400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Теріс рационал сандарды қосу" 6 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал 6 сынып оқушыларына арналған. Бұл тақырып оқушыларға теріс рационал сандарды қосу түсінігі қалыптасады. Осы материал арқылы оқушылар теріс рационал сандарды қосу ережесімен танысып, қосымша тапсырмалар арқылы өз білімдерін тереңдете түседі.Осы материал арқылы оқушылар шапшаңдылыққа тәрбиеленеді. Сонымен қатар бұл материал 6 сыныпқа сабақ беретін ұстаздарға көмекші құрал болады.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

6.1В Рационал сандар және оларға амалдар қолдану


Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Өзгеріс Ә

Сынып: 6 А

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Теріс рационал сандарды қосу.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.1.2.13

таңбалары бірдей, таңбалары әртүрлі рационал сандарды қосуды орындау;

Сабақ

мақсаттары

Оқушылар:

  • теріс рационал сандарды қосу ережесін білу;

  • теріс рационал сандарды қосу ережесін қолданып есептер шығару


Бағалау

критерийлері

Оқушылар:

  • теріс рационал сандарды қосу ережесін біледі;

  • теріс рационал сандарды қосу ережесін қолданып есептер шығарады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

  • рационал сандарға қосу және азайту амалдарын орындауда түсінік береді;

  • сан модулінің мәнін қалай есептеу керектігін түсіндіреді;

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

  • оң сан;

  • теріс сан;

  • бүтін сан;

  • қарама-қарсы сандар;

  • рационал сан;

  • бүтін сандар жиыны;

  • рационал сандар жиыны;

  • координаталық түзу;

  • санақ басы;

  • бірлік кесінді;

  • оң бағыт;

  • нүкте координатасы;

  • оң/теріс жарты ось;

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:

  • жазуын «а мен b-ның айырмасының модулі» деп оқимыз;

  • + жазуын «а саны мен b санының модульдерінің қосындысы» деп оқимыз;

  • таңбасы бірдей сандарды қосу үшін … керек;

  • таңбалары әртүрлі сандарды қосу үшін ... керек.

Құндылықтарды

дарыту

Академиялық әділдік: басқа оқушының пікірі мен ойын құрметтеу; академиялық әділдік принциптерін сақтау; плагиатқа, дереккөздерін көрсетпестен ақпаратты көшіруге жол бермеу. Жұппен және жеке жұмыстандыру арқылы құндылықтарды дарыту

Пәнаралық

байланыстар

Рационал сандарға амалдар қолдану жаратылытану – математика бағытындағы пәндердің қолданбалы есептерін шығаруға мол мүмкіндік береді.

АКТ қолдану

дағдылары

Оқушылардың ActiveBoard белсенді тақта арқылы тақырыптық тест тапсырмасын орындау мүмкіндігін жетілдіру.

Бастапқы білім

Координаталық сәуле туралы ұғым. Ондық және жай бөлшектерге арифметикалық амалдарды орындай алу. Жай және ондық бөлшектерді координаталық сәуледе кескіндей алу.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы


0 – 5 мин







Ұйымдастыру кезені

Шаттық шеңбер.

- Көңіл - күйлерің қалай?

- Керемет (қолын көтереді)

- Сабаққа дайындығымыз қалай?

- Тамаша (шапалақтайды)

- Ынтаңыз ше?

- Ғажап (алақандарын тигізеді)

- Ендеше бастайық

- о – о – о (бас бармақтарын көрсету)

(Сыныпта қалыпты орта құру , оқушылардың көңіл күйлерін көтеру, сабақ басында ішкі уәжін ояту мақсатында)

С ыныпты топқа бөлу:

Үй тапсырмасын тексеру.

Білімді жүйелеу

Зерттеу тапсырмасы

Мына сурет бойынша есеп құрастырыңыз:

Бір, екі оқушының пікірін тыңдау, талқылау, қорытындылау.




Қосымша 1


Слайд 2

Сабақтың ортасы


5 – 10 мин






















10 – 14 мин




















14 – 22 мин
































22 - 30 мин



































30 – 37 мин



Топпен жұмыс. Оқушылар берілген сурақтарды постерге жазып қорғайды.

1- топ. Түсте ауаның температурасы -30С болды, ал кешке -40С- қа өзгерді (40С төмендеді). Кешке ауаның температурасы неше градус болды?

2- топ. Ережесін қорытып шығару

3-топ: Оң сандар мен теріс сандардың қосындыларының айырмашылығы мен уқсастығы.

4- топ: Мысалдар келтіру

Есіңе сақта!

Екі теріс санды қосу үшін:

  • қосылғыштардың модульдерін қосу керек;

  • шыққан санның алдына «-« таңбасын қою керек.

  • Екі теріс санның қосындысы теріс сан.


Мысал:

-8 + (-11) = -(8+11)= -19.

.


Ауызша жаттығу тапсырмалары:

№1. Есептеңіз:

-6 + (-9) = - 15;

-1,5 + (-5) = -6,5;

-2 + (-3,7) = - 5,7;

-3,1 + (-1,5) = -4,6;

-32 + (-32) = - 64.


№2. Бос орынды толықтырыңыз:

-14 + … = - 37;

-4,8 + … = - 8,6;

-2,13 + … = - 17;

-3,8 + … = - 4,08;

-51,22 + … = - 60,1.


Жалпы сыныптық жұмыс

«Борды беріп жібер» стратегиясы.

Оқулықпен жұмыс. № 399. Мұғалім тапсырманы түсіндірмей орындайды да борды (маркерді) кез келген оқушыға береді. Оқушы орындалған тапсырманы түсіндіреді, содан соң өзі бір тапсырманы түсіндірмей орындайды да, борды басқа оқушыға береді, ойын осылайша жалғасады.

Жұптық жұмыс

Деңгейлік тапсырма

Негізгі деңгей

  • (-0,251 + (-0,37) +(- + (-0,152))= -0.621+(-0.352)=-0.973

Дескриптор:

  • Ондық бөлшекке айналдыру алгоритімін қолданады;

  • Амалдардың орындалу тәртібін сақтайды;

  • Есептің жауабын табады.

Дамытушылық деңгей

  • Өрнектің мәнін табыңыз:

, a = -28; b=-3,8.

Дескриптор:

  • Ондық бөлшекке айналдыру алгоритімін қолданады;

  • Амалдардың орындалу тәртібін сақтайды;

  • Есептің жауабын табады.


Жауабы: 1.-47,9; 2. -8,6625.

Сергіту сәті

  1. Аңшы орманға келіп, бұтақта тұрған торғайды атқан екен, бірақ қарға құлайды. Бұл қалай болғаны?

Жауабы: Торғай қарға келіп құлайды, өйткені қыс мезгілі еді.


  1. Түйе бота маң басқан,

Төрт аяғын тең басқан.

Бие бар қ ұлын емізген,

Қос ешкі туған егізден.

Үш қозы мен екі қой,

Бәрі қанша санап қой?

Жауабы: 15


Жеке тапсырма


Қосуды орындап, жауапқа сәйкес әріптерді орнына қойып, шыққан сөзді оқыңыз, ол сөз неге таңдалды ой бөлісіңіз:

Мысал

жауап

әріп

-13 + (-12)=

25

А

-75 + (-11)=

86

Л

-18 + (-17)=

35

ы

-48 + (-50)=

98

п

-37+ (-46)=

38

б

-27+(-8)=

35

а

-13 + (-86)=

99

й

-22 + (-33)=

55

т

-19 + (-38)=

57

е

-64 + (-27)=

91

р

-6+(-21)=

27

Е

-13+(-34) =

47

к


Кілт:

Ы(-35)

А(-35)

Х(-59)

Ц(-27)

А(-25)

Ө(-96)

Л(-86)

Ч(-100)

В(-36)

Е(-27)

С(-66)

Ш(-28)

Й(-99)

Ң(-37)

Р(-91)

Щ(-29)

Д(-81)

Б(-83)

Т(-55)

Э(-30)

Е(-57)

К(-47)

Ф(-58)

Ю(-90)

Ж(-101)

О(-56)

П(-98)

Я(-80)


Шыққан жауапты оқып, ойларын айтады, мұғалім толықтырады.






Математика. Жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына арналған оқулық, 2- басылымы

Т.А. Алдамуратова,

Т.С, Байшоланов,

Е.С, Байшоланов . – Алматы: Атамұра, 2015.

ISBN 9965-34-442-6


Слайд 3


Қосымша 2



Слайд 4 - 5














Қосымша 3



Слайд 6































Слайд 7








Қосымша 4
























Қосымша 5




Слайд 8 - 9




Сабақтың соңы


37 – 40 мин

Сабақты қорытындылау:

  • теріс рационал сандарды қосу ережесін тұжырымдаңыз;

  • теріс рационал сандарды қосу ережесін қолданып есептер шығару, мысал келтіру.

Рефлексия

Үйге тапсырма: № 400, 401, 402

Слайд 10


Математика. Жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына арналған оқулық, 2- басылымы

Т.А. Алдамуратова,

Т.С, Байшоланов,

Е.С, Байшоланов . – Алматы: Атамұра, 2015.

ISBN 9965-34-442-6



Қосымша 6


Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы.

Деңгейлік тапсырмалар әр оқушының өзіне тән ерекшеліктеріне байланысты таңдалған.

Жұптық жұмыс барысында үлгерімі жоғары оқушы өз білімін жетілдіреді, үлгерімі төмен немесе орташа оқушы өз білімін толықтырады.


Үй жұмысын талдау барысында оқушылардың өткен тақырып бойынша ұғыну деңгейі тексеріледі.

Жұптық жұмыстарда жұптар арасында бір-бірін бағалау жүргізіледі. Жеке жұмыста оқушының сабақ мақсатын түсінгені бағаланады.


Сабақ үрдісінде оқушылардың шаршамауын, қажет болғанда көзге жаттығу жасауды ескеру.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
7 ұстаз жүктеп алған
6 қараша
2374
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі