400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 29 материал табылды

Ашық сабақ Телефонмен сөйлесу әдебі. Қазақ тілі 5-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне жаңартылған білім беру бойынша сабақ жоспарын құруда үлгі ретінде пайдалануға болады
Материалдың қысқаша нұсқасы



Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:

Мәдениет:тіл және қарым-қатынас

Мектеп: Пугачев мектеп-балабақша кешені

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Байкадамова Сауле Жангельдиевна


Сынып: 5


Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Телефонмен сөйлесу әдебі

Осы сабақ арқылы

жүзегеасатыноқу

мақсаттары

5.Ж1. Берілген мәтінге сәйкес кіріспе, негізгі және қорытынды бөлімдерді қамтитын қарапайым жоспар құру

5.О6. Оқылым стратегияларын қолдану: жалпы мазмұнын түсіну үшін оқу, нақты ақпаратты табу үшін оқу


Сабақтыңмақсаттары

Барлық оқушылар орындайалады:

  • Мәтіннің жалпы мазмұнын түсінеді, нақты ақпаратты табады;

  • Мәтінге сәйкес қарапайым жоспар құрады;

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

  • мәтіннің жалпы мазмұнын түсінеді,нақты және қосымша ақпаратты анықтайды;

  • Мәтін бойынша кіріспе, негізгі және қорытынды бөлімдерді қамтитын жоспар құра алады;

Кейбір оқушылар орындай алады:

  • Мәтіннің жалпы мазмұнын түсінеді, өзіндік көзқарасын қатыстырып, ойын тұжырымдай алады;

  • Нақты және қосымша ақпаратты тауып, қолдана алады;

  • Кіріспе, негізгі және қорытынды бөлімдерді қамтитын жоспар құра алады;

Бағалау критерийлері

  • Оқылым стратегияларын қолдана алады;

  • Мәтін мазмұнын түсініп оқиды.

  • Мәтін мазмұны негізінде нақты ақпаратты анықтай алады.

  • Мәтінге сәйкес кіріспе, негізгі және қорытынды бөлімдерді қамтитын қарапайым жоспар құра алады.

Тілдік мақсат

Оқушылар орындай алады: Мәтіннің жалпы мазмұнын түсінеді, нақты ақпаратты анықтайды, жоспар құра алады, ойын жүйелеп айта алады, қосымша ақпараттарды тауып, ойды толықтырады.

Пəнге қатысты сөздік қор мен терминдер:сөйлеу мәдениеті,қолдану тәртібі,телефон маркаларының атауы

Талқылауға арналған сұрақтар:

Телефонмен сөйлесу мәдениеті туралы не білесің? Телефонмен сөйлесу мәдениетін білу маңызды ма?


Құндылықтарға баулу

Құрмет, ынтымақтастық,ашықтық, азаматтық жауапкершілік, өмір бойы білім алу; Тарихтың,мәдениет пен тілдің біртұтастығы;

Пəнаралықбайланыс

Тарих,әдебиет,өзін өзі тану

Тақырыпбойыншаалдыңғыбілім

Жоспар құра алады.

Сөйлеу әдебі,сөйлеу мәдениеті ұғымдарының мәнін түсінеді,біледі.

Сабақбарысы

Сабақтыңжоспарланған

кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин

Ширату: Т.Төреәлі мен Е.Есмаханның орындауындағы «Алло» әнін тыңдату. Жетекші сұрақтар қою арқылы тақырыпты ашу

Топқа бөлу: Телефон маркалары арқылы үш топқа бөлу

Оқу мақсаты және бағалау критерийлері хабарланады.

Т.Төреәлі мен Е.Есмаханныңорындауында-

ғы «Алло» әні


Телефон маркаларының суреттері


Сабақтың ортасы

30 мин









Оқылым алдындағы тапсырма

1-тапсырма Жұмыс түрі. ЖЖ.

Жұпта талқылаңыздар:

1.Телефонмен сөйлесу мәдениеті дегеніміз не?

2.Қоғамдық орындардағы сөйлесу мәдениеті сақтала ма?

3.Телефонмен сөйлесу мәдениетін білу маңызды ма?

Телефонмен сөйлесу мәдениетінің ережесін жасаңыздар.

ТЖ. Топтық талқылау. Әр топ өзінің ережесін тақтаға іледі.

Дескриптор:

-Берілген сұрақтарға сұраққа талқылау жүргізеді.

-Әр топ телефонмен сөйлесу мәдениетінің ережесінпарақшаға жазып,тақтаға іледі.

Әдіс: «Ойлан,жұптас,бөліс»

ҚБ: «Ауызша марапаттау»

Саралау жұмысы: Жетекші сұрақтар беру

2-тапсырма Жұмыс түрі: Т.Ж.

3 топқа «Телефонмен сөйлесу әдебі» тақырыбындағы мәтін беріледі. Топ мүшелері өз пікірін жеке жазып, ортада талқылап ортақ пікір қалыптастырады. Әр топ таратылған флипчарт қағазға тапсырмаға байланысты нақты ақпараттарды жазады. Қағазды бұру арқылы бір - бірінің жауабымен танысады. Жауаптарымен танысып ортақ пікірді қағаз ортасына жазып, ойларын қорғайды.

Shape1 Shape2 Shape3 Shape4 Shape5




Дескриптор:

- Мәтінді түсініп оқиды

- таратылған флипчарт қағазға тапсырмаға байланысты нақты ақпараттарды жазады.

- Ортақ пікірді қағаз ортасына жазып, ойларын қорғайды.


ҚБ «Бағдаршам

Әдіс«Пирамидалық талқылау» стратегиясы.

Саралау жұмысы:Мәтін мазмұны бойынша сұрақтар беру

3-тапсырма Жұмыс түрі:

Т.Ж.Мәтінді оқып, жоспар құру.


Дескриптор:

- Мәтінге көз жүгіртіп,оқиды.

- Мәтінді бөліктерге бөледі.

-Мазмұны бойынша жоспар құрады.

- Үздік жоспарды таңдау

Әдіс: «Сканнинг»

Өрмекші торы»

«Айналмалы бекет»

Саралау жұмысы:

Графикалық органайзер


ҚБ. «Бас бармақ»






Талқылауға арналған сұрақтар

Сабақтың соңы



10 мин

6-тапсырмаТ.Ж.

1.Пікір.Тыңдаған мәтін бойынша өзіндік пікіріңізді бір сөйлеммен жазыңыз.

2.Дәлел. Өз пікіріңізді бір сөйлеммен дәлелдеңіз.

3.Мысал.Пікіріңізді өмірмен байланыстырып, мысал келтіріңіз.

4. Қорытынды. Тақырып бойынша қорытынды шығарыңыз

Дескриптор:

- Топтар мәтін бойынша өзіндік пікірін бір сөйлеммен жазады.

- Өз пікірін бір сөйлеммен дәлелдейді

- Пікірін өмірмен байланыстырып, мысал келтіреді.

- Тақырып бойынша қорытынды шығарады.


ҚБ: Екі жұлдыз, бір тілек»

Әдіс: «Төрт сөйлем»

Саралау жұмысы:


Оқу мақсаты мен бағалау критерийлеріне кері ораламын.

Кері байланыс












































Телефонмен сөйлесу әдебі


Бүгінгі өмірді телефонсыз елестету қиын-ақ. Телефон тарихы ХІХ ғасырдан бастау алады. 1861 жылы неміс физигі және өнертапқышы Иоганн Филипп Рейс музыкалық дыбыстар мен адам дауысын желі арқылы тарата алатын құрылғы жасады.Қазір өзін телефонсыз елестете алмайтын адам көп. Ал сол жан серігіңізге айналған құрылғыны қолдану тәртібін білесіз бе? Телефонды қолға алып, цифрларды теріп, қоңырау шалуды тілі шықпаған бала да біледі. Ал ары қарай қолдануда қандай әдептер сақтау керек?

«Сөз атасы – сәлем!». Біреуге қоңырау шалғанда алдымен амандасыңыз, бейтаныс болса, өзіңізді таныстырыңыз. Содан кейін ғана хабарласқан шаруаңызды айтуға болады. Өзіңіз біреуге қоңырау шалып тұрып, «Бұл кім?» деп сұрамаңыз.

Сөйлесу кезінде байланыс үзіліп кетсе, бірінші хабарласқан адам қайта қоңырау шалады. Айналаңызда адамдар бар болса, олар сіздің телефонмен сөйлесуіңізге қарсы еместігін анықтап алған жөн Аса қажеттілік тумаса, әңгімелесушіңіздің сөзін бөлмеуді үйреніңіз. Кім қоңырау шалған болса, әңгімені сол аяқтайды. Одан бұрын «сау бол» айтып, байланысты үзіп тастамаңыз. Ыңғайсыздық туындамас үшін хабарласып тұрған адамыңыздың сізбен сөйлесуге уақыты мен мүмкіндігі бар ма, жоқ па – осыны сұрап алған абзал.

Телефонмен сөйлесу әдебі


Үй телефонына қоңырау шалғанда кешірім сұрауды ұмытпаңыз;Телефонмен қысқа әрі нақты айту керек;Үй телефонына хабарласу: таңғы сағ. 9,00-ден кешкі 22,00 аралығында ғана;Бейтаныс адамға телефон соққанда нөмірін кімнен алғанын айтудыұмытпаңыз;Аз танитын тұлғамен 3-5 минут көлемінде ғана сөйлескен жөн;Телефон шалған бойда амандасқаннан кейін өзіңіздің кім екеніңізді атаңыз;Телефон соғушыға керек адам болмай қалса, хабарласқан адамға “Бұл кім” деп сұрамай, “Кім телефон соқты деп айтайын” дегеніңіз дұрыс;“Білмеймін” деудің орнына “анықтайын” дегеніңіз жөн;Асықпай, нақты, әр сөзіңізді ойланып айтыңыз;Кедергі жасамағаныңызды анықтап алыңыз;Телефон арқылы бос әңгімеге жол бермеңіз. Ішкі дүниеңізді ақтарғыңыз келсе, көзбе-көз кездескен артық;Біреу қателесіп сізді терген жағдайда, бас салып айғайламай, “кешіріңіз, сіз нөмірмен қателестіңіз” – деп сыпайы жауап беруге де болады;

Advertisements



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
4 ұстаз жүктеп алған
14 қараша
1210
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі