|
І.
Ұйымдастыру
кезеңі
|
- Сәлеметсізбе балалар!Бүгін біз
таңғажайып Теңіз әлеміне саяхатқа,қазына іздеуге
шығамыз.
–
Ал ол үшін бізге
жақсы көңіл-күй керек! Олай болса балалар,шаттық шеңберіне тұрып
бірге қайталайық:
Шаттық
шеңбері
-
Толқын келіп, толқын
кетер,
-
Біз
бақытты баламыз.
-
Бірге күліп, бірге
ойнап,
-
Қуанышқа толамыз!
|
|
|
ІІ. Негізгі
бөлім
Тақырып бойынша
жұмыс
|
Психолог:-Балалар саяхатқа шықпастан
бұрын,сіздермен су асты әлемінде қандай балықтар мекендейтіні
туралы ақпаратқа көз жүгіртейікші. Ендеше назарымызды видеороликке
бұрайық.
- Балалар сендер
саяхатқа дайынсыңдар ма? Олай болса кемеге отырып,су асты
әлеміндегі қазынаны іздеуге
кеттік.
- Балалар назарымызды оң жаққа
бұрайықшы. Бұл жерде нені байқап
тұрсыңдар?
-Түрлі түсті
балықтар бар екен. Ендеше осы балықтарды қармақпен аулайық,түстері
бойынша себеттерге ажыратып
салайық.
Мақсаты:
-
Балалардың зейінін, қимыл-қозғалысын
және ұсақ моторикасын дамыту;
-
Түстерді ажыратуға
үйрету;
-
Топпен әрекет етуге, шыдамдылық пен
дәлдікке үйрету;
-
Ойын барысында көңіл-күйді көтеру,
жағымды эмоция туғызу.
Психолог: -Жарайсыңдар,балалар!
Тапсырманы өте тиянақты орындадыңдар. Біз сіздермен ары қарай
саяхатымызды жалғастырайық.
Су
перісі:
Мен су
перісімін,
Теңіз түбін
кеземін.
Кім мейірімді, кім
жылы,
Барлығымен
сәлемдесемін!
Психолог: -Сәлеметсіз бе,су перісі!
Біз балалармен теңіз әлеміне саяхатқа шықтық. Қазынаны іздеп
жүрміз.
Су
перісі: -Сендерге мен қазынаға
апарар жолды көрсете аламын,бірақ менің бір шартым бар. Сендердің
қандай өнерлерің бар екенін білгім келіп
тұрғаны.
Психолог: - Балалар,ендеше су перісіне
өнерімізді көрсетейік.
Су
перісі: - Жарайсыңдар,балалар! Өте
керемет өнерлерің! Мені таң қалдырдыңдар. Сендерге қазынаға барар
жолды көрсетейін.Батысқа қарай
бағыттаңдар.
Психолог: - Балалар,кемемізге отырып
батысқа жол қарай жол тартайық. Дүрбі арқылы мен қазынаны көріп
тұрмын.Бірақ қазынаға апарар жолда кедергілер бар.Сол үшін мен
бірінші жүріп өтейін.Сендер менің артымнан кезекпен
жүріңдер.
Балалар
кедергілерден абай болыңдар. Осы сәтте қарақшы балаларды қорқытады.
Балалар қорқып эмоциясын сезініп
қашады.
сәтте балалар
сандықты ашып,қазынаны өзінің қапшығына
салады.
Балалар,біз қазынаны тауып
болсақ,уйімізге қайтайық.
|
Түрлі түсті фетрден
жасалған балық,
қармақ
|