400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ Теңге Монета және қағаз ақша 2 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
2 сыныпқа арналған ашық сабақ
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Келісемін»

директордың оқу –ісі жөніндегі

орынбасары __________ Маженбаева Э.А


Пән:Математика

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

3В бөлім Көбейту және бөлу Есептер

Сынып: 2 Ғ

Мектеп: № 141 ЖББМ

Күні: 13.02.2020 ж

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Мұғалім: Тәжі Ж.Б

Сабақ тақырыбы

Теңге.Монета және қағаз ақша.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

2.1.3.6 50 тг, 100 тг тиындарды, 200 тг, 500 тг қағаз ақшаларды ажырата білу және олармен әр түрлі операциялар жасау

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: 50тг, 100тг тиындарды, 200тг, 500тг қағаз ақшаларды ажырата біледі;

Көпшілігі: 50тг, 100тг тиындарды, 200тг, 500тг қағаз ақшаларды ажырата біледі және олармен әр түрлі операциялар жасайды;

Кейбірі:

Бағалау критерийлері

50тг, 100тг тиындарды, 200тг, 500тг қағаз ақшаларды ажырата білу және олармен әр түрлі операциялар жасауды үйренеді.

Тілдік мақсаттар


Монета, купюра

Құндылықтарды дарыту



Топтық жұмыс барысында өзара жауапкершілік, сыйластық, өзара түсіністік құндылықтары қалыптасады.

Пәнаралық байланыстар

Тірек сөздерді қолдану арқылы қазақ тілі ағылшын тілі орыс тілі пәндерімен байланыс орнады.

АКТ қолдану дағдылары

АКТ – мен байланыс, Теңге банкноттарының иллюстрациялары

Бастапқы білім


Оқушылар күнделікті өмірдегі тәжірибесіне сүйенеді

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы

3 минут

1. Ұйымдастыру кезеңі.

Психологиялық дайындық

« Бейнеңді саламын » Оқушылар орындарынан тұрып жанындағы көршісінің бейнесін салады.Ойынның ерекшелігі парақты басына қойып бейнелерін салады. Көршілеріне тілек айтып, орынға отырады.



2.Топқа бөлу

« Банк атаулары» атаулары арқылы топтасу.

Топ атауы бойынша сұрақтар:

  1. Банк дегеніміз не?

  2. Банкте не сақтаймыз?

( Ұ ) Күн-ретін жазу

Көркем жазу






Таратпа материалдар















«Халық» банкі

«Каспий» банкі

«Форте» банкі


Сабақтың ортасы

3 минут


























10 минут





























3 мин









5 минут










Тыңдалым

1-сыныпта монеталарды (теңгелерді) оқып үйренгендіктерін оқушылардың естеріне салу. Монеталардың мәні естерінде ме екендігін тексеру. 50 тг, 100 теңгелік тиындарды, 200, 500, 1000, 2000, 5000 және 10 000 банкноттарының үлгілерін немесе суреттерін көрсете отырып, оқушылардың ақша бірліктері туралы түсінігін кеңейту.

Теңге - ұлттық ақшаның атауы.Оның түрлері: ұсақ теңгелер темір күйінде болатыны, 1,2,3,5,10 және т.б. болып ірілене беретіндігі, олардың ірі болған сайын құны артатындығы, ұсақталған сайын құны кемитіндігі туралы мағлұмат беріледі.

Қазақстан Республикасының  ұлттық валютасы – Теңге 1993­жылдың 15 қарашасында дүниеге келді. Теңгенің тарихы ҚР Президентінің 1993 жылдың 12 қарашасында қол қойған «Қазақстан Республикасының ұлттық валютасын енгізу туралы» Заңынан бастау алды. Теңгенің авторлары дизайнерші  Тимур Сүлейменов, қылқалам шеберлері Қайролла Ғабжалилов, Меңдібай  Әлин мен Ағымсалы Дүзелханов. Банкнота – Ұлттық Банктің  Алматы  қаласындағы Банкнот фабрикасында , ал монета Өскемендегі  монета сарайында дайындалынып шығарылады.


Оқулықпен жұмыс

1.

  1. Суреттегі қағаз ақшаға және монеталарға қара.

1000 теңгені, 500 теңгені, 200 теңгені монеталарға қалай ұсақ-тауға болады?


  1. Ойынға қатысушылар тепе - тең екі топқа бөлінеді. Әрқайсысы жеке-жеке шыбықтан ат мінеді. Одан әрі 20 - 30 метрдей жерден тереңдігі бір қарыстай екі шұңқыр қазылады. Шұңқырға он - оннан тас салынады. Содан екі топтан екі сайыскер шығады, сызыққа келіп қатарласып тұрады. Ұпай әр сайыскердің іліп алған тастарының санына қарай есептеледі. Қай топ көп ұпай жинаса, сол топ жеңіске жетеді.

Сергіту жаттығуы

Әр топтан 1 оқушы шығып, жерде жатқан теңгені ілу керек. Қай топтың оқушысында теңге көп болса, сол топ ойынның жеңімпазы болады.


Жазылым, айтылым

«Халық» банк тобы –Дәулет

«Каспий» банк тобы- Қанат

«Форте» банк тобы – Саматтың монеталарын есептеп, сұрақтарға жауап береді.



  1. Әр балада неше монетадан бар?

Дәулет, Қанатта 4 монета, Саматта 5 монета

  1. Әр балада неше теңге бар?

Дәулетте 300 тг, Қанат пен Саматта 400 тг

  1. Қайсысының монетасы бәрінен артық?

Самат

  1. Қайсысының ақшасы бәрінен аз?

Дәулет

Shape1

  1. А) Болды – 100 тг ? тг

-50 тг-ден 4 монета

Ш: (50+50+50+50)+100= 300 (тг)

Ж:300 тг

Shape2

Ә) Алды – 50тг-ден 2 монета 300 тг

- 100 тг

Қалды -?

Ш: 50+50+100=200

300-200= 100 ( тг)

Ж: 100 тг қалды

Shape3 Б) Алды – 50тг-ден 2 монета ? тг

- 100 тг

Қалды -100 тг

Ш: 50+50+100+100= 300 ( тг)

Ж: 300 тг



Топтық тапсырма

  1. «Халық» банк тобы- 1000 теңгені қалай ұсақтауға болады?

Бірнеше жолын көрсет

  1. «Каспий» банк тобы 500 теңгені қалай ұсақтауға болады?

Бірнеше жолын көрсет

  1. «Форте» банк тобы 2000 теңгені қалай ұсақтауға болады?

Бірнеше жолын көрсет

  1. 20+2+20 > 10+5+10

42 > 25

20+50 > 20+5+40

70 > 65

20+20+20+10 < 50+50

70 < 100

Оқулық, оқушылардың әрбір тобы үшін-5 теңге, 10теңге, 20 теңге, 50теңге, 100теңгелік монеталар нақпішінінің жиынтығы; даминатталған парақтар мен маркерлер.









АКТ

















Оқулық





































Акт, ойынға керекті көрнекілік











































Оқулық, дәптер

























Таратпа материалдар

Сабақтың соңы

7 минут



















Кері байланыс

3 минут

Қорытынды.

Ауызша есептер:

-Серіктің 5 теңгесі болды, анасы оған тағы 2 теңге берді. Серікте барлығы неше теңге болды - ?

-Айымның 10 теңгесі бар еді, ол 5 теңгесіне балмұздақ алды. Айымда қанша теңге қалды-?

Сандарды тура және кері сана.
Осы сандардан қолданылатын монеталарды ата.

0,1,2,3,4,5,6,7,8,9,10.

10,9,8,7,6,5,4,3,2,1,0

Сұрақ-жауап:

-Теңге дегеніміз не ?

-Ақшаның қалай ұстауымыз керек ?
-Ақша қалай келеді?

-Әр ұлт ақшасы қалай аталады ?




АКТ




















Таратпа материалдар

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз?

Қабілеті жоғары оқушыларға

қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
17 ақпан
1682
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі