Ашық сабақ "Теңге.Ақша" 1 сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ "Теңге.Ақша" 1 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
әдістемелік көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пән: Математика

Күні: 3.03.2017 ж

Сынып: 1 а

Мектеп: №117 орта мектеп

Мұғалімнің аты-жөні: Ғаниева Гүлбану

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Ақша. Теңге.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.1.3.6 1 тг, 2 тг, 5 тг, 10 тг, 20 теңгелік монеталармен түрліше төлем жасау

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: 1 тг, 2 тг, 5 тг, 10 тг, 20 теңгелік монеталарды таниды; Көптеген оқушылар: 1 тг, 2 тг, 5 тг, 10 тг, 20 теңгелік монеталармен әртүрлі амалдар орындайды; Кейбір оқушылар: жаңа сабақта алған білімдерін өмірде қолданады.

Бағалау критерийлері

Теңгені тану, ажырату, теңгенің қолданылуы мен маңызын ұғыну.

Тілдік мақсаттар

Ақша, монета, теңге

Құндылықтарды дарыту

Ақшаның адам өміріндегі орнын түсініп, күнделікті өмірде қолдана алады

Пәнаралық байланыстар

Сауат ашу, көркем еңбек

АКТ қолдану дағдылары

Интерактивті тақтадан көреді, тыңдайды

Бастапқы білім

Математикалық Наурыз

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы

2 минут

Балалар барлығымыз қолымыздан ұстап жылуымызды бір-бірімізге беріп, бір-бірімізге сәттілік тілеп сабағымызды бастаймыз.

Теңгелерге байланысты топтарға бөлу. 100 тг – 1 топ, 50 тг, 20 тг, 10 тг – 2 топ, 5 тг, 2 тг, 1 тг – 3 топ.

  • Топтар өз теңгелері жайлы мағлұмат береді.

  • Неліктен бұлай бөліндік деп ойлайсыңдар?

Шаттық шеңбері Теңгенің суреттері

Сабақтың ортасы

8 минут



















3 минут













7 минут























5 минут



8 минут



















2 минут





6 минут



















2 минут


Оқушыларға ішінде теңге монеталары бар қорапты дыбыс шығаратындай қозғауға тапсырма беру.

-Қандай дыбыс шықты? Неліктен?

-Теңге қандай материалдан жасалыпты?

Мұғалім қолындағы қорапты қозғайды.

-Неліктен менің қолымдағы қораптан дыбыс шықпады?

-Ақша, теңге қандай қызметтер атқарады?

-Тауар мен әртүрлі қызмет түрін көрсетеді, айналым мен төлем құралы ретінде пайдаланылады, сол сияқты қор жинау және сақтау құралының рөлін көрсетеді.

Ақша мен монетаның тарихымен таныс болайық

«Монета» сөзі Ежелгі Римнен келген. Рим құдайы Юнона Монета лауазымына ие болған, латыншадан аударғанда бұл «алдын ала ескертуші» немесе «кеңесші» деген мағынаны білдіреді. Дәл осы құдайдың ғибадатханасының жанында металл ақшаларды соғатын шеберханалар болған. Осы шеберханалардың өнімдерін монета деп атай бастаған, ал ағылшын тілінде осы сөзден «money» деген ақшаның жалпы атауы шыққан. ҚР аумағында 1993 жылы 15 қарашада сағат 8:00-ден бастап ҚР-ның ұлттық валютасы теңге айналысқа енгізілді. Жеке жұмыс. Қазір қораптарыңды ашыңдар. Мен қазір теңгенің атын атаймын сендер сол теңгені жоғары көтеріп көрсетесіңдер.

640 Б.д.б. лидиядан жасалған тиын, үлкейтілген.

Топпен жұмыс. Барлық монеталар бірдей ме? Монеталарды қандай белгілері бойынша салыстыруға болады? деген сұрақтарға жауап беру үшін топпен жұмыс жасаймыз. 1-ші топ монетаның беткі жағының дизайнын түсіндіріп айтып береді. 2-ші топ екінші жағының дизайнын түсіндіріп айтып береді. 3-ші топ монетаның түсі мен жасалған материалына түсінік береді.


Жеке жұмыс. Қораптағы монеталарын құнына қарай өсу ретімен орналастыру керек. Өлшемі бойынша ең үлкен монетаны көрсет, ата.Өлшемі бойынша ең кіші монетаны көрсет, ата. Оқулықпен жұмыс Оқулықтағы суреттермен жұмыс. Монеталарды салыстыру. Үш топқа салыстыруға үш тапсырма беру. Шығарып көр. Сурет бойынша мысалдар құрастыр. Оларды шығар. Үш топқа үш тапсырма беру. 1–ші топ 2 теңгенің жартысын, 2-ші топ 10 теңгенің жартысын, 3-ші топ 20 теңгенің жартысын табады.

Сергіту сәті:

Орнымыздан тұрамыз,

Алақанды ұрамыз.

Бiр отырып, бiр тұрып,

Тез шынығып шығамыз. Жұмыс дәптерімен жұмыс. 1-тапсырма Монеталарды тап. Оқушылар суреттен әртүрлі номиналды құндылықтағы монеталарды таба алады. Одан әрі олар әр номиналды құндылықтағы монеталарды санайды да олардың санын сәйкес бос торкөздерге жазады. 2-тапсырма Монета. Теңгелерді өсу ретіне қарай сызықтармен байланыстырып қосады. 3-тапсырма Берілген заңдылықты сақтап, монеталарды орналастыр. Бірінші қатарда монеталар өсу, екінші қатарда кему ретімен орналасады.

Қалыптастырушы бағалау тапсырмалары. Теңгелерді салыстыру.

Қорапқа салынған монеталар, теңгелер.







Слайд









Теңгелер Смайликтер

Үлкейтілген суреттері









Қораптағы монеталар

Оқулық

Бармақпен бағалау















Жұмыс дәптері

Смайлик

























Жұмыс дәптері















Қалыптастырушы бағалау тапсырмалары

Соңы 2 мин

Балалар алған жұлдызшаларын санайды. Пікір ағашына сабақ жайлы пікірлерін жазып ілу


Жұлдызша

Пікір ағашы

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?


Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
















Сабаққа рефлексия



























Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
08.11.2018
1587
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі