Ашық сабақ Теңдеу 1-сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ Теңдеу 1-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ фольклорлық ансамбльдің концертіне баруға билет алудан басталды. Сабақ математикалық диктант, жұптық жұмыс, саралау тапсырмалары арқылы дескриптормен құрастырылды.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Педагогтің аты-жөні:


Күні:

01.03.2024жыл

Сынып: 1 «В»

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы:

Теңдеу

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты:

1.2.2.2. таңдап алу әдісі және қосу мен азайту амалдарының байланысы негізінде теңдеулерді шешу.

1.2.1.1. санды және әріпті өрнектерді (қосынды, айырма), теңдік және теңсіздікті ажырату, құрастыру, жазу және оқу.

Сабақтың мақсаты

Қосу мен азайту амалдарының байланысы негізінде теңдеулерді шешеді. Санды және әріпті өрнектерді ажыратады. Теңдікті құрастырады, жазады, оқиды.

Құндылықты дарыту

Ұлттық мүдде. Ұлттық мирасты, мәдениетті дәріптейді

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі//

уақыты

Педагогтің әрекеті

Білім алушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы


Психологиялық ахуал туғызу

-Бүгінгі сабағымызға қонақтар келіп отыр екен, бұрылып амандасып алайық.

«Осылай» көңіл-күйі

-Бір-бірімізбен қалай амандасамыз? Осылай (қол бұлғайды)

-Жүргенде қалай? Осылай (жүреді)

-Жүгіргенде қалай? Осылай (жүгіреді)

-Ойнағанымыз қалай? Осылай (жоғары қолын бұлғайды)

-Ұйықтағанымыз қалай? Осылай (ұйықтайды)

-Отырғанымыз қалай? Осылай (орындарына отырады)

-Бүгінгі күнімізге....... СӘТТІЛІК (бас бармақпен көрсетеді)

Амандасу

Қимылдар жасайды





Іс-қимыл арқылы көрсетеді





Жарайсыңдар!



Көңіл күйлерін көтеріп отыру



Өткенді пысықтау



















Сабақтың ортасы



















































































1 минуттық

сергіту

Балалар, Біздің ортақ тақырыбымыз қандай еді? Салт-дәстүр

-Өткен сабақтарда салт-дәстүрге байланысты қандай ақпараттар алып едік? Не біліп едік?

-Балалар, бүгін қандай күн? (Алғыс айту күні)

-Кеше біз, ұлттық аспаптармен таныстық, біз

бүгінгі сабағымызда Алғыс айту күніне байланысты фольклорлық ансамбльдің концертіне барамыз. Концертке кіру үшін біздің қолымызда не болу керек? Билет. Бағалау парағымен таныстыру.

-Билетке қол жеткізу үшін не орындау керекпіз? Тапсырмалар

Дәптермен жұмыс

Олай болса, дәптерімізді ашып, қаламымызды алып, математикалық көркем жазуымызды жазамыз.

Жазып болсақ, сабағымызды математикадан қосу, азайту амалдарын қалай меңгергенімізді тексеріп көру үшін, математикалық диктант жазудан бастайық.

Жақсы, ендеше, балалар қазір

1-тапсырмамыз математикалық диктант

-Математикалық диктантты қалай жазушы едік?

Тақтаға бір оқушы шығады

«Математикалық диктант»

5+3, 6-2, 10+30, а+4

Жұппен тексереді, бағалау парағына түспен бояйды.

-Балалар, математикалық диктантқа назар аударайықшы. Не байқадық?

-Осы әріпті өрнекті қалай табамыз? (сан қоямыз) Ал ендеше қойып көрейікші. Әріпті өрнектің өткен сабақпен қандай байланысы бар? Ары қарай не қоямыз? (=6) Не пайда болды? (Белгісізі бар теңдік) Белгісізі бар теңдікті не деп атаушы едік? (Теңдеу) Белгісізді табу – бұл не еді? (теңдеуді шешу)

Ендеше сабағымыздың мақсаты не болмақ? Теңдеу (тақтаға ілу)

Билеттен қай тапсырманы орындап, боядық? (1-тапсырма) Билеттегі тапсырмаларды дұрыс орындасақ, біз қайда барамыз? (Концертке) Қандай концертке барамыз? (фольклорлық ансамбль) Енді, келесі 2-тапсырма өздік жұмыс орындаймыз.

-Балалар, тапсырмамызды бағалау үшін біз неге сүйенеміз? (Дескрипторға)

Дескриптор:

1.Белгісіз қосылғышты табады.

2.Теңдеудің түбірін табады.

3.Теңдеуді тексереді.

4.Теңдікті теңестіреді

2-тапсырма. «Ойлан, есепте, шеш» әдісі

A) Сызбаға қарап, теңдеу құрастырады, алгоритмін сақтап шығарады.

В) Теңдеудің алгоритмін сақтап шығарады.

С) Теңдеуді шешеді.

-Бағалау парақтарына алған түстерін бояу.

-Балалар, біз не істедік, қандай тапсырма орындадық? Біздің бүгінгі сабағымыздың мақсаты қандай еді?

-Балалар, неге сары түс алып қалдық? Не қиын болды? Қандай міндет аламыз?

Сергіту сәті

-Билетімізде нешінші тапсырманы орындаймыз? Назар аударайықшы.

Тапсырма ТЖ.

Топтық жұмыс ережесін еске түсіру

Топ: «Ойлан, құрастыр, есепте» әдісі

-Топтық жұмысымызды бағалау үшін не қажет?

Дескриптор:

1.Суретке қарап, теңдеуді дұрыс құрастырады.

2.Белгісіз азайтқышты табады.

3.Теңдеудің түбірін табады.

4.Теңдеуді тексереді.

5.Теңдікті теңестіреді

Әр топтың жұмысын тақтаға іліп, дескрипторға сай қорғап айтады.

Қай топ дұрыс орындай білді?

Бағалау парағынан үшінші тапсырманы бағалап, бояйды.

Ереже

-Балалар, тақтаға назар аударайықшы.

1 Өзіндік жұмыстағы теңдеудің компоненттерін атайық. Қосылғыш, қосылғыш, қосындының мәні. Бұнда қай компонент белгісіз? Қосылғыш.Егер 1 қосылғыш белгісіз болса, қосындының мәнінен 2 қосылғышты азайтамыз.

-Бұл тапсырмада не істедік?

Топтық жұмыстарды орындау арқылы мақсатымызға жете алдық па?

-Ендеше, біз алдымызға қойған мақсатқа жеттік пе?

Мақсатқа жету үшін не істедік?

Алдымызға қандай мақсат аламыз?

Мақсатымыз әлі де теңдеу шығаруды үйреніп, білімімізді толықтырамыз.

Тамаша!





Сұрақтарға жауап береді

















Дәптермен жұмыс











Жазылу жолын айтады.





Математикалық диктант









а+4











Түспен бояу





















Жеке жұмыс жасайды







Түспен бояйды









Екі қарындашпен орындайды





Топпен жұмыс орындайды











Сурет бойынша теңдеу құрап, есеп шығарады























Түспен бояйды




















Тамаша !





























































.













.









.

































Суреттер





























Жұмыс дәптері







Суреттер































Қима парақтар











Оқушы жұмысы











Ритм музыка













Суреттер


























Қысқаша

Рефлексия

-Ал енді, балалар билетке назар аударайықшы. Билеттің соңындағы қорытынды бағалауға өз деңгейлерін бойынша бояп шығыңдар.

Сыныптың деңгейін шығару




Өте жақсы

Сынып деңгейін бағалау парақтарына бояйды






Сабақты қорыту









Кері байланыс

Рефлексия


Сабағымызды қорытындылау.

-Балалар бүгінгі сабақта фольклорлық ансамбль концертіне бару үшін не алдық?

- Бүгінгі мақсатымыз қандай болып еді?

- Мақсатқа жету үшін не істедік? Билетті алу үшін қандай тапсырмалар орындадық?

-Енді балалар осы істеген іс-әрекетіміздің күнделікті өмірімізге пайдасы бар ма?

Бар болса, қандай?

-Фольклорлық ансамбль концертінде не орындалады? (Ұлттық аспаптармен ұлттық әндер орындалады) Билетімізде тағы нені көріп тұрмыз? Осы кюар кодпен үйде отбасыларыңмен концертті тамашалайсыңдар.

Барлық оқушыларға сабақта белсенділік көрсеткендері үшін мадақтау.

Кері байланыс жасайды
















































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
05.12.2024
244
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі