Материалдар / Ашық сабақ. Темперамент және оның түрлері
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ. Темперамент және оның түрлері

Материал туралы қысқаша түсінік
темперамент және оның түрлері туралы ашық сабақтың материалы
Авторы:
16 Желтоқсан 2023
379
14 рет жүктелген
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Темперамент және оның түрлері

Сабақтың тақырыбы:

Темперамент және оның түрлері

Сабақ мақсаты:

Оқушыларда темперамент және оның түрлері туралы түсінік қалыптасады, темпераменттің қасиеттерін меңгереді. Темперамент түрлерін бір-бірінен ажырата алады және өмірде қолдануға мүмкіндік алады.

Зерделеу нәтижелері:

Темперамент және оның түрлерін өзара ажырата білу.

Түйінді идеялар:

Темперамент түрлерін бір-бірінен ажырата отырып, әр оқушының жаратылыс қасиеттерін білу арқылы өздерін тануға көмектесу, өмірде өз қажетіне жаратуға себепші болу.

Жұмыс түрі: топтық жұмыс

Кіріспе

А) сыныпта психологиялық ахуал қалыптастыру.

Оқушылар бір-бірлеріне «Сен бүгін құлпырып кетіпсің», «Сен өте данасың, ақжарқынсың» деген сияқты жылы сөздерін арнайды.

Ә) оқушыларды түрлі түсті қағаздар арқылы 3 топқа бөлу.

1-топ Сары түс «Ақылдылар» тобы

2-топ Жасыл түс «Сабырлылар» тобы

3-топ Қызыл түс «Мейірімділер» тобы

II. Өткен тақырыпқа ой тастау

Топтағы оқушыларға өткен сабақтағы «Ес» тақырыбы бойынша сұрақ-жауап жүргізіледі. Тапсырма «Ақылды доп» әдісі бойынша орындалады.

  1. Ес дегеніміз не?

  2. Естің қандай түрлері бар?

  3. Біздің есте сақтау қабілетімізді қалай дамытуымызға болады?

  4. Бүгінгі таңда жастардың есте сақтау қабілеттерінің төмендеп бара жатқандығының сыры неде деп ойлайсыздар?

Оқушыларға өткен сабақ бойынша жоғарыдағыдай сұрақтар қойылады. Допты тосқан оқушы сұраққа жауап береді.

III. Негізгі кезең

Жаңа тақырыпты меңгерту. Бейнежазба арқылы жаңа сабақты түсіндіремін.

Темперамент – 25 ғасырдан бері ғылыми ойды қызықтырған мәселелердің бірі. Оған деген қызығушылықтың төркіні – адамдар бойында болатын дара өзгешеліктер. Темперамент жөніндегі ғылымның іргетасын қалаған ежелгі грек дәрігері – Гиппократ. Оның  тұжырымы бойынша, адамдар төрт «дене шырындарының» - қан, шырыш, өт, запыран - өзара қатынасымен ажыратылады.

Сангвиник

Бұл тип өкілі- еті тірі, қабілетті, қозғалғыш оқушы. Ондай оқушы ақкөңіл және қызу, жеңіл мінезді, ренжігенде тез қайтып кетеді, сәтсіздігін жеңіл өткізеді. Коллектив арасында жүргенді ұнатады, басқа оқушылармен тез тіл табысады. Қысылып- қымтырылмайды, кісіге қайырымды. Сангвиниктерді  оқу үрдісінде бақылаған жақсы, яғни оқу үстінде олар қасиеттерін айқын көрсетеді. Егер оқу материалы қызықты және жас ерекшелініне сай болса, онда кіші оқушы жаңа берілген материалды тез қабылдайды, жеңіл есте сақтайды. Ал егер материал  қызықсыз және оны оқу үшін көп уақыт қажет болса, онда оқушы оны есте ұзақ уақытқа сақтай алмайды.

Флегматик.

Бұл типтің өкілі баяу, байсалды, асықпайды. Істі ойланып, төзімділікпен істейді. Жинақылықты, қалыпты жағдайды ұнатады. Өзгерістерді ұнатпайды. Бастаған ісін аяғына дейін жеткізеді. Психикалық процесстер флегматикте баяу жүреді. Бұл баяулық оған оқу жолында кедергі келтіреді, ең кедергі келтіретін жері:тез есте сақтау, тез ойланып жауап беру.  Кейде флегматиктер  жамандықты есте сақтап қалады және ұзақ мерзімге. Адамдармен қарым-қатынаста флегматик бірқалыпты, байыпты, керек жерде тіл табысады, ал орынсыз сөйлемейді. Көңіл- күйі тұрақты. Олардың байыптылығы мен байсалдылығы өмірге деген көзқарасынан да көрінеді. Флегматикті ызаландыру немесе эмоционалды әрекет жасау оңай емес, ол ұрыс- керістен аулақ жүреді, оны әртүрлі қиыншылықтар тепе-теңдігінен шығармайды. Флегматикті дұрыс тәрбиелегенде іскерлікті, талапшылдықты орнатуға болады. Бірақ жағымсыз жағдайларда оларда әлсіздік, жалқаулық пайда болады.

Холерик.

Бұл темперамент өкілі тездігімен, шапшаңдылығымен, ұстамсыздығымен, тым қозғалғыштығымен ерекшеленеді. Оларда психикалық процестер шапшаң өтеді. Күйгелектік сондай акдамдарға тән. Ол жұмыс істеуге жақсы қарқынмен кірісіп, күші таусылғанда оны тастап кете береді. Адамдармен қарым-қатынаста тынымсыз, агрессивті,шамданғыш болып келеді.

Меланхолик.

Бұл темперамент өкілінде психикалық процесстер өте баяу жүреді. Қатты тітіркендіргіштерге жауап бере алмайды, ұзақ және қатты күш түсірсе, олар жұмыс істей алмайды. Олар өте тез шаршайды. Бірақ қалыпты қоршаған ортада, мысалы,үйде ондай балалар өздерін жақсы ұстап, іс-әрекеттерді жақсы орындайды. Эмоциялары баяу туады, бірақ тереңдігімен және күштілігімен ерекшеленеді. Олар өте сезімтал, реніштерін іште сақтап, оларды көп ойлай береді, бірақ сондай қиыншылықтар бар екенін ешкімге көрсетпейді. Меланхоликтер тұйық,таныс емес адамдармен сөйлеспейді, жаңа ортада қатты қысылады. Жағымсыз жағдайларда ауруға айналған осалдық, қысылу, көңілсіздік, пессимизм пайда болады. Меланхолик кіші оқушы коллектив арасында болуды ұнатпайды. Ал егер оны дұрыс тәрбиелесе, қызығушылығы, эмоция сезімі, қабылдауы арта түседі.

1-тапсырма.

Тапсырма «Ойла, ізде, тап» әдісі арқылы орындалады. Тақтада бейнежазба қосылады. Оқушылар ондағы сұрақтарға жауап бере отырып, өздерін темпераменттің қай типіне жататындығын анықтайды.


2-тапсырма.

Постер қорғау. Тапсырма «Ақылды дәрігер» әдісі арқылы орындалады

Оқушылар, сіздер болашақ ақ халатты абзал жандар, дәрігерсіздер! Алдарыңызға бір науқас келді. Оны емдеу керексіздер. Қандай іс-әрекеттер жасайсыздар?

1-топқа сангвиниг, холерик

2-топқа флегматик, холерик

3-топқа меланхолик, холерик темпераментті науқас беріледі.

Осы жоғарыда көрсетілген темперамент типтегі әр түрлі науқастарға өз ерекшеліктері арқылы емдеу жолдарын ұсынады.


3-тапсырма.

Тапсырма «Рөлдік ойын» әдісі арқылы орындалады. Топтағы оқушыларға мәтін парақшалары таратылады. Оқушылар өздерінің әртістік шеберліктерін сала отырып, мәтін желісі негізінде көрініс қояды.

Жұмыс нәтижесі: оқушылар өздерін еркін ұстауды, еркін сөйлеуді, пікірлерін толық жеткізуді үйренеді. Ситуациядан шығуға икемделеді.

Қорытындылау. Оқушылар рефлекция жасайды. «Даналық ағашы» әдісі. Оқушылар берілген стикерге сабақтан түйгенін, қалай қатысқанын жазып, ағашқа іледі.





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!