жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ, Техникалық қауіпсіздік ережесін сақтау, ПМТ-200 тобының студенттеріне
Автор: Рахимбаев Қайырғали Қыдырбекұлы
Алматы мемлекеттік көлік және коммуникациялар коледжінің шебері
Тақырып: Темір арамен жұмыс жасағанда
қауіпсіздік ережесін сақтай біл!
Жұмыс істер алдында мұқият жұмыс орнын тексер. Жұмыс орнында адамға кедергі келтіретін артық зат болмауы керек. Станок полотносы мықты бекітілген және тісі өткір болуы қажет. Дайындаманы кесетін бөлігін іскенжеге бекіт. Дірілдемес үшін жұмыс басында өзіңе 2-3 рет тартудан баста. Сосын бір қалыпты түзу қозғалыс жасауға тырыс, болмаса полотно ұшы сынып, көзді зақымдауы мүмкін. Металдардың қасиеттеріне байланысты минутына 30-дан 60-ретке дейін қозғалыс қажет. Темір қалдықтарын үрлеп немесе қолмен сипауға тыйым салынады. Ол көзіңді немесе қолыңды жарақаттайды. Оны щеткамен немесе сыпырғымен тазала. Жұмысты арнайы киіммен істе.
Қауіпсіздік ережесін металл кескенде
сақтай біл!
Металдарды кескір (зубила) арқылы кескенде іскенжеге қысып не металл плита үстінде бөлу қажет. Кескірдің ұратын бөлігі дұрыс, қайырылмаған және мықты болуы қажет.
Шебер назары кескірдің тісінде болу қажет. Қолды ұрып алмас үшін кесірге қорғағыш резеңке сақина кигізіп қойған жөн. Металды іскенжеге мықты бекіту керек. Балғаның басы мықты, сабында жарақаты жоқ және мықты ағаштан жасалған болсын.
Электр қауіпсіздігі
Жабдықтар мен металл өңдеу станоктарында жұмыс істегенде мынадай ережелерді есте сақтаған жөн:
1. Жабдықтарға келетін электр сымдарының сырты резеңке мен қапталған болу керек.
2. Егер ток өтетін сымдардың кей жерлері жалаңаш болса, тіздетіп электр мамандарына хабарлау керек.
3. Жабдықтардың жермен тұйықталуын мұқият тексеру керек.
4. Құрғақ бөлмелерде кернеудің шамасы 42 В-тан аспауы керек.
5. Электр қауіпсіздігі жөнінде мамандар басшылығының арнайы нұсқауымен танысып, тіркеу журналына әрбір жұмысшы қол көрсетілуі қажет.
6. Ток соққан адамға арнайы нұсқауларға сәйкес көмек көрсетулуі қажет.
7. Егер жұмысшы электр желісіне жабысып қалса, оны құтқару үшін, тіпті электр желісін шауып тастауға да болатынын білген жөн.
8. Резеңке қолғап пен резеңке етік кию ток соғудан сақтайтынын естен шығармаған жөн.
Ағаш өндейтің токарь станогімен
жұмыс кезіндегі қауіпсіздік ережелері:
Жұмыс кезіндегі қауіп түрлері:
Жаңқаның ұшуынан көз жарақаты;
Айналу бөліктеріне жанасудан қол жарақаты;
Дұрыс пайдаланбаудан қол жарақаты;
Дайындаманы станокқа дұрыс бекітпеуден немесе дайындаманың сапасыздығын дене жарақаты болуы мүмкін, сондықтан:
Жұмысқа дейін:
Жұмыс киімінді дұрыс киін.Жең, галстук, белбеу т.б. киіміңдеріңде ретте.
Станокті тексер (ременді берілістің қорғаныш бөліктері, заземление т.б.)
Жұмыс орныңда артық ешнәрсе тұрмасын.
Дайындаманы мұқият тексер (көз, жарық, т.б.)
Пышақ тіреуіштің биктігін дайындаманың центрлік сызығына дәл келтіріп, арақашықтығы 23 мм болсын.
Жүзін тексер.
Станокты бос айналдырып тексеріп көр.
Көзге көзәйнек ки.
Жұмыс кезінде:
Кесу жұмысын станок толық күшімен айналған соң баста.
Пышақты дайындамаға күш түсірмей, аздан тос.
Пышақ тіреуішпен дайындаманың арасын қалыпты жағдайға келтіріп отыр (2-3 мм)
Жарақат алмау үшін:
а) станоққа қатты жақындама;
ә) станок үстімен алыс-беріс жасама;
б) өлшеу жұмыстарын станок толық тоқтаған соң жүргіз;
Жұмыстан кейін:
Жұмыс орныңды ретке келтір.
Станокті мұғалімге тапсыр.
Өзіңді ретке келтір.
Ағашты қолмен өңдеу кезіндегі
қауіпсіздік ережелері
Жарақат алу себептері дұрыс емес саймандарды қолданудан немесе құрал-саймандарды дұрыс пайдалана алмаудан болуы мүмкін.
Сондықтан жұмысқа дейін:
Жұмыс киіміңді киін (фартук,халат).
Жұмысқа қажетті құрал-саймандарынды түгендеп, мұқият тексер (верстактың қысқыш қораптарын, тіреуішін және сыныларын т.б.).
Жұмыс орныңды, саймандарынды ережеге сай орналастыр.. Жұмыс орныңда артық ешнәрсе тұрмасын.
Жұмыс кезінде:
Дайындаманы верстакқа мықтап бекіт.
Әр амалды өзіне тиісті сайманмен атқар. Саймандарың қайралған әрі жарылмаған болсын.
Нұсқау карта бойынша әр амалдарды (қосу,жөну,тесу,біріктіру т.б.) өзіне тиісті құралды пайдаланып атқар.
Жұмыс орныңды әрдайым тазалап отыр.
Жұмыс кезінде әр нәрсеге алаңдама.
Құрал-сайманың бүлінсе міндетті түрде ауыстырып ал.
Жұмыстан кейін:
Жасап жатқан бұйымыңды, материалдарды кезекшіге немесе мұғалімге тапсыр.
Жұмыс орныңды ретке келтір. Қолмен сыпыруға, ауызбен үрлеуге болмайды. Верстактың қысқыш қораптардың арасын 25 мм етіп қой.
Өзіңді ретке келтір.
Шеберханадан мұғалімнің рұқсатымен шық.
Шеберханадағы
қауіпсіздік ережелерін сақтау.
Еңбек
қорғаудың негізгі міндеті — заң актілері
жүйелерін және оларға сәйкес әлеуметтік
- экономикалық, техникалық, тазалық
сақтау және ұйымдастыру шараларын
талдап, орындау болып табылады, мұның
бәрі еңбек процесі кезінде денсаулық
сақтау қауіпсіздігін және оқушының
еңбек қабілеттілігін қамтамасыз
етеді. Еңбек
қорғауға еңбек заңдылықтары, қауіпсіздік
техникасы және өндірістік санитария
жөніндегі мәселелер кіреді. Барлық
оқушылар жұмыс істеудің қауіпсіз
әдістерін үйреніп, игеруге және
қауіпсіздік техникасы ережелерін жақсы
білуге міндетті.
Белгілі
тапсырмамен жұмысқа кірісетін әрбір
оқушы қауіпсіздік техникасы, бойынша
алғашқы нұсқаулар алғаннан кейін ғана
іске кірісу керек.
Оқушылардың
алатын алғашқы нұсқауы кіріспе, жұмыс
орнындағы алғашқы, қайталама, жоспардан
тыс және күнделікті болып бөлінеді.
Жұмысқа кіріспес бұрын әрбір оқушы өз
ойын мұғалімге айтып, арнайы оқу
құралдарымен танысуы керек.
Шеберханадағы
алғашқы, қайталама, жоспардан тыс,
күнделікті нұсқауларды тікелей жұмыс
жетекшісі - мұғалім жүргізеді. Ол алғашқы
нұсқауды жаңа тапсырманың алдында
оқушыларға жұмыстың қауіпсіз әдістері
мен жолдарын көрсету арқылы жұмыс
орнында көрсетеді. Қайталама нұсқаудың
мақсаты - оқушылардың білім деңгейін
көтеру. Ал жоспардан тыс нұсқаулар
еңбекті қорғау ережелері мен технологиялық
процесте өзгеріс болғанда ғана
жүргізіледі.
Жұмыс
нұсқаулары кезінде оқушылар шеберханадағы
тәртіп ережелерімен танысады, жарақат
туғызатын негізгі себептердің,
жабдықтардың, құрал - саймандардың,
әсіресе электр жүйелерінің ақауларын
және т. б. жұмыс істеудің теріс әдістерін
естіп біледі. Жұмыс орнында нұсқауды
мұғалім жүргізеді, ол жұмыстың қауіпсіз
әдістерін, техникасын түсіндіреді,
электр қауіпсіздігі, жұмыс орнын ұстау
тәртібі, оқу механизмдерінің құрылысын,
жұмысқа қосу ережелерін, станоктарды
тоқтату, тексеру және майлау туралы
мағлұмат береді.
Ағаш
шеберханаларындағы жарақаттанудың
негізгі себептері:
•
жабдықтардың дұрыс орналастырылмауы;
•
қорғаныш қалқаңдарының мүлдем болмауы
немесе жетіспеушілігі;
•
іске қосқыш аппараттардың қанағатсыз
күйде болуы;
•
жұмыс істеудің қауіпсіз әдістерін
оқушылардың нашар білуі;
•
құрал - саймандар талаптарға сәйкес
келмеуі;
•
құрал - саймандардың жүзі өткір болмауы;
•
мұғалімнің қауіпсіздік ережелерін
дұрыс бақыламауы т. б
Сондай
- ақ шеберханалардағы жабдықтардың
орналасуы, оқушылардың ары - бері өтуі
есептелуі және олардың жүру жолдары
қысқа болуы тиіс. Станоктардың орнығуы
мықты, қозғалыссыз, жұмыс кезінде
ешқандай тербеліссіз болуы талап
етіледі. Оқушылардың бойына сәйкес, ал
аласа оқушыларға арнаулы, жылжымалы
баспалдақ жасалынуы міндетті. Жабдықтардың
өзі сенімді қалқалармен, шаңдарды,
қиқымдарды, ағаш ұнтақтарын сорып
алатындай желдеткіштер, сондай - ақ
кесілген материалдарды беріп тұратын
механизмдермен қамтамасыз етілуі керек.
Кескіш аспаптардың (ара, фрез, пышақ,
қайрақ қалпақшасы) жұмыс бөлігі өңделетін
материал мен аспап өткен кезде ашылатын,
сонан соң автоматты жабылатын қоршаумен
жабылуы қажет Мұның өзі өңделетін
материалдың биіктігі мен енінің көлеміне
сәйкес болады, қоршау мен сақтандырғыш
құрылғы қалдықтардан тазартуды
қиындатады. Бойлығына қарай кесуге
арналған дөңгелек жүзді станоктарда
жұмыс істеу қауіпті болады. Сондықтан
оқушыларға ондай станоктармен жұмыс
істеуге мүлдем тыйым салынады. Кесу,
арнайы шикізатты дайындау жұмыстарын
мұғалімнің өзі орындауға міндетті.
СТД
- 120М ағаш жону станогінде жұмыс істеген
кезде оған жонылатын шикізатты дұрыс
таңдап алу керек. Жонылатын ағаш жарықсыз,
сызатсыз, шіріксіз болуға тиіс, егер
бұл талаптар ойдағыдай орындалмаса,
жонылып жатқан бұйым сынып, жарақаттауы
мүмкін. Сондықтан мұғалімге тексертіп
алу - міндет. Жасайтын бұйым станокқа
орнықтыру ретімен мықты бекітілуге
тиіс. Оның артқы бекініс штогына міндетті
түрде май жағу керек. Жұмысты бастар
алдында мұғалімге тексертіп, бұйымның
мықтылығына және талаптарға сай екеніне
көз жеткізгеннен кейін мұғалімнің
рұқсатымен ғана станок іске қосылуға
тиіс. Жонуға арналған станок пышақтары
өткір әрі саптары талапқа сай болуы
керек. Егер талапқа сай келмесе, жонылып
болайын деген бұйымды істен шығарады
немесе жарақаттауы мүмкін. Бұйымды жону
кезінде станок ағаш бұйымы мен тіреуіштің
ара қашықтығы 3 - 5 мм болуға тиіс. Егер
ара қашықтығы одан көп болып кетсе,
нақтылы өлшеммен шығарып өндеу қиынға
түседі. Әсіресе сыртқы және ішкі
бөліктерін нақтылы өлшеммен тегістеу
кезінде өте қиынға соғады, тіпті үлкен
ара қашықтықты өлшеу арасына пышақ
тіреліп, жарақат¬тауы да мүмкін. Сондықтан
айналып тұрған ағаш бұйымы мен тіреуіштің
ара қашықтығын үнемі бақылап, қадағалау
керек.
Электр
қауіпсіздігі. Әрбір шеберханадағы
станоктардың ток өткізгіш сымы арнаулы
кабельге жалғанып, темір түтікшенің
ішімен жүргізілуге тиіс, әсіресе кабель
еден үстімен өтетін жерлерде аса үлкен
жауапкершілікті талап етеді, өйткені
ауыр құрал немесе зат кабельдің үстіне
түссе, ол қауіпті, тіпті күрек ұшы да
оны жарақаттауы мүмкін. Труба ішімен
жүргізілген кабельдің ұзындығы да еден
үстінде өте қысқа орынды қамтуға тиіс
және ол аяқ астында кедергі келтірмеу
керек, яғни оқушылар жүрмейтін жерді,
плинтус жағалауын т. б. қамтуға тиіс.
Егер есіктің табалдырығынан өтсе, онда
труба беті шалынбайтындай, қауіпсіз
қорғаныш ағашымен жабылуы керек. Арнаулы
кабельден ток күші келетін труба еден
үстімен станок жанынан жоғары көтеріліп,
станокқа жалғанатын биіктік деңгейінде
бітуге тиіс. Шеберханадағы барлық
станоктарға ортақ тоқ күшін қосуға және
ажыратуға арналған жалпы қалқан міндетті
түрде болады. Ол қалқан негізгі оқу
шеберханасынан тыс, арнаулы жерде
орналасуы міндет.
Мысалы,
мұғалімнің құрал - саймандар сақтайтын
бөлмесінде немесе арнаулы қауіпсіз,
оқушылар келмейтін орында болуға тиіс.
Қалқанды іске қосу жұмысы тек мұғалімге
ғана жүктеледі, басқа ешбір оқушы тіпті,
мектеп қызметкерлерінің қалқанды қосуға
құқығы жоқ. Оған тек мұғалім тікелей
жауап беруге тиіс. Жұмыс істеп тұрған
электр қондырғының ток өткізгіш бөлшектеріне
адамның жанасуынан тоқтан жарақаттану
қаупі туады. Күші 0, 5А болатын ток адам
өміріне өте қауіпті, ал күші екі есе
артық, яғни 1, 0 А ток адамды өлтіріп
жібереді. Сондықтан әрбір оқушы ток
қуатының қаншалықты күшті екендігін
білуге міндетті. Әрбір электр станогіндегі
ток күшінің аспабы жермен жалғануға
тиіс, бұл талап орындалмаса, оқушылардың
жұмыс істеуіне мүлдем тыйым салынуы
керек.
СТД
- 120М және басқа станокпен жұмыс істеген
кезде ток сымындағы шағылыс ұшқындарын,
станоктың айналу жылдамдығы бәсеңдегенін
немесе күйік иісін байқасаңдар, дереу
мұғалімге хабарлау керек. Ондай
жағдайларда станокты тоқтатып, өшіру
міндет.
Өрт
қауіпсіздігін сақтау. Оқу шеберханаларында
көптеген жұмыстар үлгі ретінде істеледі.
Мысалы, арнаулы плитада желім дайындау,
электр муфельді пешпен жұмыс істеу,
электр қайрағымен бұйымдардың шетін
өндеу немесе пышақ қайрау, фреза
станогімен жұмыс істеу т. б. жалпы
шеберханалар, әсіресе ағаш шеберханасы
аса жоғары өрт қауіпсіздігін сақтау
ережелерін талап етеді.
Оттың
шығу себептері:
•
ток күшіндегі жалғамдардың осал болуы;
•
станоктарды бақылау қосқыштары (контроль
включатель) контактілерінің әлсіздігі;
•
қайрақ станогінде ағаш ұнтақтарының
шоғырлануы;
•
ашық және арнаулы жабық плиталардың
талапқа сай қолданылмауы;
•
муфельді пешпен жұмыс кезіндегі
қауіпсіздік ережелердің қолданылмауы
және онда өңделген темірлердің арнаулы
орындары болмауы;
•
үтікпен, ағаш майыстыру пешімен жұмыс
істеу кезінде талаптардың орындалмауы;
•
оқушылардың білім дәрежесінің төмендігі
т. б.
Оқу
шеберханасында өрт қауіпсіздігіне
арналған арнаулы құралдар міндетті
түрде болуға тиіс.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген