400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ Теңбүйірлі үшбұрыш, оның қасиеттері және белгілері 7 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
материал Қазақстандық математика пән мұғалімдеріне көмегі тиеді деген ниетпен өзімнің геометрия пәні бойынша өткізген ашық сабақ жоспарыммен бөлісккім келіп отыр
Материалдың қысқаша нұсқасы

Еңбекшіқазақ ауданы Бәйтерек орта мектебі

Физика- математика пәні мұғалімі Кенжеғазы Жазира

Ашық сабақ


Ұзақ мерзімді

«Үшбұрыштар»

Күні :05.12.2019ж.

Пән мұғалімі: Кенжеғазы Ж.

Сыныбы :

7Ә-27

қатысқан саны:

7Ә-

қатыспаған саны:

7Ә-

Сабақтың тақырыбы

Теңбүйірлі үшбұрыш, оның қасиеттері және белгілері

Оқу мақсаты

7.1.1.23 теңбүйірлі үшбұрыштың белгілері мен қасиеттерін қолдану

Сабақтың мақсаттары:

  • теңбүйірлі үшбұрыштардың анықтамасын, қасиеттері мен белгілерін біледі элементтерін ажырата алады;

  • теңбүйірлі үшбұрыштардың қасиеттерін,белгісін қолданып және олардың элементтерін пайдалана отырып, салу дағдысы қалыптасады және дәлелдей алады;

  • теңбүйірлі үшбұрыштың белгілері мен қасиеттерін талдайды, дәлелдей алады және есептерді шығаруда қолдана алады;

Бағалау критерийі

  • Теңбүйірлі үшбұрышты, оның элементтерін ажыратады.

  • Теңбүйірлі үшбұрыштың қасиеттері мен белгілерін қолдану арқылы есептер шығарады.

  • Деңгейі жоғары дәлелдеу есептерін шығару барысында теңбүйірлі үшбұрыштың қасиеттері мен белгілерін қолданады.

Ойлау дағдыларының деңгейі

  • Қолдану

Тілдік мақсаттар

Пәндік оқыту мақсаты

Теңбүйірлі үшбұрштың не екенін оның белгілері мен қасиеттерін сипаттай отырып және белгілері мен қасиеттерін қолдана отырып теңбүйірлі үшбұрышты дәлелдей алады және есеп шығаруда қолдана алады;

Тілдік оқыту мақсаты

Тақырыпқа байланысты терминдерді қолдана отырып ауызша және жазбаша сипаттай алады; терминдер:Үшбұрыш,теңбүйірлі,теңқабырғалы,әртүрлі қабырғалы, үшбұрыштың элементтері, биіктік,биссектриса,медиана, үшбұрыштар теңдігінің белгілері

Диалогқа жазуға қажетті сөз тіркестері

Теңбүйірлі үшбұрыштың ........ бұрыштар тең болады; егер үшбұрыштың екі ....... тең болса, онда ол ...........үшбұрыш болады; теңбүйірлі үшбұрыштың табанна жүргізілген ........., ........., ............. бірдей болады;

Құндылықтарға баулу

Еліміздің тәуелсіздігі және жалпыға бірдей еңбек қоғамы құндылықтарды ескере отырып, білім беруде оқушыларға өзінің жұмысына жауапкершілікпен қарау және жоғары жетістіктерге қол жеткізу үшін көп күш жұмсап, ғылым мен білімді біріктіріп елін сүйгіштік, тынбай еңбек ету құндылықтарына баулу.

Пән аралық байланыс

Логика, сызу, музыка, математика

Алдыңғы білім

Үшбұрыш,үшбұрыштардың теңдігінің белгілерін, биіктік,биссектриса,медиана туралы ұғымдарын біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жосп-ған кезеңі

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

ресурстар

Сабақтың басы

Ұйымдастыру кезеңі

(4 минут)

    1. Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу

    2. Топқа бөлу(күнделікті бөлініп отыратын топ бойынша алдын ала бөлінген төрт топ болып отырады, топтар аттары «үшбұрыш», «дұрыс үшбұрыш», «теңбүйірлі үшбұрыш», «әртүрлі қабырғалы үшбұрыш»)

психологиялық ахуал қалыптастыру: «төрт сурет, бір сөз» ойыны арқылы суретке қарап (слайдтта көрсетіледі) сөздерді табу арқылы оқушылардың ынтасын, зейін ашу.

«Қазақстан Тәуелсіз, Желтоқсан, Бәйтерек, математика » сөздері арқылы оқушылардың ынтасын, зейін ашу.

Интербелсенді тақта, топ аттары жазылған қағаздар, слайд

(8 минут)

  1. Үй тапсырмасын тесеру(жеке жұмыс).«сырлы сандық»әдісі: мұнда сандықта түрлі пішіндегі түсті қағаз қиындыларында жазылған алдыңғы тақырып бойынша сұрақтар және мадақтаулар болады. Кейбіреуіне сұрақтар ал кейбіреуіне мадақтама жазылады(қашанда топ басшы болуға лайықсың, тамаша!), (қашанда көмекке дайынсың! Керемет!),(өте іздемпазсың, жеке ойыңды бөліскің келіп тұрады), сұрақ алғандар сұрақтарға жауап беріледі:

Сұрақтар:

  1. Қабырғаларының арасындағы қатынастарға байланысты үшбұрыштар нешеге бөлінеді? Қайсылар?

  2. Әртүрлі қабырғалы үшбұрыштар дегеніміз не?көрсетіңіз!

  3. Тең қабырғалы үшбұрыш дегеніміз не? Оны және қандай үшбұрыш деп атаймыз? Көрсетіңіз!

  4. Теңбүйірлі үшбқрыш дегеніміз не? Көрсетіңіз?

  5. Теңбүйірлі үшбұрыштың тең болатын екі қабырғасын недеп атаймыз? Үшінші қабырғасын недеп атаймыз?көрсетіңіз!

  6. Үшбұрыштың периметрін табу формуласы қандай? Теңбүйірлі үшбұрыштың периметрін табу формуласы қандай?көрсетіңіз!

  7. Үшбұрыштардың ішкі бұрыштарының қосындысы қанша градус?көрсетіңіз!

Кері байланыс: «әртүрлі қабырғалы үшбұрыш баспалдағы» әдісі бойынша әр оқушы тақтада ілінген әртүрлі үшбұрыш деңгейіне жазылған «нені білдім, нені үйрендім, нені толық түсінбедім, немен жұмысты жалғастыру қажет» сөздерінің біріне стикерге жазып біреуіне ғана жапсырады

Қ.Б: «екі жұлдыз, бір тілек» әдісімен бірін бірі бағалау(ауызша)

Интербелсенді тақта, сандықша, қағаз қиындылары, плакат, стикер, магнит, бор, тақта

(оқушылардың не білетіндігі анықталады)

Сабақтың ортасы

(3 минут)









(10 минут)

Тақырыпты енгізу үшін «Атау туралы үш сұрақ» әдісі бойынша ой қозғап оқушылардың пікірін тыңдау. «Теңбүйірлі үшбұрыш» деп тақтада жазулы тұрады осы терминге мынадай үш сұрақ қойылып ауызша жауап беріледі:

  1. Қайда? Бұл терминді сіз бұрынырақта қайда және қандай мағынада кездестіріп едіңіз?

  2. Қалай? Өз тәжірибеңізбен осы атауды қолданудың мысалдарын келтіре аласызба?

  3. Қандай? Осы сабақта бұл атау қандай қолданыста болады деп ойлайсыз?

1- Тапсырма: «Галерияға саяхат» әдісі топтық жұмыс:

Әр топқа әртүрлі тапсырмалар беріледі, бірақ әр топқа бірдей теңбүйірлі үшбұрыш фигурасы беріледі, дескриптор бойынша тапсырманы орындайды, орындап болған соң галерияға шарлау жасайды орындаған тапсырмаларын әр топ өзара алмастырып стикермен толық емес немесе қате болған жерлерге жазып жапсырады сұрақтары болса «қашанда топ басшы болуға лайықсың, тамаша!» желебесін алған оқушы жауап береді және қортынды жасайды;

1-топ:теңбүйірлі үшбұрыштың қабырғасын табады;

2-топ теңбүйірлі үшбұрыштың бұрыштарын табады;

3-топ теңбүйірлі үшбұрыштың медианасын, биссекртисасын, биіктігін табады

4-топ теңбүйірлі үшбұрыштың периметрін табады

дискриптор білім алушы

  • Плакатқа топ атын жазады;

  • Фигураны плакатқа жапсырады ;

  • Бұрыштарын әріптермен белгілейді;

  • Қабырғасын, бұрышын өлшейді

  • Медиана, биссектриса, биіктігін сызады және табады

  • Периметрін формуласын жазыңдар

  • Өлшеген мәнді әріптермен көрсетеді

  • Қорытынды жазады

Кері байланыс:«дұрыс үшбұрыш баспалдағы» әдісі бойынша тапсырманы топтық орындай отырып «нені білдім, нені үйрендім, нені толық түсінбедім, немен жұмысты жалғастыру қажет» сөздерінің біріне стикерге жазып біреуіне ғана жапсырады

ҚБ. Топ ара бірін бірі «от шашу», «бас бармақ» т.б. арқылы бағалау

Үлестірмелі материал, стикер, плакат, маркер, магнит,

Сергіту сәті

(2 минут)

Сергіту сәтінде оқушылар орындарынан тұрып бос жерге ыңғайланып «Әсем ән» әніне интербелсенді тақта көрсетілген анимациялық тренерге қарап бірге билейді;

анимациялық тренер

Сабақтың ортасы

(8 минут)












2-тапсырма:Жеке жұмыс «мен білдім, іздендім»әдісі. Оқулықпен жұмыс. Үйренген білімдерін қолдана отырып деңгейлік тапсырмаларды дәптерлеріне орындайды; әр оқушыға дескриптор таратылады, орындап болған соң «өте іздемпазсың, жеке ойыңды бөліскің келіп тұрады!» мадақтау желебесін алған оқушы тақтаға орындайды

І деңгей тапсырмасы:суреттен барлық теңбүйірлі үшбұрыштарды тауып оларды жазыңдар:

Shape1

Дескриптор: Білім алушы

  • Дәптерге сызбаны салады;

  • Теңбүйірлі үшбұрыштар санын айтады

  • Теңбүйірлі үшбұрыштарды жеке жеке жазады;

ІІ деңгей тапсырмасы

Суретте AB=BC. <1=<2 болатын дәлелдеңдер.

Shape2

Дескриптор: Білім алушы

  • Дәптерге сызбаны салады;

  • Қабырғаның не .үшін тең болатын дәлелдейді

  • Бұрыштың тең болатын дәлелдейді;

ІІІ деңгейлік тапсырма:

Есеп шығару: теңбүйірлі үшбұрыштың периметрі 15,6м. Егер оның а)табаны бүйір қабырғасынан 3м кіші; ә) табаны бүйір қабырғасынан 3м үлкен болса, үшбұрыштың қабырғаларын табыңдар.

Дескриптор: Білім алушы

  • Берілгенін қасқаша жазады;

  • Нені табу керек екендігін жазады;

  • Сызбасын салады;

  • Формуласын жазады;

  • Қабырғасын өрнектейді;

  • Шешімін табады;

  • Дұрыстығын тексереді;

Кері байланыс:«теңбүйірлі үшбұрыш баспалдағы» әдісі бойынша әр оқушы жоғардағы тапсырмаларды орындау арқылы «нені білдім, нені үйрендім, нені толық түсінбедім, немен жұмысты жалғастыру қажет» сөздерінің біріне стикерге жазып біреуіне ғана жапсырады

ҚБ. Әр оқушы бірін бірі «Мадақтау» , «Жарайсың!», «Өте жақсы!»арқылы бірін-бірі бағалайды

В. А. Смирнов, Е.А. Тұяқов геометрия оқулығы, бор, тақта, үлестірмелі материал, слайд



58-Бет 10.1 жаттығу ә) тапсырма













60-Бет 10.6-жаттығу













61-Бет 10.11-жаттығу



Сабақ соңы

(4 минут)











(1 минут)

Рефлексия: «бес саусақ» әдісін пайдаланып, оқушылардың қажеттіліктерін анықтау. Күннің айналасына бес саусақ қиқымдарын жапсырып шуағын төгіп тұрған күн нұрын сезіндіру

Бас бармақ – бүгін сабақта ең құнды мәселе не деп ойлайсың?

Балалы үйрек –мен топпен, жеке жұмыс қалай жасадым? басқаларға көмегім тиді ме?кім маған көмектесті?

Ортан терек – мен бүгін қандай жаңа білім алдым?

Шылдыр шүмек – бүгінгі сабақ ұнады ма?неліктен?

Кішкентай бөбек – бүгін неден қиналдым?

Алақан –білімді қалай толықтырам?

Үй жұмысы: «түртіп алу әдісі»62-бет 10.15 есеп

Саусақтардың бейнесімен жасалған қағаз қиындылар, желім, интер белсенді тақта, тақта, магнит

Рисунок 1

Қосымша ақпарат

Қорытындылау

Төмендегі бөлікті сабағыңыз туралы өз ойыңызды жазуға қолданыңыз.Өз сабағыңыз бойынша сол жақ бағандағы сұрақтарға жауап беріңіз.

1.Сабақ барысында өзгертулер енгіздіңіз бе?

2.Жүргізген жұмыс түрлері қаншалықты тиімді болды?



Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі нәрсе?

1.

2.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсартар еді?

1.

2.



Оқу ісінің меңгерушісі:_________________










Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
7 қаңтар
915
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі