400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Техникалық сурет"

Материал туралы қысқаша түсінік
Сызу пәні бойынша "Техникалық сурет" тақырыбына арналған ашық сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ашық сабақ

Сызу пәні 9-сынып

Сабақтың тақырыбы; Техникалық сурет

Сабақтың мақсаты:

а) Оқушыларды техникалық сурет салуға үйрету

ә) Логикалық ойлау қабылетін арттыру

б) Ұқыптылыққа,тазалыққа,еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі; практикалық-танымдық сабақ,жұмыс істеу

Сабақтың әдісі; сұрақ-жауап,әнгімелесу,топпен жұмыс.

Пән аралық байланыс; математика,бейнелеу өнері

Сабақтың көрнекілігі; дидактикалық ойындар , сызба плакат ,кмодель,геометриялық денелер

Қажетті құрал-жабдықтар; кітап,дәптер,қарындаш т,б

Сабақтың барысы;

  1. Ұйымдастыру

  1. Оқушылармен сәлемдесу,түгендеу.

  2. Жұмыс орындарының әзірлігін тексеру.

3. Сабақтың тақырыбын жариялау.

2. Үй тапсырмасын тексеру

1,Эллипстің үлкен және кіші осьтері тік бұрышты изометриялық проекцияда қалай орналасады.?

2.Эллипстің үлкен және кіші осьтерінің өлшемдері изометрияда неге тең?

3.Х және Z осьтеріне перпендикуляр жазықтықта орналасқан шеңберлер фронталь диметриялық проекцияларда қандай фигурамен кескінделеді ?

4.Жазықтығы У осіне перпендикуляр шеңбердің бейнесі фронталь диметриялық проекцияда бұрмалана ма ?

5,Овал қандай элементтерден тұрады ?

3,Жаңа сабаң

Көрнекі кескінді орындау барысында жұмысты жеңілдету үшін көбнесе техникалық сурет пайдаланылады.





Техникалық сурет – бұл аксонометрия ережелері бойынша проекцияларды көз мөлшері арқылы сақтап,қолдан салынған көрініс .Оны техникалық идеялары иллюстрациялау үшін пайдаланады.Ойдағыны сөбен немесе мәтінмен жеткізу қиын болған жағдайда, суреттің көмегімен түсіндіруге болады.

Техникалық суретті салу аксонометриялық өстерді таңдаудан және оларды тұрғызудан басталады. Техникалық суретке машықтану үшін қолмен сызық жүргізу, кесінділерді және бұрыштарды аспапсыз тең бөліктерге бөледі үйренуге бірқатар жаттығу жасау қажет.

Горизонталь сызықтарды солдан оңға қарай, вертикаль сызықтарды жоғарыдан төмен қарай жүргізу т.б.

Аксонометриялық осьтерді тұрғызу әдістері.(изометриялық және диметриялық осьтер.)



Техникалық суретте үш түрлі аксонометриялық проекциялар қолданылады: тік бұрышты изометрия, тік бұрышты диометрия және фронталь қиғаш бұрыш диометрия проекциялары.

Модельдің (тетікбөлшек) техникалық суреті түпнұсқадан немесе кешенді сызбадан, немесе заттың кескіні ойша елестетіп орындалады.

Қандай да болмасын тетікбөлшектің техникалық суретін орындау барысы бірнеше кезеңдерден тұрады;

-бөлшектің тұпнұсқасы немесе кешенді сызбасы бойынша зерделейді;

-оның пайдалану мақсаты мен қажетті пішінін анықтайды;





-тетікбөлшек пішінін көрнекі кескіндеуге мүмкіндік беретін аксонометриялық проекцияның түрін таңдайды;

-жалпы габариттік өлшемдерін анықтайды жәнег абариттік тік бұрышты параллелепипед тұрғызады ;

-параллелепипедті қарапайым геометрия денелерге бөледі және оларды суреттеп кескіндейді;

-кескіннің контурын басып көрсетіп, артық сызықтарды өшіреді;

Тетікбөлшектің техникалық суретін салу кезеңдері.



Оқушыларды үш топқа бөліп дидактикалық ойындар ойнату (3 мин)



Заттың техникалық суреті көрнекі болу үшін, оны сызықтаймыз. Сызықтаған кезде жарық сәулелері затқа оң және үстіңгі жағынан немесе сая және үстіңгі жағынан түседі деп есептеледі.

IV Сабақты бекіту

  1. Техникалық сурет аксонометриялық проекциядан немен өзгешеленеді?

  2. Техникалық суретте заттың көлемін қалай айқындауға болады?

V Үйге тапсырма:

VI Бағалау



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
28 желтоқсан
2239
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі