400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ, Термодинамикалық жұмыс, 10-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл қмж -да функционалдық сауаттылық тапсырмалары берілген.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Бөлім:

Термодинамика негiздерi

Сабақтың тақырыбы

Термодинамикалық жұмыс

Педагогтің аты-жөні

Серік Салтанат

Күні:


Сынып: 10

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Термодинамикалық жұмыс

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары:

10.2.3.1 – термодинамиканың бірінші заңының мағынасын түсіндіру;
10.2.3.2 – жылу қозғалтқышының жұмыс істеу принципі мен қолданылуын сипаттау.

Сабақтың мақсаты:

Термодинамиканың бірінші заңының мағынасын түсіндіріп, жылу қозғалтқышының жұмыс істеу принципінің практикада қоланылуын сипаттайды.

Бағалау критерийлері

  • термодинамиканың бірінші заңын түсіндіреді.

  • термодинамиканың бірінші заңын есептер шығаруда қолданады.

  • жылу қозғалтқышының экологияға әсерін сипаттайды.

ЕБҚ оқушының мәселесі

Есту қабілеті нашар оқушылар

Сабақтың барысы


Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

2 минут

- ұйымдастыру

- топтастыру


  • Амандасу.

  • Flippity платформасы арқылы топқа бөлу.

  • Оқушыларға бағалау парағы таратылады.

Платформа бөлген топтар бойынша, оқушылар топпен отырады.


Flippity.net: Кездейсоқ атауларды таңдау жөніндегі нұсқаулық


Қосымша 3

Сабақтың басы:

(5 мин)


learning Apps платформасы арқылы үй тапсырмасын сұрау

Оқушылар QR сканерлеу арқылы телефонмен тапсырма орындайды.

Оқушылар өз өздерін бағалайды.(2 бал)

Сабақтың ортасы:

(25 минут)


  • берілген тақырыпты кітаптан оқу арқылы «Балық қаңқасы» әдісімен оқушылар ақпаратты жинақтайды. Топтар тапсырманы орындап болған соң, дұрыс жауабы тақтада көрсетіледі.


  • іштен жану қозғалтқышының жұмыс істеу принципі туралы видео материал көрсетіледі. ЕБҚ оқушылар үшін субтитр қосылады.




  • функционалдық сауаттылық тапсырмасы орындалады. Тапсырма орындап болған соң тақтада дұрыс жауабы көрсетіледі.



  • берілген тапсырманы топпен орындайды.












  • оқушылар видеоны көреді.












  • функционалдық сауаттылық тапсырмасын жұппен орындайды.

Ауызша бағалау.














Оқушылар өз-өздерін бағалайды.

Оқулық

Қосымша 1

Қосымша 2



Елемесова Айзада Елемесқызы- Іштен жану қозғалтқышының жұмыс принципі. Оқу практикасы. - смотреть онлайн в поиске Яндекса по Видео


Сабақты қорытындылау

(5-минут)

Kahoot платформасы арқылы тест сұрақтары беріледі.

Kahoot платформасы арқылы тест сұрақтарын орындайды.

Платформа арқылы бағаланады.

(2бал)

Kahoot! | Оқу ойындары

Сабақтың соңы:

(3 минут)

  • Рефлексия,

  • Үй тапсырмасы

«Бұрыштар» тәсілі арқылы сабаққа рефлексия жасалады.

Оқушылар стикерлер жабыстырылған бұрыштарға тұру арқылы бүгінгі сабақты бағалайды.



TextWall | LiveCloud.online






ҚОСЫМШАЛАР


Қосымша1


Кітаптан тақырыпты оқу арқылы кестеге мәліметтерді толтырыңыз.




Қосымша 2


Функционалдық сауаттылық тапсырмасы


Дескриптор:


  • берілген бос орындарды толтырыңыз.

  • формуланы түрлендіріңіз.

  • жылу мөлшерін есептеңіз.

  • жылу қозғалтқыштарының қоршаған ортаға зияндары жақтарын жазыңыз.

  • зияндарды азайтуға арналған алдын алу шараларын ұсыныңыз.

  • ұсынылған шаралардың тиімділігін түсіндіріңіз.


Бағалау критерийлері:


Берілген бос орындарды дұрыс толтырған.

1 бал

Формуланы дұрыс түрлендірген.

1 бал

Есептің шешімін дұрыс шығарған.

1 бал

Жылу қозғалтқыштарының қоршаған ортаға зияндарын дұрыс анықтаған.


1 бал

Зияндарды азайтуға арналған алдын алу шараларын нақты ұсынған.


1 бал

Ұсынылған шаралардың тиімділігін түсінікті түрде түсіндірген.

1 бал


Автокөлік қозғалтқыштары

Автокөлікке құйылған бензин (химиялық энергия) іштен жану қозғалтқышында отын ретінде жағылғанда, оның энергиясы бөлінеді. Бұл процесс химиялық реакцияның нәтижесінде жүзеге асырылады.Жанған отынның химиялық энергиясы жылуға және механикалық энергияға айналады. Қозғалтқыштың цилиндрінде жану процесі кезінде газдардың көлемі ұлғайып, поршеньді итереді. Бұл механикалық энергия дөңгелектерге беріледі, нәтижесінде автокөлік қозғалады.Термодинамиканың бірінші заңы бойынша, отынның барлық энергиясы механикалық энергияға айналмайды. Жану процесі кезінде энергияның бір бөлігі жылу ретінде жоғалады, сондықтан қозғалтқыштың тиімділігі 100%-ға жетпейді. Яғни, отынның энергиясы толық пайдаланылмайды, бірақ жалпы энергия мөлшері сақталады. Айналамыздағы автокөліктер қозғалысын қарастырсақ, автокөліктің массасы 10т , 28,8 км/сағ жылдамдықпен қозғалып келе жатып тоқтаған болса, автокөліктің кинетикалық энергиясы ішкі энергияға айналады. Бұл процесс термодинамиканың бірінші заңына негізделген.











  1. Тапсырма. Мәтінді мұқият оқып бос орынды толтырыңыз. (Білу, түсіну деңгейі)



  1. Жанған отынның химиялық энергиясы__________________.

  2. Термодинамиканың бірінші заңы бойынша__________________________.

  3. Жану процесі кезінде энергияның бір бөлігі_____________________.



  1. тапсырма. Берілген мәтіндегі автокөлік тежелген кезінде қанша жылу бөлінетіндігін есептеңіз? (қолдану деңгейі)


3-тапсырма. (бағалау деңгейі)



  1. Жылу қозғалтқыштарының қоршаған ортаға зиянын анықтайды.

  2. Алдын алу шараларын ұсыныңыз.

Тапсырманы талдау:

Мазмұны

Жылу қозғалтқышының жұмыс істеу принципі

Когнитивтік процесс

Құбылыстарды ғылыми түсіндіру

Контекст, мәнмәтін

Қоршаған орта

Сұрақ форматы

1-жабық сұрақ, 2- ашық сұрақ, 3- ашық сұрақ

Күрделілік деңгейі

1-төмен, 2-орташа, 3-жоғары

Ғылыми білімнің түрлері

Мазмұнын білу


Қосымша 3

Бағалау парағы

Аты-жөні:

Тапсырма атауы

Жалпы бал

Қойылған бал

learning Apps платформасы арқылы берілген сұрақтар

2


Балық қаңқасы

Ауызша бағалау


ФС тапсырмасы

6


Kahoot платформасы арқылы тапсырма

2



06.04. 2020 жыл №130 бұйрық Қысқа мерзімді сабақ жоспары

16.09.2021 №472 бұйрықпен енгізілген өзгерістер

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
04.04.2025
153
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12