жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ: Текше 3 сынып
Пән: Математика Күні: 31.01.2019 Сынып: 3-сынып |
Мектеп: Құрманғазы ауданы, Абай атындағы жалпы орта мектебі Мұғалімнің аты-жөні: Есжанова Эльвира Набиболлаевна Қатысқандар саны: 24 Қатыспағандар саны: 0 |
||
Сабақ тақырыбы |
Текше (куб) |
||
Оқу мақсаттары
|
3.3.2.3 кеңістіктік геометриялық фигуралардың (тікбұрышты параллепипед, куб) жазбасын дайындау және олардың моделін құрастыру |
||
Сабақ мақсаттары |
Барлық оқушылар: есептерді шығару әдісін түсіндіреді. Көптеген оқушылар: кеңістіктегі геометриялық куб-фигуралардың жазбасын және олардың моделін құрастыруды өз бетімен дайындай алады. Кейбір оқушылар: оқулықта берілген тапсырмаларды өз бетінше орындайды. |
||
Бағалау критерийлері |
|
||
Тілдік мақсаттар |
Пәндік лексика және терминология
Талқылауға арналған сұрақтар:
Неліктен екенін айта аласыз ба…?
Қалай екенін айта аласыз ба…? Тегіс фигураны көлемінен ажыратуға болады ма? Кубты жаю арқылы қандай пішін алуға болады? |
||
Құндылықтарды дарыту |
Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу. |
||
Пәнаралық байланыстар |
Музыка – психологиялық дайындық, ағылшын тілі – тілдік дағдыны қалыптастыруда. |
||
АКТ қолдану дағдылары |
Интернет-ресурстар, дерекқордан және интернеттен сабаққа қатысты ақпаратты іздеу; |
||
Ресурстар |
Топқа бөлуге арналған парақшалар, интерактивті тақта, жұмыс дәптері, қалам мен түрлі түсті қарындаш, стикер, видеоматериалдар., постер, кері байланыс парағы т.б |
||
Алдыңғы білім |
Геометриялық пішіндер, кеңістік фигуралар туралы білімдері бар. |
||
Сабақтың барысы |
|||
Жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар |
|
Сабақтың басы |
«Көңіл күй» психологиялық ахуал https://www.youtube.com/watch?v=ui8J9vlQ4wA Жаңа топ құру Геометриялық фигуралар. 3 фигураның суреттері жасырын қойылады, Әр оқушы бір-бірден жасырын қағазды алады. Сурет бойынша топқа бөлінеді. 1 топ – Үшбұрыш 2 топ – Шаршы 3 топ – Тік төртбұрыш Жұмыс ережесін келісу
Ширату жаттығуы Не артық? Ойыны Жаңа тақырыбымыз қандай? ТЕКШЕ Оқу мақсатын таныстыру Текшенің жазбасын дайындау және олардың моделін жинауды үйренесің. Белсендіру. Қандай көлемді фигураларды білетіндерін есітеріне түсірулерін сұрайды. - Бұл кеңістіктегі фигуралар: куб, шар, цилиндр, конус, пирамида. Егер осы фигураларды (куб, шар, цилиндр, конус, пирамида) қағаз бетіне сызатын болсақ, нені көруге болады?
|
Bilimland Kids Оқушыларды топтарға бөлуге арналған суреттер.
|
|
Сабақтың ортасы |
Қызықты ақпарат. Текше туралы түсінік беру. Бейнетаспа. https://bilimland.kz/kk/subject/matematika/3-synyp/syjymdylyq-kolem Үштілділік. Текше – куб – cube Ұзындығы – длина – length Ені – ширина – width Биіктігі – высота – height Жаңаны ашу. Жаңаны ашу үшін балалар практикалық жұмысты орындаулары тиіс. Практикалық жұмыс. Текше туралы білімдерді пайдалана отырып, түтікшелер мен ермексаздан кубтың моделін жасайды. Текшенің моделін жасаудың алгоритмін құрастырады. Текшенің моделін жасау үшін оның қабырғалары мен қырлары қанша екенін білу керек. – Барлық қабырғалары тең және шаршының қабырғалары болып табылатынын білулері қажет. Дескриптор – Текшенің моделін жасау үшін оның қабырғалары мен қырларының санын біледі; – Барлық қабырғалары тең және шаршының қабырғалары болып табылатынын біледі; Түсіндіре отырып, алғашқы бекіту. Топтар өз модельдерін қорғайды. Жазбаны, яғни одан не шыққанын көрсетеді. Олар неге осы нұсқаны таңдағанын дәлелдейді. Жұптық жұмыс
Текше жазбасының сызбасымен танысу.
Жазбаны жинау. Дескриптор – Жазбаның қырының неше см тең екенін анықтайды; – Жазбаның неше жағы барын анықтайды; – Жазбаның биіктігін неше см тең екенін анықтайды; – Жазбаны жинайды;
Сергіту сәті. 3.02. Көлемі бар фигуралар – Жаттығулар https://bilimland.kz/kk/courses/bastapqy-matematika/4-synyp/3-geometriya/lesson/3-02-2-kolemi-bar-figuralar-zhattyhular Топтық жұмыс. Постер қорғау №3 тапсырма. Есепті шығар. а) Дизайнер 6 дана көк, 4 дана қызыл түсті қағаз қораптар жасады. Бір қорапқа 36 см2 қағаз жұмсалған болса, онда барлық қорапқа қанша қағаз қажет? б) Есептегі деректерді өзгерт. Қосындысы 10 саны шығатындай қораптардың санын кез келген екі санға ауыстыр. Алынған есепті шығар. в) Кері есеп құрастыр. Дизайнер 6 дана көк, 4 дана қызыл түсті қағаз қораптар жасады. Бір қорапқа 36 см2 қағаз жұмсалған болса, онда барлық қорапқа қанша қағаз қажет? Дескриптор – есептің шартын құрастырады; – санды өрнекті құрастырады; – өрнектің мәнін табады; -жауабын жазады; |
Bilimland
Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.
Белсенді оқу тапсырмалары.
Жұптық жұмысты орындайды.
Bilimland
|
|
Сабақтың соңы |
Жаңа білім мен тәжірибені қолдану Жаңаны қолдану. Дәптермен жұмыс. Өзіндік жұмыс Текшеге айналдыр. Оның жазбасын тауып, құрастыр. Пішін бойынша қағаздан осындай жасап шық. Текшенің қырын анықтап көлемі нешеге тең екенін анықта.
. Мен:
-жазбадан текшенің моделін құрастыруды білемін. - текшенің көлемін табамын;
Қорытындылау. Талқылауға арналған сұрақтар:
Неліктен екенін айта аласыз ба…? Қалай екенін айта аласыз ба…? Тегіс фигураны көлемінен ажыратуға болады ма? Кубты жаю арқылы қандай пішін алуға болады? Кері байланыс. «Кубизм» әдісі
Бағалау. «Тәтті алмалар»
|
Оқушылар дың өзін өзі бағалауға негізделген, бұл тәсілдің мақсаты өзін әділ бағалауға үйрету. |
|
«Текше» сабағынан көрініс

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген