400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Терезелер" 5 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың терезелерді, терезелерді көрсету нұсқаларын және терезелерді басқару тәсілдерін, терезе қалай білетіндіктерін тексеру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

А.Құсайынов атындағы ОЖББМБ













АШЫҚ САБАҚ

Тақырыбы: Терезелер



Өткізген: Батырханов А.Қ

информатика пәні мұғалімі













Сабақтың тақырыбы: Терезелер. 

Сынып: 5

Сабақтың мақсаты: 
Білімділік: Оқушылардың терезелерді, терезелерді көрсету нұсқаларын және терезелерді басқару тәсілдерін, терезе қалай білетіндіктерін тексеру, бекіту.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту. 
Тәрбиелік: Оқушыларды тәрбиелікке, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа үйрету. 
Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, оқулық, жұмыс дәптер, презентация. 
Пән аралық байланыс:

Оқушылар білуі тиіс: 
- Windows терезесі ұғымын; 
- терезелерді көрсету нұсқаларын; 
- активті терезе ұғымын; 
- меню қасиеттері мен анықтамасын; 
- қолданбалармен жұмыс істеу негіздерін; 
- терезенің негізгі элементтерін; 
- активті терезе белгілерін; 
- команданың активтілігінің белгілерін

Сабақтың барысы:


1. Ұйымдастыру кезеңі: Психологиялық ахуал туғызу «Мен саған шаттық сыйлаймын» Бір-біріне жақсы тілек тілеп смайлик сыйлайды.

- Балалар , бүгінгі сабағымыз мынанадай ұранмен өтеді: « Егер істеген ісің істеуге тұрарлықтай болса оны жақсылап істе».

2. Үй тапсырмасын тексеру

1-слайд: «Оқыған жетер мұратқа» Тест тапсырмасын шешу

1. Windows дегеніміз? 
А. қолданбалы программа 

В. операциялық жүйе
С. компьютер 
2. Windows-тың негізгі объектісі 
А. терезе  
В. тапсырмалар тақтасы 
С. белгі 
3. Терезелер неше түрге бөлінеді? 
А. 2  В. 3  С. 4  
4. Windows терезелері көлемін өзгертуге бола ма? 
А. болмайды 
В. барлық бағытта өзгертуге болады  
С. болады, тек оңға қарай 
5. Терезелерді төрт жағынан қоршап тұрған жақтауларды не деп атайды? 
А. шекаралар
В. қапшықтар 
С. таңбашалар 
6. Айналдыру жолағының ішінде тікбұрышты . . . болады. 
А. тапсырмалар тақтасы 
В. х, жабу батырмасы 
С. сырғытпалар
7. Windows-те қандай терезелер жоқ?
А) бума терезелері               

В) қосымшалар терезес

С) сұхбаттық терезесі                         

Д) Бас терезелер

8. Alt+F4 пернелері тіркесімдерінің қызметі?
А) терезені ашады                                            

  В) терезені жабады

С) барлық ашық терезелерді жабады              
9. Мына батырма
 қандай қызмет атқарады?
А) терезені жиырады

В) терезенің мөлшерін азайтады

С) терезені толық экранға жаяды                         
10. Мына батырма
 қандай қызмет атқарады?
А) программамен жұмысты аяқтайды 

В) терезенің мөлшерін азайтады

С) терезені жиырады


2-слайд: Ойын: Қателерді анықтау . Жұптық жұмыс
Бір бала компьютерде қалай жұмыс істегені туралы жазыпты. Сол әңгімені оқып, оның неше қате жібергенін анықтаңдар .
«Мен компьютермен жұмыс істегенде міндетті түрде монитор мен сканерді іске қосамын. Тышқанмен әріптерді теріп, сурет салу керек болса сканерді пайдаланамын. Компьютерге дайын мәтінді қолдан енгізбеу үшін джойстикті қолданамын. Ал мәтінді басып алу үшін терезелерге қағаз саламын. Принтер арқылы әндерді тыңдап, калонкаға құжаттарымды сақтаймын.» 


3. Сергіту жаттығуы

3-слайд: Информатикалық диктант. Дәптермен жұмыс
1. Терезе- төртбұрышты аймақ.
(жақтаулармен шектелген экрандағы)
2. Диалог терезелері - арнайы терезе.
(қосымша ақпараттарды енгізуге арналған) терезе.
3. Анықтама терезелері- шығару қызметін атқарады. 
(Windows және оның қолданбаларының жұмысы бойынша анықтама ақпараттарын)
4. Жұмыс аймағында орналасады.
(объектілер, ақпарат және басқару элементтері) орналасады.


4.Практикалық бөлім:

Тапсырма-1

Өзің орында!

  • 1. Менің компьютерім (Мой компьютер) терезесін аш: ол үшін тышқан нұсқағышын Менің компьютерім белгішесіне қойып, онда батырманы шерт

  • 2. Егер терезе бүкіл әкранға ашылмаса, яғни орналаспаса, онда Жаймалау батырмасын шерт.

  • 3. Содан кейін Терезе түріне жималау батырмасын шертіп, қалпына келтір.

  • 4. Терезенің енін өзгерт: ол үшін тышқан нұсқағышын оң жақ шекараға қойып, қос бағытты бағдарша шыққанға дейін күтіп, тышқанды оңға қарай тартта, батырманы босат.

  • 5. Осы әрекеттерді қайтала, оны тышқанды солға жылжытып орында.

  • 6.Терезенің биіктігін тышқанды жоғары , төмен жылжытып өзгерт және бұрышты соза тартып өзгертіп көр .

  • 7. Терезені Жабу батырмасында шертіп, терезені жап.



Тапсырма-2 Оқулықпен топтық жұмыс:

1-топ: Оқулықтың 80 бетіндегі тапсырманы орындау. Терезелерді мазайка және каскад түрінде орналастыру.

2-топ :Оқулықтың 79 бетіндегі тапсырманы орындау. Менің компьютерім терезесінің ішіндегі құжаттардың түрін ауыстыру

5. Сабақты бекіту

Білсең де тексер («ыстық доп» ойыны). 

  • Балалар қазір Білсең де тексер «Ыстық доп» ойынын ойнаймыз. (Ойынның шартын түсіндіру).

1.Терезе дегеніміз не?
2.Терезенің қандай түрлері бар?
3.Терезе элементтерін және олардың атқаратын қызметін айтыңдар.
4.Терезенің жоғарғы оң жақ бұрышындағы

5. Терезелерді экранда көрсетудің неше тәсілі бар?
6. Терезе қандай 4 түрге бөлінеді?


Білімін

Білгім келеді

Үйрендім








6.Үйге тапсырма беру 
Терезе тақырыбына ребус құрастыру

7. Оқушыларды бағалау парағы арқылы бағалау

Рефлексия

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
22 желтоқсан
693
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі