400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ Темір жол өтпелерінен өту

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал жол жүру ережелерінен сабақ беретін оқытушыларға керек. Тигізер көмегі көп егер осы материалды алатын болса. Өз ойым осы сайь дами берсін.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасы

Түркістан индустриалды – педагогикалық колледжі



КЕЛІСІЛГЕН БЕКІТЕМІН

Оқу- әдістемелік бөлімінің Директордың оқу-ісі

меңгеруішсі жөніндегі орынбасары

__________Н.А.Мамырова _________ Ж.Ж. Қалиев

«__» _____ 2020 ж. «__» _____ 2020 ж.


Shape1

Онлайн сабақ







Пәні: Жол жүру ережелері мен қауіпіздігі

Тақырыбы: Темір жол өтпелерінен өту





Оқытушы: Талғат Н.З














Түркістан - 2020 жыл


Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

Студенттерге темір жол өтпелерінен дұрыс өту және ережеге, жол белгілеріне, реттеушінің сигналын үйреніп, жол ережесін сақтауды үйрету.

Сабақ мақсаты:

Барлық студенттер: Барлық студенттер жол белгілерін біледі, жол белгілерін оқи алады.

Студенттердің басым бөлігі: студенттердің басым бөлігі темір жол өтпелерінен қалай өту керектігін және қауіпсіздік шараларын қалай жасау керектігін біледі.

Кейбір студенттер: Жол белгілерін қалай, қандай ретпен қою керектігін біледі және қауіпсіздік шараларын дер кезінде қолдана біледі.

Бағалау критерийі

  1. Темір жол өтпелінен қалай өту керектгін біледі

  2. Темір жол өтпеліне жақындағанда белгілерді түсініп ережені сақтай алады

  3. Темір жол өтпелінде реттеушінің сигналын, бағдаршамның сигналын, шлагбаумның жұмысын, электронды барьердің жұмысын біледі.


Тілдік мақсаттар:

Электрондық барьер, шлагбаум, светофор, регулировщик, поезд, .

Құндылықтарға баулу:

Өзара түсіністік, өзара сыйластық, Мәңгілік ел идеясының 7 құндылығы «Ұлттық қауіпсіздік және еліміздің бүкіләлемдік, өңірлік мәселелерді шешуге жаһандық тұрғыдан қатысуы»

Пәнаралық байланыс:

Орыс тілі, ағылшын тілі

Орыс тілі, ағылшын тілі – өздерінің сөздік қорларын дамытады.Үш тілдік қолданылады.


Алдыңғы білім

Жол белгілерін біледі, қауіпсіздікті сақтай алады

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

  1. Сабақтың жоспарланған кезеңдері: 3- мин




  1. Ұйымдастыру кезеңі:

  • Сәлемдесу

  • Студенттерді түгелдеу

Топқа бөлу: Студенттер 2 топқа бөлінеді.




  1. Жаңа сабақ 35 мин


Жаңа сабақ. «Темір жол өтпелерінен өту»


  1. Кері байланыс: 20 мин

«Kahoot» бағдарламасымен телефон арқылы онлайн сұрақтарға жауап беру

  1. Сергіту сәті 5 мин

«Тауып көр» айдары

  1. «Үздік жүргізуші» ойыны

10 мин.

Мұнда студенттер жол қиылыстарына арналған сұрақтарға жауап береді.

  1. Бағалау: 5 мин

Сабақ барысындағы көңіл – күйлерін, алған әсерлерін, нені біліп, үйренгендерін жазады.Білемін, Үйрендім, Үйренгім келеді стратегиясы

  1. Үйге тапсырма

2 мин

Темір жол өткелінен өтуді үйде пысықтап оқу және тақырыпқа сәйкес тест сұрақтарын құрастыру.
























Жаңа сабақ: «Темір жол өтпелерінен өту»

Көлік құралдарының жүргізушілері темір жол жолдарын пойызға, локомативке, дрезинаға жол бере отырып темір жол өтпелері бойымен кесіп өтеді.

Көлік құралдарының жүргізушілеріне темір жолды, тек жабдықталған теміржол өтпелерінен ғана өтуіне рұқсат етіледі. Теміржолды басқа жерден кесіп өту жол көлік апаттарына немесе теміржолдың бүлінуіне соқтыруы мүмкін.

Темір жол өтпесіне кіру жолында жүргізуші жол белгілерінің, бағдаршамдардың, таңбалаудың талаптарын, шлагбаумның орналасуын және өтпе бойынша кезекшінің нұсқауын басшылыққа алады, және бұдан басқа, жақындап қалған пойыздың жоқ екендігіне көз жеткізеді.

Мынандай жағдайларда:

  1. Шлагбаум жабық тұрған немесе ол жабыла бастаған кезде (бағдаршам сигналына қарамастан)

1- сурет

  1. Бағдаршамның тыйым салатын сигналы кезінде (шлагбаумның оналасуына және оның бар жоғына қарамастан)

2 - сурет

  1. Өтпе кезекшісінің тыйым салатын сигналы кезінде (кезекші жүргізушіге алдымен немесе теріс жағымен тұрған, таяқша қызыл фонарь немесе жалауша ұстаған қолын жоғары көтерген не қолдарын екі жаққа созған)

3 - сурет

  1. Егер өтпенің арғы жағында жүргізушіні өтпеде тоқтауға мәжбүр ететін кептеліс пайда болса

4 - сурет

  1. Егер көріну шегінде өтпеге пойыз жақындап қалса теміржол өтпесіне шығуға тыйым салынады

5 - сурет

Сонымен қатар:

  1. Темір жол өтпелерінен тыс жерде теміржолдардан өтуге;

  2. Қарсы жүру жолағына шыға отырып темір жол өтпесі алдында тұрған көлік құралдарын айналып өтуге.

  3. Темір жол өтпесіндегі шлагбаумды өз бетімен ашуға

  4. Теміржол дистанциясы бастығының рұқсатынсыз темір жол өтпесі арқылы ауыл шаруашылығы, жол құрылыс және басқа да машиналар мен механизмдерді көліктен тыс жағдайда өткізуге, жыладамдығы сағатына 8 киллометрден кем бояу жүретін машиналардың сондай ақ трактор сүйретпелерінің жүруіне тыйым салынады

6 - сурет

Өтпе арқылы жүруге тыйым салынған жағдайда, жүргізуші тоқтау сызығының 2,5 белгісінің немесе бағдаршамның алдында, ал егер олар жоқ болғанда – теміржол өтпесі шекарасында тоқтайды.

7 - сурет

Өтпе үстінде амалсыздан аялдаған кезде жүргізуші дереу жолаушыларды түсіреді және өтпені босату үшін шаралар қолданады. Жүргізуші бір мезгілде мынандай іс әрекеттерді жүзеге асырады:

  1. Мүмкіндек болған кезде жол бойымен екі адамды екі жаққа өтпеден бір мың метрге (егер біреу болса онда жолдың нашар көрінетін жағына) өздеріне жақындап келе жатқан поездың машинесіне тоқтау сигиналын беру ережісін түсіндіріп жібіреді;

  2. Көлік құралының қасында қалып және дабыл қағу сигналдарын береді;

  3. Пойыз көрінген бойда тоқтау сигналын беріп, оған қарсы жүгіреді.

8 - сурет

Ескертпе қолдың шеңбер жасай қозғалуы (күндіз ашық түсті матаның қиындысымен немесе қандай бір болмасын жақсы көрінетін затпен түнде шырақпен немесе фонарьмен) тоқтау сигналы болып табылады. Бір ұзақ және үш қысқа дыбыстық сигналдар сериясы жалпы дабыл қағу сигналы болып табылады.

Кері байланыс: «Кахут» ойыны студенттердің жаңа сабақты қалай түсінгендігін білу үшін қолданамыз. 10 сұрақтан тұрады жаңа сабаққа байланысты.

  1. Сіздің әрекетіңіз қандай ? – пойыздың жақындағанына көз жеткізіп жүріңіз.

  2. Басып озуға қатысты қандай шектеулер темір жол өтпелерінде және олардың жанында қолданылады? - көшеде және оның алдында 100 м жақын жерде басып озуға тыйым салынады.

  3. Жүргізушіге жүк автомобилін айналып өтуге рұқсат етіледі ме? – тыйым салынады

  4. Сізге теміржол өткелінен өтуге рұқсат етілген бе? – тыйым салынады

  5. Бұл жағдайда Сізге теміржол өткеліне кіруге рұқсат етілген бе? – тыйым салынған

  6. Бұл жағдайда сіз қай жерге тоқтау керексіз: - тоқтаусыз қозғалуға тыйым салынады

  7. Бұл жағдайда Сіз: - тоқтау керек және тек ашық шлагбаум кезінде қозғалысты жалғастыра аласыз

  8. Сізге темір жол өтпесіне шығуға болама ? – болмайды

  9. Жақын рельске дейін қай қашықтықта тоқтауыңыз керек? – 10м

  10. Мәжбүрлі тоқтауы кезінде теміржол өткелінде, егер көлік құралында жолаушылар бар болса, жүргізуші: - дереу жолаушыларды түсіреді.

Сергіту сәті: «Тауып көр» айдары екі топқа екі минуттан беріледі. Ойынның шарты әр топтан екі ойыншы шығып бірі құлағына құлаққап тағып экраннан кері бұрылып тұрады, ал екіншісі экранда көрсетілген суреттерді түрліше әрекеттермен көрсетуі тиіс.

  1. Жол жөндеу жұмыстары.

  2. Балалар.

  3. Жанармай бекеті.

  4. Ауыз су.

  5. Велосипед жолымен қиылыс.

  6. Айналма қозғалыс.

  7. Зағип жандар.

  8. Мал айдау

  9. Бассейн

  10. Автокөлік жуу.

  11. Техникалық қызмет көрсету.

  12. Басты жол.

  13. Жол реттеуші

  14. Жаяу жүргіншілер өтпесі

  15. Жол таңбасы

  16. Айлық есептік көрсеткіш


Үздік жүргізуші. Мұнда тек жол қиылыстарынан өту ережелерін қаншалықты білетіндігін көреміз. Небәрі он сұрақтан тұрады бұл ойын шарты берілген сұраққа тез жауап беріп жеңімпаз атану.



  1. Көрсетілген белгілердің қайсысы реттелмейтін қиылыстардан басым

өту құқығын береді? - А және В

  1. Қандай көлік құралдарына қозғалысты жалғастыруға рұқсат берілді? - Жеңіл автомобильге және аз орынды автобусқа

  2. Оңға бұрылғанда сіз жол беру керексіз: - Жаяу жүргіншілер мен велосипедшіге

  3. Сіз солға бұрылу крексіз. Кімге жол беру керексіз? - Автобус пен жаяу жүргіншілерге

  4. Сіз тікелей қозғалғанда: - Қозғалысты тоқтаусыз көше қиылыстары арқылы жалғастыра аласыз

  5. Сіз тікелей бағытта қиылысуды жоспарлап отырсыз. Сіздің әрекетіңіз? - Жарқылдауық маягі мен арнайы дыбыс сигналы қосылған автомобильге ғана жол беріңіз

  6. Сіз солға бұрылу керексіз. Сіздің әрекетіңіз? - Қиылыстан бірінші өтесіз

  7. Солға бұрылғанда не істеу керек? - Қарсы автомобилге жол беру үшін тоқтау сызығынан шығып, жол қиылысына тоқтау

  8. Бұрылысты орындайтын жүргізушілердің бірі ережелерді бұзады ма? - Екеуі де

  9. Бағдаршамның жасыл сигналы қосылған кезде сіз жол беруге тиіссіз: - Екі автомобильгеде


Бағалау сәті : Критерилік бағалау арқылы қойылады, яғни студентке алдын ала белгілі шарттар қойылады, егер сол шарттарды орындаса ғана өзі қалаған бағаны алады.


Үй тапсырмасын беру: Темір жол өткелінен өтуді үйде пысықтап оқу және тақырыпқа сәйкес тест сұрақтарын құрастыру.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
13 ұстаз жүктеп алған
4 наурыз
4731
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі