Гигиена ережелерін сақтау денсаулықтың мықты болуына көмектеседі. Әр адам жеке бас тазалығына көңіл бөлу керек. Тазалық денсаулықты сақтауға көмектеседі. Өз денеңді, киіміңді және бөлмеңді таза ұста.


Дескриптор:

1.Суреттерді салыстырады.

2.Балалардың іс-әрекетін айтады

3.Сұрақтарға жауап береді.

Кері байланыс:Жарайсың топтар бір-бірін бағалайды.

(Басмармақ арқылы.)


Сергіту сәті: Қимыл –қозғалысқа берілген жаттығуды жасайды.

Бір-таңертең тұр

Екі-шынығып бекі

Үш-тазала тіс

Төрт-сабындап жу бет

Бес-сүртін тез

Алты-үйді жина

Жеті-киін енді


3-тапсырма.(Саралау тапсырмасы ) ТЖ. Әр топқа тапсырма беріледі.

І топ: - Суреттерге қарап, гигиена ережелерін құрастыр.

ІІ топ: - «Тазалық – денсаулық кепілі» эссе жазады.

ІІІ топ: - Ойын: «Тапқыр болсаң тауып көр». Жеке суреттерді қолданылуына байланысты орналастыру.

Дескриптор:

  • Суреттерге қарап гигиена ережесін құрастырады.

  • Өмірмен байланыстырып эссе жазады.

  • Суреттерді ретімен орналастырады.

Дәптермен жұмыс: 57-жұмыс парағы.Сен суретшісің

Дескриптор:

1. Тіс пастасы мен сабын қорабын табады.

2. Жаңа үлгісін ойлап суретін салады.

58 –жұмыс парағы . Тазалақ денсаулық кепілі

Дескриптор:

  1. Бос орынға қажетті сөздерді қойып оқиды.

  2. Көшіріп жазады.

  3. Жеке бас гигиенасына қажетті заттарды бояйды.


4- тапсырма. Жұптық жұмыс

Сен білесің бе?

Ертеде сабынды майлы жіліктерді қайнатып, оған алаботаның күлін қосу арқылы дайындаған.

Дескриптор:

  1. Мәтінді жұпта талқылайды.

  2. Өз ойларын айтады.

5-тапсырма. ТЖ: «Екі шындық, бір өтірік» сұрақ – жауап әдісі:

Әр топқа 3 сұрақ қойылады.

1.Тазалық – денсаулық кепілі. (шындық)

2.Гигиена – жеке бас тазалығы. (шындық)

3.Күнде жуыну міндетті емес. (өтірік)

4.Спортпен жаттығу керек емес.(өтірік)

5.Тісті күнде тазалау маңызды. (шындық)

6.Тарақ шашты тарау үшін қажет. (шындық)

7.Сабыннан кір қорқады. (шындық)

8.Тазалық денсаулықты сақтауға көмектеседі. (шындық)

9.Дене жаттығуларын жасау - денсаулыққа зиян. (өтірік)

Дескриптор

  • Шындық пен өтірікті ажыратады.

Кері байланыс:

Не үйрендік?

«Қолды қашан жуу қажет?»

«Тісті күніне неше рет жуады?»

«Адамдар не үшін шаш тарайды?»

«Күніне неше рет жуыну қажет?»


Бағалау:бас бармақ арқылы бағалау



Бейнекөрініс








Оқулықпен жұмыс




























Оқулықпен жұмыс























Дәптермен жұмыс






























Соңы

4 мин.


Рефлексия:

«ББҮ»кестесімен жұмыс.

  • Балалар , бүгінгі дүниетану сабағынан не үйрендіңдер?

  • Үйренген білімдеріңді кестеге түсіріңдер.


Білемін

Білгім келеді

Үйрендім









Қосымша мәліметтер

Саралау-оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз?

Қабілетті оқушыға тапсырманы

қалай түрлендіресіз?


Бағалау – оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз?


Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

3-тапсырма. ТЖ. Әр топқа тапсырма беріледі. Суреттерге қарап гигиена ережесін құрастырады.

Өмірмен байланыстырып эссе жазады.

Суреттерді ретімен орналастырады.

Шапалақ,басбармақ,арқа қағу,смайлик,жұлдызша,бағдаршам







Мектеп баспалдағымен жүгірмеу

Ашық тұрған терезеден төмен қарай қарамау






Рефлексия

Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма?

Бүгін оқушылар не үйренді?

Сабақ қалай өтті, қандай деңгейде өтті?

Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма ? (тапсырмалар сәйкес болды ма?)

Уақытты қалай пайдаландым?

Жоспарыма қандай өзгеріс енгіздім?


Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (оқыту мен оқуға қатысты)

1.

2

Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1

2.

Осы сабақтың барысында келесі сабағыма қажет болуы мүмкін барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы қандай ақпарат білдім?

1.

2.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
4 мамыр
769
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі