жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ: Тепловозды оталдыру және жүргізу кезінде орындалатын жұмыстар
«
Бейнеу
политехникалық колледжі»
МКҚК



Мамандығы: «Тепловоз машинисінің көмекшісі» 2-курс
Өткізген: арнайы пән мұғалімі: Сансызбаева А
2021 жыл
Сабақтың тақырыбы:
«Тепловозды оталдыру және жүргізу кезінде орындалатын жұмыстар»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Студенттің оқу қабілеттерін, білім-білік, таным ерекшеліктерін арттыру. Білімдерін тереңдету, қайталау, пысықтау. Алған білімдерін кеңейтіп, қызығушылығын арттыру.
Дамытушылық: Есте сақтау қабілетін, ой-өрісін, танымдық әрекетін дамыту.
Тәрбиелік: Ұйымшылдыққа, төзімділікке, әрбір істі саналы түрде орындауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Компьютер, интерактивті тақта, виртуальды тренажер.
Түрі: практикум - сабақ.
Типі: Білімді тексеру, сайыс сабақ.
Пән аралық байланыс: Информатика, электротехника, автотежегіш, өндірістік оқу пәндерімен.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: Сабаққа қатысып отырған студенттерді түгендеп, үш топқа бөліп ұйымдастыру.
ІІ. Үйге берілген тапсырманы тексеру:
Тақтада локомотивтік бригаданың деподан шығу және бригаданың ауысуы кезінде орындалатын жұмыстары сызба түрінде көрсетіледі. Депо кезекшісінен шыққан машинист және оның көмекшісі, әр бөлімнен өздеріне тиесілі құжаттарды жинақтап, бағытталған стрелка бойынша фельдшерден жұмысқа жарамдылық жағдайын анықтап, нұсқаушыдан жұмыс қауіпсіздігі мен жеке бастың гигиенасын сақтау ережелерімен және жұмыс барысы жөнінде нұсқау алып, тепловоздағы құрылғылар мен жабдықтарды тексеріп және түгендеп болғаннан кейін, станция кезекшісіне радиобайланыс арқылы тепловозды жұмысқа дайын екендігі туралы баяндап, станциядан шығуға рұқсатын алып, жүріп бара жатырған поездға дейін жетуі тиіс. Дайындалған сызба студенттің білімін тексеріп, мамандыққа бейімделуіне қызығушылығын арттырады.

ІІІ. Жаңа сабақтың тақырыбы:
«Тепловозды оталдыру және жүргізу кезінде орындалатын жұмыстар»
Өткен сабақпен байланыстыру:
Үй тапсырмасын тексеру барысында локомотив бригадасының деподан шығу және бригаданың ауысуы кезінде орындалатын жұмыстарын студенттердің білетіндігіне көз жеткіздік. Біздің «Тепловозды оталдыру және жүргізу кезінде орындалатын жұмыстар» атты жаңа тақырыбымыз, осы бөлімге тікелей қатысты. Енді, бұдан әрі қарай локомотивтік бригада кезекті іс – сапарға шығуы тиіс. Біздің жаңа сабағымызда тепловозды оталдыру және поезды жүргізу кезінде қойылатын талаптармен және орындалатын жұмыстармен танысамыз.
Жаңа сабақтың жоспары:
-
Тепловозды оталдыру және поезды жүргізу кезінде қойылатын талаптар.
-
Тепловозды оталдыру кезінде орындалатын жұмыстар.
-
Поезды жүргізу кезіндегі локомотивтік бригаданың міндеті.
1.Тепловозды оталдыру және поезды жүргізу кезінде қойылатын талаптар
Қазақстан Республикасы темір жолдарын техникалық пайдалану ережелерінде (ТПЕ):
Поездар қозғалысына қатысы бар әр қызметкер өз міндеттерінің шеңберінде техникалық пайдалану ережелерін орындауы және қозғалыс қауіпсіздігі үшін жауапкершілікті болады.
Поездық локомотивтер және моторвагондық поездар оларға бір машинист қызмет көрсетуі кезінде «ҚТЖ" ҰК" АҚ бекіткен келесі қауіпсіздік құралдарымен және құрылғыларымен қосымша жабдықталуы тиіс:
-
поездың тежеуін автоматтық басқару жүйесімен немесе кешенді локомотивтік қауіпсіздік құрылғысымен, сондай-ақ, машинистің сергек болуын бақылау жүйесімен;
-
артқы көрініс айналарымен;
-
өрт сөндіргіш жүйесімен;
-
тежегішті блоктауыштармен;
Сонымен қатар, моторвагондық поездар өтпелі бағдаршамдарға, станцияның өтпелеріне таяған кездегі қозғалыс жылдамдығын бақылауды және дауыспен хабарландыруды қамтамасыз ететін автожүргізу жүйесімен, "жолаушы—машинист" байланысымен, есіктердің жабылуын бақылаушы сигнал беруімен, автоматтық өрттен қорғану сигналын беруімен жабдықталуы тиіс.
Қазақстан Республикасы темір жолдарындағы поездар қозғалысы және маневрлік жұмыс жөніндегі нұсқаулықта (ПҚН):
Егер поезд станциядан шығу бағдаршамының тыйым салушы көрсеткіші кезінде немесе шығу бағдаршамы жоқ жолдардан жөнелтілсе аралықты иеленуге рұқсатты (егер ол радиобайланыс арқылы берілмесе) жетекші локомотивтің машинисіне станция бойынша кезекші жеке тапсырады немесе поездар қозғалысымен байланысты станциялық қызметкерлердің біреуі арқылы беріледі, ол станцияның техникалық - өкімдік актісінде көрсетіледі.
Поездар қозғалысының қауіпсіздігіне қатер төндіретін техникалық құрылғылардың барлық ақаулықтары туралы станция бойынша кезекші бұдан басқа поездық диспетчерді хабардар етеді.
Ақаулықтарды жою туралы тиісті қызметкер ДУ-46 нысанындағы қарап тексеру журналында тиісті белгі қояды, ол оның қолымен және станция бойынша кезекшінің қолымен куәландырылады.
Қызметкерлердің міндеттерін белгілейтін лауазымдық нұсқаулықтарда:
Машинист іссапарға шығар кезінде депо кезекшісінен немесе ауысым пункітінен соңғы бұйрықтармен және нұсқаулықтармен танысуы тиіс. Машинист жұмыс уақытында өзімен бірге алып жүруге міндетті:
-
тепловозды басқаруға арналған құқықтық куәлік;
-
машинист формуляры;
-
поездар қозғалысының кестесі;
-
өзі жүріп өтетін учаскеге берілген жылдамдықтың парақшасы;
-
маршруттық бетше;
-
ескерту талондары және сағат
2.Тепловозды оталдыру кезінде орындалатын жұмыстар
Дизель жұмысын бастамас бұрын ондағы судың және майдың температурасы 400С төмен екенін тексеру керек. Екі секциялы тепловоздың жұмысы екінші секциядағы дизелді қосқан кезде басталады. Дизельді қосу үшін төмендегі жұмыстар орындалуы тиіс:
-
дизельді автоматты түрде іске қосу тізбектерін қоректендіруге дайындау үшін тепловоздың барлық секцияларындағы аппаратты камерада орналасқан аккумуляторлық батареялардың ажыратқыштарын қосады;
-
барлық секциялардағы кабинаның артқы қабырғасында орналасқан Дизель жұмысы, Жанармай насосы, Жалюздер, Өрт сигнализациясы автоматтарын қосады;

-
барлық секциялардағы май шайқағыш тумблерлерін қосу жағдайына орналастырады;
-
соңғы секциядағы оң жақтағы аппараттық камераның ПКР тумблерін 3 секция жағдайына қояды;
Дизелі қосылуға тиісті машинист кабинасында:
-
Басқару автоматын қосамыз;

-
басқару пультіндегі жетекші секцияны тежеуді блоктау БУ құрылғысын қосамыз `(стоп-кран);
-
контроллердегі КМ реверсивті механизмінің тұтқасын (реверсивті рукоятканы) Алға немесе Артқа жұмыс жағдайына қоямыз;
-
контроллер нөлдік жағдайда тұрғандығына көз жеткіземіз;
-
дизельдің біліктерін бұру жөніндегі команда беру үшін кезекпе-кезек Жіберу1, Жіберу2, Жіберу3 кнопкаларын басып дизельдің иінді біліктерін айналдырамыз;
-
Жанармай насосы1, Жанармай насосы2; Жанармай насосы3 тумблерлерін қосамыз;
-
Машинист кранын «ПОЕЗДЫҚ» жағдайға қоямыз;
-
кезекпе-кезек «электроманометр және электротермометр», «ІІ секциясының жанармай сорабы» және «Тепловозды басқару» тумблерін қосады.
-
«Су және жоғарғы жалюзы», «Жоғарғы май жалюзы», «Жоғарғы жалюз», «Тоңазытқыш желдеткіші» тумблерлерін қосамыз;
-
«Пультты жарықтандыру. Тускло» тумблері
-
«Прожектор» тумблері
-
ЭПК кілті

-
Жылдамдық өлшегішті жарықтандырамыз
-
Құм педалі
-
Жанармай жүйесінде қысым 1,5-2,5 кг/см2 көтерілген кезде дизелдің қосылғаны жөнінде ескерту сигналын беріп «ІІ секциясының дизелін қосу» кнопкасын қосады. Бұл кнопканы май жүйесіндегі қысым 0,6 кг/см2 жеткенше ұстап тұру керек. ІІ секциядағы дизель жұмыс жасап тұрған кезде басқару пультінде жасыл түс жанады, осы кезде «ІІ секция дизелін қосу» кнопкасын жібереді.
-
Көмекші кран
-
«Тифон және ысқырық» клапаны
-
Контроллерден тартымды көбейтеді

Аккумулятор батареясын бірнеше рет қосып-өшіруге болмайды. Әр қосқан кезде 1-2 мин уақыт өткізу керек. Егер дизель 2-3 қосқанда қосылмаса, тез арада ақауын тауып жөндеу керек.
Дизелді қосқан кезде міндетті түрде оның жұмысын өзге тарсылдайтын дыбыстар шықпайтындығын тексеру керек.
3.Поезды жүргізу кезіндегі локомотивтік бригаданың міндеті
Машинист өз учаскесінің профилін, яғни ондағы тұрақты сигналдық нұсқағыштардың және белгілердің орналасуын, сонымен қатар поезд қозғалысының кестесін және графигін жақсы білуге міндетті. Поезды жүргізген кезде машинист және оның көмекшісі жолдың бос екеніне және онда қандай сигналдардың орнатылғанына, олардың талаптарын орындап, светофорлар мен семафорлардың белгілерін бір-біріне қайталауға, аялдамалардың және поездың жағдайына аса назар аударып отыру керек.
Қараңғы түскен уақытта аралықтарда машинист «тусклый свет» прожекторын қосу керек.
Тұрақты сигналдардың тыйым салушы көрсетулерінде, жылдамдықты азайту сигналдарына қызметтік тежеуді қолдана отырып поезды тоқтату сигналынан өтпей тоқтауы, ал жылдамдықты азайту сигналынан сигнал үшін белгіленген мөлшерден аспайтын жылдамдықпен жүріп өтуі тиіс.
Кенеттен берілген тоқтау сигналы кезінде немесе кенеттен кедергі п.б/да поезды тоқтату үшін дереу шұғыл тежеу құралдарын қолдануы тиіс.
Станцияда тоқтау қажет болғанда машинист поезды қабылдау жолының шығу бағдаршамынан (ол жоқ кезде - шектік бағаншадан) өтпей тоқтауға міндетті.
Сигналдардың, сигналдық нұсқағыштар мен белгілердің нашар көрінімділігі жағдайында келе жатқанда машинистке қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында поездың белгіленген жылдамдығын төмендетуге рұқсат беріледі.
Поезды станцияда тоқтатқаннан кейін, егер оның әлде қандай ақаулары анықталса, машинист дереу бұл жөнінде станция кезекшісіне хабарлауға, ал диспетчерлік орталықтандырумен жабдықталған телімдерде поезд диспетчеріне хабарлауға міндетті.
ІV. Сабақты қорытындылау:
-
Локомотивтік бригада жұмыс уақытында өзімен бірге болуға тиісті құжаттарын түгендеп алады;
-
Виртуальды тренажер түрінде жасалған машинист кабинасынан екі студент тепловозды іске қосуға жіберіледі, қалғандары алдында тұрған нотбуктегі тренажердан тепловозды оталдырады.
-
Дәптермен жұмыс, үш топқа сұрақ беріледі:
-
Деподан шығу
-
Тепловозды оталдыру
-
Поезды жүргізу кезінде сақталатын бес ережені дәптерге жазуы тиіс.
V. Студенттерді бағалау:
Әр студентке таратылған парақтар бойынша, студенттер өздерін бағалайды, соны негізгі ала отырып, қорытынды бағаны мұғалім шығарады.

VІ. Үйге тапсырма:
|
Нұсқаулықтар Орындалатын жұмыстар |
Қазақстан Республикасының теміржолдарындағы техникалық пайдалану ережелері |
Қазақстан Республикасының поездар қозғалысы және маневрлік жұмыстар жөніндегі нұсқаулық |
Қазақстан Республикасының сигналдар жөніндегі нұсқаулық |
|
Деподан шығу |
|
|
|
|
Тепловозды оталдыру |
|
|
|
|
Поезды жүргізу |
|
|
|


Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген