400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ Теңбүйірлі үшбұрыш 7 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Теңбүйірлі үшбұрыштың белгілері мен қасиеттерін қолдануға тапсырмалар орындату. Белгілері мен қасиеттерін меңгеруге есептер шығарту
Материалдың қысқаша нұсқасы


Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:

7.2А

Мектеп: №41 КененӘзірбаев атындағы орта мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:Конкаева Гульзира Зарлыковна

Сынып: 7


Сабақтың тақырыбы

Теңбүйірлі үшбұрыш,оның қаситтері және белгілері

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

7.1.1.23 теңбүйірлі үшбұрыштың белгілері мен қасиеттерін қолдану


Сабақтың мақсаты

Теңбүйірлі үшбұрыштың белгілері мен қасиеттерін қолдануға тапсырмалар орындату. Белгілері мен қасиеттерін меңгеруге есептер шығарту


Бағалау критерийі

. Теңбүйірлі үшбұрыштың қасиеттерін есептер шығаруда қолдана алады

Тілдік мақсаттар


Оқытудың тілдік мақсаты:

Тілдік емес пәндер үшін құрастырылады.

-есептің шығару жолын түсіндіре алады;

- бөлімнің ұғымдары мен терминдерін түсінеді және қолданады;

Тілдік мақсаттарды, лексика мен тіркес мысалдарын қоса анықтаңыз

Пәнге тән лексика мен терминология:

- теңқабырғалы,теңбүйірлі үшбұрыштар;

- табаны, бүйір қабырғасы;

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

- табанындағы бұрыштар;

Құндылықтарға баулу




Бейбітшілік және Келісім сарайының әрбір жағы теңбүйірлі үшбұрыш болатынын мысалға келтіріп, «Қазақстан тәуелсіздігі және Астана» құндылығы арқылы патриоттық сезімдерін қалыптастырамын

Пәнаралық байланыс

Сызу

Алдыңғы білім


Қарапайым фигуралардың негізгі қасиеттерін көрсететін аксиомаларды білу. Транспортир арқылы бұрыштарды өлшейді және салады.



Сабақ барысы


Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы



Оқушылардың назарын шоғырландыру үшін ширату жаттығуын жасатып,яғни «пазл» әдісі арқылы 3 топқа бөлінеді.

1- топ: Теңбүйірлі

2-топ: Теңқабырғалы

3-топ: Әртүрлі қабырғалы

«миға шабуыл»әдісімен өтілген сабақ бойынша не өткендерін еске түсіру.


1.Үшбұрыштың қандай түрлерін білесіңдер?

2.Үшбұрыштың элементтерін атаңыз

3.Өмірмен байланыстыра үшбұрышқа мысалдар келтіріңіз

4.Үшбұрыштар теңдігінің 1-ші белгісі қалай айтылады?

5.Үшбұрыштың периметрін қалай табатын едік?

Оқушыларды сабақ мақсатымен таныстыру: Теңбүйірлі үшбұрыштың белгілері мен қасиеттерін қолдану.

Күтілетін нәтиже: 1. Теңбүйірлі үшбұрыштың қасиеттерін есеп шығаруда қолдана алады.

2. Теңбүйірлі үшбұрыштың белгілерін қолданып тапсырмаларды орындай алады.

Үшбұрыштардың қабырғаларын өлшеу арқылы үшбұрыш түрлерін ажыратып,топтарға бөлінеді






1. «Джигсо әдісі» Жаңа тақырыпты меңгеру үшін әрбір топқа тақырыпты төмендегідей бөлініп беріледі.

-Теңбүйірлі үшбұрыштың анықтамасы, элементтері

-Теңбүйірлі үшбұрыштың белгілері

-Теңбүйірлі үшбұрыштың қасиеттері

Әр топ өздері тақтада қорғап,бір-бірлерін «Екі жұлдыз,бір тілек» арқылы бағалайды?


Слайд 1-2

BrainGym


2. «Топпен жұмыс»

1.Үшбұрыш қабырғаларының ұзындықтары 3см, 4см, 6см. Үшбұрыштың периметрін табыңдар.

2.Тең бүйірлі үшбұрыштың периметрі 20см. Бүйір қабырғасы 7см. Үшбұрыштың табанын тап.

3.Тең қабырғалы үшбұрыштың периметрі 39см. Үшбұрыштың қабырғаларын табыңдар.

Дескриптор:


Үлестірме қағаз









Домино ойыны

Оқушыларға өз білімдерді бекіту үшін домино ойыны ұсынылады .

Дескриптор:

  • Теңқабырғалы үшбұрыштың қасиеттерін қолданады

  • Жауабын табады

  • Теңбүйірлі үшбұрыштың қасиеттерін қолданады

Қосымша 1

Tarsia

Жұппен жұмыс


Оқушылар жұпта келесіп тапсырмаларды орындайды(кілт арқылы тексеріс): оқулықпен жұмыс №178 ауызша,№179, №180, №181

Дескриптор:

  • Теңқабырғалы үшбұрыштың қасиеттерін қолдана алады

  • Есептеулерді орындайды

  • Жауабын табады.

Оқулық

Геометрия 7 сынып , Шыныбеков Ә.Н.

Қосымша 2

Өзіндік жұмыс


Қалыптастырушы бағалау


1-тапсырма

Берілген сөйлемдерден дұрыс тұжырымды анықтаңыз:

Егер үшбұрыш теңқабырғалы болса, онда ...

Ия

Жоқ

а) ол теңбүйірлі;



b) бұрышы 600;



c) медианасы, биіктік және биссектриса болады;



d) биіктіктері үшбұрышты өзара тең үшбұрыштарға бөледі;



f) биссектриссасы қабырғасының жартысына тең болады.




ДескрипторБілім алушы

- дұрыс тұжырымдарды көрсетеді.


карточкалар

Рефлексия


«Бес саусақ» әдісі арқылы рефлексия жасау

Бас бармақ – бүгінгі сабақта ең құнды мәселе қандай болды?

Балан үйрек- мен топта қалай жұмыс жасадым? Кімге көмектестім? Кімге риза болдым?

Ортан терек – бүгін мен не білдім?

Шылдыр шүмек – сабақ маған ұнады ма?неліктен?

Кішкентай бөбек – мен сабақта өзімдіқалайша сезіндім?

Слайд 7

Үй жұмысы


Геометрия 7 сынып, Шыныбеков Ә.Н. : № 381,382,383,384,385


Қосымша 2

Саралау–оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуд іжоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Жаңа тақырыпты нашар түсінетін оқушыларға жеке көмек жасаймын

«екі жұлдыз бір тілек», дескриптор, «бес саусақ»



Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталдыма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.



Жалпыбаға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:Психологиялық ахуалды жасау

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік / қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28 желтоқсан
477
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі