Материалдар / Ашық сабақ "Теңдік пен теңсіздік. Теңдеу" 1 сынып
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ашық сабақ "Теңдік пен теңсіздік. Теңдеу" 1 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ "Теңдік пен теңсіздік. Теңдеу" 1 сынып.Санды және әріпті өрнектер ( Белгісіз қосылғышы бар теңдеуді шешу)Белгісіз бөлікті табу туралы ережені пайдалана отырып, белгісіз қосылғышы бар теңдеуді шешу дағдысын қалыптастыру. Осы түрдегі теңдеу шешімінің алгоритмін құрастыру.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Ақпан 2022
768
1 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Мектеп: Абай атындағы жалпы орта мектеп

Пән: математика Сынып: 1 Б

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 3С бөлім: Теңдік және теңсіздік. Теңдеу

Күні: Мұғалімнің аты-жөні: Мустажапова Ж.С.

Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Санды және әріпті өрнектер ( Белгісіз қосылғышы бар теңдеуді шешу)

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.2.1.2 әріптің берілген мәніндегі бір амалды әріпті өрнектің мәнін табу

1.2.1.3 қосу мен азайту арасындағы байланыстар негізінде теңдік құру үшін әріпті өрнектер түрінде көрсету және қолдану:

а +b = c, c -a= b, c -b =a

Сабақ мақсаттары


Белгісіз бөлікті табу туралы ережені пайдалана отырып, белгісіз қосылғышы бар теңдеуді шешу дағдысын қалыптастыру. Осы түрдегі теңдеу шешімінің алгоритмін құрастыру.

Барлығы: қосу мен азайту арасындағы қатынастар негізінде теңдік құру үшін әріпті өрнектерді қолданады;

Көпшілігі: есепті сурет, сызба түрінде модельдейді;

Кейбіреуі: қосынды және қалдықты табуға берілген есептерді талдайды және шығарады; кері есеп құрастырады және шығарады..

Бағалау критерийі

Осы мақсаттар бойынша ҚБ тапсырмаларын орындау

Тілдік мақсаттар


Пәндік сөздік қор және терминология:

Санды өрнектер, санды өрнектердің мәні, қосылғыш, қосынды, айырма, теңдеу, теңдеудің мәні.

Түйінді сөздер мен сөз тіркестері:

- Бөліктер мен бүтіннің өзара байланысы туралы қандай ережелер бар?


Құндылықтарды дарыту

Парыз құндылығының мәнін аша отырып, бір – біріне көмекке, топта дұрыс жұмыс істеуге, отбасындағы сыйластыққа, қоршаған ортада өзін дұрыс ұстауға тәрбиелеу

Пәнаралық байланыстар

Сауат ашу (оқу мақсаты) пәнімен байланыс расшифровка

АКТ қолдану дағдылары

Интерактивті тақта

Бастапқы білім


Теңдеу, бөлік пен бүтін, қосу амалының компоненттері туралы алған білімдерін қолданады

Сабақ барысы

Сабақтың кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы

Ұйымдастыру кезеңі.Психологиялық дайындық

Күлімдеп күн бүгін Қарады маған да,

Күлімдеп күн бүгін Қарады саған да,

Бүгінгі жарқырап тұрған күн Көңілденіп қарап тұр.

Слайд

Сабақтың ортасы










































Ширату. -Саяхатқа барған ұнай ма?

-Саяхатқа бару үшін жоспар құрып алайық.

-Ең бірінші мақсатымызды анықтап алу керек.

Ширату:

Тақтаға бес оқушы шығады, біреуінде сан, екіншісінде амал таңбасы (+), үшіншісінде бос шаршы, төртіншісінде тең белгісі, бесіншісінде сан.

-Саяхатқа шыққан бір оқушы 8 қадам жасады, ал екінші оқушы неше қадам жасағанын білмейміз. Үшінші оқушы осы екеуінің неше қадам жасағанын айтып тұр.

-Не жазуға болады?

-Теңдеуді ламинатталған қағазға жазыңдар.

-Оқып жіберейік. -Не белгісіз?

-Қосылғыш белгісіз. -Ол бүтін бе, әлде бөлік пе?

-Қандай сан қоямыз?

-Екінші оқушы қанша қадам жүрді?

-Қалай табуға болады?

-Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы мен мақсаты қандай болмақ?

Кіріспе. Осы құрастырған теңдеуді шешіп көрейік. 8 + х = 13.

А) Теңдеуді сандық сәуленің көмегімен шешу;

Ә) Бір-біріне қосуға болатын текшемен шешу.

(Мысалы: Lego) Бір-біріне 5 текшені қосыңыз.

-Мен 13 текше болғанша 1 текшеден біртіндеп қоса беремін.

-Бірінші жалғаған текше алтыншы болады, екінші жетінші және тағы сол сияқты сегізінші текше он үшінші болады.

-Осыдан кейін алғашқы жиналған 5 текшені алып тастайық.

-Жалғаған бөлік неше текшеден тұрады?

-8 текшеден тұрады.

-Қалай таптық?

Қорытынды. Теңдеу сандық сәуленің (қадамдарды санау) және заттардың көмегімен шешілді (текшелерді санау).

-Мұндай ресурстарды үнемі қолдана беретіндей жағдай болмайды. Сондықтан белгісіз қосылғыштармен берілген кез келген теңдеуді шешетін ереже керек. Әртүрлі жауап алған оқушылармен бірігіп, теңдеуді қайтадан шешкізу. Теңдеуді шешу кезінде бөлік пен бүтіннің өзара байланысын түсінуге жетелеу үшін оларға мынадай сұрақтар қою:

осы теңдеудегі бөлік пен бүтінді атаңдар.

Белгісіз қосылғыш болып табылатын не?

Бөліктер мен бүтіннің өзара байланысы туралы қандай ережелер бар?

(1. Белгісіз бөлікті табу үшін бүтіннен белгілі бөлікті алу қажет.

2. Белгісіз бүтінді табу үшін оның бөліктерін қосу қажет.)

Теңдеудегі белгісіз қосылғыштарды табу үшін олардың қайсысын қолданамыз?

-Егер бөлікті табу керек болса, бүтіннен басқа бөлікті­ алу керек.

Қорытынды. Ендеше белгісіз қосылғышты табу үшін қосындыдан белгілі қосылғышты азайту керек

Қорытындыны бекіту үшін оны тірек сызбада көрсету. Мысалы:

-Белгісіз қосылғышпен берілген теңдеуді қалай шешу керек?

-Ол үшін:теңдеуден амалдар компонентін тауып, оны белгілеу;

егер х қосылғыш болса, “Белгісіз қосылғышты табу үшін қосындыдан белгілі қосылғышты алу керек” деген ережені пайдалану; амалды орындау; жауабын жазу.

Сергіту.

Отыр екен бір қоян, Ұзын құлақ сұр қоян.

Міне – міне. Отырыстан тоңады,

Шапалақты ұрады. Шақ – шақ, шақ – шақ.

Көп тұрмастан аяқты, Топылдатар аяқты.

Топ – топ, топ – топ.

Теңдеудегі белгісіз қосылғышты тап. (Жалпы сыныппен)

Теңдеуді шешуді сынып алдында тақтада орындауға болады. Оқушылар кезекпен тақтаға шығады және теңдеудің шешу жолын толық түсіндірмесімен айтып, теңдеуді шығарады:

Теңдеуді оқимын…;

Бұл теңдеуде қосылғыш — ..., қосынды — …;

Белгісіз қосылғыш. Белгісіз қосылғышты табу үшін қосындыдан белгілі қосылғышты азайтамын;

х — айырма … және … тең;

Жауап: х тең …;

Жауабы:

х = 0; y = 12; a = 80; b = 40.

Туннельде неше вагон бар? (Ж)

-Туннельдің ішінде неше ванон бар?

Олар 2 санынан 15 санына дейін бір саннан біртіндеп санайды, себебі 2 вагон туннельден шығып тұр, ал 15 вагон әлі туннельге кірген жоқ. Кейбір оқушылар шешудің басқа тәсілін, яғни 15 санынан 2 санына дейін санау арқылы шешуді ұсынуы мүмкін. Бұл шешуді де құптау керек, оны түсіндіріп беруін сұрап және 2 санына қосу тәсілімен тексерту.

Мынадй теңдіктерді құрастыруға болады:

6 + х = 18 және 2 + х = 14.

Шығарып көр. Оқулықтағы иллюстрацияда берілген текшелерден жасалған фигураларға бірнеше текшені қосқаны (белгісіз бөлікті) және жаңа фигураны қалай алғаны нұсқармен көрсетіліп тұр. Белгісіз бөлік, яғни қосылғышты білу керек. Бұл тапсырманы өз бетінше орындайды және жұппен тексереді.

Жауабы:а) 4 текше; ә) 9 текше.


Орындап көр. (Ж) Оларға моншақ салынған қорапты ұсыныңыз. Моншақтың саны 20-дан артпауы тиіс. Бірінші ойыншы қораптағы моншақтарды санайды да, сол санды есінде сақтайды. Содан кейін ол екінші ойыншыға қорапты беріп, ондағы моншақтарды санап, шыққан санды есте сақтауын ескертеді. Осыдан кейін бірінші ойыншы қорапқа тағы бірнеше моншақ салады. Бұл — оның қарсыласы табу үшін жасырылған белгісіз бөлік. Екінші ойыншы моншақтарды қайта санап, “Қанша моншақ қосылды?” деген сұраққа ауызша жауап беруі тиіс. Сонан кейін олар рөлдерімен ауысады. Тапсырманы орындау барысында бүтінді алу үшін белгілі бөлікке қандай да бір санды қосу тәсілін бекітеді.













































А3 ламинатталған қағаз, маркер





















































Әрқайсысында текше болады










Моншақ салынған қорап

Сабақтың соңы

Дәптермен жұмыс

Белгісіз қосылғышпен теңдеу құрастыр.

-Суретке қарап, қосу амалына теңдеу құрып, белгісіз қосылғышты табыңідар.

Құрылған теңдік екі ыдыстың массасының теңдік түріндегі жазбасы болып табылады. Оқушылар теңдеудің шешуін торкөз дәптерге математикалық жазбаның ережесін сақтай отырып, дұрыс рәсімдейді. Мысалы, тепе-теңдікте тұрған табақты таразының бір табағында “х” деп жазылған қапшықпен 3 кг-дық кіртас, ал екіншісінде 5 кг-дық кіртас бейнеленген.

Суретке “х + 3 = 5” теңдеуін құрастыруға болады. Орындау үлгісі келтірілген.

Жауабы: 4 кг; 7 кг; 2 кг.


Бағалау

Оқушылар сабақ соңында: белгісіз қосылғышы бар теңдеуді шеше біледі;

теңдеуді шешудегі өз іс-әрекетіне түсініктеме жасауды үйренеді.

Оқушының сабақты меңгергенін тексеру үшін қалыптастырушы бағалау түрінде мына сұрақтарды қою:

белгісіз қосылғышы бар кез келген теңдеу құрастыр.

Белгісіз қосылғыш не болып табылады? (Бөлік.)

Теңдеудің түбірі қалай табылады?

Белгісіз қосылғышты қалай табамыз?

Өзін-өзі бағалау үшін жұмыс дәптеріндегі “Жетістік баспалдығы” бойынша жұмыс жүргізу


Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Белгісіз қосылғышы бар теңдеуді шешуде қиналатын оқушыларға қабілеті жоғары оқушылардың көмегіне жүгінуге жағдай туғызу. Оқушыларға бірін-бірі оқытуына жағдай жасау арқылы көшбасшылық қабілеттерін қалыптастыру.


Сабақ барысында қолдау көрсету, мадақтау сөздер айту арқылы бағалау. Оқушылардың жауаптарын, іс-әрекеттеріне бақылау жүргізіп, түртіп алу арқылы бағалау.

Сергіту сәтін өткізу.






Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!