400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ: Тербелмелі қозғалыс

Материал туралы қысқаша түсінік
1. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасып, түгендеп алғаннан кейін, бүгінгі күн сабақ барысымен таныстыру. Сабақтан қандай мағлұматтар алып шығу керектігі туралы ескерту. 2. Үй тапсырмасын тексеру: толығымен бір тарауды өтіп болғаннан кейін, қайталап өткен жөн, сондықтан сендерге, қазір, балалар, мынадай тапсырма беріледі: тест сұрақтарына жауап бере отырып, тест кілтін табу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

№22

Күні:

Сыныбы: 9 «а» , «ә», «б»

Тақырыбы: «Тербелмелі қозғалыс. Тербелмелі қозғалысты сипаттайтын негізгі шамалар. Механикалық тербеліс кезіндегі энергияның түрленуі»

Мақсаттары:

  1. Білімділік: тербелмелі қозғалыс түрлерімен танысу;

  2. Дамытушылық: Тербелмелі қозғалыс кезінде энергия қалай түрленетінін тәжірибелік жолмен қарастыру;

  3. Тәрбиелік: Оқушыларды басқаның ойының тыңдауға санасуға баулу.

Сабақ түрі: аралас сабақ.

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасып, түгендеп алғаннан кейін, бүгінгі күн сабақ барысымен таныстыру. Сабақтан қандай мағлұматтар алып шығу керектігі туралы ескерту.

  2. Үй тапсырмасын тексеру: толығымен бір тарауды өтіп болғаннан кейін, қайталап өткен жөн, сондықтан сендерге, қазір, балалар, мынадай тапсырма беріледі: тест сұрақтарына жауап бере отырып, тест кілтін табу.

I. Ауырлық күшінің формуласын көрсет:

1) F=ma

2) F=μN

3) F=kx

4) F=mg

II. Қандай қозғалыс кезінде үдеу центрге тартылады?

  1. Түзусызықты қозғалыс кезінде

  2. Теңүдемелі қозғалыс кезінде

  3. Шеңбербойымен қозғалыс кезінде

  4. Бірқалыпты қозғалыс кезінде

III. Массасы 200 г дене 5 м/с2 үдеумен қозғалуы үшін оған қандай күш түсіру қажет?

  1. 1Н

  2. 10Н

  3. 100Н

  4. 1000Н

IV. Динамометрмен қандай физикалық шаманы өлшейміз?

  1. Үдеуді

  2. Қысымды

  3. Күшті

  4. Салмақты

V. Егер денеге басқа дене әсер етпейтін болса, онда дене тыныштық күйін сақтайды немесе бірқалыпты түзусызықты қозғалысын жалғастырады.

  1. Ньютонның бірінші заңы

  2. Инерциялық заң

  3. Ньютонның үшінші заңы

  4. Бүкіләлемдік тартылыс заңы.

VI. Табиғаттың фундаментальді заңы:

  1. Импульстің сақталу заңы

  2. Энергияның сақталу заңы

  3. Ньютонның екінші заңы

  4. Ньютонның үшінші заңы

VII. Импульстің өлшем бірлігі:

  1. Н

  2. м/с

  3. Дж

  4. кг·м/с

VIII. Дененің созылу, сығылу, ұзару кезінде пайда болатын күшін анықтайтын формула:

1) F=ma

2) F=μN

3) F=kx

4) F=mg

IX. Векторларды қосудың неше тәсілі бар?

  1. 1

  2. 2

  3. 3

  4. 4

X. Энергияның өлшем бірлігі:

  1. кг·м/с

  2. м/с

  3. Дж

  4. Н

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

4

3

1

3

1

1

4

3

2

3

  1. Жаңа тақырып түсіндіру: Күнделікті өмірде біз тербелістер деген қозғалыстармен ұшырасып жүрміз. Тербелмелі қозғалысқа әткеншектің қозғалысын, бесіктің қозғалысын, сағат тілінің қозғалысын мысал ретінді келтіре аламыз. Тербелмелі қозғалысты сипаттайтын шамалар да бар, олар:

Тербеліс периоды-толық бір айналым жасауға кеткен уақыт.

Тербеліс жиілігі-бірлік уақыты ішіндегі тербелістер саны.

Тербеліс амплитудасы-тербелістің ең үлкен ауытқу шамасы.

Тербелмелі қозғалыс кезінде энергия түрленіп отырады., яғни энергия бір түрден екінші түрге айналып отырады. Өшетін тербелістер дегеніміз-амплитудасы уақыт өтуіне байланысты азаятын тербелістер.

  1. Бекіту: 21-жаттығу (1-4)

  2. Қорытындылау:

  • Тербелмелі қозғалыс дегеніміз не?

  • Тербеліс периодын қалай анықтаймыз?

  • Тербелмелі қозғалыс кезінде энергия қалай түрленеді?

  • Егер тербеліс периоды 50 с болса, жиілік мәні неге тең болады?

  • Тербелмелі қозғалысқа мысал келтіріңдер?

  1. Үй тапсырмасы: § 24-26, Оқу және дайындық сұрақтарына жауап беру (ауызша)

  2. Бағалау:





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
28 қаңтар
461
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі