400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ Техникалық тұрмыстық құралдар, сауда орталығы 6 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Тұрмыстық техника, оның қолданылуы туралы білімдерін жетілдіру. Олардың атқаратын қызметімен таныстыру. Ойын арқылы оқушылардың қызығушылығын арттыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Авторы: Токоякова Жаркынай Боранбаевна


Түркістан облысы, Жетісай қаласы «Жетісай қосалқы мектеп-интернат» КММ-нің дефектолог мұғалімі


Әлеуметтік тұрмыстық бағдарлау. (ӘТБ)


Сабақтың тақырыбы: Техникалық тұрмыстық құралдар, сауда орталығы.

Мақсаты:

Тұрмыстық техника, оның қолданылуы туралы білімдерін жетілдіру. Олардың атқаратын қызметімен таныстыру. Ойын арқылы оқушылардың қызығушылығын арттыру.

Қауіпсіздік ережесі туралы алған білімдерін дамыту.

Қауіпсіздік ережелерін сақтауға дағдыландыру, тазалыққа, жинақылыққа баулу.


Көрнекі құралдар:тұрмыстық техника ойыншықтары, суреттер, дидактикалық ойындар, слайд.


Әдіс-тәсілдер: көрсету, түсіндіру, ойын технологиясы, зерттеу технологиясы, сұрақ-жауап, қорытындылау, мадақтау, ғажайып сәт.


Полингвальды компонент: тоңазытқыш – холодильник-refrigerator, шаңсорғыш – пылесос-vacuum cleaner, үтік-утюг-Lron, шаш кептіргіш-фен-hair dryer, электр плитасы- электрический плита-electric flag, кір жуатын машина- стиральная машина -washing machine.


Сабақтың барысы. 1. Ұйымдастыру кезеңі.

Шаттық шеңбер:

Күннің көзі ашылсын!

Көкке шуақ шашылсын!

Құтты қонақ келіпті.

Төрімізге еніпті.

Амандасау үлкенге,

Тәрбиенің басы ғой.

Ал, қанекей бәріміз

Сәлем дейік үлкенге,

Қуанамыз бізде,

Қуанасыз сізде

Күліп шыққан күнге.


-Жыл мезгілі нешеге бөлінеді?

-Қазір жылдың қай мезгілі?

-Қыс мезгілінде неше ай бар?

-Қазір қыстың қай айы?

-Қыс мезгілінің ерекшеліктерін атаңыздар?


Балалар шаттық шеңберге тұрып өлең шумақтарын айтады.

-Балалар сұрақтарға жауап береді.


2. Жаңа сабақ. Техникалық тұрмыстық құралдар, сауда орталығы.

Оқушылар менің қолымдағы не?

Ол жұмыс істеп тұрма?

Жұмыс жасау үшін біз не істеуіміз керек?

(біз артына батерейка салуымыз керек)

-Дұрыс айтасыңдар!

Бұл батарейкада оң заряд және теріс заряд деп аталатын электр заряды болады. Әр аттас зарядтар бір-бірін тартады.

- Шаңсорғыш, үтік, теледидар, шаш кептіргіш, ноутбук. Бұның бәрін бір сөзбен электротехникалық тұрмыстық заттар деп атаймыз. Себебі бұл құрылғылар тоқ күші арылы іске қосылады.

Үтік (утюг). Бұл үтіктің де бірнеше түрі бар.Біз оны киімдерді, перделерді т.б үтіктеу үшін қолданамыз .Ол қызғанда өте ыстық болады, одан бу шығады.Біз киім үтіктеу үшін үтіктеу тақтасын қолданамыз.

Теледидар (телевизор). Көптеген түрлері бар.Біз келедидар арқылы жаңалықтар, кинолар, мультиктер, концерттер тамашалаймыз.

Шаңсорғыш (пылесос). Бұл үйдегі шаңды сорып алатын құрылғы.

Кір жуатын машина(стиральная машина). Бұл біздің лас болған киімдерімізді жуады.

Тоңазытқыш (холодильник). Бұл азық -түлікті сақтайтын құрылғы.Тоңазытқыштың түстері де, көлемдері де әртүрлі болып келеді.Тоңазытқыш іші бірнеше бөліктерге бөлінеді.

Электр плитасы (электрический плита). Бұл құрылғының көмегімен тамақ пісіреміз.Плита бірнеше бөлікке бөлінеді.Шай қайнатамыз, нан пісіреміз.Аналарымыз тәтті тоқаштар пісіреді.

Балалар осы аталған бұйымдардың бізге пайдасы өте көп.

Полингвальды компонент:

тоңазытқыш – холодильник- refrigerator, шаңсорғыш – пылесос-vacuum cleaner,

үтік-утюг-Lron,

шаш кептіргіш-фен-hair dryer,

электр плитасы- электрический плита-

electric flag,

кір жуатын машина- стиральная машина- washing machine.

Қауіпсіздік ережелерін түсіндіреді.

-Сулы қолмен токты қосуға немесе ажыратуға болмайды;

-Балаларға үлкендерсіз электр токтарын ұстауға болмайды;

-Ерексектерсіз тұрмыстық техникаларды қолдануға болмайды.

-Пеш қызып тұрғанда балалар қасына жақындауға болмайды.

-Кір жуатын машинаға қолды салуға болмайды.


3. Сергіту сәті

Токтар сымның бойымен

Жүгіреді тоқтаусыз.

(денемізге саусақтарды жүгіртеміз)

Топқа жарық сыйлайды,

Барлығына ұнайды.

(қимыл-қозғалыс көрсету)


4. Сабақты пысықтау.

Электр энергиясын қалай жүзеге асатынын тоқ күшінің бар жоғын анықтау үшін зерттеу жұмыстарын жасайық. Сіздер 4 топқа бөлініп отырсыздар, сол топтар бойынша өздеріңізге берілген зерттеу жұмыстарын орындайсыздар.

Бірінші топ: үтікті тоқ көзіне қосып орамалды үтіктеуіміз керек.

Екінші топ: Қуыршақтың шашын шаш кептіргішпен кептіруіміз керек.

Үшінші топ: Шарды шашқа үйкелеу арқылы электрмагнит өрісін анықтап шығаруымыз керек.

Төртінші топ: щетканы пакетке үйкелеу арқылы электр өрісін пайда болғанын бақылау.


5. Сабақты бекіту.

 Дидактикалық ойын:

«Электротехникалық тұрмыстық заттарды ажырат»

Ойынның шарты: Көптеген ыдыс аяқтардың суреттері көрсетіледі. Оқушылар солардың ішінен эл.техникалық .заттарды табу керек.

-Сағат

-Жоқ

-Ол үшін біз артына батерейка салуымыз керек

Қауіпсіздік ережелерін мұқият тыңдап, ұғынады.

-Оқушылар мұқият тыңдайды

-Оқушылар есте сақтайды.

Ал, енді, балалар, бүгінгі оқу - қызметіміз ұнады ма?

Біз қандай заттармен таныстық?

Қандай қауіпсіздік ережелермен таныстық?

Электро бұйымдардың қандай пайдасы бар?

Бүгінгі оқу-қызметімізде естеріңізде не қалды және қандай әсерде болдыңыз?


6. Сабақты қорытындылау

7. Бағалау.





















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
25 қараша
1018
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі